Некенің сот арқылы сотсыз бұзылуы. Ата-аналық құқығынан айыру себептері.

0

Некенің сот арқылы сотсыз бұзылуы. Ата-аналық құқығынан айыру себептері.\r\n\r\n Некенің бұзылуы-отбасы өміріне ғана емес, қоғам өміріне де кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет. Әр отбасының ажырасу тарихы, себебі әр түрлі. Әлеуметтанушы ғалымдар ажырасуға әкеліп соғатын үш түрлі себептерді көрсетеді. Алайда әр отбасында оның себептері әр түрлі болуы мүмкін:\r\n

    \r\n

  • тұрмыс жағдайының ауыртпалығы (материалдық қажеттіліктер, тұрғын үй қиыншылығы, т.б.);
  • \r\n

  • тұлғааралық келіспеушіліктер ( өзара сүйіспеншілікті жоғалту, дөрекілік, маскүнемділікке салыну);
  • \r\n

  • ішкі жағдайлар ( жаңа отбасының пайда болуы, жаңа сезімдердің пайда болуы).
  • \r\n

\r\nЗаң тұрғысынан алғанда, некенің бұзылуы дегеніміз-жұбайлардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастардың тоқтатылуы.Бұл ерлі-зайыптылардың арасындағы құқықтық  қарым-қатынастардың тоқтатылғанын білдіреді.\r\n\r\nҚР  “Неке және отбасы” заңы некені бұзудың екі түрін белгілейді.\r\n

    \r\n

  1. Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында некені бұзу.
  2. \r\n

  3. Сот тәртібімен некені бұзу.
  4. \r\n

\r\nНекені әйелдің жүктілігі және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға жол берілмейді. Бұл өмірге бала әкелген немесеәкелуге ниет білдіріп отырған әйел-ананың, баланың денсаулығы үшін қажет. Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында некені бұзу:\r\n

    \r\n

  1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ;
  2. \r\n

  3. Бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын;
  4. \r\n

  5. Ерлі-зайыптылардың өзара келісімі жағдайында жүргізіледі.
  6. \r\n

\r\nБұл жағдайда тиісті орган некені бұзу фактісін тіркейді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органы өтініш берушілерден некенің қандай себептерге байланысты бұзылғанын анықтауға құқылы емес.\r\n\r\nНекені сот тәртібімен бұзу. Ерлі-зайыптылардың:\r\n

    \r\n

  1. Кәмелеттік жасқа толмаған ортақ балалары болса;
  2. \r\n

  3. Жұбайлардың біреуі некені бұзуға келісім бермесе;
  4. \r\n

  5. Ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуға қарсы болмас, бірақ өз әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы некені бұзудан жалтарса неке сот тәртібімен бұзылады.
  6. \r\n

\r\nЕрлі-зайыптылардың ортақ келісімі бар, бірақ кәмелетке толмаған балалары болғанда сот ажырасу себептерін анықтауға, татуластыруға мерзім белгілеуге құқылы емес. Бұл жағдайда сот кәмелетке толмаған баланың мүддесін қорғайды, баланы кіммен қалдыру туралы мәселені шешеді. Ерлі-зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған баланың кіммен қалатыны, алимент мөлшері туралы келісімді ұсына алады. Мұнда көрсетілген алимент мөлшері заңда көрсетілген алимент мөлшерінен төмен болмауы керек. Жұбайлардың ортақ келісімі, болмаған немесе осы келісімде баланың мүддесі бұзылғаны анықталса, сот бұл мәселені сот отырысында қарап, шешім шығаруға тиісті.\r\n\r\nЕрлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, некені бұзу олардың біреуінің өтініші бойынша жүзеге асады. Сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға мерзім белгілеуге құқылы.\r\n\r\nБұл мерзім 3 ай көлемінде белгіленеді. Қоғам өмірі үшін отбасының бұзылмауынан маңызды нәрсе жоқ. Ошағы бүтін, оты түзу отбасында ғана дұрыс бала тәрбиеленіп, берік қоғамның іргетасы қаланады. “Отбасы-шағын мемлекет” деп бекер айтылмаған. Сот тәжірибесінде мерзім беру шараларының нәтиже беріп жүрген кездері, аз емес. Кей жағдайларда ерлі-зайыптылар ашу үстінде асығыс шешім қабылдауы мүмкін. Осы мерзім маңызды шешім қабылдау үшін аз уақыт емес.\r\n\r\nЕрлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болса, сот тараптардың өтінішін қанағаттандырады. Көп жағдайларда ерлі-зайыптылар некенің бұзылу себептерін анықтап айтудан бас тартады. Ажырасу себептерін айтудан бас тарту, соттың некені бұзбай қалдыруына себеп бола алмайды. Некенің бұзылу себебі нақты анықталмаса да сот талапкердің өтінішін қанағаттандыруға құқылы.\r\n\r\nНекені сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар некені бұзутуралы арыз бергеннен бастап, кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі. Соттың шешімі күшіне енген күн некенің бұзылған күні деп танылады.\r\n\r\nНекенің бұзылғандығы жөніндегі сот шешімінің көшірмесі, неке тіркелген жердегі АХАТ органдарына үш күннен кешіктірілмей жіберіледі. Некенің тоқтатылуы бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және басқа (жеке қатынастардың) тоқтағандығын растайды. Олардың жаңа некеге тұруға құқығы пайда болады.\r\n\r\n Ата-ана құқықтарынан айыру.\r\n

    \r\n

  1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):
  2. \r\n

\r\n— ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса; \r\n\r\n— өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;\r\n\r\n— өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;\r\n\r\n— балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;\r\n\r\n— заңдарда белгіленген тәртіп бойынша маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін.\r\n

    \r\n

  1. Өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін.
  2. \r\n

\r\nАта-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі.\r\n\r\nАта-аналар өз балаларын тәрбиелеуге, оның жан-жақты жетілген азамат болып өсуіне жағдай жасауға міндетті.\r\n\r\nБалаларының орта білім алуына жағдай жасауға, балалардың мүддесіне сай әрекет етуге құқылы, әрі міндетті. Олар өз балаларының заңды өкілі болып табылады, сотта олардың мүдделерін қорғайды.                              \r\n\r\n \r\n\r\n 

Сәбит Мұқанов

0

Сәбит Мұқанов (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.

ТАРЛАН ТАЛАНТ ТАҒДЫРЫ

Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда, Омск қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді.

Жастайынан халық арасында жиі айтылатын жыр дастандарды жаттап, өзі де ауызша, жазбаша өлең шығарып талаптанып жүрген Сәбит осы кезден бастап, шығармашылыққа шындап бет бұрады. Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Сөз Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және осылар тәріздес толып жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады.

Осы кезге дейін атқарған сан салалы қызметінде болсын, шығармашылық өрлеу жолында болсын, ілгерлеудің басты кепілі терең білім екенін, онсыз көздеген мақсатында жету мүмкін еместігін айқын сезінген ол 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетінде оқиды, Москвадағы Қызыл профессура институтының әдебиет бөліміне түсіп оны бітіреді. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болады, Қазақстан Жазушылар одағын басқарады. Бұл жылдары да олөндіріп жазумен болды.

Драматургия, сын, әдебиеттану салаларында ерекше еңбек етті. 200-ден астам әдеби сын мақалалар жазды. Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды, әдебиет тарихы және ағартушы демократтар шығармашылығы туралы зерттеутт еңбектер жазды, халық поэзисының ірі өкілдері туралы толымды пікірлер айтты. Оның 1974 жылы жарық көрген «Халық мұрасы» деген тарихи этнографиялық шолуы халқымыздың мәдениеті, өнері, тілі, материалдық игіліктері жайында жазылған ерекше құнды зерттеу еңбек болды.

