Жанқожа Нұрмұхамедұлы. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.

0

Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады.\r\n\r\n \r\n\r\nЖанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап, Ырғызды қыстайтын. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болады. И.Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қалаларының бектері Отыншы, Сушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуін өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді.\r\n\r\n \r\n\r\nЖанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады. 1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан кейін Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алады. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтірген өтеуі үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандаған.\r\n\r\n \r\n\r\nЖанқожа батырға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген Сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін Хиуа ханы Аллақұл жасақтарымен түрікмен Аймұхамед палуанды жібереді. 1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болады. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырады. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырайды.\r\n\r\n \r\n\r\n1845 жылдың көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді. Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазбен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофеев бастаған отряд келіп, хиуалықтарды талқандауға көмектеседі.\r\n\r\n \r\n\r\n1847 жылы Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей әскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпейді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы В.Обручевпен жолығып сөйлескен соң Жанқожа онымен орыс әскері жергілікті халықтың тыныштығын бұзбайтындығына және хиуалықтардың шапқыншылығынан қорғайтындығына келіседі. Бірақ кейін іс жүзінде керісінше болады. Патша шенеуніктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И.Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелетін тілмаш Мұхаммедхасан Ахмеров шабармандарын пара жинауға Жанқожа ауылына жұмсайды.\r\n\r\n \r\n\r\nЖанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Осындай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады. 1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алады. Қаратөбе маңындағы Л.Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасайды. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетеді. Жағдай Орынбор генерал-губернаторы В.Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз қазақ жасағы бар жазалау отрядын аттандырады.\r\n\r\n \r\n\r\nЕкі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болады. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болады. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетеді. Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратады. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан – наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасайды. 1856-1857 жылдары қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылады. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожа сатқындық жасаған рубасылары мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды өлтіріп кетеді.\r\n\r\n \r\n\r\nДереккөзі:\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан ұлттық энциклопедиясы, 3 том\r\n\r\n \r\n\r\nЖанқожа батыр\r\n\r\n \r\n\r\nЖанқожа Нұрмұхамедұлы (1774, қазіргі Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Арықбұлақ ауылы — 1860, Қызылқұм) — батыр. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтырының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары Жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталып, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.\r\n\r\n \r\n\r\nОсындай зорлық – зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған Қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа Ауылы Қарақұмда жайлап; Ырғызды қыстаған. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды. И. В. Аничковтың мәліметі бойынша; Қоқан әкімі Дәурен Созақ қаласының бектері Отыншы, Cушымун бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын, Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады.\r\n\r\n \r\n\r\n1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргенің үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді.\r\n\r\n \r\n\r\n1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға щабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп хиуалықтарды бірге талқандайды. 1847 жылы Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей әскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпеді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы В. Обручевпен жолығып сөйлескен Жанқожа оны мен орыс әскері жергілікті халықтың тыныштығын бұзбайтындығына және хиуалықтардың шапқыншылығынан қорғайтындығына келіседі. Бірақ кейін іс жүзінде керісінше болады.\r\n\r\n \r\n\r\nПатша шенеуіктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелінетін тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Мұндай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады.\r\n\r\n \r\n\r\n1856 жылы Желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы Қантарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал- майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.\r\n\r\n \r\n\r\nЖазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан- наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы Қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп өлтіріп кетеді.\r\n\r\n \r\n\r\nЖанқожа батыр» — 19 ғасырдың орта шеніндегі Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан отаршылдығына қарсы күресін суреттейтін жыр. Айтушысы- Мысабай жырау, ол Қазалы маңындағы Қаракөл елді мекенінде тұрған. Жинаушысы – И. В. Аничков. Ол Санкт-Петербург уневерсететі шығыстану факультатифтің түлегі, Сырдария губерниясының әр түрлі аймақтарында сот қызметін атқарған, Орынбор, Түркістан ғылым қоғамдарының белді мүшесі болған. Аничков жырды 1893 жылы қағазға түсіріп, кейіннен « Қазан уневерситетінің археология, тарих, этнография қоғамының хабаршысында » жарияланған. Шығармада Сырдың төменгі ағысындағы қазақтардың Хиуа хандығына, әсіресе, Бабажан сартқа қарсы күресі жырланады. Жанырлық тұрғыдан келгенде бұл тарихи жыр.\r\n\r\n \r\n\r\nОнда Кенесары, Төлек, Арынғазы, Есет, Бекет, Бабажан, т.б. тарихи тұлғалар мен Үргеніш, Бұхара, Райым секілді жер-су атаулары көптеп кездеседі. Жекелеген ру аттары да көрініс тапқан. «Жанқожа батыр» жырының көлемі шағын, 161 жол. Тілі көркем:\r\n\r\n \r\n\r\n« Қазаққа сарт та қылды үлкендікті,\r\n\r\n \r\n\r\nКөркемдік Жәкең барда еш кемділті,\r\n\r\n \r\n\r\nҚаласын Бабажанның бұзып алып,\r\n\r\n \r\n\r\nҚазаққа алып берді бір теңдікті »\r\n\r\n \r\n\r\n-деген жолдар он бір буынды өлшемге құрылған.\r\n\r\n \r\n\r\nМысабай жыраудан жазылған осы жыр үлгісін Сәкен Сефуллин «Жаңа әдебиет» журналының 1926 жылғы 5- санында араб әрпімен жарияланған. «Жанқожа жайлы өлең» деп аталған жырдың осы үлгісі Талғат Қоңыратбаевтың «Ертедегі ескерткіштер» ( 1996 ) атты зерттеуінде қайта басылған. Қазақстанның орта ғылыми кітапханасында « Жанқожа батыр » жырының бірнеше үлгісі сақталған. Олар «Жанқожа батыр», «Жанқожаның тарихи», «Жанқожа батыр мен Бабажан сарт». Айтушылары – Мысабай, О. Сұлтанов, Л. Шаңғытбаев. Бұл нұсқаулардың біреуі қара сөзбен, өзгелері өлеңмен жазылған. Жинаушылары – М. Ахметов, Баймұхамбетов, С. Бөлекпаев, К. Көрегенов, Қалижанов, Қ. Сұлтанов, Н. Қарабатыров.т.б.\r\n\r\n \r\n\r\nЖанқожа батыр ауылы – Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы ауыл, Арыңбалық ауылдың әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы-Қазалы қаласынан солтүстікке қарай 12 километр жерде, Сырдария жайылмасының қамыс, құрақ басым өскен шалғынды сортан топырақты шөлдік белдемінде орналасқан. Тұрғыны 1,7 мың адам (1999). 1962-1997 жылы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы Қаракөл кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Жанқожа батыр ауылында және округіне қарасты Шәкен, Шиелі, Шалқұм аудандарында шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Округте 4 мектеп, бала-бақша, кітапқана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшір-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолымен қатынасады.\r\n\r\n \r\n\r\nЖАНҚОЖА БАТЫРДЫҢ ҚАРУЫ ТАБЫЛДЫ\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ халқының аяулы ұлы, қара орман елі мен кең жазира жері үшін қол бастап, жауға аттанған батыр, әулие, қоғам қайраткері Жанқожа Нұрмұхаммедұлының қасиетті қаруын өз ұрпағы қастерлеп ұстап отыр. Тасбөгет кентіндегі Бижановтар отбасының төрінде ілулі тұрған киелі мылтық жөнінде құлағымыз шалысымен, баба мұрасына баруға асықтық.\r\n\r\n \r\n\r\nАлдымыздан шыққан тағдырдың тауқыметімен жастайынан жанарынан айырылған әулеттің анасы Қанымша апа осы шаңыраққа келін боп түскелі қасиетті қарудың бар екенін айтты. Отағасы Шекті руынан шыққан Жанқожа батырдың тұқымы. Шежіре бойынша тарқатқанда, баба Құттық-Майдан-Күлжаман-Киікбай-Нұрымбет, Өтеген-Бекбауыл-Құлбарақ боп келеді. Нұрымбеттен Ақмырза, Жанқожа және Жауғашар, Бек туса, біз бас сұққан әулет батырдың бауыры Ақмырзаның тікелей мұрагері болып шығады.\r\n\r\n \r\n\r\nЖетпіс жастан асқан кейуананың айтуынша, қару батыр бабасының көзі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа аса қастерлі түрде беріліп келе жатыр екен. Әкеден балаға жалғасып, бүгінгі шөпшектеріне жетіпті. Бір қызығы, сонау Алматыдан ат ізін салып, еліміздің әр түкпірінен жетіп, «бізге берсең қайтеді» деп қолқа салушылар аз емес көрінеді. Жергілікті мұражайдың өзі қас батыр ұстаған қаруды сұрап, өкініштісі өтініші орындалмапты. Қара шаңырақтың қазіргі иесі Әбдуәли Насырадинов төрдегі сайманның Жанқожа бабасынікі екеніне еш шүбә келтірмеді.\r\n\r\n \r\n\r\n– Қасиетті кісі қолының табы қалған киелі мирастың жұмбақ тылсымы бар, – деді Әбдуәли. – Жаны жапа шегіп, тағдырдың тауқыметін тартқан жандардың талайы еліміздің әр жерінен осы үйге келіп, ем-домын алып жүр. Тіпті перзент сүймеген аналардың да шаңырағымызға түнеп, қаруға сыйынып, шапағатқа бөленгенін көз көрді. Мұның бәрі осы жәдігердің тегін еместігінің дәлелі болса керек.\r\n\r\n \r\n\r\nШынында, тегін болмай шықты. Ұңғысынан оқталып, алысқа оқ ұшыратын мылтықты ұстауға ұлдары жүрексінгесін, туыс ағаларының біріне ұсынып, суретке түсіргенімізбен, фотоаппаратымыз бірнеше кадрдан соң істен шықты. Куәлердің айтуынша, тек Данабек деген дін жолындағы, осы отбасыға қатысы бар азаматтың түсірген фотосы сақталыпты. Әрине, мылтықты батырдың ұстауы мүмкін. Себебі ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін ғұмыр кешкен Жанқожаның Қоқан, Хиуа және орыс әскерімен соғысып жүрген кезде мұндай қаруды қолданғаны анық. Жаппай аттанған жаудың ірі шенділерін аттан аудару үшін шиті мылтық, ақберендер талай оғланның жанында жүргені де тарихтан аян. Сексен жасқа дейін ат үстінен түспеген арқалы батыр 1860 жылы Елекей сұлтанның қолынан намаз оқып отырғанда қапыда қаза тапты делінеді.\r\n\r\n \r\n\r\nАқмырза ата ұрпағының барлығы дерлік аруақты адамдар болып, Жанқожа әулие бейітінің басында да осы кісіден өрбіген жанның отыруы біраз жайды аңғартады. Әрі батыр, әрі әулие таза жолды ұстап қалған бауырының ұрпақтарына суық қаруын аманаттаған болуы да ғажап емес.\r\n\r\n \r\n\r\nБіз анық ақпаратты ғана айттық, қалғанын ғалымдардың зерттеуіне қалдырдық.\r\n\r\n \r\n\r\nНұрбек ӘМИША\r\n\r\n \r\n\r\nҚызылорда облысы\r\n\r\n \r\n\r\n.

