Қазіргі әлемдік процесcтер жағдайындағы қазақ мәдениеті. Қазақстан мәдениеті: проблемалары мен болашағы

Тәуелсіздігін жаңадан алған мемлекеттер немесе тәуелсіздігін алғанына елу жыл толған елдерде мәдениеті көк пен жер арасындай айырмашылық болады деп айта аламын. Біздің мемлекет, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғанға дейінде,алғаннан кейін де қаншама өзгерістер болды әлі де болып жатыр.Өз мәдениетін, өркениетін шетке ысырып қоймай не болмаса қалдырып кеткен жоқ. Керісінше қайта жаңғырта отырып, дамыту үстінде деп ойлаймын. Ең бірінші кезекте, мәдениеттің жоғарғы сатысына- білім қойылады.

Білім, ғылым және мәдениет арасындағы байланыс көкжиегі барлық дүниенің алтын алқасы болып табылады деген ойдамын. Неге?Себебі,ешқандай білімсіз,ақыл-санасыз елдің алға дамуынан бұрын,өзіне тән деген мәдениеті қалыптаспайды.Өз ана тілін білмеген адам қайдан мәдениетке үлесін қоса алады. Қазіргі таңда ең әрі кең ауқымды мәселенің бірі осы-тіл жағынан деп ойлаймын. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ арамызда қазақ бола тұра, өзіміздің ана тіліміз-қазақ тілін білмейтін, білсе де үлгі етіп айта бермейтін адамдар кездеседі. Иә,әрине әр елдің тілін білу дұрыс-ақ,бірақ өз тіліңді білмесең басқаны үйренудің несі ғажап.Тілді білу-білімнің кілті,әрі қарай ой-өрісіңді кеңейтуге,біліміңді тереңдетуге септігін тигізетін бірден бір құрал деп білемін. Халқымыздың ары қарай дамуына,болашағы жарқын болуына әрбір азамат пен азаматша алаңдауы тиіс.Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының бағдарлы жоспары,дамытатын бағдарламар құрылып жатыр.

Елбасымыздың болашақтағы даму бағыттарын айқындайтын «100нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарының өзі дәлел. Бұл жоба арқылы нені ұтуға болады? Менің ойымша ол біріншіден –жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін өз мәдениетімізді қалыптастыра отырып, соған сай болуымызды саралайды. Біздің қалыптасқан мәдениетіміз емес, қазір жүріп жатқан, іргесі қаланып жатқан мәдениетті ұсына білуі керек. Екіншіден, мәдениетт ікітап не қағаз түрінде ғана таныстыру емес, түрлі мультимедиалық тұрғысынан да көрсете білуіміз керек деп ойлаймын. Себебі қазір заман барынша оқудан гөрі көзбен көруге ыңғайлы смарт заттарға назар аудара бастады. Жобада суретшілер, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар, жазушылар және басқа да мәдениет қайраткерлері, көркем сурет, әдебиет жайындағы барлық шығармалары қамтылса нұр үстіне нұр болар еді.Еліміздің мақтанар мәдениеті көп. Оны өзіміз ғана біліп қойғанымыз жеткіліксіз. Себебі елді ел тану үшіноның мәдениетін тану керек. Сондықтан алдағы жылдары жасалатын жұмыстардың жауапкершілігі зор болады. Соны жүзеге асыруда біз де ат салысуымыз маңызды. Жаһандық дәуірде ең басты сын-тегеурін мен қатерлерді ұғынатын жаңа ұрпақты қалыптастыру өте маңызды. Сол үшін басты құрал-білім болып табылады.

Кешегі мен бүгінді ұштастыра отырып салыстыру,тұлпардың қос тізгінін ұстап алға бет бұру әрбір қазақ азаматының борышы.Тәуелсізелдің ұлы-өжет, қызы-қайратты, халқы-қаhарман демекші,еліміздің биіктен көрініп,болашағы жарқын болуына бірден-бір себепкері бізбіз. Жарқын,дербес болашақ туын көкке желбірету-жастардың қолында!