Жазушының шығармашылығында да, бүкіл қазақ прозасында да белгілі белес болған келелі туындысы кейіннен қайта өңделіп, «Ботагөз» деген атпен жарық көрген «Жұмбақ жалау» романы еді десе, оның саналы шығармашылық өмірін түгел дерлік қамтыған «Өмір мектебі» трилогиясы шын мәніндегі халық шежіресі болатын. Ол халықтың арасынан шыққан халықтың сүйікті жазушысы болды. Оның қазақ мәдениетін өркендету саласында сіңірген зор еңбегі кезінде жоғары бағаланды.

Бірнеше мәрте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды, екі рет Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрметті белгісі» ордендерімен марапатталды. Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болды.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыптары туралы әңгіме болғанда “Кәдімгі Сәбит Мұқановтың” (өз сөзі) орны бөлек. 2000 жылы 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шешімімен жоғары деңгейде ұлықталған қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың шығармашылық ғұмыры жаңа ХХІ ғасырда да жалғасын табуда.

Шығармалары қайта басылып шығып жатқаны өз алдына, социалистік дәуірден капиталистік қоғамға қадам басқан Қазақ елінің әдебиеттану ғылымында С.Мұқановтың кітаптарына, өткен ғасырдағы атқарған қызметі мен жазушылық жолына жаңаша көзқарас қалыптастыратын зерттеу еңбектері де жазыла бастады. Мұның рухани сұраныстан туғанын, қоғамдық қажеттілікпен байланысты екендігін дәлелдеп жату артық шығар.

Міне, “Арда” баспасынан “Тарихи тұлға тағылымы” айдарымен 2005 жылы жарық көрген Тұрсынбек Кәкішұлы мен Күләш Ахметтің “Сәбит Мұқанов” әдеби-ғылыми ғұмырнамасы жоғарыдағы пікіріміздің дәлеліндей. Кітап аңдатпасындағы: “Ұлттық мәдени өмірімізде ірі қайраткерлігімен белгілі Сәбит Мұқанов туралы бұл еңбек бүгінгі өскелең ұрпаққа алып тұлғаның қилы заманы мен қиян тағдырын танытады.

Көрнекті ғалым, білікті әдебиет зерттеушісі, алымды сыншы Т.Кәкішұлы тарихи тұл­ғамен рухани сырлас болған. Ол Сәбеңнің күллі өмір жолын, шығармашылық ерен еңбегін тарихи үдеріс барысында терең талдап, жан-жақты зерттеп, әділ бағасын береді” деген түйінді ойлар кітаптың құлақ күйін келтіріп тұр.

Ғасырлар тоғысында қоғам алмасты, заман өзгерді, ұлттық құндылықтарымызға жаңаша көзқарас қалыптаса бастады. Кеңестік дәуірдегі әдебиетіміз бен мәдениетіміздің жәдігерлеріне сын көзбен қарап, қайта бағалауда біржақты пайымдаулар, бұрмалаушылықтар, асығыс үкім айтудың көріністері де байқалды.

Кеңестік идеология қолшоқпарларының кесірінен қуғын-сүргінге ұшыраған, атылып-айдалып кеткен, шығармалары құртылған, қапаста қалған арыстарымыздың ақталуы, Алаш қайраткерлерінің есімі мен атқарған істерінің қайта жаңғыруы дүр сілкініс, зор серпіліс әкеліп, қазақ рухының асқақтауына септігі тиіп, жаңа ұрпақтың ой-санасына айрықша ықпал жасаумен қоса, кешегі дәуірдің төл перзенттерін, солардың тәлім-тәрбиесінде өскендерді үрей мен күдіктің торына шырмады. Қазақ әлеуметі рухани-психологиялық дағдарысты да бастан өткерді.

Өткен ғасырдағы алмағайып кезеңде бұрынғы зор тұлғасы аласарғандай, айқын келбеті көмескі тартқандай болған алыптарымыздың бірі – Сәбит Мұқанов еді. Кеше ғана Мұхтар Әуезовтің: “Қазақ әдебиетінің аға жазушысы Сәбиттің аты – қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты, анық қымбат аттың бірі” деп, Ғабит Мүсіреповтің: “Жазушы Сәбит Мұқановтың қаламынан туған еңбектер өз алдына бір энциклопедия”, деп Мұхаметжан Қаратаевтың: “С.Мұқанов толық мағынасында халық жазушысы еді” деп, Расул Ғамзатовтың: “Біздің әдебиетіміздің Эльбрустарының бірі” деп, Сәйфи Құдаштың: “Шын мағынасында үлгі-өнеге тұтатын кең құлашты жазушы”, деп т.б. атын аңызға айналдыра бастаған Сәбит Мұқановты ХХІ ғасырдағы қазақ оқырмандарына қалай таныстыру керек дейтін сауал бүйірден қойылды. Осы сауалға алғашқылардың бірі болып жауап іздеген, С.Мұқановтың мұраларын қызғыштай қорып, ғайбат сөздер мен жазықсыз жала жабулардан арашалап келе жатқан көрнекті сәкентанушы әрі сәбиттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев екендігі әдеби-ғылыми ортада әмбеге аян болса керек.

Рас, сәбиттанудың жаңа да жарқын парақтарының жазылуына академик-жазушының 100 жылдық мерейтойының жоғары деңгейде аталып өтуі де зор әсер-ықпалын тигізді. Жаңа ғасыр табалдырығында тұрған кезде Алматыда, Астанада, Бішкекте, Петропавлда, т.б. қалаларда өткен ғылыми-теориялық конференцияларда әлденеше ондаған баяндамашылар Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылық жолын әр қырынан келіп сараптан өткізді, талдау жасады, ғылыми бағалады.

Кінәратсыз қоғам жоқ, кемшіліксіз адам да болмайды. “Қазақтың ұлан байтақ даласының, Мен де бір көпке ортақ өзенімін”, деп нар сеніммен ғұмыр кешкен Сәбең неден қателесті, неден жазықты болды, кінәлі болса, не себепті халық жүрегіне жол тапты, неліктен Мұқановтың шығармалары ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға батыл бет түзеді дейтін көптеген сауалдардың жауабын іздеген кісі “Сәбит Мұқанов” әдеби-ғылыми ғұмырнама кітабын бастан-аяқ шолып, оқып шыққаны жөн.

Кітаптың ең ауыр жүгін “Даңқ тұғырының шайқалуы” атты І тарауы арқалап тұрғанын аңғарамыз. Ең өзекті мәселені алдымен талдап-таразылап алайық, қалған әңгіме содан кейін жалғаса бермек деген авторлық айқын шешімді дұрыс қабылдадық.

Кітаптың 44 бетін алып жатқан бұл тарауды бей-жай отырып оқу мүмкін емес. Әсіресе, С.Мұқановтың 20-30 жылдардағы жетістіктері мен шалыс басқан қадамдары, әдебиет майданындағы даусыз табыстары мен солақай сілтеген тұстары, таптық көзқарасты қалыптастырудағы жанкешті еңбектері және алашордашылармен ат құйрығын кесісуінің себеп-салдарлары, қазақ әдебиетіне үлкен олжа салған прозалық, поэзиялық және ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуы және өзі сенген, көзсіз табынған большевиктер партиясының мұны кеудесінен итеріп, қатарынан шығаруы, ұлттық мұраларымызға, тарихи тек-тамырларымызға ерекше қамқорлықпен қарауы және кеңестік өмірдің жаршысы әрі жыршысы болуы, кейбір кезеңдік мәселелерде, әдебиеттің жеке тұлғаларына қатысты айтыс-тартыста қате де қиғаш тұжырымдар жасауы және өзінің сол мүлт кеткен, қателескен тұстарын кейін өз қолымен қайтадан түзетуі, т.б. толып жатқан ірілі-ұсақты уақиғаларға уақыт, заман, қоғам биігінен қайта баға берілуі, жан-жақты таным сүзгісінен өткізілуі бұл еңбектің құнын арттыра түседі.