Жамбыл Жабаев

0

Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.\r\n\r\n \r\n\r\nЖамбылдың  өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық-жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген.\r\n\r\n \r\n\r\nЖамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылары –бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар – үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік-саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің “Шағым”,”Жылқышы”, ”Шәбденге”, ”Сәт сайланарда”, ”Өстепкеде”, ”Патша әмірі тарылды”, ”Зілді бұйрық” сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік-саяси өмірін ақындық шыншылдықпен, азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді.\r\n\r\n \r\n\r\nЖамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның “Туған елім” атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы “Правда” газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен “Өтеген батыр”, “Сұраншы батыр” сияқты эпикалық туындылары қайта жаңғырып ақтарылады.\r\n\r\n \r\n\r\nЖамбыл — әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы.\r\n\r\n \r\n\r\n.

Әлихан Бөкейхан

1

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді. XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей — Батыр — Мырзатай — Нұрмұхамед — Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат түтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факуль- тетінде оқыды. Мүнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы түрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.

Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.

Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды.

Әл-Фараби. Әлемнің екінші ұстазы

0

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтарм бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – күллі әлемге танымал ұлы жерлесіміз — Әбу Насыр әл-Фараби.\r\n\r\n \r\n\r\nӘл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда,  оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі.\r\n\r\n \r\n\r\nӘл Фараби, Әбу-Насыр (Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) — Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым.  Энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі – ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді. Деректерде сауатын Түрікше ашқаны, өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады. Оның өлеңдерінан үзінділер де сақталған. Фарабидің күйшілік өнері туралы әңгімелер көптеп кездеседі.\r\n\r\n \r\n\r\nТуған жері Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат түрк» атты еңбегінде Фараб қаласының түрікше аты «Қарышоқы» деп көрсетеді.\r\n\r\n \r\n\r\nӘл Фараби заманында бүкіл ОртаАзия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады.\r\n\r\n \r\n\r\nОдан кейін ғылыми жолға түсіп, Грек, латын, санскрит және басқа тілдердіүйренеді. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме», « Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл мусики әл кабир» секілді әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар. Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы Әл Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл Фарабидің қолжазбалары — өз  алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі (он үш қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында сақтаулы.\r\n\r\nӨмірінің соңына қарай Әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шахарында келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Оның денесі Шам шахарының Кіші қақпа (Баб ас Сағир) жағындағы зиратқа қойылады.\r\n\r\n \r\n\r\nӘл Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай «Қос Фараби» деп те атайды. Сондай ақ еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін Әл Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген. Бұл Ұлы Ғұламаның өзінен кейінгі талай Ұлыларға да үлгі болғанын көрсетеді.\r\n\r\n \r\n\r\nА. Н. Бернштам, шекарадағы аса манызды мекен және керуен жолдарының торабы болған Отырарға орта ғасыр авторларының көп назар аударғанын атап көрсетеді. Географиялық көрінісі түрліше бұл өнір суармалы егіншілікпен айналысуға да қолайлы болған.\r\n\r\n \r\n\r\nА. Н. Берштамның айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпенділер мен қала тұрғындары жиі карым-катынас, тығыз байланыс жасап отырған деп пікір қорыту әбден орынды.\r\n\r\n \r\n\r\nКеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы монғолдар шапқынышылы кезінде қала қиратылды, бұл «Отырар ойраны» деп аталды, қала қайтадан тез қалпына келеді. Онаң соңғы әйгілі мәлімет 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдың, Абул Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел ауыздағы аңызға қарағанда, кітабының — саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орында болған. Қаланың ең ақырғы күйреуі 18 ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығына байланысты.\r\n\r\n \r\n\r\nБірақ Отырар Қазақстан территориясындағы бірден бір мәдени орталық емес-ті. Зерттеушілердің кажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасында басқа да мәдени орталықтар (Тараз, Сығанак, Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) болғаны көрсетілген. Сондықтан, біз осы территорияны мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, қол өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған деп қазір батыл айта аламыз.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы жазба әдебиеттің пайда болған кезін, ол біздік заманымыздан 300-400 жыл немесе одак да көп бұрын қалыптасты ма деген мәселені келешекте тарихшылар мен тіл мамандарының анықтауына тура келеді. Міне, сондықтан да, қазақ топырагынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Отрари, Исмаил әл-Шаухари, Жемал әл-Түркістани, әл-Сығнақи, әл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау санлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны ерекше.\r\n\r\n \r\n\r\nАл енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығынан, осының арқасында оның Аристотельден кейінгі «Екінші Ұстаз» атанып, даңққа бөленгенін айтатын болсақ, әл-Фараби жастайынан ақ ұлы Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түп нұсқасынан танысқаны жөнінде бізде деректер бар.\r\n\r\n \r\n\r\nБілімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол, жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнін көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамйскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол, араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған, Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен аброй-беделге ие болды. Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек керіп, күндей бастаған, әсіресе, олар әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені, оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден іздеп табуға мезгейтін еді. Ақыр сонында әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің «Фусул ал-мадани» («Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері») деген соңғы шығармасында ол: «Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс»,— дейді. Әл-Фараби александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Хоранға келіп қоныс тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол солтүстік Сирияның жетекшісі саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса кадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында кайтыс болды. Бейіті қазір Сирия жеріндегі Баб әс-Сағир зиратында жатыр.\r\n\r\n \r\n\r\nБіздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толассыз.\r\n\r\n \r\n\r\n«Мүсылман Ренессансы» деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері оның шығармаларымен белгілі бір дәрежеде өз орнын алады. Әл-Фарабидің шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және «Бірінші Ұстаз» деп шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарих барысында қалдырған әсері, неоплатонизмнің несторионшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жаксылары мен бағалыларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалы жағы сол — ол Аристотель ілімінің формалдық жағымен ғана шектелмейді, ол диалектика элементтеріне, мәселені қарама — қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының ірге тасы болып табылатынын дәлелдейді.