Хантәңірі, Талғар, Мұзтау шыңы туралы мәлімет

0
3917
Freepik.com

Шың деп тау басының сүйірленіп келген төбесін (ұшын) айтады. Олардың биіктіктері де әртүрлі болады. 

Хантәңірі шыңы. Қазақстандағы ең биік шың — Хантәңірі. Оның теңіз деңгейінен биіктігі — 6995 м. Ол Орталық Тянь-Шань тау жүйесіндегі Қазақстан, Қытай, Қырғызстан шекаралының түйіскен тұсында орналасқан.

Солтүстік және солтүстік-батыс беткейі Қазақстанда аумағында, қалған бөіліні Қырғызстан жерінде жатыр.  Пішіні сүйір, пирамида тәрізді келген. Оның басын мәңгі мұз бен қар көмкеріп жатады.

Талғар шыңы. Еліміздегі екінші биік шың — Талғар шыңы. Оның биіктігі — 5017 м. Ол Іле Алатауының орта тұсында орналасқан. Оның басында да мәңгі қар мен мұз жатыр.

Мұзтау шыңы. Талғар шыңыңнан кейінгі биік шың Алтай тауларындағы Қатын жотасында орналасқан. Оның биіктігі — 4506 м. Оны Мұзтау деп атайды. Шыңның төңірегінде биік, үшкір тау шыңдары көптеп кездеседі. Оларды жыл бойы қар мен мұздықтар басып жатады. Мұзтаудан Ақ Берел, Қатын, Меңсу өзендері бастау алады.

Бұлардан басқа еліміздің ірі таулары мен тау жоталарында да салыстырмалы түрде биік шыңдар бар.

Олар: Күнгей Алатауда (3033 м), Көкшетау қыраттарында (Көкше тауы, 947 м) , Кетпен жотасында (Аспан тауы, 3652 м), Жетісу Алатауында (Бесбақан шыңы, 4622 м), Қаратау жотасында (Бессаз тауы,2175 м), Маңғыстау облысында (Бесшоқы тауы, 552 м), Орал тауында )Ешкі тауы , 247 м), Баянауыл тауында (Ақбет шыңы, 1026 м), Қарқаралы тауында Комсомол шыңы, 1403 м), Қырғыз Алатауында (Батыс Аламедин шыңы, 4875 м), Сарыарқада (Ақсораң шыңы 1565 м), Тарбағатай жотасында (Тастау шыңы, 2991 м), т.б тауларда бар. 

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Мұздықтар туралы ақпарат

  2. Тау асулары дегеніміз не?

  3. Алатау мен Алтай тауы

  4. Ұлытау аймағы туралы қызықты мәліметтер

  5. Қызылқұм өңірі туралы мәлімет


ПІКІР ҚАЛДЫРУ