Кітап авторлары С.Мұқановтың әдебиетке қатысты мәселелерде өткір сынды айта білумен қоса, өз тарапына айтылған сындарды зор төзімділікпен көтеретінін, тіпті, дұрыс деп тапса сыннан қорытынды шығаратынын дөп басып айтқан. Сөйте тұра, Сәбитке қатысты замандастары, інілері айтқан сын пікірлерді тым шамшылдықпен қабылдайтын тұстары да байқалады. Әсіресе, бұл Мұхтар мен Сәбит қарым-қатынастарына байланысты.

Негізінен, ұлы адамдардың арасындағы қарым-қатынас қарапайым басталып, күрделі аяқталуы өмірдің заңдылығы емес пе. Өзара шығармашылық тілектес көңіл-ниеттері болғандығына, бірін бірі азаматтық тұрғыда қадір-құрмет тұтқандарына жақсы мысалдар келтірілген. Ал кейінгі толқын жазушылардың баррикаданың екі жағында тұрып алып айтысып-тартысуына ешқандай негіз жоқ деп ойлаймыз. Сондай-ақ бұлардың мұражай-үйлерін, ескерткіштерін (саны нешеу екенін), көшелерін салыстыру да басы артық әңгіме сияқты.

“Өктем ой өрімдері” деп аталатын тарауда Сәбит пен Міржақып, Ахмет – Сәкен – Әбдірахман – Сәбит, Смағұл мен Сәбит, Қошке мен Сәбит, Ілияс пен Сәбит желілері арқылы көп шындықтың шымылдығы ашылады. Осы қалай дейтін күбірткелі сауалдарға жауап берілген, сондай-ақ, бұл тараудағы арнайы тоқталған бір мәселе: “Сәбеңнің әдебиет әлеміне, идеологиялық майданға келгендігін аңғартқан, аңғартып қана қоймай, осы жігіттен бірдеме шығады деп үміттендірген және шошындыра үміттендірген атышулы мақаласы” – 1922 жылы “Еңбекші қазақта” басылған “Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” дейтін мақаласы жөнінде.

“Осы эссесінде Сәбең талайларды тарихтан сызып тастаймын деп үлкен қателіктерге ұрынды, ұлылардың аруағын қозғау Сәбит Мұқановқа өмірі кешірілмейтін күнә болды. Оны даттағысы келетіндер осыны дәлелге келтіріп, өздерінің жымысқы ойларын өткізіп жүрді, өткізіп келеді. Бірақ, тарих – әділетті, бәрін де өз орнына қояды”, – дейді кітап авторлары.\r\n\r\n Осы тарауда С.Мұқановтың 20-жылдардағы дау-дамайларға кедей таптың жалауын көтеріп, аса белсенділікпен араласқаны, әдебиет туралы айтыс-тартыстарда ерекше көзге түскені, “Сәбең араласқан істің түзелгені көп болумен қатар, бұрмалана бұзылғандары да аз емес” екендігі, осының бәрін ол көзсіз сенім, алғаусыз көңілмен атқарғандығы жан-жақты тәптіштеле қарастырылған. Бұл жазушының өмір жолына, атқарған істеріне, шығармашылық мұратына толайым тың, кәміл жаңа көзқарасты аңғартады.

Әдеби-ғылыми ғұмырнаманың “Алғашқы асу” және “Шыңға шығу” дейтін тараулары С.Мұқановқа шулы даңқ әкелген, қазақ әдебиетінің тарихында елеулі орын алған, өлеңмен жазылған “Сұлушаш” романы мен “Адасқандар” романы жөнінде. “Сұлушаш” романын сынаған, сараптап талдаған, шын сипатын ашқан зерттеулердің арғы-бергісіне мол қамти тоқталған кітап авторлары: “Романның тіл шеберлігі – ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет үлгілерінің творчестволық жолмен қисынын тауып қиыстырылуының, бөлінбес бірлігінің нәтижесі”, С.Мұқанов “қазақ әдебиеті тарихында көркемдік дәуір жасады, этаптық шығарма берді”, деп түйінді пікірмен қорытады. Ал “Адасқандар” романының Сәбең мұражайындағы 1935 жылғы нұсқасы 1999 жылы “Елорда” баспасынан қайта басылып шықты.

Профессор Т.Кәкішевтің “Өтпелі дәуірдің кесек туындысы” деген мақаласы қоса берілген болатын. Авторлар “Сұлушаш” пен “Адасқандарға” қатысты зерттеушілер еңбектерінен филология ғылымдарының докторы, профессор, сәбиттанушы Құлбек Ергөбековтің еңбегін айрықша атап көрсеткенін айтқан жөн. Сондай-ақ осы әдеби-ғылыми ғұмырнаманың өн бойында Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына қатысты ой-пікір айтқан, елеулі үлес қосқан көптеген ғалымдардың есімдері мен еңбектері аталған.

Кітаптағы аса қызғылықты оқылатын көлемді тарау (43 бет) – “Жаңа өріс” деп аталған екен. Бұл С.Мұқановтың 1932 жылы жарық көрген, екінші қайтара басылмаған, жарық көруіне рұқсат етілмеген “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 1 бөлім (ұлтшылдық, байшылдық дәуір – буржуазно-националистический период”) деп аталатын еңбегі туралы. Поэзияда “Сұлушашты”, прозада “Адасқандарды” беріп атағын жайған Сәбит Мұқановтың күтпеген тұста ғылымға ойысып, әдебиет тарихынан 458 беттік көлемді еңбек жазуының объективті және субъективті себеп-салдарлары бұл кітапта әділ таразыланған.

“С.Мұқановты күні бүгінге дейін сөзге қалдырып, абыройына дақ салып, ел-жұрт көңіліндегі күдікті сейілтпей келе жатқан бір мәселе – алаш қозғалысы және оның қайраткерлері жөніндегі түсінігі, айтқан-жазғаны. Тапшылдықтан оянған санасы, төңкерісшілдікпен қалыптасқан көзқарасы алаш қозғалысын зиянды деп табудан өзгермей кетті, ал оған қатысқан азаматтарды совет өкіметін, партияны мойындамағандар деп білді, жазды” дей келе мына еңбекті атап “Бұған айрықша мән беру керек, себебі әлі күнге дейін оның қадір-қасиетін анықтау, маңызын түсіну, жазылу тарихын, сырын білу жағы жетіспейді”, дейді кітап авторлары.

“Сәбит Мұқанов осы кітапты әдейі жазғанға ұқсайды…”, “Уақыт өте келе бұл кітаптың бағасы өсе түспесе, кемімейді”, “Сәбең саяси-идеялық мәселелерді кейде, тіпті, бірінші орынға қойып, социологиялық талдауға түсіп кететін сәті аз емес” дейтін ой ұшқындарын шығарып, оны кеңінен талдау-таразылауға ұластырған.

“ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” еңбегінің екінші бөлімі түгелдей “ұлтшыл-байшыл дәуірдің ақын-жазушылары” деп аталады да Ахмет, Міржақып, Ғұмар Қарашев, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаев, Бернияз Күлеев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығына талдау жасалып, баға беріледі. Бұларды ғылым тілінде монографиялық портрет деп атайды”, “Сәбит Мұқанов бұл ақын-жазушылардың творчестволық портретін бірінші жасап отырғанын еш уақытта естен шығармайық”, деп ғұмырнамалық кітаптың авторлары сол монографиялық портреттердің әрқайсысы қалай шыққан, Сәбең бояуды қалай қолданған, ақын-жазушылардың дәл бейнесін бере алған ба дейтін сауалға қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының талаптары тұрғысында кең тынысты, салыстырмалы шолу жасайды, тұжырымды баға береді.

С.Мұқанов алаш арыстарын тек қаралау үшін, жамандау үшін бұл еңбекті жазбағандығын, түпкі мақсат-ниет әдебиет тарихында бұлардың алатын орындарын айқындау, есімдері мен еңбектерін атап-атап бағалау, ұрпақ жадында қалдыру болғандығын профессор Тұрсынбек Кәкішұлы өте дәлелді аңғартады. Мәселен, Сәбит Мұқановтың Ахмет Байтұрсынұлы туралы: “Қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес” деуі, Мағжан Жұмабаев туралы: “Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ” деуі, Мұхтар Әуезов туралы: “Ақындық, жазушылық күшін алғанда Мұхтар күшті жазушы. Тіл сұлулығының үстіне Мұхтар кейіпкер жасауға шебер”, деуі – осының бәрі кездейсоқ, тіл ұшымен жасалған емеурін емес, қорытылған ойдың сықпасы, айқын сыни сипат екендігі күмән туғызбайды.

Сәбит Мұқановтың дәл осындай тағдырлы еңбектерінің бірі – 1942 жылы жарық көрген “Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер” атты зерттеу кітабы. Араға 60 жыл салып Мұражай кешені ЮНЕСКО-ның қолдауымен бұл еңбекті 2002 жылы “Арыс” баспасынан шығарды. Бұл кітапқа да профессор Тұрсынбек Кәкішевтің арнайы жазған “Азаттықты армандаған еңбек” атты мақаласы қоса берілген болатын. Мына ғұмырнамалық кітапта бұл “Очерк” жөнінде “Тарихпен сырласу” атты тарауда баяндалады.

“Очеркте” Сәбит Мұқанов Бұқар, Махамбет Өтемісұлы, Байтоқ пен Жанұзақ сияқты ақын-жыраулардың, Сырым, Көтібар, Кенесары, Наурызбай, Жанғожа, Бекет сынды ұлт-азаттық күрескерлерінің тарихи тұлғаларын айқындап, Шортанбай, Шернияз, Мұрат сынды зар заманның үнін жеткізген ірі ақындардың еңбектеріне баға беріп, сонымен бірге қазақтың айтыс өнерін ғылыми тұрғыда саралағаны белгілі. Ғұмырнамалық баянда С.Мұқановтың бұл тарихи еңбегі жөнінде де тың тұжырымдарға айрықша ден қоямыз. Мәселен, авторлардың “1927 жылы М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” деген еңбегінде “Зар заман” ақындары аталып, әсіресе оның жарқын да айбынды өкілі Шортанбайды Сәбит Мұқановтың 1942 жылы қалай зерттеп, қандай деңгейге көтергенін көрсете кетсек, көзқарас эволюциясының сыр-құпиясын ұққандай боламыз да, “кедейшіл, тапшыл” Сәбиттің сол кездегі ғылыми түсінігіне енді ғана көтеріліп келе жатқанымызды аңғарамыз”, деген батыл пайымдауларына толық қосылмасқа шара жоқ. Шынында да, тек Шортанбай ғана емес, азаттықтың ұлы жыршысы Махамбетті тануда да С.Мұқановтың еңбегі зор екендігіне зеттеушілер айрықша ден қойған.

Кітаптың “Даңқ тұғырында” аталатын тарауында С.Мұқановтың “Жұмбақ жалау” – “Ботагөз” романдарының шығармашылық тағдыры жазушының кемеліне келген қаламгерлік қуатымен қосөрім бірлікте қарастырылған.

Сондай-ақ Мағжан – Сәкен – Сәбит қарым-қатынастарының қиын түйіндерін тарқатуға арналған “Матасқан тағдырлар” атты тарауды Тұрсынбек Кәкішұлының сарыла зерттеп, санаға салмақ сала шешкен жұмбағы деу керек шығар. Әу баста ап-айқын қарым-қатынастар замананың ұйтқи соққан қара боранынан кейін әртүрлі өсек-жалалардың арқауына айналып кете барғанын, оған аса сабырмен, зор ыждағатпен үңілу керектігін ғалым тамыршыдай тап басқан.

Ал “Атымтай жомарт”, “Сайран”, “Шежіреші”, “Классик” тарауларының әрқайсысы шертетін баян да ауқымды. Әр тарау С.Мұқановтың әр қырын ашады. Таныс-бейтаныс деректер оқырманын еліктіріп, Сәбеңнің өзінің шығармасын оқып отырғандағыдай шым-шытырық уақиғалардың алуан түрлі соқпақтарына салып, жетелеп әкетеді.

“Сәбит Мұқановтың “Өсу жолдарымыз”, “Жарқын жұлдыздар” және ғылыми ізденісінің соңғы иіндісі болған “Қазақ қауымы” елдігіміздің, халықтығымыздың жарқын беттері екенін еріксіз мойындаймыз” деген ғұмырнама авторларының пікірі бүгінгі ұрпақтың атынан, ХХІ ғасыр мінберінен айтылып тұр деп ұғамыз.

С.Мұқановтың Абай туралы, Шоқан жөнінде, Ыбырай хақында албырт кезінде айтылған асығыс, жаңсақ топшылауларын жылдар өте келе түп-тамырымен қопара өзгерткенін, Абай мен Шоқанға көлемді монографиялық еңбектер арнағанын, Шоқан өмірінен “Аққан жұлдыз” атты тетрология жазуды жоспарлап, оның екі кітабын ғана жазып үлгергенін, жалпы Сәбеңнің өмірінің соңғы жылдарындағы қазақ қауымының салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, ұлттық шежіресіне, т.б. ерекше ден қоюында үлкен сыр жатқанына зерттеушілер айрықша назар аудартады.

 Т.Кәкішұлы мен К.Ахметтің “Сәбит Мұқанов” атты әдеби-ғылыми ғұмырнамасы сәбиттануға қосылған сүбелі үлес, әсіресе, ұлттық құндылықтарымызға, рухани қазыналарымызға жаңа көзқарасты орнықтырады, кеңестік дәуірде жазылған шығармалардың халықтық мәнін ашып, қазақ елінің жаңа ұрпағын тарихи тұлғалардың тағылымды іс-өнегесімен тәрбиелеуде әсер-ықпалы өлшеусіз зор.