\r\n\r\n \r\n\r\nФараби Аристотельдің, Әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейщнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш— 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров—- 200 трактат деп көрсетеді.\r\n\r\n \r\n\r\nФараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «категориялар», «метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топикасы» мен 4 сопылық еңбектеріне түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мәні — маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда зор роль атқарды.\r\n\r\n \r\n\r\nСондықтан да XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Ибн-Сина (980—1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері аркылы ғана Аристотель еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған екен.\r\n\r\n \r\n\r\nАнығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб тіліне аударылып үлгіргенді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ  көп  еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіндірме жазуды үйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс әрекетін таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары оны «Ал муалим ас-саны» — «екінші ұстаз» деп атаған.\r\n\r\n \r\n\r\nҰлы Бабамыз Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан да «Ғалымдардың шығуы», «Ғалымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», «Кемеңгерлік меруеті», «Ізгі қала тұргындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдан ала не білу кажеттігі жайлы», «Ақылдың мәні туралы», «Әлеуметтік-этникалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т. б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын, біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген «теорияның» негізсіздігін соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мөдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүние жүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иранның, үндінің ежелгі дүние мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл, сондықтан да, ол таяз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала білді, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір білім саласы жоқ деуге болады.\r\n\r\n \r\n\r\nАраб шапқыншылығы Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы территорияда феодалдық қатынастардың дамуына дем берді. Терең ішкі қайшылықтар, еркін қауым мүшелерінен феодалдарға тәуелді адамдарға айналған шаруалар қозғалысы және басқа да тәуелді күштер халифаның ыдырауына себепкер болғанымен, феодалдық қатынастардың дамуын тоқтата алған жоқ. X ғасыр мәдени өрлеу заманы болды. Бұл Европадағы қайта өркендеу заманына ұқсас мұсылман Ренессансы деп аталды. Осы өрлеуге ықпалын тигізген жағдайлардың қатарында сауаттылықтың біршама кең өріс алғанын, қолжазба жинау, аудару ісінің жолға қойылғанын, жеке меншік және қоғамдық кітапханалардың құрылғанын атап өтуге болады.\r\n\r\n \r\n\r\nЕгер Қазақстан, Орта Азия және Таяу Шығыс елдерін сипаттайтын әлеуметтік, этникалық және мәдени процестердің барлық айқыш-ұйқыш қиын өрнектерінің бетінде әл-Фарабидің саяхат сапарларын көрсетсек, осының өзі IX—X ғасырлардағы мәдени байланыстардың мүмкін жолдарын тамаша етіп көрсеткен болар еді. Мүмкін, осының өзі, араб халифатының ішінде шетке тарту әрекеттеріне және оның іс жүзінде күйреуіне байланысты, сол заманда Оңтүстік Қазақстан «Мұсылман дүниесі» деп аталатын дүниенің мәдени-саяси өмірінің көшіп келіп отырған орталықтарының біріне айналғанын көрсеткен болар еді. Бұрынғы орталықтар, өзінің бір замандағы саяси маңызынан айырылса да, мәдениет ошақтары ретінде сақталғанын көрген болар едік. Мұның бәрі сол замандағы Шығыста Екінші ұстаз аталынып кеткен әл-Фарабидің философиялық көзқарастарынан көрінеді.\r\n\r\n \r\n\r\nӘл-Фараби сарай төңірегіндегі тынышсыз өмірден аулақ болғанды ұнатып, өзіне тамаша лауазымдар ұсынып жатса да, күніне бір дирхемге қанағат тұтып, қарапайым ғана өмір сүрді, өйткені, осы жағдай оны, алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіншілік берді. Оның әшекейге толы бейнесін жасау ақиқаттан алыстау болар еді. Нақ осы сияқты, әл-Фарабиді қазақ етіп көрсетуге тырысу да жасанды әрекет болады. Ол заманда ұлт болып бірігу процесі аяқталудан әлі тіпті алыс еді.\r\n\r\n \r\n\r\nФактілер негізіне сүйене отырып, әл-Фараби кейін қазақ халқының құрамына қосылған түркі тайпасынан (Қаңлы-қыпшақтардан) шыққанын, оның туған қаласы қазір Қазақ жерінде екенін және ол Шығыс халықтарынын мәдениетіне жақын қатынасы бар қайраткер болды дей аламыз.\r\n\r\n \r\n\r\nТәжіктердің, өзбектердің, қазақтардың, түрікмендердің, қырғыздардың, ұйғырлардың мәдениеті, дәстүрі және тұрмысы өте ерте заманнан бері ортақ болуына байланысты, олар ерекше бірыңғай мәдени аймаққа жатқан. Атап айтқанда, көшпелі мал шаруашылығын жүргізудің бұл екі түрі тіпті таза күйінде бола бермеген. Оңтүстік Қазақстандағы қалалар көшпелі және отырықшы халықтарды байланыстырушы буындар болып келген.\r\n\r\n \r\n\r\nОңтүстік Қазақстан мен Жетісудың орта ғасырлық қалаларының және мекенді жерлерінің қалдықтарын археологиялық жағынан зерттеулер орта ғасырлықтың алғашқы дәуірінен бастап (VI—VII ғ.) Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен Орта Азия қалаларының экономикалық және мәдени жағынан біріне-бірі өзара әсер етіп отырғандығын көрсетеді. Бұған, әсіресе, сауда қатынасы қолайлы жағдай жасаған. Батыс пен Шығысты жалғастырған ұлы Жібек жолын, Мервті, Самарқанды, Бұқара мен Чачты (Ташкент), Таразбен, Исфиджабпен және Отырармен байланыстырған керуен жолдар мен жалғыз аяқ жолдарды атап көрсетуге болады. Бұл кездерде архитектура, қол өнерінде бәріне ортақ канондар қалыптасады. Бірақ олардың бір-бірімен ұқсастығына қарамастан, әрбір аймақта өзіне ғана тән ерекше мәдени дәстүрлері қалыптасқан. Бұған айғақтың бірі — Айша Бибі мазары. Дала елі мен отырықшы халықтың егіншілік пен көшпелі шаруашылықтың ұштасқан жеріне, сол замандағы аса маңызды сауда жолдарының тоғысқан жеріне осы сынды кесек тұлғаны шығаруы тегін емес.\r\n\r\n \r\n\r\nӘрине, әл-Фараби туған қаласының дәстүрлерінен әлдеқайда кең келемді дәстүрлерді бойына сіңірді. Өйтпейінше, оның есімі дүние жүзі мәдениеті алыптарының қатарына жазылмас еді. Оның қызметі өзінің сыртқы бейнесі жағынан араби тілдес, Ислам мәдениеті деп аталатын мәдениеттің аймағы шеңберінде кең өріс алды.\r\n\r\n \r\n\r\nМәдениеттің кейінгі дамуына, соның ішінде, Шығыс, Орта Азия, Қазақстан, Кавказ халықтарының мәдениетіне әл-Фарабидің жасаған ықпалы әр тарапты болды және ұзақ уақытқа созылды. Барлық этникалык топтардың, соның ішінде, түркі тектілер өкілдерінің «мұсылман» Шығысының мәдени өміріне белсенді түрде қатысуы әдеби тілді халықтық негізде дамыту әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызды. Түркі тілінде Махмуд Қашқаридің және Жүсіп Баласағұнның шығармаларынан тамаша энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің рационалистік және гуманистік идеяларының іздері айқын көрінеді.\r\n\r\n \r\n\r\nБақыт дегеніміз — ол абсолюттік игілік. Фарабидің айтуынша, адамдар көп нәрселерді өзінің өмірінің мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар — өзіне ұнайтын, керекті нәрселер, мысалы: ақша, атақ, тағы басқалары. Адам бақытты ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл парасат күші арқылы ғана пайымдайды. Бақытты дұрыс түсінетін адамдар — данышпан адамдар.\r\n\r\n \r\n\r\nФарабидің қолжазбалары дүниежүзінің көп кітапханаларына тарап кеткен және сол жерлерде сақтаулы тұр. Сол сияқты көптеген ғалымдар Фарабидің асыл мұраларын зерттеп, оқып үйренуде. Фарабидің көп шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде басып шығаруда жергілікті ғалымдарымыз да, өз үлестерін қосуда.\r\n\r\n \r\n\r\n1975 жылы Мәскеу және Бағдад шаһарында халықаралық аренада Абу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1100-жылдық мерейлі тойы атап өтілді.\r\n\r\n \r\n\r\nРеспубликадағы Қазақ Мемлекеттік Университетіне, Шымкент шаһарындағы Мәдениет институтына әл-Фараби есімі беріліп отыр. 1991 жылы Қазақ Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің ректоры профессор Т. С. Садықовтың қолдау ынтасымен тұңғыш рет Алматы, Шымкент шаһарларында Қазақ-Американ мәдени практикумы аясында Фараби мұрасынан алған Фараби оқуы болып өтті. Мұнда рухани мұраларымыздың, мәдениетіміздің өзара әсері, байланыстары мәселелері талқыланды.\r\n\r\n \r\n\r\n.

