Автостереотип және автосуггестия түсінігі туралы

0
887
Freepik.com

Автостереотип (автотаптаурын) – этностың өз салт-дәстүрі, мінез-құлық ерекшеліктері, мәселелерді шешу тәсілдері мен сыртқы бет-пішіні жөніндегі тұрақты түсініктері  мен бейнелері.

Олар көбінесе жағымды пікірлер кешенінен тұрады. Әдетте, жағымды автотаптаурындар сан жағынан басым болады. Сонымен қатар, жағымсыз автотаптаурындар да орын алады және олардың мәні кейбір тарихи кезеңдерде арта түседі.

Жағымсыз автотаптаурындардың негізгі функциясы туралы болжамдар екеу:

1) өз этносын дискредитациялау ( өз этносына көңілі толмағандардың саны өскенде немесе бұл этностың санасында терең кемістік комплексі болған жағдайда);

2) өздері туралы жағымсыз таптаурындар өзіне деген сыни көзқарастың қажеттілігімен және ұлт өкілдерінің өздерін жетілдіру қажеттілігімен байланысты болуы мүмкін.

Алайда осындай жағымсыз автотаптаурындардың көбеюі этностың қорғаныс механизмінен айырылуына, оның өзіндік дискредитациясына алып келеді. Кейде осындай жағымсыз автотаптаурындарды басым этностың өкілдері жасанды түрде белгілі бір этностың өкілдерінің санасына сіңдіреді.

Мұндай жағдайларда берілген этностың  өкілдері фрустрацияға ұшырап, өзіндік қадір-қасиеттің жойылуы, өзіндік төмен бағалаудың қалыптасуы, халықтық рухының төмендеуі көрініс табады. Бұл кейде этностардың наразылығын тудырып, ұлтаралық шиеленістерге алып келеді. Сонымен қатар, автотаптаурындардың негізіне сублимация (өз этносын асыра жоғары бағалау) механизмі де жатады.

Автосуггестия — (өзін-өзі сендіру) – сендіру әсерінің объектісі мен субъектісі сәйкес болған жағдайдағы өзіне-өзі бағытталған сендіру процесі мен нәтижесі.

А. адамның өзіндік еттелу деңгейін жоғарылатады. А.субъектіде өзінде белгілі бip түйсіктерді, қабылдауларды, сезімдерді тудыруға, өзінің ес, зейін, процестерін, эмоциялық соматикалық реакцияларын меңгеруге мүмкіндік береді.

Ырықты А. өзіне бағытталған сөздік (вербалдық) нұсқаулардың немесе талап етілетін физикалық немесе психикалық күйдің өзгеруімен байланысты болатын жағдаяттарды ойша қайта жаңғырту негізінде жүзегеасады. Оның тиімділігіне психикалық релаксация мен бай қиял әсер етеді.

Ырықсыз А. субъекттің өз идеяларына, тұжырымдамаларына, бағалауларына, олардың дұрыстығы мен шынайылығына күмәннің болмауымен, сананың қадағалау функцияларының төмендеуімен сипатталады.

Мұның салдары кейде психикалық ic-әpeкеттің енжарлығына әкеледі. А.өзіндегі белгілі бip аурудың қозуын күту және оның міндетті түрде болатынына өзін сендірумен бipге жүретін организмнің түрлі жүйелерінің бұзылуында көрініс табуы мүмкін. Kepiciншe оқиға плацебо-эффект (препаратты қабылдағаннан кейінгі) жағдайында көрініс табады.

Дереккөз: Психология:Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