Авторы: Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ

Орта ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті

0

 \r\n\r\n(Қарахан, Қарақытай, Оғыз, Қимақ хандықтарының\r\n\r\nтұрмыс-тіршілігі туралы)\r\n\r\n \r\n\r\nҚарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Негізін салған Сатұқ Боғра хан (915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30-ж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталыпы Бұқарда болған, қарауына ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі — қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.\r\n\r\n \r\n\r\nАрслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады.\r\n\r\n \r\n\r\n1056 ж. Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралыпы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Бограхан харунның (1075-1102)- Қашғар, Баласағұн мен хотан қожасының қоластына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжұқ сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nБұған бас себебі — қидан мемлекетінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\n12 ғ. екінші жартысында қидандар Батыс Түркі қағанатына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан-Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде — ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұн есімі кең мәлім болды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚара қытайлар мемлекеті (1128-1213). Қара қытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді.\r\n\r\n \r\n\r\n1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман — жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.\r\n\r\n \r\n\r\n1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарыс шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы — Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі — әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады. Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы — Елюй-Чжилугу — таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.\r\n\r\n \r\n\r\nКимақ қағанаты (9-11 ғ.б.). Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны «яньмо» тайпасымен бір деп қарайды. 840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы — «байгу» деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы — қаған атын алады.\r\n\r\n \r\n\r\n10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген. Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): «оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады»- деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін — манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.\r\n\r\n \r\n\r\n11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауының екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас — тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі.\r\n\r\n \r\n\r\nОғыз мемлекеті (9-11 ғғ. басы). 9-10 ғғ. Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук).\r\n\r\n \r\n\r\n8 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.\r\n\r\n \r\n\r\nПеченегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.\r\n\r\n \r\n\r\n9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғ.) еңбегінде айтылады.\r\n\r\n \r\n\r\nОрта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, ел ішінде бақсы-балгерлер ықпалын жүргізді. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nОғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.\r\n\r\n \r\n\r\n10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Европа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.\r\n\r\n \r\n\r\nМәдениеті. Қазақстанда туып-өскен философ әрі энциклопедияшы ғалым Әбу насыр Әл-Фараби (870-950) мұсылман шығысында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» ретінде мәлім болды. Ол Бағдаттта, Дамаскда, халеб қалаларында болды.\r\n\r\n \r\n\r\nӘл-Фараби философиясының негізі-аристотелизмді эманация туралы неоплатондық іліммен ұштастыру болып табылады. Оның философиясының бірегей, дербес сипатына ешкім күмән келтірмейді. Негізінен идеалист бола тұрып, Әл-Фараби материалистік пікірлер де айтқан. Мәселен, ол ең жоғарғы дүниенің бар екенін және оны түйсік арқылы танып-білуге болатынын мойындаған, адамның жанын денемен байланысты қараған. Нақ осы себептен де мұсылман дін басылары философты діннен безген деп те кінәлаған. Дүние, Әл-Фараби көзқарасы бойынша материалдық элементтерден құралатын заттардан тұрады. Қозғалыс дегеніміз денелердің қасиеті. Оның математика, музыка, астрономия және т.б. туралы еңбектері бар. Еңбектерінің аттары: «Ғылымның шығуы», «Музыканың ұлы кітабы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» және т.б.\r\n\r\n \r\n\r\nТүркі әдебиетінің көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашқари. \r\n\r\nЖүсіп Баласағұн 1017 жылы туды. 1069-1070 жылы «Құтты біліг»(Құтадғу біліг) атты 6520 бет тұратын поэма жазды.Автор идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі топтарға бөлінген адамдардың мінез-құлқын, ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактьикалық шығарма.\r\n\r\n \r\n\r\nМахмұд Қашқари (11ғ.) автордың айтуынша Қарахан әміршісі Насыр ибн Әли тұқымынан шыққан. Ол ел аралап түркілердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін, әдет-ғұрыптарын жазып алады. Байқауларын жинақтап «Диуани лұғат-ат-түрк» (Түркі тілдерінің сөздігі) деген еңбек жазды. Бұл еңбекті ежелгі орта ғасырдағы түріктердің халықтық өмірінің нағыз энциклопедиясы девге болады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы, сопы ақындардың ішінде Ахмет Иассауи (1103-1166) шығармалары ерекше орын алады. Ол оңтүстік Қазақстандағы түркі халқы арасында ислам мен мұсылман дінінің тарауына зор еңбек сіңірді. Оның өлеңмен жазылған «Диуани хикмет (Даналық жайындағы кітап) деген еңбегі бар.

Организмнің ішікі ортасы

0

Организм ішкі ортасы\r\n\r\nОрганизмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.\r\n\r\nҰлпа сұйықтығы\r\n\r\nҰлпа сұйықтығы түссі, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен – плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады. Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпаларының барлық жасушаларын қоршап тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады. Ұлпа сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу процесі капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады.\r\n\r\nЛимфа\r\n\r\nЛимфа – жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен венларға құйылады.\r\n\r\nҚан\r\n\r\nҚан – ашық қызыл түсті сұйықтық, ол тұйық тамырлар жүйесінде айналады және дәнекер ұлпасының бір түрі болады. Органихмде 5 л қан болады.\r\n\r\nҚан құрамы\r\n\r\nҚан плазмадан (55%) – жасуша аралық заттың сұйықтығы мен форменді элементтерден (45%) – эротроцит, лейкоцит және қан (тромбоцит) пластинкаларынан тұрады.\r\n\r\nҚан плазмасы\r\n\r\nҚан плазмасы – қанның сұйықтық бөлімі, белоктар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды).Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер,гормондар т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін құрайды. Бұл  негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді. Медицинада физиологиялық сұйықтық организмге сұйықтық жеткізу үшін пайдланады.\r\n\r\nҚан плазмасында ерітілген белоктар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады.\r\n\r\nҚанның форменді элементтері\r\n\r\nҚанның қызыл түйіршіктері немесе эротроциттер – бұл ядросыз екі жақты ойыс пішінде қан жасушалары, оның диаметрі 7,5 мкм.\r\n\r\nҚанның 1 мм3  көлемінде 5 млн эротроцит болады. Бір адамның эротроциттер мөлшері 3800 м2. Олардың негізгі қызметі — өкпеден ұлпаға оттегін өткізу болып табылады.  Эротроциттер қызыл сүйек майында пайда болады. Олар 3-4 ай бойы тіршілік етеді. Көне эротроциттер көк бауырда ыдырайды. а) сау адамның эритроциттері; ә) ауру адамның гемоглобинінің эритроциттері. Америкалық ғалым Л.Полинг 1951 жылы үлкен жаңалық ашты. Медицинада “орақ пішінді клеткалық анемия” дейтін ауру белгілі. Бұл аурумен ауырған адамдардың қанындағы эритроциттер “орақ” пішінді болады. Аурудың аты осыған байланысты аталған. Орақ пішінді эритроциттер оттекті тасымалдау қасиетінен айырылады немесе өте нашар тасиды. Л.Полинг осы аурумен ауыратын адамның клеткасы мен дені сау адамның клеткасының гемоглобиндерінің бірінші  деңгейіндегі молекулалық құрылымын зерттеген. Ауру адамның гемоглобинінің құрамындағы амин­қышқылдарының тізбегіндегі алтыншы орында тұрған “глутамин қышқылының” орнын “валин” басатынын анықтаған.\r\n\r\nа) сау адамның гемоглобинінің тізбегі; ә) ауру адамның гемоглобинінің тізбегі.\r\n\r\n \r\n\r\nМіне, бұл аурудың себебі гемоглобин құрамындағы бір ғана аминқышқылының орын ауыстыруына байланысты екендігі осы тізбектен көрініп тұр. Сонымен қатар, Л.Полинг пептид молекула­сының берік­тігі оның құра­мын­дағы оттек пен азот атомдарының сутектік бай­ланыспен байланысуына негізделген деген қорытынды жасады. Бұл еңбектері үшін Л.Полинг 1954 жылы Нобель сыйлығына ие болды.\r\n\r\n \r\n\r\nКарл Лайнус Полинг\r\n\r\nАмерикалық биофизик және биохимик. Белоктың екінші реттік құрылымы­ның теориясын тұжырым­дады. Нобель сыйлығының лауреаты.\r\n\r\nҚанның  ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер – ядросы бар және белменді амеба тәрізді  қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3  көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозикофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады.\r\n\r\nОлардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер  қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді.\r\n\r\nҚанның пластинкалары немесе тромбоцит – ұсақ (2-5 мкм диаметрінде) ядросыз денешіктер 1 мм3  көлемінде 250-400 мың тромбоцит болады, олар қан ұю процесіне қатысады.\r\n\r\n \r\n\r\n\r\n\r\n\r\nҚанның қызметі\r\n\r\nҚан келесі қызмет атқарады:\r\n