ӘБІЛҚАЙЫР ХАН — КІШІ ЖҮЗ ХАНЫ

0

ӘБІЛҚАЙЫР ХАН\r\n\r\nӘбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды (1710— 12.08.1748). 1715ж. Тәукен хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығы тағына үміткерлердің бірі болды. Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. Әбілқайыр қазақ қалмақ қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған 1716 — 18 ж. Ресей империясынан көмек алу мақсатымен Сібір губернаторы князь М.П. Гагаринге, Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге ат салысты. 1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр 1726 ж. Ордабасыдағы халық жиналысында казақ жасақтарының қолбасшысы болып сайлаңды. Бүланты өзенінің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы (1729 -30) жоңғарларды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. Аңырақай шайқасында бас қолбасшышылықты өз еркімен Болат ханға бергенімен үш жүздің қолын үйлестіруде көп жұмыс атқарды. Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта, Ресей империясына арқа сүйеуді ойлады. Әбілқайырдың Құндағүлов Сейітқұл мен Көштаев Құтлымбет бастаған елшілігі Петербургке барып (1730), Ресей Сыртқы істер министрлігі коллегиясының М. Тевкелев бастаған елшілігі оған келді (1731). (қ.Құндағұлұлы елшілігі, Құтлымбет елшілігі) Елшілік қазақ ұлысын Ресейдің қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 ж. қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді (Бұл антгы 1738,1740,1742 ж. қайталады). Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқүрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да теренде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербург сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсіңді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей өкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Иоанавнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне карсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен (Цэренмен) астартын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 ж. Хиуаны басып алып, аз уакыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мөжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Қарашаш — Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды өзі ұсынды (1735). 1737 — 38 жылғы башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі — Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр мен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырды «орысшылдығы» үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп «қарақшылық» іске барған еді. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Ұлқүяққа құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін бұл ара Хан моласы аталды. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған.\r\n\r\n \r\n\r\n.

Еңсегей бойлы ЕР ЕСІМ

0

Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.\r\n\r\nЕсім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.\r\n\r\nОйраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.\r\n\r\nХандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды. Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді.\r\n\r\nБұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.\r\n\r\nБұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді.\r\n\r\nЕсім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.\r\n\r\nМұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты ханның қайтыс болған жылы – 1645 жыл деген шындыққа келетін сияқты.\r\n\r\nЕсім хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652) отырды. Халық оны ел үшін жасаған ерлігіне орай «Салқам Жәңгір» деп атанған. Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды.\r\n\r\nЕсім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.\r\n\r\nТашкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты.\r\n\r\nЕсім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, сонда Есім ханның қасындағы Төлеген (Марқасқа) жырау оны мынадай жырмен оятады:\r\n\r\n \r\n\r\n«Ей, Қатаған хан Тұрсын!\r\n\r\nКім арамды ант ұрсын.\r\n\r\nЖазықсыз елді жылатып,\r\n\r\nЖер тәңірісің, жатырсың,\r\n\r\nХан емессің қасқырсың,\r\n\r\nҚара албасты басқырсың!\r\n\r\nАлтын тақта жатсаң да\r\n\r\nҚазаң жетті қапылсың!\r\n\r\nЕңсегей бойлы ер Есім,\r\n\r\nЕсігіңе келіп тұр,\r\n\r\nШашқалы тұр қаныңды,\r\n\r\nКешікпей содан қатарсың!»\r\n\r\n \r\n\r\nЕсім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады.\r\n\r\n«Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, Есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.

«Жастығын жалын шарпығандар» атты кездесу кешінің сценариі

0

Сабыр Зәріп Төлегенұлы\r\n\r\nБастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы\r\n\r\n№225 орта мектеп\r\n\r\nҚызылорда облысы,\r\n\r\nҚазалы ауданы.\r\n\r\n \r\n\r\nКеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына\r\n\r\nбайланысты «Жастығын жалын шарпығандар» атты кездесу кешінің сценариі\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nТақырыбы: «Жастығын жалын шарпығандар»\r\n\r\nУақыты: 15.02.2014ж\r\n\r\nӨтетін жері: Мектептің акт залы\r\n\r\nМақсаты:Ауғаныстанның ұрыс даласында болып,ел абыройын қорғауға атсалысып, интернационалдық борышын адал атқарған жауынгерлеріміздің ерлік істері турасында түсінік қалыптастыру.Әрбір оқушығаөз отанын қорғау-қасиетті борышы екендігін ұғындыру.\r\n\r\nКөрнекілігі: Қанатты сөздер жазылған парақшалар,кітаптар,интербелсенді тақта.\r\n\r\nБарысы: \r\n\r\n1.Ұйымдастыру кезеңі\r\n

