ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің саяси лирикасына көзқарас (А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыровтың саяси лирикасы хақында)

0
716
Гомотетия және оның қасиеттері

Түйіндеме:11-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің саяси лирикасына көзқарас» оқу мақсаты бойынша қысқа мерзімді жоспарын ұсынамыз. Сабақ тақырыбы зерттеу жұмыстарына бағытталған, сондықтан «ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау» қосымша оқу мақсаты қолданылады.

Оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары мен әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленіп, оқу мақсаттарына сай сабақ мақсаттары анықталады. Сабақ мақсаттарына жетуде, белсенді оқу әдістерін қолдану арқылы оқушылардың сабақ тақырыбын толық меңгеруін қамтамасыз ету жоспарланды.

Аннотация: Представляем краткосрочный план урока предмета «Казахская литература» для 11 класса, разработанный в соответствии с учебной программой по цели обучения «Взгляд к политическому лирику казахской литературы ХХ в». Тема урока сфокусирована на исследовании, поэтому используется дополнительная цель обучения «определять преимущества и недостатки источников информации».

Осваиваемые обучающимися умения и навыки определены в соответствии с уровнями таксономии Блума. Для достижения целей урока, разработанных на основе целей обучения, в планировании урока используются активные методы обучения.

Abstract: We present a lesson plan of the subject « Kazakh literature» for grade 11, developed in accordance with the curriculum for the purpose of training « A look at the political lyrics of Kazakh literature of the twentieth century». The topic of the lesson is focused on research, so an additional purpose of training is used «to determine the advantages and disadvantages of information sources».

The skills and abilities mastered by the students are determined in accordance with bloom’s taxonomy levels. To achieve the objectives of the lesson, developed on the basis of learning objectives in lesson planning using active learning methods.

Білімділік мақсаты: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің саяси өміріндегі аса ірі
тұлғалары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров өмірі мен шығармаларындағы саяси тұтастықты, заман, қоғам, әлеуметтік өмір туралы ой-пікірлерін талдау, жинақтау, жүйелендіру, ғылымиландыру, сол арқылы қоғам өміріндегі әдебиеттің рөлін, маңызын ашу.

Дамытушылық: ғылыми ізденіске дағдыландыру, әдеби талдау, жобалау іскерлік
қабілеттерін дамыту, қосымша материалдармен жұмыс істеу машығын жетілдіру;

Танымдылық: қосымша материлдарды іріктеп алуға, өз бетімен іздене білуге, ой
қорытуға үйрету;

Тәрбиелілік: патриотизмге, ұлттық сана-сезім, саяси сауаттылықты ояту, ұлтжандылыққа, тарихымызды құрметтеуге, ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтыққа, төл әдебиетімізді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Бекіту, қорыту сабағы.

Түрі: Конференция, жобалау технологиясы, ой талқы сабағы

Әдісі: Танымдық ізденуші, талдау, зерттеу, сұрақ-жауап, баяндау, топтық
жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет тарихы, сөз өнері, қазақ әдебиеті, қазақ тілі.

Күтілетін нәтиже:
1. Әдебиет теориясында ―Шығарма – дәуір шындығы, ―Әдебиет – өмір айнасы, — деп
айтамыз. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті осы деңгейден көріне алды ма, жоқ па деген сұрақтың жауабын білу.

2. «Әдебиет – ардың ісі» деген, бүгінгі сабақтағы біз білетін ақын-жазушылар өз
деңгейлерінен табыла білді ме, халықтың қамын, көкейдегі сұрақтардың жауабы

Ойашар:
Қайғы шығар ілімнен,
Ыза шығар білімнен.
Қайғы мен ыза қысқан соң,
Зар шығады тілімнен. (Абай)

Ұйымдастыру кезеңі:

«Зерделеу стратегиясы» өткенді пысықтау сұрақтары

“Зерделеу стратегиясы”

1.А.Байтұрсынов кім? Бүгінгі сабағымызға орай ақынның қандай жинақтарын білеміз?
2.М.Дулатов кім? Міржақыптың саяси лирикаға қандай жинағы бар?
3.С.Торайғыров қандай ақын? Сұлтанмахмұттың саяси лирикасы туралы пікіріңіз?

