Хирург болғыңыз келе ме?…

0
6083

Кәсіптің сипаттамасы

Хирург-дәрігер болып жұмыс істеу үшін берік жүйкеден басқа, жақсы білім қажет. Денсаулық сақтау саласының заңнама негіздері, анатомия, жансыздандыру қағидаттары, асептик және антисептик, рентгенология мен физиотерапияны меңгерген болуы шарт. Хирург медициналық аппараттар мен хирургиялық құралдарды пайдалана алуы керек.  Хирург дәрігердің қызметі аурудың ауырлық дәрежесі мен сипатына қарай бөлінеді. Мысалы, кідіртуге болмайтын хирургия аурудың ең өткір кезеңінде жұмыс жасайды. Жоспарлы хирургия эндокриндік жүйе органдары ауруларын, бауыр мен өт шығару жолдарын емдейді. Балалар хирургиясы, іріңді хирургия, онкологиялық хирургия, сүйек-бұлшық ет жүйесі мен жалғастырушы тіндер хирургиясы, кәсіби аурулар мен өмірге қауіпті дәрілік патология болып бөліне береді. Қазіргі таңда пластикалық хирургия көпшіліктің сұранысына ие. Тек пластикалық операциямен айналысатын арнайы клиникалар мен орталықтар пайда болып жатыр.

Кәсіптің ерекшелігі

Жақсы хирург-маманға жақсы төлемақы төленеді. Демалыс кездерінде жоспардан тыс жұмысқа шығу, дене күшіне үлкен салмақ түсу, адам өмірі үшін жауапкершілік алу, түнгі кезекшіліктер бар.

Талап етілетін қасиеттер

Берік жүйке, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық, төтенше жағдай туындаған сәтте де жағдайды бақылауда ұстай білу – бұл қасиеттер болашақ хирург маманда болатын қасиеттің бастамасы ғана десек болады. Басқа дәрігерлер секілді, қабылдау жүргізетін хирург-дәрігер де зерек және сыпайы болуы керек. Операция жүргізетін маман ретінде күйзеліске төзімді, жылдам ойлай алатын маман болғаны жөн.

Міндеттері

Хирургтің жұмыс күні пациент қабылдаудан басталады. Ол науқасты тексереді, ем тағайындайды. Арнайы мамандандырылған мамандарға немесе ем қабылдауға жатқызуға жолдама жазады. Ауырғандығын растайтын парақша рәсімдейді,  медициналық тексеру картасын толтырады. Кезекшілікте тұрған хирург-дәрігер тәуліктің қай мезгілі болмасын операция жасауға дайын болуы керек. Құжат толтыру, есеп беруді түзу, тұрғындармен санитарлық-ағартушылық жұмыс жасау да хирург-дәрігердің міндеті болып саналады.

Білімі

Аталған кәсіп бойынша оқытылатын мамандықтар:

  • 5В130100 Жалпы медицина

Кәсіптің сұранысқа иелігі:

Осы мамандық бойынша бітірген түлектер саны (2014-2015 жж.)  – 2872 түлек


ПІКІР ҚАЛДЫРУ