Сайлау жүйелері және сайлау

Еліміздің бетке ұстар тұлғаларымыз талай жыл бойы дау мен қырғын жолында берілмей, ұлтымыздың келешегі, келер ұрпақтың  ғұмыры үшін ешнәрседен тайынбай күресіп, асқан қайсарлық пен қайтпастық арқасында бізге осы-ұлан байтақ жерімізді мұра етіп, «Тәуелсіздік» бағын қалдырды.Ұлыларымыздың ұлы бастамасымен  бұйырған егемендік бізге қуаныш пен шаттық сыйлады. Қазір де азаттығымызды ту етіп, әлем алдында елеулі болғанымызға жиырма сегіз  жыл толды. Ел тірегінің бет алысқан тоқсан бесінші жылдардың ағымында Конституцияның ықпалымен ерікті түрде сайлауды қалыптастырып, оған жандана күш беруші, билік көздерінің бірі-қарабайыр халық болып шартққа алысты.

Бүгінгі күні ұтқыр саясаттың ұтымдылығымен еліміз президенттік басқарушылық аясындағы ауыз толтырардай үлкен мемлекеттердің тізгінінде.Ерікті түрде сайлау-белгілі бір уақыт өлшеміне, бәсекелестік қабілеттілікке икемді азаматтарымыздың өкілдік ретінде қатысуы. Айтулы бәсекелестік сайлау ағымына алуан партия тізімдері мен кандидат мүшелерінің атсалысуына дем береді.  Бұндағы азаматтар ауқымды сөз сөйлеу, жиындардың, арнаулы қозғалыстардың бостандығын, қатысушы мүшелерінің әлеуметтік үнінің ақтарылуына және сайлаушы тұлғаларға балама түрде кандидаттар жөнінде ұсыныс білдіру жағдайында мол қызметтерге ие. Мемлекет заңнамаға сәйкесінше сайлау уақытына, өлшемді мерзіміне, алуан ахуалды әлеуметті топтардың өкіл болуын тікелей жауапты.

Елеулі ел ішінде өзіндік заңдарымен атқарылып отырған Конституцияның 33 бабында баян етілгендей еліміздің кәмелеттік он сегіз жастан асқан азаматтар мен азаматшалардың тұрмысына, шыққан тегіне, материалдылығына, қызмет орынына, қандай ұлттылығына, тілі мен дініне, сенім, дәстүріне бейқам қараумен, мемлекет билігі олардың сайлау мүшесі мен сайлауға қатынасуға, және де ауқымды респубика көлеміндегі референдум мүшесі болуына заңды түрде өзіндік құқыққа ие. Есесіне, бұрын-соңды бас бостандығынан айыру сынды алқалық танытылқан азаматтар мен азаматшалардың сайлау мүшесі мен сайлау кандидаты болуына қауқары мүлде  қарастырылмайды.Сайлау және сайлау жүйелерінің заңнамасы 1995 жылы күздің басы қыркүйек айында «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» атты Конституциялық үкімде ықпалдастырылған. Аталған заңның құзырында елдің басқарушысын, парламент төріндегі мәжіліс, аймақтық шаршы алаңдағы өкілдік депутаттарды, және де жергілікті орган мүшесін сайлау құқығы дүйім жұртқа біркелкі, теңдік дәрежесінде және жасырынды дауыс беру жағдаяттарында ұйымдастырылады.

Eлдің еңсесін биіктетуге, қалың жұртшылықтың қолдауымен ел Президенті 5 жылдық мерзімге сайланады.  Мемлекеттің азаматтығына ие боп танылған қырық жастан асқан, мемлекеттің тілдерді бойына сіңірген және елдің ахуалында 15 жыл бойы тұрақтаған азаматтар ғана сайлау науқанына түсіседі. Республика шыңында мәртебелі Парламент жиегі ең қауқарлы орган ретінде таныс.  Тармақталуына сәйкес 2 палатаға: Сенат және Мәжіліс боп бөлінеді. Заңнамаға сәйкесінше, мемлекет азаматтығында тіркелген әрі ел ахуалында он жылдан аса тұрақтанған азаматтар да Парламеент депутаты болуына құқылы.
Шет елдердің сайлау жүйесіне көз жүгіртсеңіз, бүгінгі таңға дейін дұрыс оңтайлы қалыптасу нысанын көре алмаймыз. Ежелден ауыз толтырардай абыройға ие мемлекеттердің өздерінен де сайлау жүйелерінен кемшелік тұстарын Бұқаралық Ақпарат Құралдарынан анық әрі ашық білуімізге болады.  Осы себептілікке сәйкес, еліміздегі сайлау туралы заңнама өзіндік қырларын танытып, заман ырғына тұспалданып түзетіліп келеді. Сайлаудың өткізілуі мен қатыспақ мүшелердің ерек құқықтары да мәдени жағынан жаңа көрініс таппақ.  Осындай іспеттес түзету жұмыстары еліміздегі сайлау науқанына 2004, 2007 және 2009 жылдар аралығында жүргізілген. Бұрынды орын алған баламасыз сайлаулар мен алдын-aла дауыс үкімін шығару тәсілдері жоққа шығарылып, сайлаушылардың қатарын құрысу ережелері өзгеріс тапты.