    \r\n

  1. асқорту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
  2. \r\n

  3. бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдері шығарады;
  4. \r\n

  5. тыныс алу — өкпе мен ұлпалардыңарасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
  6. \r\n

  7. регуляторлық  — әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін аңықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бесеңдетеді)
  8. \r\n

  9. қорғаыш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы белоктар —  антиденелер болады, олар ұлы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды да олардың бөліп шығарады.
  10. \r\n

  11. терморегуляторлық – қан организмнің тұрақты дене қызуын сақтайды.
  12. \r\n

\r\nҚан ұю\r\n\r\nҚан ұю – күрделі прцесс, ол фибриноген белоктың ерімейтін фибринге айналу барысында жүреді. Сол кезде пайда болған ұйыған қан – тромб фибрин талшықтарынан және қан жасушалардан құралады, ол қан тамырын тығындайды да қан кету тоқтатады. Қан ұю процесіне қажетті жағдайлар:плазма құрамында кальций тұздары және тромбоциттердің болуы. Кальций тұздары протромбин ферментін белсендіреді, ал тромбоциттерден (олардың қабы бұзылғанда) плазмаға протромбинді ферментің белсенді фибринге айналдырады, ол фибриногенді фибринге айналдырады да қан ұю жүреді. Қан ұю – организмнің өте маңызды бейімделуі, ол қан кетуден сақтайды. Гемофиля ауруымен ауырғандарда қан ұю қасиеті болмайды.\r\n\r\nҚан құю\r\n\r\nҚан кету өмірге қауіп тудырады, себебі организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын бұзады, қан қысымын төмендетеді және гемоглобиннің саны азаяды. Қан құю ертеден белгілі, бірақ қан құюдың амалдары көбінесе өліммен аяқталған. Тек 1901 жылы адамның қанының тобы аңықталғанмен, бір адмның қаны екінші адамның қанына кейде сәкес келмегендіктен аңықталды. Оны К. Ландштейнер деген ғалым ашты.  Эротроциттердің желімдеу (агглютинация) себеп болатын донорлық  эротроцит құрамындағы зат – агглютинин ( немесе/және ) заттары. Желімдеу тек бір жағдайда болады, егер агглютиноген А, агглютинин  және агглютиноген В, агглютинин  кездесе ғана жүреді. Адамдардың қаны төрт топқа бөлінеді, олардың құрамында  А агглютиноген және агглютинмен ал  В агглютиногені агглютинмен кездескенде ғана эротроциттер жойылуы байқалады:\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Топ Эротроциттердегі агглютиноген Қан плазмасындағы агглютинин
I(0) жоқ  және
II(A) A
III(B) B
IV(AB) AB Жоқ

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nТұқым қуалайтын ауруларды емдеу\r\n\r\nМедициналық генетиканың алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі — тұқым қуалайтын аурулардың биохимиялық механизмдерін анықтап, соның негізінде оларды емдеудің жолдарын іздестіру. Мысалыға, қантты диабет ауруын алайық. Бұл ауру ұйқы безінің гормоны — инсулиннің түзілмеуіне байланысты болады, оны рецессивті ген анықтайды. Қантты диабетті организмге инсулин енгізу арқылы ғана емдейді. Бұл жағдайда тек ауру ғана, яғни “зиянды” геннің фенотиптік көрінісі емделеді. Емделіп жазылған адам ол генді өзінде сақтап, келесі ұрпағына береді. Қазіргі кезде көптеген тұқым қуалайтын аурулардың биохимиялық механизмдері анықталған. Соның бірі шизофрения ауруының бір түрі — фенилкетонурия. Бұл аурудың биохимиялық негізін зерттегенде белок құрамына кіретін фенилаланин аминқышқылы триптофанға айналуы керек. Оған арнайы фермент қатысады. Ал ол ферменттің қызметін белгілі бір ген бақылайды. Егер ол ген өзгеріске ұшыраса, аталған биохимиялық алмасулар дұрыс жүрмейді, яғни фенилаланин триптофанға айналмайды. Сондықтан оның концентрациясы артып кетеді. Мұндай жағдайда адамның миы мен жұлыны зақымдалып,  психикалық ауруға ұшырайды. Осындай механизмдері анықталғаннан кейін фенилкетонурияны емдеудің де жолдары табылды. Ол үшін құрамында фенилаланин аминқышқылы аз тағамдармен тамақтану керек немесе қажетті ферментті организмге егу қажет. Адамда жақсы зерттелген мәселелердің бірі — қан топтарының тұқым қуалауы. Соның ішінде резус-факторды алайық. Резус-фактордың қанның құрамында болуын анықтайтын ген екі түрлі жағдайда болады: біреуі оң резус “+”, екіншісі теріс резус “—”. Резусы “теріс” әйел, резусы “оң” ер адаммен некелескенде оң резус болуды анықтайтын геннің доминантты болуына байланысты ұрық әкесінен осы қасиетті алады. Сөйтіп анасының қанына ерекше зат — антиген жасап шығарады. Ал анасының организмінде оған қарсы антиденелер түзіледі. Олар ұрықтың қан жасалу жүйесін бұзады. Нәтижесінде ана организмі мен ұрық уланады. Бұл ұрықтың өліміне апарып соғады.\r\n\r\n 

Оқу əдістері жəне құрал жабдықтары

0

 \r\n\r\nЖоспары\r\n

    \r\n

  1. Оқу, əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні
  2. \r\n

  3. Оқу əдістерін топтастыру
  4. \r\n

  5. Оқу құрал-жабдықтары
  6. \r\n

  7. Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу
  8. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Оқу əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні
  2. \r\n