Мұғалім сөзі:
Бүгін осы асылдарымыздың өз бойларындағы ұқсас қасиеттерін, қазақ халқына, қоғамдық өмірге деген әрқайсысының жеке көзқарастарын сәйкестендіре отырып, шығармаларын, ғалымдардың зерттеулерін, пікірлерін пайдалана отырып талдап, біріктіріп, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті қоғам талабына жауап бере алды ма, жоқ па деген сұраққа жауап іздейміз.

Ақындарды біріктіруге негіз:
— Олардың өмір сүрген кезеңдері бір, яғни ХХ ғасыр басы;

— Олар бір-біріне сыйлас, сырлас дос, ағалық-інілік қарым – қатынаста жүрген әріптестер болған;

— Шығармаларындағы ортақ тақырыптар: қоғам, әлеуметтік өмір туралы ой – пікірлері,
көзқарастары арқылы бірін-бірі толықтырып тұрған тұлғалар екендігі шындық.

Мұғалімнің түсіндіру сөзі:
Конференция сабақтың шарты бойынша ұйымдастыру комитеті бекіту сабағымызға
дайындалуға тиісті мәселелерді: конференция тақырыбы, жұмыс тәртібі, әр топтың
баяндамашылары, яғни сөйлеушілері анықталып, тақырыптары берілген болатын, жобалау технологиясы бойынша бұндай іс-әрекетті озық тапсырма дейміз.

Сөйлеушілердің өзі қорғайтын тақырыптары бойынша презентациясы бар болса, тақтаны пайдалануын сұраймыз.

“АХМЕТТАНУШЫЛАР”

Бірінші сөз кезегін «Ахметтанушылар»  атынан тарихшылары сөз алады (тұсау кесер).
Тілші әдебиетшілер:
 Саяси лирика – атқамінер, байларға қарап айтылған ащы сын, екі жүзді, қорқақ, нәрсіз атқамінерлерді сынау, ол – халыққа деген қамқорлық.
 Адамшылықты сақтау, «көзді сатып» өмір сүрмеу, еңбек етуге үйрету.
Ғалымдарға сұрақ:
«Ахметтану» туралы халық өкілдері қандай пікірде екен? ХХ ғасыр басындағы қазақ
әдебиеті қоғам талабына жауап бере алды ма, жоқ па деген сұраққа ахметтанушылар не дейді екен?

“МІРЖАҚЫПТАНУШЫЛАР”

Келесі кезекте сөз ―Міржақыптанушылар‖ тобының тарихшылары сөз алады (тұсау кесер).
Тілші әдебиетшілер:
 Саяси лирика – атқамінер, байларға қарап айтылған ащы сын, екі жүзді, қорқақ, нәрсіз атқамінерлерді сынау, ол – халыққа деген қамқорлық.
 Адамшылықты сақтау, «көзді сатып» өмір сүрмеу, еңбек етуге үйрету.
Ғалымдарға сұрақ:
«Міржақыптану» туралы халық өкілдері қандай пікірде екен? ХХ ғасыр басындағы қазақ
әдебиеті қоғам талабына жауап бере алды ма, жоқ па деген сұраққа ахметтанушылар не дейді

“СҰЛТАНМАХМҰТТАНУШЫЛАР”

 Келесі кезекте сөз «Сұлтанмахмұттанушылар» тобының тарихшылары сөз алады (тұсау
кесер).
Тілші әдебиетшілер:
 Саяси лирика – атқамінер, байларға қарап айтылған ащы сын, екі жүзді, қорқақ, нәрсіз атқамінерлерді сынау, ол – халыққа деген қамқорлық.
 Адамшылықты сақтау, «көзді сатып»  өмір сүрмеу, еңбек етуге үйрету.
Ғалымдарға сұрақ:
«Сұлтанмахмұттану» туралы халық өкілдері қандай пікірде екен? ХХ ғасыр басындағы
қазақ әдебиеті қоғам талабына жауап бере алды ма, жоқ па деген сұраққа ахметтанушылар не дейді екен?

Қорытынды:
«Ахметтанушылар», «Міржақыптанушылар», «Сұлтанмахмұттанушылар» — ғалымдардың сөзінен кейін пән мұғалімінің қорытынды сөзі.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