Сайлау жүйесі-құзырлы билікке салынған көпір. Алайда, сайлау демократиялық шоқтыққа жетелейтін міндет емес, мұндағы басты назар үздіктілікке аударылады. Қарабайыр халықтың өзіндік үздік танылған өкілдерін таңдап алуында. Елдің шартты қолға алынған заңнамасына қарама-қарсы жұмыстанатын әрі беталды жөн-жосықсыз қараудың болмауы шарт.  Қазақстан мемлекетіміз әлем елдерінің алдында белсенді таныла, қабылданған ерікті әрі бәсекелі сайлау жүйесіндегі барлық делік ұстанымдарды атқарады. Жыл ағымында өзгертулермен толықтырылған әдістерді елбасының ықпалымен  саяси жаңарумызға және демократиялық дамуымызға эволюция бағытын бағыштап жатқандығын көре, еліміздің айбыны асқақтап шарықтануы кәміл сенім білдіре аламыз..!

 

Көшпелілер (номадизм) мәдениеті.Отырықшы мәдениеттен айырмашылығы мен ерекшелігі

Көшпелілік деген не? Оның мәдениетпен байланысы неде? Қазақ халқының көшпелілік мәдениеті қандай болған? Оның отырықшы мәдениеттен айырмашылығы неде? Міне,түп-сананы ойға салатын,толғандыратын сұрақтарға жауап бере отырып мен өз ойымды жеткізсем деймін. Қазақ халқының әр азаматы мен азаматшасының өз бойына сіңдірген,қанында қайнап тұрған өр-рухты,теңдессіз мәдениеті күні бүгінге дейін заманнан қалмаған.Оның әр кезеңі бізге тарих,бізге үлгі.Сонау ерте заманда қазақ халқымыздың өмір сүру кезеңі көшпенділіктен бастау алған.Жалпы көшпелілердің мәдени ерекшелігі жоқ,мәдениеті болмаған,олар жабайы өмір сүрген деген өте қате пікір.Себебі,көшпелілер мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар.Ол тіршілік қарекетінің,тұрмысының ерекшелігінен,көші-қонжерлерініңмәденидәстүрінен дамиды деп білемін.

Жыл,он екі ай-қыс,көктем,жыз,күз дейтін жылдың әр мезгілінде қазақ жұрты шаруашылығына қарай,малжай-күйіне қарай көшіп,қоныс ауыстырып отырған.Бұл көшпелі халқымыздың,көшпелілік мәдениетінің ең бірінші делік ерекшелігі.»Тұлпар аттың тұяғы сазға тисе жетіліп, тасқа тисе кетіледі» деген дана халқымыздың мәтелі бар. Таулы өңірде, әсіресе қыста тағаланған аттың тұяғы кетілмейді, табаны жұқарып тасырқамайды деп қазақ жұрты қысын-қыстауда қоныстанған.Осындай қыс мезгілінің өзіндік бір ерекшелігі болса,басқа  мезгілдің күздің де,жаздың да,көктемнің де шаруашылыққа,мал-жайға пайдалы жақтары шаш етектен.Шаруашылықтың дамуы,көшпелілер мәдениетінің дамуына ықпал етті. Жаз-жайлау,күз-күзеу деп көшкен қазақ жұртының кезекті ерекшелігі киіз үйінен айқын көрінеді. Астына мінген тұлпарлары-түйе,жылқы болса,түнеген баспаналары керегесі кең,шаңырағы биік-киіз үй болған.Бұл көшпелі мәдениеттің отырықшы мәдениеттен басты ерекшелігі деп атап кетуіме болады.Себебі,отырықшы халық бір жерде қоныстанған,олардың баспанасы іргетасы қаланған,көші-қонға келмейтін болған.

