Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)

0
4157
Иллюстрация: Freepik.com

Түйіндеме: Бұл мақалада жас мамандарға өз-өздерін қалай тәрбиелеу, ортамен, оқушылармен қалай жағымды қарым-қатынас орнату үшін бағыт беріледі.

Цель данной статьи –дать молодым специалистам возможность эффективно общаться со своими учениками.

This article aims to provide young professionals with the opportunity to communicate effectively with their pupils.

Мақсаты: Жас мамандарға кәсіби орнығуға, бейімделуге, педагогикалық шеберлігінің
қалыпты дамуына, әдеп нормалары бағытында кеңес, көмек беру.

  1. Жас маманға әдістемелік кеңес
  2. «Жарқын елдің шамшырағы — жас маман» (эссе)

Міндеті:

1.Бір-біріне деген адамгершілік, сенімділік қарым-қатынастарын қалыптастыру.
2.Психологиялық қолдау көрсету.
3.Шығармашылыққа бағыт беру.

Тренинг барысы:
Кіріспе. Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар! Бүгін жас мамандарды психологиялық қолдау, педагогикалық шеберлігін қалыптастыру әдеп ережелері бағытында кеңес, көмек беруге арналған «Менің педагогикалық тұлғалық орным » атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер!

«Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі» дегендей, адам баласы пенде болған соң  өмірде көптеген келеңсіздіктерге бой алдырып жатады. Соның бірі – адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келіп, түсініспеушіліктер туындайтыны баршамызға белгілі. Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен қателесу болады. Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермеді. Ал қатесін түсініп, түзеу ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі»,- деп Мұхтар Әуезов айтқан екен.

І.Тренинг «Миксер»
Қазір бір-бірімізбен толығырақ танысып, жағымды қарым-қатынас орнату үшін жаттығу
орындайтын боламыз. Жаттығу сәтті өтуі үшін сіздердің тараптарыңыздан белсенділік,
еркіндік, ашықтық қажет болады. (Баяу музыка ойнап тұрады).
Ұстаздар миксердағыдай бірнеше рет араласып, шағын топтарда жұмыстанатын болады.

— Қазір бой ұзындығы бірдей адамдар бірігіп топ құру керек.Әр қатысушы топ ішінде өз
есімдерін және сүйікті жемісінің атын атайды.
-Кім ауылда, кім қалада дүниеге келген қатысушылар бірігіп есімдерін айтады.
-Төрт жыл мезгілінде дүниеге келген қатысушылар бірігіп есімдерін айтады.

Тренинг арқылы 3 топқа бөлінеміз

ІІ.Постермен жұмыс
Педагогикалық әдеп дегенді қалай түсінесіз?
Жаңашыл мұғалім дегенді қалай түсінесіз?
Педагогикалық шеберлікті қалай жетілдіруге болады?

ІІІ.Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп ( слайд)

Педагогтың бойында болу керек қасиеттер: (оқушылардың пайымдауы бойынша)
1. Мейірімділік
2. Балаларға деген шынайы махаббат
3. Эмоционалдық байсалдылық
4. Әділдік
5. Балаларға деген зейін
6. Қайырымдылық
7. Сергектік
8. Өмірді сүйгіштік
9. Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу
10. Жігер

Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер: (оқушылардың пайымдауы бойынша)
1.Дөрекілік
2.Оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдамау, сыйламау
3. Әділетсіздік
4. Өзін-өзі ұстай білмеу
5. Әдепсіздік
6. Балаларға немқұрайлы қарау
7. Өзінің пәніне немқұрайлы қарау

Педагогтерге қойылатын талаптар:
— ешқашан оқушыларға айқайламау
— оқушыларды жақсы көру
— оқушылар туралы жақсылықтарды көп білуге тырысу
— оқушыларды қауіп-қатерлерден қорғау
— кешіре білу
— естіп көре білу
— көмектесе білу (көмек жарнама үшін берілмегені жөн)
— тоса білу және шыдамды болу
— оқушыларды табысқа жетелей білу
— әр оқушының бабын таба білу
— оқушыларға қызықты бола білу
— жақсы көре тұра талап ете білу және талап ете тұра жақсы көре білу
— әр оқушыға жылы сөз айта білу
— оқушылармен барлық жұмысты атқара алу
— оқушылар сіздің не оқып жүргеніңізді, нені жақсы көретініңізді, қызығушылықтарыңызды білуі керек
— оқушының үйіне баруды жаныңызбен сезіну
— бір нәрселерді оқушылар үшін емес, керісінше оқушылармен бірігіп ойластыру
— олардың домбыраларына қосылып ән салу
— оқушыларды мейірімді болуға, жауапкершілікке, басқаларды және өзін-өзі сыйлауға үйрету
— ешқашан атқарған ісі үшін мақтауды ұмытпау
— мадақтаудың әртүрлі тәсілдерін ойластыру
— ешқашан оқушыны біреумен салыстырмау керек
— әр оқушының бойынан жақсы қадір-қасиетті тауып, соны дамыту керек

ІҮ. Суретті жаттығу «Менің таңбам»
15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған.

Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Қалқан – қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсысымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сіздер таңба бейнесі бар парақтар аласыздар, ол бес бөлікке бөлінген.

Сіздер ең бірінші нені істей аласыздар, соны бейнелеу керек.

Екіншіден – өздеріңізді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.).

Үшіншіден – ең үлкен жетістігім.

Төртіншіден –сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетесіздер. Бесіншісінде – өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш сөз.

15 минут уақыт беріледі.1.Мен не істей аламын? 2.Өзімді жақсы сезінетін орта.
3.Менің жетістіктерім. 4.Сенімді үш адамым. 5.Өзім туралы естігім келетін үш сөз.

Қатысушылар қалаулары бойынша өз жұмыстарын көрсетеді.

Жүргізуші: Біз дайындаған жұмыс өзімізге көмектеседі. Осыны әр-қайсысымыз есімізде сақтауымыз керек: Мен сенетін үш адам.

Өзім туралы естігім келетін үш сөз. Ең үлкен жетістігім.
— ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсіру;
— жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;
— өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;
— өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;
— өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзі туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.

Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болады.

Ү. «Қай ағашты таңдайсыз?» психологиялық тест.
Сіздердің таңдауларыңыз бойынша қысқаша мінездеме беру.

ҮІ. «Жас маманға 10 кеңес»
ҮІІ.Қорытынды.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материалдар:

  1. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  2. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  3. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  4. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