Автоматизм туралы түсінік

0
1556
Freepik.com

Автоматизм — грек. automatus –қаз. өз бетінше әрекет етуші, өздігінен қозғалатын) – психологияда сананың (бақылауынсыз) тікелей қатысуынсыз іске асатын әрекет.

Бұл  «алғашқы» туыла берілетін шартсыз-рефлекторлық бағдарлама негізінде, және «екінші» өмір тіршілігінің барысында қалыптасады.

Автоматизм  адамның өміріндегі қажеті, мүддесі мен күш-жігерінің белсенділігіне сәйкес туып, дамып отырады. А. көбіне әдет пен дағдыға тән. Қимыл-әрекетті автоматтандыру адамның жүйке, бұлшық ет қызметін жеңілдетеді, күш-жігерін үнемдеп, шаршап-шалдығуын бәсеңдетеді.

Шартты рефлекс байланыстарының (динамикалық стереотип) тұрақты жүйесінің пайда болуы автоматизмнің физиологиялық негізіне айналады.Сөйтіп, екінші сигналды жүйенің бірқатар байланыстарының орнын бірінші сигналды жүйе байланыстары иемденеді. Қалыпты жағдайда А. саналы түрде реттелетін әрекеттің компоненті болып табылады. А.-нің бөлектенуі патологияға меңзейді. Олар моторлық, тілдік және интеллектуалдық автоматизмдерге бөлінеді.

А. жалпы психологияда да (дағдылардың қалыптасуын зерттеуде), сондай-ақ қолданбалы психологияда да (медициналық, инженерлік) зерттеледі. Мыс., ол жестикуляцияда, жүрісте, соматопиялық қалыптардың пайда болуында көрініс табады. Генетикалық туа біткен факторлармен себептенетін шартсыз-рефлекторлық бағдарламалардың іске асуы болып табылатын «алғашқы ретті» А. және адамның ортада тіршілік іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасатын «екінші ретті» А. ажыратылады.

«Екінші ретті» А.нәтижесінде жағдайлар, эпизодтар,жағдаяттар мен саналы бағдарлауды қажет ететін операция-әрекеттер иерархиясы арасында байланыс тұрғызылады. Осылайша, болмыста, жағдаятта және әрекеттерді орындаудың өзінде бағдарлау қажеттілігінің өзі элиминацияланады.

Мыс., мәнді оқиғалардың пайда болуы немесе белгілі бір жағдаяттарда сигналды-стимулдық қасиеттердің пайда болуы тура сол сәтте адамда операциялардың бүкіл ретін жібереді. Алайда қандай да бір қате жіберілген күнде немесе бөгеттердің пайда болуына деавтоматизация (операцияның өздігінен орындалмауы) жүзеге асады.

А.адамның өміріндегі қажеттілігі, мүддесі және күш-жігерінің белсенділігіне сәйкес туып, дамып отырады. А. көбінесе әдеттер мен дағдыға тән. Қимыл-әрекетті автоматтандыру адамның жүйке, бұлшық ет қызметін жеңілдетеді, күш-жігерін үнемдеп, шаршап-шалдығуын бәсеңдетеді.

Шартты рефлекс байланыстарының тұрақты жүйесінің пайда болуы (динамикалық стереотип) А. физиологиялық негізіне айналады. Әдетте, моторлық, вербалдық және интеллектуалдық А. деп бөліп көрсетеді. Бірақ, сонымен қатар, сезімдік-эмотивті А. бөліп шығаруға болады. Олар коммуникация, қарым-қатынас жағдайында (әсіресе, әйел мен еркектің кездесуі мен қарым-қатынасы жағдайында) орын алады.

Осылайша, А. негізінде автоматтандырылған тізбекті рефлекс немесе өздігінен болатын тізбекті рефлекс жатады. Жүру, жүгіру және т.б. кезіндегі афференттік қозудың алмасып отыруы осыған мысал болады.

Дереккөз: Психология:Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011

Басқа материалдар:

  1. Авиация психологиясы дегеніміз не?

  2. Абстиненция, абстракция, абулия туралы мәлімет

  3. Психологиялық түсінік. Абазия, аббревиатура, абдикация, аберрация деген не?
  4. Абиотикалық факторлар, абсолюттік есту, шкала, табалдырық деген не?

  5. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы

  6. Сабақты қызықты өту үшін арналған әдіс-тәсілдер

  7. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары

ПІКІР ҚАЛДЫРУ