    \r\n

  1. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады
  2. \r\n

  3. Кештің ашылуы
  4. \r\n

  5. Баяндама
  6. \r\n

\r\n5.Кездесу кейіпкерімен сұхбат\r\n

    \r\n

  1. Бейнебаян көрсетілімі
  2. \r\n

  3. Ауған соғысында ерлікпен күресе білген жандар өмірінен сыр шерту
  4. \r\n

  5. Мектеп өнерпаздарының концерті
  6. \r\n

\r\n \r\n\r\n1-жүргізуші:  \r\n\r\nМен соғысты көргем жоқ, майданды да,\r\n\r\nОққа ұшып құшағын жайғанды да.\r\n\r\nШинеліне орап ап жауынгерді,\r\n\r\nҚабіріне апарып қойғанды да.\r\n\r\nҚан кешкенде майданда бабаларым,\r\n\r\n«Қан көрмесін ұрпағым — балаларым»\r\n\r\nТілек еткен ұрысқа түсіп талай,\r\n\r\nТаңып алып қан-жоса жараларын.\r\n\r\n2-жүргізуші: \r\n\r\nБөгде елдің қырқа мен бұйратын да,\r\n\r\nҰрыссалды, мерт болды – жаны пида.\r\n\r\nЕсіл ерлер сүйегі қалды солай\r\n\r\nАуғанстан елінің зиратында.\r\n\r\nМенде бар зұлымдыққа айтар арман,\r\n\r\nБоздақтардың құнын бер, қайтар маған.\r\n\r\nКешегі бабалардың ұрпағымын,\r\n\r\nЕшбір жауды аман-сау қайтармаған.\r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nҚұрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Жастығын жалын шарпығандар» атты кешке қош келдіңіздер!\r\n\r\n(Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.)\r\n\r\n2-жүргізуші: \r\n\r\n1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.\r\n\r\n1-жүргізуші: \r\n\r\nСұрқия саясаттың салқынында,\r\n\r\nҚыл бұрау түсті жайсаң, алтын ұлға.\r\n\r\nКеңестік жүйеден еш шыға алмаған,\r\n\r\nАһ ұрып қала берді халқым мұнда.\r\n\r\nИә, әлемдік саясатқа ие «Ауған соғысы» басталып, оған КСРО-дай алып державаның өз қолтаңбасы қалғаны баршамызға аян. Кеңес әскерлері құрамында қазақ ұландары да өз әскери борышын өтегені белгілі. Көптеген ерлеріміздің демі ауған жерінде таусылып, елге табытпен оралғаны да рас. Көптеген ағаларымыздың өз әскери борышын абыроймен атқарып келіп, бейбіт өмірде тіршілік кешіп жатқаны да мәлім.\r\n\r\n2-жүргізуші:\r\n\r\nОсы даталы күнге орай мектебіміздегі «Жас ұландар» ұйымы ұйымдастырып отырған «Жастығын жалын шарпығандар» атты кешімізді ашу үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ебелекова Эльмира апайға сөз кезегін ұсынамыз.\r\n\r\nӘн: «Сарыжайлау»\r\n\r\nОрын: Ахметова Айсана \r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nЕске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,\r\n\r\nҚабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын.\r\n\r\nЕсіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін,\r\n\r\nМәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің!\r\n\r\nАуған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймыз.\r\n\r\nРахмет отырыңыздар!\r\n\r\n10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.\r\n\r\n-Жау дейміз-ау, қолдан жасап жауынды, саясаттың солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен, Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді..\r\n\r\n 2-жүргізуші:\r\n\r\nАуғанның әлі қасірет жасы, кеппеген,\r\n\r\nТау мен тасында не зауал рас өтпеген.\r\n\r\nТуған мекенін қорғаған жайсаң ұлдары,\r\n\r\nАлысып өткен оқпенен және отпенен,- дегендей-ақ, Ауған елі, ауған жұрты не көрмеді дейсіз? Бораған оқ пен оттан жанып, қорғанар жер таппаса да, олардың бойында өз ұлтына деген сүйіспеншілік сезімі жойылған жоқ. Осы Ауғанстан елінің өткені мен бүгінініне шолу жасау үшін мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жәли Перизатты «Ауған соғысының басталуы және оның қасіреттері» атты баяндамасымен шақырамыз.\r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nОл аянар жан емес арды берген,\r\n\r\nОл – ардагер, кеңестік жанды берген.\r\n\r\nТау мен тасын паналап жат бір елдің,\r\n\r\n18-де бұл сарбаз қанды көрген.\r\n\r\n2-жүргізуші:\r\n\r\nОты өшпеген іргелі шаңырағы,\r\n\r\nҚанды көйлек жолдасың танымалы.\r\n\r\nОл кешегі кеңестік солдат еді,\r\n\r\nҰмытпаған сұрапыл шағын әлі.\r\n\r\nАуған соғысының қанды күндерін бастан кешірген, осы сұрапыл соғыстың шын куәгері өзіміздің ауылымызда да бар. Ол – ауылымыздың тұрғыны, метеролог станция бастығы, ауған соғысының ардагері, интернационалист жауынгер Қалыбаев Қуандық ағамыз.\r\n\r\nКеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Жастығын жалын шарпығандар» атты кешімізге арнайы Қуандық ағамыз келіп отыр. Келесі сөз кезегін ағамызға ұсынамыз.\r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nҚұрметті жиналған қауым, Қуандық Қалыбаев ағамыз жөнінде түсірілген бейнебаянға назар аударыңыздар. (Бейнебаян көрсетіледі).\r\n\r\nӘн: «Отаным» \r\n\r\nОрын: Амангелді Асхат\r\n\r\n2-жүргізуші:\r\n\r\nАл, енді жиналған қауым, Қуандық ағамызға қоятын сауалдарыңыз болса тақырыпқа сәйкес кезекпен қоя берулеріңізге болады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\n«Ерлік – жан-дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышу — бір ғанибет емес пе?! Олай болса, Қуандық аға, сонау бір естен кетпес күндерден естелік айта отырсаңыз.\r\n\r\n2-жүргізуші: \r\n\r\nӨтер жылдап, уақыт тағы алыстап,\r\n\r\nТағдыр талай тауқыметін табыстар.\r\n\r\nӨздеріңді жырлап өтер ұрпағың,\r\n\r\nАуғандағы азап шеккен арыстар .\r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nҚасіреттер көлбеңдеп таулы алыстан,\r\n\r\nАжал аңдып, әр таса, қалтарыстан.\r\n\r\nЕлестейсің көзіме қасірет боп,\r\n\r\nҚайғым  да сен мәңгілік – Ауғанстан!-дей келе, ақынжанды өрендердің өнеріне кезек береміз.\r\n\r\n2-жүргізуші: \r\n\r\nБатырды батыр ғана алмастырар,\r\n\r\nРухың көкке өрлеумен шарлап тұрар.\r\n\r\nБейбіт күнді қорғайтын жас ұландар,\r\n\r\nӨмірін өнеге етіп жалғастырар,- дей келе, ауған соғысының ардагері, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаевтың ерлікке толы ғұмыры жөнінде білу үшін ортаға 10-сынып оқушысы Дымбергенова Ақботаны шақырамыз.\r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nҚарсы тұрып жаулардың айбатына,\r\n\r\nОранды шыбын жаны қайғы отына,\r\n\r\nҰрпағы Бауыржандай батырлардың,\r\n\r\nҚайыспас қаһармандық қайратында,- дей келе, Ауған соғысында, Ауғанстан жерінде өздерінің интернационалдық борышын адал атқарған Қазалылық жауынгер ұландарымыздың өмірі жайлы білу үшін, ортаға 10-сынып оқушысы Нұрманова Әселді шақырамыз.\r\n\r\nӘн: «Сырдария» \r\n\r\nОрын: Жәли Перизат\r\n\r\n2-жүргізуші:\r\n\r\nСол Ауғанда талай досты жерледік,\r\n\r\nҚарлы шыңға күн түн демей өрледік.\r\n\r\nСұрапылда ерледік те шерледік,\r\n\r\nНамыс туын қолдан бірақ бермедік.\r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nЖүректерге қағылған сына болып,\r\n\r\nКөңілдерді ортайтқан сұрақ болып.\r\n\r\nСол жылдардың дегенмен өтеуіндей,\r\n\r\nӨшпес ерлік қалды елге мұра болып.\r\n

    \r\n

  • Ел абыройын қорғап,азаматтық атақтарына кір келтірмей жүрген ағаларымыздың майданда көрсеткен әрбір ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі болады десек, біздің мектептің балғын өрендері де интернационалдық борышын адал атқарған жауынгеріміздің алдында өздерінің мықтылықтарын бір көрсетпек.
  • \r\n

\r\n-Ендеше алдарыңызда 9-сыныптың ер балалары қарумен саптық жаттығулар көрсетеді.\r\n\r\n2-жүргізуші:\r\n\r\nАуғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.\r\n

    \r\n

  • жүргізуші:
  • \r\n

\r\nӨткенге ой жүгіртіп, ел үшін аянбай ерен еңбектерін көрсете білетін осындай ерлеріміздің игі істерін келешек ұрпақтарымызға үлгі ете білу баршамыздың  парымыз.\r\n\r\nЕндеше кеш қонағына  өзінің жылы лебізін білдіру үшін мектебіміздің әскери жетекшісі Сабыр Зәріп ағайды шақырамыз.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n

    \r\n

  • жүргізуші: 
  • \r\n

\r\nЕлі үшін жасаған ерлерінің ерен еңбектері бүгінгі ұрпақтарының естерінен мәңгілік кетпек емес. Құрметті кеш қонағы, қабыл алыңыз,келесі шырқалар ән өзіңізге арналады.\r\n\r\n \r\n\r\nӘн: «Асыл ерлер»\r\n\r\nОрындайтын: Шамшырақ Риант\r\n\r\n \r\n\r\n1-жүргізуші: \r\n\r\nҚұрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен кездескенше сау-саламатта болыңыздар!\r\n\r\n 

Жаныңда жүр жақсы адам

0

marxa\r\n\r\nҰстазым менің, ұстазым,\r\n\r\nӨзіңмен өтті қыс жазым.\r\n\r\nҚалдырған ізін мәңгілік,\r\n\r\nЖадымда тұрар жаңғырып, — деп әуелете ән салып, сыныптастарымызбен алғашқы қоңырау салтанатын өткізіп, оныншы сыныпқа аяқ басқан кезіміз. Сабақ кестесін алып, кітаптарымызды түгендеп, ала жаздай көрмген сыныптастарымызды көріп, сағынышымызды басып,  көңіліміз тоқталып қуанып жүрміз. Сабақты сағыныпта қалыппыз! Күн дүйсенбі болатын, ауа райы  да керемет. Сынып жетекшіміз, тәрбие сағатын өткізіп, бізге  география пәнінің мұғалімі ауысып орнына бір ағай келгенін айтты. Бәріміз сол күнді асығып күтіп, «Ол қандай ағай?», «Сабақты қалай береді екен?»,- деп бір — бірімізден сұрап жатқанбыз. Кенет, сұңғақ бойлы, жүзі жарқын, сымбатты ағай кіріп келді.\r\n\r\n    — Сәлеметсіндерме құрметті оқушылар! Жаңа оқу жылдарың құтты болсын! — деп жылы лебізімен бастады.\r\n\r\n     Мен география пәнінің мұғалімімін. Есімім Айдос Қабылбайұлы. Менің міндетім баршаңызды  «геогроф»  жасау емес, менің міндетім иманды, елінің ертеңі болар,  жақсы жастар тәрбиелеу.  Әлемнің екінші ұстазы Әл Фарабидің  « тәрбиесіз берген білім адамзатты  улайы» — деген  аталы сөзі бар. Демек тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы. Мені сіздерге қоятын ең бірінші талабым тәртіп.Сыныпқа кіргендегі осы сөздері әлі күнге баршамыздың есімізде. Сабағын да қызықты, сыныптан тыс уақыттар да  шағын шаралар, үйірмелер,  пікірталас өткізіп тұратын Айдос ағайымызбен тез арада тіл табысып кеттік. Бізге, бұрынан таныс адамдай болып кетті десек те қателеспейміз. Ағайдың өтініштерін орындап, мерекелік шараларға қатысып, ол кісіден ақыл сұрап, жақын араласып, сыныбымызбен Айдос ағайдың сырлас досына айналдық. Тіпті сондай ұстаз сабақ бергеніне де қуандық. Сабағынан бірде — біреуіміз қалмауға тырысамыз. Ол кісінің күн тәртібі бойынша сабаққа кіре салысымен  бір — екі минут иман, тәрбие, тәртіп жөнінде ақыл сөздер айтып, сабаққа кірісіп, қызықты өткізеді. Әдебиет пәнінің мұғалімі болмаса да Мұқағали, Абай, Шәкәрім оқуларына, аудандық ғылыми жобаға география, биолоия пәндерінен  шәкірттер дайындап жүлделі орындар алғызып та жүретін. «Шәкірттің озуы ұстаздың жемісі» —  деген сөз шындыққа айналғандай. Кей- кездері ағайымызға айтатын едік:\r\n\r\n  — Сіз мамандық таңдаудан қателескенсіз, өнер жағынан алғанда бар саладан хабарыңыз бар, қабілетінізде керемет, — деп сыныбымызбен айтқан едік.\r\n\r\n   — Жандарым менің, мен «геогроф»  болғаныма еш өкінбеймін! Сендер сынды шәкірт тәрбиелегеніме қуанбасам, ренжімеймін. «Бір ауыздан шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» деген аталы сөз бар. Маған отыз баладан екі — үшеуі,  ұстаз болса да жетеді. Олар он жиырма адамға айтар, тәрбиелер.  Мен сонда өзімді бақытты адам санар едім дейтін. Сабырлы мінез, сырбаз қалпынан, қарапайымдылығынан айнымайтын, адамгершілігі мол, жүрген ортасына сыйлы, мейірімді де қайырымды .\r\n\r\nЖақсы адам – елінің серкесіндей,\r\n\r\nХалқының қалын жүндей көрпесіндей.\r\n\r\nЖақсы болар баланың жүзі жылы,\r\n\r\nОрыстың күймей піскен бөлкесіндей.\r\n\r\nЖақсының айтқан сөзі тиянақты,\r\n\r\n Түйенің аумайтұғын өркещіндей,\r\n\r\nЖақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,\r\n\r\nЖасынан бірге өскен еркесіндей, –деген жолдары ойға оралады. Бекзат болмыс, тектілік адамды қашанда биік көрсетеді. Биіктігі де, тереңдігі де, кеңдігі де бір басынан табылатын жандар жеткілікті. Маңымыздағы аз сөйлеп, көп жұмыс атқаратын. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп айтқандай, білікті де шебер, ұстаз,  жайында қысқаша осылай тоқталдым. \r\n