\r\nБілімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне тəуелді.\r\n\r\nОқу əдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл — тəсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің өзара байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді.\r\n\r\nДидактикада кең қолданым тауып жүрген жəне бір түсініктер легі –бұл “оқу тəсілі” жəне “оқу ережелері”.\r\n\r\nОқу тəсілдері- оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “əдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда əдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу-тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тəсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік — əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі тəсіл болып есептеледі.\r\n\r\nСонымен, əдіс көптеген тəсілдерден құралады, бірақ олардың жəй жиынтығын білдірмейді. Тəсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері іс-əрекеттеріне даралық сипат береді.\r\n\r\nОқу ережелері (дидиактикалық ережелер) – оқу процесінің қалыпты педагогикалық жағдайларында қандай жəне қайтіп əрекет жасау қажеттігін көрсететін нақты ұсыныс.\r\n\r\nЕреже əрқандай тəсілдің сипаттамасы, норматив моделі есебінде қолданылады. Нақты міндет шешіміне пайдаланатын ережелер жүйесі — əдістің норматив-сипаттама моделін құрайды.\r\n\r\nОқу əдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу əдістері де өзгеріске келеді.\r\n\r\nҚоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең əулетке тəжірибе өткізу ересектер мен балалардың бірлікті іс-əркеттік процесінде орындалып жатты. Бұл дəуірлердегі басты оқу əдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты. Ересектер қалай əрекетке келсе, балалар соны қайталап, қорек табу, от жағу, киім-кешек дайындау ж.т.б. үйренді. Негізгі оқуды өзгертпей, қайта жасау (репроедуктив), (“мендей етіп істе”) əдісі алынды. Кейінгі замандардағы барша əдістер осы қайталай жасау əдісінен өз бастауларын алды.\r\n\r\nМектептердің ресми формаларының ұйымдастырылуы заманынан оқудың сөздік (ауызша) əдістері пайда болды. Мұғалім дайын ақпаратты сөзбен жеткізіп отырды, оқушылар оны есіте отырып, игерумен болады. Қоғамға жазудың келуі, кітап баспасының өркендеуі, білімді жария етуде, жинақтауда жəне əулеттен əулетке жеткізуде (код) таңбаны пайдалануға мүмкіндік берді. Енді сөз негізгі ақпарат ұсыну құралына айналып, ал кітап бойынша оқыту мұғалім мен оқушының ең көп тараған өзара ықпал жасау əдісі болды.\r\n\r\nКітап əрқилы қолданылды. Ортағасыр мектебінде оқушылар негізінен діни мазмұндағы мəтіндерді қарадүрсін жаттаумен шектелді. Осыдан жалаң, жаттанды оқу (догматикалық) əдісі үрдіске айналды. Бұл əдістің сəл жетілген түрі сұрақ қою, дайын жауаптар берумен (софистика) байланыстырылды.\r\n\r\nҰлы жаңалықтар ашу жəне ойлап табу дəуірінде бұрын оқытудың жалғыз- ақ жолы болған сөздік əдіс өз маңызын жоғалта бастады. Өркендеудегі қоғам қажетіне орай оқу процесіне бақылау, эксперимент, өзіндік жұмыс, жаттығу, яғни оқушыда белсенділік, саналылық, ынталылық оятуға бағытталған əдістер ене бастады. Көрнекі оқу əдісі де кең тарады.\r\n\r\nXІХ-ХХ ғ.ғ. шектерінде сөздік əдіске балама ретінде бала қажеттері мен қызығуларын біршама толық ескеретін, оның өзіндік əрекеттерінің дамуына жол ашатын эвристикалық (шығармашылдық) əдіс маңызды орын иелей бастады. “Кітаби” əдістердің орнына “табиғи ” əдістер келді. Яғни оқу шынайы болмыс, қоршаған дүниемен байланыстырылатын болды. Ұстаз бен оқушыны енді оқудың практикалық əдістерін қажет ететін “іс-əрекет арқылы оқып- үйрену” əдісі қызықтыра бастады. Мұндай оқуда қол еңбегіне, еңбекпен байланысты іс-əрекеттерге, сонымен бірге оқушылардың кітаппен жұмыс істеуіне көп мəн беріліп, балалардың өз тəжірибесі негізінде дербестік қабілетін дамыту басты назарға алынды. Шамалап ізденіс, зерттеу əдістері қалыптасты.\r\n\r\nДегенмен, білім дамуының əр кезеңдерінде қолданымға келген əдістердің қай-қайсысы да өз бетінше жеке қажетті педагогикалық нəтижені қамтамасыз ете алмайды. Оқу əдістерінің əрбірі өз алдына əмбебап қызмет атқармайды. Оқу барысында əрқилы əдістерді өзара байланыстыра қолдану, пайдалану ғана тиімді өнімін береді.\r\n

    \r\n

  1. Оқу əдістерін топтастыру
  2. \r\n

\r\nОсы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын əдістер саны, түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу əдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мəнділік пен кездейсоқтықты анықтауға жəрдемдеседі, оларды мақсатқа орай əрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.\r\n\r\nҚазіргі күнде педагогикада əдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған.\r\n

    \r\n

  1. Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
  2. \r\n

\r\nМұндай топтастыруға байланысты əдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім əрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген əдістер тобына енетіндер:\r\n\r\n— білім жинақтау əдісі;\r\n\r\n— ептілік жəне дағды қалыптастыру əдісі;\r\n\r\n— білімді қолдану, пайдалану əдісі;\r\n\r\n— білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) əдістері.\r\n

    \r\n

  1. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
  2. \r\n

\r\nТəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, іс-əрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).\r\n\r\nОқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі. Олар-əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян (лекция), кітаппен жұмыс.\r\n\r\nƏңгімелеу – оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.\r\n\r\nТүсіндіру – бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дəлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат – оқудың диалогтық əдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.\r\n\r\nДəрісбаян (лекция) — көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дəрісбаянның басқа сөздік əдістерден өзгешелігі – қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мəнін ашу жүйелікке негізделеді.\r\n\r\nДəрісбаян ғылыми-көпшілік жəне академиялық болып ажыралады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дəрісбаяндары қолданылады.\r\n\r\nҚазіргі кезеңде дəрісбаян əдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тəсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр.\r\n\r\nОқу сөз-жарысы (дискуссия) əдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми –теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз –жарысының басты қызметі –шəкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру.\r\n\r\nСөз жарыс жəрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді, өз пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін түсінеді.\r\n\r\nКітаппен (оқулықпен) жұмыс – кітап оқу сөздік əдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл əдістің тиімділігі –оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.\r\n\r\nБаспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар:\r\n\r\n— конспектілеу — оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды;\r\n\r\n— тезистер түзу — негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау;\r\n\r\n— реферат құрастыру – тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру;\r\n\r\n— мəтін жоспарын жасау — мəтінді бөлімдерге келтіріп, əрқайсысына атама беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін;\r\n\r\n— сілтемелер беру (цитирование)- мəтіннен өзгертілместен бөліп алынған көшірме. Сілтемеге байланысты қойылатын талаптар: əдептілік болуы, мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған еңбектің авторын, атамасын, баспа орыны мен атын, жария жылын, бетін дəл келтіру;\r\n\r\n— түсініктеме беру (аннотация)- оқылғанның мəнді тараптарын жойып алмастан, қысқа, ықшам баяндау (ауызша не жазба);\r\n\r\n— пікір беру (рецензирование)- оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған қысқаша ауызша не жазба баян.\r\n\r\n— анықтама (справка) түзу –ізденіс нəтижесінде жинақталған ақпарат бойынша мəлімет. Анықтамалар түрі — өмірнамалық дерек, сандық- статистикалық, жағрапиялық, терминологиялық жəне т.б.\r\n\r\n— формальды –қисынды модель жасау — оқылғанды сөз-сүлбе (схема) күйінде жеткізу;\r\n\r\n— тақырыптық тезаурус құрастыру — тақырып, бөлім не түгелдей пəн бойынша тірек ұғымдардың реттелген жиынтық тізімін жасау;\r\n\r\n— идеялар матрицасын жасау — біртекті заттар, құбылыстар жөнінде келтірілген түрлі авторлар еңбектеріндегі салыстырмалы сипаттамаларда кесте формасына келтіру;\r\n\r\n— пиктографиялық жазба –сөзсіз бейнелеу.\r\n\r\nБілім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті — бұл көрнекілік əдістер. Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге пайдаланылады.\r\n\r\nОқудың практикалық əдістері — оқушының іс-əрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті –тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық жəне тəжірибелік əдістері бірігеді.\r\n\r\nЖаттығулар – материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу əрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мəрте қайталаумен орындау.\r\n\r\nЖаттығулар ауызша, жазба, графикалық жəне оқу-еңбектік болып ажыралады.\r\n\r\nАуызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мəдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды.\r\n\r\nЖазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту жəне олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу.\r\n\r\nОқу-еңбектік жаттығулар ерекше əдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану нəтижесінде оқушылар теориялық біліктерін еңбек іс-əрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен, лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады.\r\n\r\nОқушылардың өзіндік əрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие.\r\n\r\nОқу процесінің белсенділігін көтеру, оқу тапсырмаларының сапалы орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. Бұлардың мəні – оқушы орындап жатқан əрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі.\r\n\r\nЛабораториялық жұмыстар əдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тəжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл əдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік жəне дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Оқу əдістерін шəкірттердің танымдық əрекеттеріне орай топтастыру
  2. \r\n