Екі жұрттың арасындағы қатына сәр заманда, әртүрлі аймақта әрқалай болды. Көшпелілер мәдениетінің тағы бір ерекшелігін атап кетсем ол-мәдениетінің көп қырлы болуында. Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар олсақ болсын, ғүн, үйсін,одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және орта ғасырлық өркениеттермен әртүрлі себептер арқылы араласты. Сол аркылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдап, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына,бір-бірінің мәдениетін ұғынып,өзіне қосуына бірден бір себепкер болған.Соның әсерінен көшпелілер мен отырықшы халық шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты.

Өз ойымды қорытындылай келе,жалпы біз қазағымыздың мәдениеті жайлы сөз қозғағанда, ой толғағанда бірнәрсені естен шығармауымыз керек. Ол қазақ мәдениеті өзінің түп тамырын,негізгітінін,өзегін көшпелі халық мәдениеті үлгісінде жасалған өркениет деп білемін. Сонымен қатар бұл мәдениеттің үстем болуына отырықшылықтың да үлгісі,септігі аз болған жоқ.Кең байтақ даламыз, мөп-мөлдір су,таза ауамыз барлығы ғасырлар бойы сақталған.Қазір XXI ғасырда өмір сүретін тәуелсіз мемлекетпіз.Осы жылға дейін қаншама өзгеріс болған,бұл қаншама еңбектің нәтижесі.Мәдениетіміздің өрістеп,өркениеттің шыңына жеткен заманы.Ары қарай елді дамыту және өзгерту,жарқын болашақ тек біздің қолымызда!

ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті. Қазақтардың өмірлік циклі

Біздің тaрихта Абайдай дара,Абайдай дана тұлғаларымыз бaрда, мәдениетіміздің қандай екені сөзсіз-ақ белгілі деп ойлаймын.Абайдан басталаған қазақ халқының мәдениеті,оның сырлары қазіргі таңға дейін жалғасып келе жатыр.Қазақтың мәдениетіне,менталитетіне өшпес із,мұра қалдырып кеткен алып тұлғалардың бірі-Шәкәрім Құдайбердіұлын айта кетуге болады.Ол Абaй сияқты қазақ елін өркениетті,мәдениетті,көркем елдер қатарына қосамын деп талпынған.Ол жалпы адамзат баласы,әрбір қазақ халқының азаматының борышы-туған елдің бүкіл тарихын,әсіресе мәдениетін жоғалтпай,сақтай отырып заман талабына сай қолдану керектігін айта кеткен.

Мәдениеттіліктің тірегі-ар-ұждан.Ең басты мәсeлеге,ең бірінші кезекте-тәрбие,ар ілімі қойылуы деп ойлаймын.«Тәрбие-тал бесіктен»деген тектен текке айтылмаған.Себебі,үлкен мәдениетті мемлекет қалыптастыру үшін,кіші отбасыдан,оның әрбір адaмынан басталуы керек.Кіші мемлекет үлкен бір мeмлекеттің бастамасы деп ойлаймын.Жалпы қазақ халқының мәдениеті ХХ ғасырды үмітете отырып, әрі түңіле қарсы алды. Неге десеңіз, дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жеткен болатын. Ұлттық идeя темір тордағы халықты уайымға салып толғандырғанымен қоса, осы идея негізінде азaттық үшін күресуге ұмтылыс пайда болды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресeй империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да ықпалын тигізді. Дегенмен Қазaқстандағы толқулар тек  қана орыс революционерлерінің ықпалымен болды десек қатеселеміз. Бірдe-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер импeрияны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтерген емес.

Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдікпен қарады.Өзіне туысқан халықтардағы сияқты қазақ еліндегі мәдениеттің қайтадан жаңғыруы орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды десекте болады.Солай кeңес үкіметінің орнауымен қатар бір мезгілде қатарласа мәдениетті қайта дамыту шаралары жүзеге асырыла бастады. Елдe ағарту ісін дамытуға аса назар аударыла бастады. Ұлт зиялылары шығармашылық тұрғысынан табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын арттыруға зoр үлестерін қосқан болатын. Қазақ тілінде оқулықтар жазылды. Оқулықтардың авторлары ұлт зиялыларының өкілдері болды: А.Бaйтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин.Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев, географиядан Әлихан Бөкейханов, Қазақста тарихынан Санжар Асфeндияров құрастырған болатын. 1929 жылы қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу шаралары жүзеге асырылды. Қазақта жақсылық пен жамандық түсінігі ақын-жыраулар жырлары мен шығармашылығында егжей-тегжей әрі көркем бейнеленген деп дөп айта аламын. Бұл ұғымдaр тап-тазa поэзия аймағынан шығып, халық аузындағы даналық үлгілеріне,  пәлсәпалық пайымдауларға айналған.

Осымeн өз ойымды қoрытындылайтын болсам, ұлттық құндылықтарымыз қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көздері екені мәлім болды. Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан тарихымыздан көшпенді қазақ тәрбиесіндегі өркениет, мәдeниеттің болғанын бaбалар қалдырған мұралардан, халық аузында жүрген мақал-мәтелдерден-ақ көруге болaды. Қазақтың әрбір айтқан сөзі даналыққа сүйеніп, дәстүр мен дін біте қайнасқан үлгісінде көркем бір бейнеде үйлесімділік таба білгені анық. Қазақтың иман мен имандылық сөздерінің aстaрында қaндай мағына жатқанын білсеңіз. Имaн әуелі кәлимамен келеді, имандылық сол кәлиманың астaрындағы адамгершілік, инабаттылық, ибалық сынды барлық ізгіістерден құралады деп ойлаймын. Міне, сол имандықтың нәтижесі имандылық болған. Имандылық бар да – тәртіп те, бейбітшілік те, адами құндылықтардың барлық көріністері адамның бойынан табылатыны сөзсіз. Сондықтан да ұлттық құндылығымызды жаңғыртқан кезде ғана біз мәдениетімізді жаңғырта тірілте аламыз.

 

Тұран–тағдырдың тосын сыйы

«Тұран» дегенде ойыңызға не келеді? Бұрындары бұл сөз маған география сабағында оқыған Тұран жазығын есіме салатын. Ал қазір өзім білім алып жүрген ғимарат елестейді. Негізінен, «тұран» – «түріктер мекендейтін жер» , «елдің атауы» деген мағына береді. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Түркістан өлкесінің ежелгі атауы. Бұл атау, бірнеше жылдардан соң менің өмірімнің өшпес естелігіне айналары анық. ­­­­­

2018 жылы үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы тұрғанда,барлық түлектер секілді қобалжып, «Мені алда не күтіп тұр екен?» деген сұрақ мазалады. «Журналистика» саласының маманы боламын» деген арманым Алматы қаласына жетелеп алып келген болатын. Мен үшін бейтаныс, әрі үлкен қаланы қаптаған жоғарғы оқу орындарын аралап, анам екеуміз біршама уақыт жұмсадық. Студенттерге жасалатын жеңілдіктер мен жағдайлар жайлы көптеген ақпараттарға қанық болдық. Шілденің шіліңгір ыстығында шығармашылық емтихандарды тапсырып болып, қобалжулы түсініксіз күйде туған қалама оралдым. Грант нәтижелері шығар уақытта, киелі Көкше жерінде конференцияға дайындық үстінде жүргенмін. Қуанышты жаңалықты сол кезде анам хабарласып естірткен болатын. Тамыз айында, Тұран университетінің «ректор гранты» бұйырып, тек маған ғана емес, отбасымызға қуаныш сыйлады.

 

Тұран Университеті жайлы бұрыннан естуім бар еді. Болашағымды жоспарлағанда өзімді мұнда елестетпеген едім. Кездейсоқ кезіктірген зәулім ғимаратта «студенттік шағымды өткіземін» деп ойламағанмын. Дегенмен, студенттік кезеңімді осында өткізіп жатқаныма өте қуаныштымын.