Жақсы ұстаздар – қоғамның қаһармандары!

\r\n

                                                                                                                                                                                         Авторы: Мархаббат Ілияс

\r\n

Әл — фараби атындағы ҚазҰУ-дың

\r\n

журналистика факультетінің

\r\n

ІІ курс студенті

Республикалық «Білім берудегі мен ойлап тапқан әдіс» байқауына қабылдау жүруде

0

 \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n«Білім берудегі  мен ойлап тапқан әдіс» байқауының ережесі\r\n\r\nЕлбасымыз: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақсатан үшін ауыл мектебінен басталады» — деп атап көрсетті. Бүгінгі ұстаз – жан-жақты біліммен қамтамасыз етіліп білім бәсекесіне төтеп бере алуы қажет. Міне, осы ұстаздардың білім денгейі мен педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында «Ізденіс.KZ» республикалық ақпарат-танымдық ғылыми журналы мен Республикалық «Ізденіс Жолы» қоғамдық қорының біріге отырып ұйымдастыруымен«Білім берудегі мен ойлап тапқан әдіс» атты республикалық мектеп мұғалімдері арасында байқаудың  III бөлімін жариялайды.\r\n\r\nБұл байқауға еліміздің білім саласының дамуына өз үлесін қосып, ұрпақ тәрбиелеуде ерекше ізденісімен көзге түсіп  жүрген, жаңа заман таланттарын тәрбиелеуде жаңаша әдістер ойлап тапқан  мұғалімдер қатыса алады.\r\n\r\nБайқауға қатысуышылар өздері ойлап тапқан білім беру әдісін қағаз бетіне түсіріп, ұйымдастыру комитетіне жолдайды. Байқаудың негізгі шарттары жіберілген жұмыс А4 форматында  3-4  беттен аспауы керек. Шрифт Times New Roman, интервал 1,5 болуы керек.\r\n\r\nКонкурсқа қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.\r\n\r\nӨткізілген материалдар  «Ізденіс.KZ» республикалық ақпарат-танымдық ғылыми журналы мен Республикалық «Ізденіс Жолы» қоғамдық қорының біріге отырып бекіткен қазылар алқасында сараланып, үздік деп танылған туындылар анықталғаннан кейін жүлдегерлер арнайы орындар бойынша дипломдармен марапатталады.  Қатысушылардың еңбектерінің ішінен ең үздік деп танылған жұмыстар арнайы жинақ болып баспадан жарық көреді.\r\n\r\nКонкурсқа ұсынылатын материалдар көрсетілген нысанға сәйкес 2014 жылғы 11 қарашағадейін мына электрондық поштаға жолдануы тиіс: baikay03@mail.ru\r\n\r\n  Қосымша ақпараттарды төмендегі байланыс телефондарынан  алуға болады. Тел: 87783135504.\r\n\r\nБайқау қорытындысы 14 қарашада белгілі болып, Martebe.kz сайтында жарияланып, қорытынды кітаптың тұсау кесер рәсімі өткізіледі деп жоспарлануда.\r\n\r\nБайқауға қатысушылар қосымша мына кестені де толтырып жіберуге міндетті. Ескерту! \Барлық құжаттар мен сабақтар бір документ ішінде болуы шарт\.\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

р\с Аты-жөні Мектебі Телефоны Эл-почтасы Фото суреті
           

«Балалар аралына» саяхат. Гүлмира Сұлтанбаева

0

gulmiraДүниеге келген әрбір бала ерекше тұлға, дербес индивид. Әр баланың өзіндік ойы, түсінігі, көзқарасы қалыптаса бастауы оның дүниеге келген ортасына байланысты. Дегенмен адамзат баласының бәріне ортақ қасиет – олардың бейкүнә аңғалдығы, олардың үлкендер қамқорлығын қажет ететіндігі. Бала – адам болашағы. Саналы тіршіліктің ұрпақтан ұрпаққа қалдырып кетер өркениент, мәдениет, ұлт сияқты құндылықтарды жалғастырушы арқауы.\r\n«Бала тілі – бал», «Бала көңілі – балдәурен», «Балалы үй – базар, баласыз үй — мазар»,-сияқты мақалдар халықтың рухани сыр сандығында сақталған асыл дүниелер. Балалық – тұтас әлем. Ол әлемде қатігездікке жол, зорлыққа орын жоқ. Ол әлемде — тек күлкі, қуаныш, мейірім, жақсылық сияқты ұғымдар ғана өмір сүреді. Өкініштісі, балалықтың бал әлемінде де зорлық, қатігездік, жауыздықтың орын алатындығы. Бала қашан да үлкендерден жақсылық, көмек күтеді. Олардың қамқорында, аялы алақанында болғысы келеді. Дегенмен кей жағдайда балалар жанұяда, қоғамдық орындарда зорлықтың куәсі болады. Кейде өздері де сол зорлықтың құрбаны болып жатады.\r\nБүгінде әлемдік қауымдастық бала құқын қолдау мен қорғау мәселесіне алаңдаушылық білдіруде. Бұған таяуда БҰҰ балаларға байланысты зорлық мәселелері жөнінде тәуелсіз сарапшының жүргізген зерттеулері дәлел болса керек. БҰҰ Бас Ассамблеясында жасалған баяндамада бала құқын қорғау мен қолдаудың «жаһандық картинасы» сипатталды. Балаға жасалған кез келген зорлықты ақтауға болмайтындығын қоғам есіне салу, бұқара санасына сіңіру қашан да өзекті болмақ, қашан да күн тәртібінде тұрмақ.\r\nАдамзат өркениеттің жаңа табалдырығын аттап, озық технологиялардың үздік үлгілерін игергенімен, рухани құндылықтар мен адамгершіліктің қарапайым үлгілері аяқ асты қалғандай. Технократтық қоғам адамның адами болмысын жаулап алмауы тиіс деген ескертпелерді әлемнің бір ауыздан қабылдауы қиынға түсуде. Әсіресе, адамзаттың ертеңі – балаларға келгенде бұл мәселе өткірдің жүзіндей қауіпті. Бүгінгі бала қандай ортадан нәр алса, ертең сондай ортаның құндылықтарын жасайды. Сол үшін де жаняұда, қоғамдық ортада баланың қорлық не зорлықты көріп, бұл өмірден аластап қалуы өкінішке орай, әлемнің барлық елдерінде әлі де болса бар, орын алып жатқан қауіпті құбылыс. Қазір адамзат санасын уақыт билейді. Табысты болу үшін тек уақытпен күреседі. Уақыт – бәрін шешетіндей. Осындайда әрбір ересек адам балаға, баланың ішкі сырына көңіл бөлмейді. Бала үшін тек өмір сүруге қолайлы жағдайдан басқа — анасының аялы алақаны ыстық екендігі кейде ұмыт болып жататындығы уақыт шындығы.\r\nБҰҰ Бала құқы жайлы конвенцияны қабылдаған елдердің бірі — Қазақстан. Соңғы жылдары еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар тарапынан бала құқын қорғау жайлы шаралардың ұйымдастырылуы, өткізілуі — осы мәселеге қоғамдастықтың алаңдайтындығының дәлелі болса керек. Балаларды қолдау және қорғау мәселесімен айналысатын қоғамдық ұйымдардың басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан. Ресми түрде тіркелген үкіметтік емес ұйымдар мен балалар қайырымдылық қорларының саны 60-тан асады. Осы ұйымдардың көпшілігі, өкінішке орай қағаз жүзінде тіркелгенімен, іс жүзінде атқарған қайырымдылық не қолдау жұмыстары көпшілікке танымал емес. Кейде тағдыр тәлкегіне түскен баланы қорғау сәті туғанда көпшілік ұйымдардың нақты көмек көрсетуге мүмкіндігі, кейде көңілдері бола бермейді.\r\nЖақында Талдықорған қаласында өткен әйелдерге арналған семинардан қайтар жолда Бағанашылдағы балалар үйінен Алматыға жіберілген екі ұл балаға кәмелетке толмағандарды уақытша орналастыру және қалпына келтіру орталықтарынан орын табылмай шарқ ұрғаны жайлы білгенде көп ойға қаласың. Алматы сияқты үлкен қалаға бас паналауға келген 4 және 6 жасар балалардан ресми ұйымдар мен дағдарыс орталықтары бас тартқан. Көмекке жалғыз ғана қоғамдық ұйым — «Балаларды қорғау және жанұяны қолдау орталығы» келді. Журналистер мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен семинардан бірге қайтқан орталық директоры З.Байсакованың үздіксіз, тынымсыз жағдайды бақылап, қадағалауы арқасында Талдықорған қаласындағы «Жанұяны әлеуметтік-психологиялық қолдау және бала құқын қорғау» орталығына екі күн бойы жол соғып, әкімдік пен орталықтар арасында ойын добындай «қақпақылға» салынған балалар келіп орналасты. Балалар кәсіби мамандардың қамқорына алынды. Енді балаларға тұрақты орналасып кеткенше орталықта қажетті жағдайлардың барлығы жасалатыны сөзсіз.\r\nҚазақстанда Халықаралық миграция ұйымының қолдауымен жұмыс істеп жатқан үкіметтік емес ұйымдар қатарында саналатын осы орталықтың заңгерлері 2006 ж. ақпан айында кәмелетке толмағандарды жыныстық мәжбүрлеу мен сату жағдайы орын алғанда қылмыстық іст қозғады. Нәтижесінде жас қыздарды алдап-арбап, қорқытып жыныстық қатнастарға мәжбүрлейтін қылмыстық топ ұсталып, сот әділ үкімін шығарды. Ал жәбірленген жасөспірім қыздарға орталық психологтары кеңестер беріп, рухани күйзесіл жағдайында көмектерін көрсетті. Бұл Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар тарапынан балаларға көрсетілген зорлық нәтижесінде істің қылмыстық сипаты анықталып қоймастан, ол сот деңгейінде қаралып, шешілген бірден-бір жағдай еді.\r\nАлматы сияқты мегаполисте қорғансыз қалған балалар мен қиын жағдайға тап болған балалар тағдырына қорғаныш, қам көңілдеріне тіреу болып отырған санаулы ұйымдардың бірі «Алматы қаласы Бала және жанұяны қолдау орталығы» қоғамдық ұйымын атауға болады.\r\n2006 ж. 1 маусымда ашылған орталық Алматы қ. Әкімшілігінің әлеуметтік-маңызды лотосында «Бала адвокаты» жобасы бойынша жеңіп алынған табысты жоба саналады. Өйткені қоғамдағы әлсіз де қорғансыз әлеуметтік топ – балалардың тұрмыста, қоғамдық орындарда зорлыққа ұшырауы немесе жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық дағдарысқа ұшырауы орталықты құру идеясын дүниеге әкелген болатын. Орталық Алматы қ.Ішкі саясат департаментімен қатар, Алматы қ.Білім беру Департаменті, Алматы қ. Ішкі істер департаментінің кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі бөліммен ынтымақтаста.\r\n«Бала адвокаты» жобасы жүзеге асқанға дейін «Қазақстан дағдарыс орталықтары одағы» 2005 ж. Сорос-Қазақстан қорының «Шығыс-Шығыс» бағдарламасы аясында «Эстония және Қазақстанда тұрмыстағы күш көрсету: алдын алу, проблеманы зерттеу және тәжірибе алмасу» жобасы жүзеге асырылған болатын. Жобаның басты мақсаты – әйелдер құқын қорғау мен балаларға күш қолданудан сақтау саласында Қазақстан мен Эстониядағы мемлекеттік құрылымдар, тәртіп қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдар арасында тәжірибе алмасу болды.\r\nОрталықтың жетекшісі Зүлфия Мұхамедбекқызы Байсакованың балалар мәселесімен айналысуы көбінде жанұяда, жұмыста зорлыққа ұшыраған аналармен жұмыс істеу тәжірибесінен келіп шыққандығын айтады. Себебі, көбінде жанұядағы үлкендер арасындағы жанжал мен даудың салдарынан балалар көп өзгереді. Олар тұйықталып, үлкендерден өздерін бөлек ұстай бастайды. Іштей жапа шеккен бала өзіне сырттан қорғаныш іздей бастайды. Кейде үлкендерден қолдау көрмеген бала жанұядағы зорлықтың тікелей құрбанына айналады. Тағдыр тәлкегіне түскен бала кейде ата-анасынан тірідей жетім қалса, кейде қорғансыз көшеде жалғыз қалады. Бұл өзекке өкініш ұялатар жайт – бүгінгі күннің ащы шындығы. Мұндай шындықты жасыруға, не көмкеріп тастауға болмайды. Үлкендер әлеміне қолын жая ұмтылған әрбір баланың жайы шарасыздықтың жайы. Бір бала дүниеге келгеннен ата-анасын білмей өссе, енді бірі сол ата-аналарының адамға жат қарекетінен түңіледі. Бір бала ата-анасының қасында өмір сүрегімен оны қоғамдық орындарда жәбірлеуі мүмкін. Көбінде балалардың жанұяда жәбір көруі заңды құбылыс сияқты. Баланы тәртіпсіздігі үшін үйде жазалау біздің қоғам үшін заңды да сияқты.