 

фото жеке архивтен

Ең ыстық естеліктер алғашқы оқу жылында болды. Университет қабырғасына алғаш келген күні «креативті ойлау» пәнін өтетінімізден хабардар болдық. Бұл пәннің атауы біздің қызығушылығымызды тудырды. Аталмыш пәннен беретін мұғалімге тез-ақ бауыр басып кеттік. Сабақ барысында Гүлжан апайымызбен бірге табиғаттың таңғажайып көрінісін бойына сіңірген «Шарын шатқалын» өз көзімізбен көрдік. Шебер табиғат-ананың туындысынан шабыт алдық. Бұл сапар, енді ғана бір-біріне үйренісіп келе жатқан болашақ журналистердің ауызбіршілігін арттырды десек те болады. Одан бөлек, Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өткен Нұтфолла Шәкеновты еске алу кешін, Қапшағай өлкесінде орналасқан,әрбір баланың арманына айналған «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында поэзия кешін ұстазымызбен бірге ұйымдастырдық. Арамыздағы ақын  жігіттер өз туындыларын оқыды, ескі әндер қайта жаңғырды, поэзия сүйер жастар Нұтфолла Шәкеновтың «Айгүл» поэмасынан үзінді оқыдық. Естен кетпес күндерді бастан өткіздік.

Біздің университетімізде өзіңді тек білім жағынан ғана емес, шығармашылық жағынан да шыңдауға арналған мүмкіндіктер алаңы шексіз. 2018 жылы «Журналистика» мамандығының студенттері «TeART» атты театралдық сахналандырылған қойылымдар қоятын шығармашылық ұйым ашқан болатын. Сол ұйымнан өз орнымды таптым. 2019 жылдың көктемінде Өскемен қаласында өткен «Ұлы өнер – ұлт жаңғыруы» атты студенттік театрлар арасында ұйымдастырылған сайыста бақ сынауға бел будық. Еліміздегі ең өзекті мәселелерді қозғап, сахналадық. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған тәжірибелі театр ұйымдарымен сайысқа түстік. Нәтижесінде, 12 шығармашылық ұйымдар арасынан «үздік үштіктен» орын алдық. Бұл – жас театр ұжымы үшін үлкен мақтаныш. Бүгінгі күннің өзінде, талай белестерді бағындырып, талай таланттарды мойындатып үлгерді.

Бүгін универ қабырғасында өткен балмұздақ кезеңдерді сағынышпен еске аламыз. Бірнеше жылдардан соң жоғарыда аталған қуанышты кезеңдеріміздің естеліктерін қайта қарап, талай нәрсені еске түсіретініміз анық. Жоғарғы оқу орнындағы алғашқы қадамдарымыз жарқын сәттерге толы болды. Алда бізді одан да керемет уақыт күтіп тұрғанына мен сенімдімін. Өмірім тосын сыйларға толы. Тағдыр әрдайым мен ойлағаннан да асып түсетін, ең жақсысын сый қылып беріп отыратын. Бүгінгі таңда мен білім алып отырған оқу ордасын «тағдырдың берген сыйы» деп білемін.

Гүлманат Райымбаева

Қазағымның қасиеті осында

Тұлғасы өр, көзінде нұр, жүзі оттай жайнаған,
Қарсыласқа ыза-кекпен қаһар төгіп қайнаған.
Қазағымның қасиеті осында,
Төсінде өскен жаман болды қай балаң?

Ұл-қызы бар дархан елдің даңқты,
Уәде берсе бұлжытпайды, бұзбас берген антты.
Оза алмайсың, қанша ұтқыр болсаңда,
Бұндай жайсаң, байтыл, қайсар халықты.

Ата-баба жолын салып жалғаған,
Бұл халықтан талай қыран самғаған.
Жүйріктері озып шыққан топ ішінен тұлпардай,
Таңданасың жасыра алмас он сегіз мың ғаламнан.

Қызы болған ерке мінез қылықты,
Ұлы болса бас идірген талай дана ұлықты.
Қуаныштан қасіреті көп болған,
Қазағымның қасиетін кім ұқты?

Ұрпақтары әлі батыр, ел үмітін ақтайтын,
Ата-баба жолын қуып, еш мүлтіксіз сақтайтын.
Қазағымның қасиеті-қасіреті осында,
Қырандарын көкке ұшырып, көреген ғып баптайтын.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті

Тілім-менің тағдырым

Тағдырменен күн кешетін мәңгілік,
Өзгермейтін, тұрар мәңгі жаңғырып.
Әрбір ұлттың өлшеусіз бір байлығы
Естілетін ұран болып жаңғырып.

Тіл-жүрегім сеніммен күн кешетін,
Жанса жанып, сөнсе сөніп өшетін.
Тіл-адамның ақылының кеніші
Қиындықты қиналмай-ақ шешетін.

Тіл-тағдырым, өшпес мәңгі байлығым,
Жан жүрекке жылу сыйлар айданым.
Жарық төгіп, нұр сәулесін шашатын
Аспандағы сұлу бейне ай күнім.

Тіл тағдыры-ел тағдыры демей ме?
Сайрап тұрса қызыл тілің көмейде.
Бұдан артық қандай сенде бақыт бар,
Деген ойлар маза бермес көкейде.

Ертеңгі ұрпақ қадірлей ме тілімді,
Біліп жатпас олар сенің құныңды.
Осы ойлардан жүрегімде тілінді,
Кім тыңдайды ендеше сол мұңыңды?!

Қадір тұтқан қасиетті жерімнің,
Тәуелсіздік-бақыт құсы елімнің,
Отыз жыл толғалы отыр міне бүгін
Орындалар сәті келді сенімнің.

Құрметпенен қарайық туған тілге,
Баршамыз қазақ тілде сөйлейікте.
Таза қазақ тілінде сөйлеушілер,
Бұл күнде азайып тұрғой бізде.

Еліміздің келешегі біз жастардың қолында,
Болашақты ойлау үшін тарихқа көз салуда.
Ғасырлар бойы дәріптеліп келе жатқан тілді біз,
Биіктерге көтерейік, әр кез болсын мақтаныш.

Қазақ елім қашанда аман жүргін,
Білейік, қолда бар да алтын құнын.
«Алтынның қолда барда қадірі жоқ»
Қастерлейік, қасиетті ұлы тілді.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті

Журналист болғыңыз келеді ме?

Журналист десе , көбінің көзіне бағдарлама жүргізушісі не жаңалық жүргізетін диктор елестейді . Маған да көрген адам » осындай журналист болмайсың ба ? » дейді . Тіпті анамның да арманы — мені теледидардан көру .

Мен басқаның ойындағы идеал болуға ұмтылмаймын , қазақ тілін дамытуға сәл де болса үлес қоссам деген өзімнің нақты мақсатым бар . Сол мақсатпен әлеуметтік желідегі қатемен күресіп , қажет деген жерде қатемді түзетіп жүрмін.

Ал менің журналистика факультетінде оқитынымды естігенде , » Мәә , күшті , мен де кезінде журналист болғым келіп еді » дейтіндер әлі де бар . Неге бала кездегі арманды қазір жүзеге асырмасқа ?!

Инстаграм барлық мүмкіндікті беріп қойды , » мархабат » . Тікелей эфирге шығыңыз да , журналиске айналыңыз . Аты да » тікелей эфир » деп айтып тұр , ең бірінші шыққанда мурналист боларсыз , содан соң пурналист боласыз , бара — бара жаттығып жүріп , нағыз өзіңіз армандаған журналист боп шығасыз .

Не айтамын деп қам жемеңіз . Жаңалық жазып алыңыз да , оқып шығыңыз . Жазған постыңызды ауызша айтып беріңіз . Оқыған кітабыңыз , көрген фильміңіз туралы әңгімелеңіз . Қате сөз айтамын деп қорықсаңыз , мәтініңізді тексеріп беретін редактор алдыңызда отыр . Бірден эфирге шығуға жүрексінсеңіз , стористен бастаңыз .