\r\nОрталықтағы мамандардың пікірінше, балаға қатігездік жасырын сипатта болады. Баламен тілдесу мәдениетінің болмауынан олар үлкендерге деген сенімін жоғалтады. Үлкендер балаға көмек көрсеткенде көбінде оның жасырын сипаты мен ерекше құпиялылығы сақтала бермейді. Келесі келеңсіздік, үлкендердің бала құқын ескере бермейтіндігі. Орталықтағы бала психологы мен заңгер кеңес бергенде балалар жайлы барлық мәлімет құпия сақталып, әңгімелесу барысы көпке жария етілмейді. Балаларға арналған сенім телефоны бойынша тек балалар ғана емес кейде олардың жанашырлары -үлкендер де қоңырау шалады. Елімізде жанұя саясатын қолдау қажет. Баланы асырап алған ата-аналар кейде баладан бас тартып жатады. Осындайда әлгідей баланы қамқорлыққа алғандар жазалаусыз қалады. Ал бала қаншалықты моральдық қорлыққа тап болады.\r\nМектептерде балалардың көгеріп, жырылып қалған дене жарақатын кейде мұғалімдері байқайды. Үйдегі балаға күш қолдану өте жасырын сипатта болады. «Бала адвокаты» қызметі ашылғалы 6 мектептің оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған семинарлар өткізіліп, бала құқықтары жайлы ақпараттар таратыла бастаған. Мұндай семинарларды қай мектептерде өткізу керектігін Білім беру департаменті айқындайды. Соңғы кездері семинарлар өткізуге мектептерден сұраныс келіп жатыр. Мұндағы қызмет аясына, сондай-ақ сенім телефоны арқылы дербес кеңес беру, заңгер, психологтың кеңесі, мемлекеттік органдарға әлеуметтік қолдаулар жүргізіледі.\r\nӘзірге сенім телефоны жайлы тұрғындардың шамамен 4% білсе керек. Бұл өте аз көрсеткіш. Орталыққа көршілер тарпынан да көмектер келіп жатады. Олар көмек қажет болған жанұялар мен балаларға дер кезінде жөн сілтейді. Электрондық почта арқылы кеңес беру де тиімді нәтиже беріп отыр. Бала үлкендерден телефон шалғанда бөлмеде бөтен біреу болмағанын қалайды әрі көбінде жасырынып отырғасын еркін сөйлесе алмай жатады. Ал электрондық почтаны тек бала өзі ғана қолданып, ешкімге жария етпестен хат жібере алады. «Бала авдокатына» келген хаттардың 79% электронды түрде жіберілген.\r\nБалалар кей жағдайда компьютерлік ойын және т.б қажеттіліктер үшін ата-аналарынан рұқсатсыз ақша алып жатады. Осы жағдай көбінде үлкендер тарапынан алаңдаушылық тудырады. Осындай кездерде ата-аналардың өздерін қалай ұстау керектігі, баланы жағымсыз әрекеттерден қалай қорғау керектігі жайлы қоғамдық пікір қалыптастыру үшін де орталық заңгері С.Шоматова мен психолог М.Ускембаева ақпараттық жұмыстар жүргізсе, ал бағдарламаның үйлестірушісі Т. Жазықбекова әлеуметтік қолдау мен ақпараттық материалдар дайындайды. Бала адвокаты қызметінің орыс тілімен қатар, қазақ тілінде жүргізілуі көп орталықтардың тәжірибесінде жоқ. Жобаның жетекшісі З.Байсакова бала авдокаты қызметін балаға қамқоршы мамандар атқарып жатыр дейді. Өйткені олардың жалақысы өте төмен, ал жүзеге асырып жатқан жұмыстары өте ауқымды.\r\n«Қазіргі уақытта әрбір жанұяға әлеметтік қолдаулар керек. Орталық барлық деңгейде осындай қолдаулар көрсетеді. Осы орайда Парламтент, билік, халықаралық ұйымдар көтеріп отырған мәселелер өте орынды. Бірақ жеке тұлға қалыптасып, өсіп шығатын ортаны түбегейлі өзгертпей мәселе шешіледі деу қиын»,-дейді жобаның жееткшісі.\r\nБаланы қорғау қызметінің басты мақсатының өзі де – қоғамдағы балаға деген қарым-қатынас стереотипін өзгерту. Бала үлкендермен қатар өз құқын қорғай алуы керек. Орталық ашылғалы жағымды жайттың бірі – барлық БАҚ-та тегін материалдар жариялынып, мектептер мен үкіметтік емес ұйымдар қолдау танытты. 6 не 7 жастағы баланың сенім телефонына қоңырау шалуы, өз ойын айта алу мүмкіндігінің болуы да жағымды саналады. Бір өкінішітісі, осындай жобалардың уақытша сипат алуы. Бала адвокаты қызметі 8 айға арналған. Мүмкіндігінше алдағы уақытта осы сияқты жобалардың ұзақ мерзімдігін қарастырылса және мемлекеттік органдар тарапынан қолдаулар керек сияқты.\r\nҚазіріг қоғамда баламен қарым-қатынас стереотипін өзгерту керек. Балалармен жұмыс істейтін салалардағы мамандардың кәсіби деңгейінің нашар екендігін тәжірибе көрсетті. Мысалы, бұл жағдайда кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін полиция, білім беру департаментіндегі қызметкерлердің баламен қарым-қатынасынан байқалды. Балалар мәселесіне аса үлкен зейін керектігін де орталық мамандары әр қашан ұмытпайды. Барлық мәелелерді шешуге, әрине бір ғана үкіметтік емес ұйымның қызметі жете бермейді. Сондықтан басқа ұйымдардың аталмыш мәселелер бойынша орындауын өтініп, қолдаулар көрсететін әлеуметтік қызметті бағыттау тәжірибесі де қолданыста.\r\n“Бала адвокаты” қыметінің тиімді нәтиже беруі, ұйымдасқан жұмыс тәжірибесінің болуы жобаның перспективасын айқындайды. Дегенмен ЮНИСЕФ–тің бала құқын қолдау мен қорғаудың әлеуметтік қызметі бойынша стандарттар дайындау қажеттігін уақыт ұсынып отыр. Көрсетілер қызметтің деңгейі, уақыт жағынан шектеулігі қарастырылу қажет. Балалардың ойлары мен пікірлерімен санасу қажеттігін ұмытпау керек.\r\n“Бала авдокаты” қызметінің маусым-қыркүйек айлары арасындағы сараптама бойынша 126 қоңыраудың 86-заңі, 40-психологиялық көмек қызметтері көрсетілген. Орталықта психолог-20, пен заңгер-9 рет клиенттерге тікелей кеңес берді. Мемлекеттік органдарға 6 хат-өтініш дайындалып, жіберуге ықпал етсе, 13 клиентке құжаттарды рәсімдеуге көмек көсетті. Орталық клиенттерінің басым бөлігі әйелдер-112, ерлер –7, балалар – 7. “Бала адвокаты” қызметіне төрт ай ішінде 20 жасқа дейінгі 11, 30-ға дейін – 22, 40-қа дейін – 36, 50-ден жоғары жастағы — 15 азамат кеңес сұраған. Бала психологының үйге барып, кеңес берген жағдайлары да кездеседі. 17 жастағы мүгедек жеткіншек телефон шалып, үйге келуін өтінген. Жасына орай жыныстық жетілу кезеңін бастан өткерген жасөспірім өзінің сырын әжесіне айта алмай күйзеліске түскен. Психологиялық күйзелістен шарасыз балаға көмекке бірнеше үйіне келген психолог кәсіби деңгейде кеңестер береді. Солайша, бозбаланы ерлерге арналған “Ер-азамат” дағдарыс орталығынан қолдаулар табуға бала психологы көп көмегін тигізді.\r\nБАҚ тарапынан “бала адвокаты” қызметін жариялауда да жағымды әрекеттер байқалуда. Әсіресе “Караван” газетінің редакциясына шақырылған орталық мамандары («Егер үлкендер тыңдамаса», «Караван», 27 қазан, 2006 ж.) Тікелей желіде телефон арқылы жауап берген болатын. Психолог пен заңгердің кеңесін алу үшін редакцияға қоңырау шалғандарды толғандырған басты тақырып – балалардың есеюі шағындағы өтпелі кезең, көше, мектеп және жанұядағы күш көрсету, бала еңбегі, баланы асырап алу мәселелері болды. Оның үстіне телефон арқылы кеңес алғандар жайлы мәліметтердің барлығының жария етілмеуіне кепілдік берілді. Баланы қорғау мен қолдау мәселелерін жариялауда БАҚ-пен жұмыс істеудің жаңа әдісі алдағы уақытта телевизия мен радиоэфирлерде жалғасын тапса, өте құптарлық болар еді.\r\nАлда бала құқын қорғау мен қолдау, оларды қорлық пен зорлықтан арашалау, қатігездік пен қаталдық торынан айырып қалу үшін қаншалықты күш, қаншалықты адамның жігері керек. Бұл – уақыт ұсынған шындық.\r\nӘлемде балаларға күш көрсету, қолдану мәселесінің қаншалықты байсалды екендігі әрбір азаматты ойландыру керек. БҰҰ статистикасы көрсеткендей, алдағы бір-екі жылдың ішінде әлемдегі бай елдерде 15 жасқа дейінгі 3500 жуық бала дене жарақаты мен күтімсіздіктен көз жұмады екен. Германия мен Біріккен Корольдікте апта сайын осындай жағдайда 2 бала, ал Францияда – 3 бала дүниеден өтеді. Жыл сайын 1 млн.астам бала адам саудасы мақсатында мемлекет шекараларынан өткізіледі екен. Жер бетінде 300 млннан аста мбала жұмыс істесе, соның көпшілігі денсаулыққа зиянды орындарда жән еріксіз еңбектенеді. Соңғы он жылда АҚШ пен Англияда балаларға күш қолдану 300 рет ұлғайған. Мұндай тенденция әлемнің бар елдерінде байқалатыны ең қынжылтарлық жайт. Шынымен адам баласы соңғы жылдары соншалықты қатал да қатігез болып кеткені ме? Жоқ әлде барлығына балалар кінәлі ме? Алып адамзат атты мұхитта «балалар аралының» еркін серуен салуына кім мүмкіндік берер екен? Бұл – болашаққа апаратын жалғыз соқпақ жолды көрсетер сұрақ. Тек мұны түсінетін саналы қоғам, салауатты азамат көбейсе екен.\r\n\r\nГүлмира Сұлтанбаева