Ешкім кіріп көрмесе де , мейлі , сіз мәтінді оқып , эфирдi Ig tv арнасына сақтап қоя беріңіз . Күндердің күнінде барлығы кереді , күніне бір уақыт шығып , көрерменнің көзін үйретіңіз . Бала кездегі арманға ұмтылу да ұят болып па ? Бастысы , » че там , қалайсыңдар » деп емес , халыққа пайдалы ақпарат айтуды кездеңіз . Батылыңыз жетпесе , » әріптесіңізбен » бірге жүргізіңіз .

Осы бағытта бастасаңыз да көп нәрсеге қол жеткізесіз. Және адамдармен пайдалы кеңестермен бөлісесіз деп ойлаймын.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті

Баланың психикалық дамуына ата-ананың қарым-қатынасының ықпалы

Баланың мектеп кезінде қалыптасуы ата-анаға байланысты. Сондықтанда осы мақалада бастауыш сынып оқушысының психикалық дамуына аса ықпал етуші ата-ананың рөлі мен міндетін нақтылауға негізделеді.

Отбасының балаға әсері ең маңызды және отбасындағы балалардың жеке басын қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларын табысты оқытуда бар. Баланың жеке басын қалыптастыру бұл әртүрлі әлеуметтік қатынастардың әсерінен болып балаға жеткізіледі.

Ата-аналардың моральдық компоненті, отбасы дәстүрлері мен мәдениеті, олардың мінез-құлқы, күнделікті жоспарлары мен ұмтылыстары, сондай-ақ, әлеуметтік байланыстар тұлғаны қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Кейбір жағдайларда, бала ата-аналардың үміттерін және оқу жетістіктерін қанағаттандырмаса, оның мектептегі мінез-құлқы олардың бұрын қалыптасқан талаптарына сәйкес келмейді отбасылық қатынастардың сипаты айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды.

Баланың мінез-құлқы мен оқу іс-әрекетін теріс бағалау мұғалімдер көп жағдайда қақтығыс көзіне айналады, отбасындағы қарым-қатынас немесе олардың шиеленісуі көрінеді.Көбінесе бірінші сынып оқушысының нашар үлгерімі және нашар мінез-құлқы мектеп арасындағы қақтығыстардың пайда болуына негіз болады. Мұндай жағдайда жиі туындайтын алауыздық баланы үйден және ата-анадан біртіндеп иеліктен шығаруға ықпал етеді оны жарақаттаудың қосымша көзі, мұндай қарым-қатынастар психикалық ауытқуларға әкеледі.

Бала кезінде олар теріс әсер етеді,оның жеке ұйымдастырылуының терең деңгейі-психологиялық, өсіп келе жатқан мінездің қалыптасуына тікелей байланысты. Осылайша, отбасының процесске әсер ету мәселесінің өзектілігі бастауыш сынып оқушыларын оқыту отбасының маңыздылығын арттырады.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті

 

Библиография — баспасөздің бастауы

БИБЛИОГРАФИЯ ( грек . biblion — кітап және grарhо — жазу ) баспасөз шығармалары жөнінде хабарлама — мәлімет беретін және оларды белсене насихаттайтын ғылым мен практикалық қызметтің бір саласы. Кең мағынасында библиографиялық мұраларды , тарихы теориясын , библиографиялық қызметін ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылми пән .

Баспасөз шығармаларын іріктеп , көрсеткіштер жасау және оларға ғылыми терме , сипаттама , шолу жазу арқылы жасалады. Ғылым мен мәдениет дамуының қорытындысын шығаруға көмектеседі , зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді , белгілі бір ғылми қағидаларды , саяси ,философиялық және эстетикалық көз қарастарды , тех. жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады .

Библиография негізінен таптық мақсатқа негізделген . Әдетте « объективтілік » ,         « бипартиялық » , « кітап оқу бостандығы » , « хабарлама бостандығы » деген ұрандарды желеу етіп , реакциялық идеологияны — үстем таптың идеясын уағыздайды . Коммунистік идеяға сәйкес ғылыми негізде соц . құрылысты ,  ғылымы мен мәдениетін насихаттайды . Оның басты ерекшелігі ғылмилығы , бұқаралығы , көп ұлттық сипаты болып табылады.

 

Бибақыт Ерсайынова

Тұран университеті

3 курс студенті