\r\nТанымдық іс-əрекет сипаты оқушының ойлау белсенділігінің деңгейінен көрінеді. Мұндай топтастыру тұрғысынан келесі əдістер түрі ажыралады: түсіндірме – көрнекілі (ақпаратты – рецептивті, іштей түсіну), қайталай жасау (репрадуктивті), проблемді баяндау, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) жəне зерттеу.\r\n\r\nТүсіндірме – көрнекілі əдістің мəні – оқытушы əрқилы құрал-жабдықтар көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді жəне есте қалдырады. Оқушылардың танымдық іс-əрекеті дайын білімдерді есте қалдыруымен еленеді, бірақ бұл бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой белсенділігіне ешқандайда əсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни ақпаратты- іштей түсіну əдісі əрдайым тиімді бола бермейді.\r\n\r\nҚайта жасау (репродуктивті) əдісте оқытушы ақпаратты дайын күйінде хабарлап, түсіндіреді, ал оқушылар оны меңгеріп, ұстаз тапсырмасымен сол күйінде қайталап айтып береді. Білім өзгеріске түспейді, оқушыдан шығармашыл белсенділік талап етілмейді.\r\n\r\nҚайта жасау əдісінің, ақпараттық іштей түйсіну əдісіндегідей басты тиімділігі- уақыт, күш қуат үнемділігі. Бұл əдіс қысқа уақытта, көп күш жұмсамай ауқымды көлемдегі білім қоры мен ептіліктерді түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақ барысындағы көп қайталаудан білім бекімі бірқанша жоғары болады. Бірақ бұл əдіс те оқушылардың ой белсенділігін көтеруде өзінің тиімсіздігімен байқалады.\r\n\r\nПроблемді оқу əдісі — оқу процесіндегі орындаушылық қызметтен шығармашыл іс-əрекетке өту құралы ретінде танылады. Бұл əдістің мəні – оқытушы мəселе ұсына отырып, оның шешімін береді, таным процесіндегі ой өрісінің даму жолын көрсетеді. Оқушылар дайын білімдерді, қорытындыларды тек қана түсініп, есте қалдырумен шектеліп қалмай, дəлелдер қисынына, ой пайымдау тəсіліне бақылау қояды. Мұндай əдісті қолдану барысында оқушылар таным процесінің тікелей қатысушысы болмағанымен, мұғалімнің ой топшылауларына зер сала отырып, өздеріде проблема шешуге үйреніп барады.\r\n\r\nТанымдық процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны — бұл бөлшектеп ізденіс (эвристикалық) əдісі. Бұл əдіске байланысты оқушылар күрделі оқу проблемасын толықтай бастан-аяқ шешпестен, проблеманы бөлшектерге келтіріп, оларды бірінің ізімен екіншісіне жауап тауып отырады.\r\n\r\nОқытушы мұндайда оқушының ізденіс əрекетіндегі əр қадамына назар сала отырып, оған бағыт-бағдар сілтейді.\r\n\r\nОқудың зерттеу əдісі – оқушының білім игерудегі шығармашылдық ізденісіне басты назар аударады. Бұл əдісті қолданудағы басты мақсат- оқушының білім игерудегі саналылығын көтеру, құбылыстар мен оқиғаларды нақты күйінде қабылдамай, олардың мəн-мағынасына тереңдей ұғынуға үйрету, қорытындылар жасауға баулып, игерген білім, ептілік жəне дағдыларын тұрмыста қолдануға жаттықтыру.\r\n\r\nБұл əдістің бір кемшілігі – көп уақыт жұмсауды талап етеді.\r\n\r\nЖоғарыда аталған дəстүрлі əдістерінің бəрі оқушының таңдау, есте қалдыру, мұғалімнің айтқанын қайталау əрекеттерін дамытуға бағытталып, шын мəніндегі шығармашыл еңбек, белсенді таным мүмкіндіктерін өрбітуде тиімсіздік танытады. Бұл кемшілікті белсенді жəне жедел əдістермен толықтыруға болады. Оқудың белсенді əдістері – оқушы іс-əрекетіне өнімділік, шығармашыл- жасампаздық жəне ізденісті — зерттеу сипатын беретін жол-жобалар тобы. Оқу танымдық процесте шəкірт белсенділігін көтеруге дидактикалық ойындар, нақты ситуатцияларды талдау, іскерлік ойындар, проблемді мəселелерді шешу, алгоритм бойынша оқу, ақыл шабуылы (“мазговая атака”), жеке ұғымдармен жұмыс істеу.\r\n\r\nЖедел əдістер – қысқа уақыт аралығында оқу сеанстарына ұзақтай ендіру жолымен көзделген іс-əрекетке үйретуде қолданылады (шомдыру əдісі). Бұл əдістер бизнес, маркетинг, шет ел тілдерін, практикалық психология мен педагогиканы оқытуда кең қолданылуда.\r\n\r\nҚазіргі уақыттары жалпы педагогикада теориялық негізін тауып, оқу-тəрбие процесіне еніп жатқан бұрын соңды естімеген əдістер тобын келтіруге болады: суггестопедия — иландыру жолымен оқыту; гипнопедия –ұйқыда оқыту; фармакопедия — дəрі-дəрмек қолданып оқыту. Бұл əдістердің бəрі адамның табиғатындағы, ішкі мүмкіндіктеріне қозғау салып оқытуға бағытталған.\r\n\r\nСонымен, əдіс көп, оның топтастырылуы да сан қилы, əрқайсысы өз алдына тиімді де, кемшілігі де жоқ емес.Осынысына көз жібере отырып, зерделі ұстаз оқу мақсатына, мазмұнына, алдындағы оқу субъектіне сай келетін нақты əдіс таңдайды, оны қолданудың жолдарына мəн береді.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. 4. Оқу құрал – жабдықтары
  2. \r\n

\r\nОқу əдістері белгілі оқу ( дидактика) құрал — жабдықтарымен іске асырылады. Оқу құрал-жабдықтары — бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең жəне тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу жəне көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар жəне т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жəрдемші жағдаяттардың бəрін түсінеміз, яғни оқу əдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бəрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Оқу құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, əдістер сияқты оқу, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу-танымдық іс-əрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі:\r\n\r\n— көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.;\r\n\r\n— есіту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, əн-күй аспаптары ж.т.б.;\r\n\r\n— есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;\r\n\r\n— сөздік құралдар — оқулықтар, мəтіндер;\r\n\r\n— оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары;\r\n\r\n— сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.\r\n

    \r\n

  1. 5. Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу
  2. \r\n

\r\nПедагогикалық қызмет əдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген объектив жəне субъектив себептерге тəуелді, атап айтатын болсақ, олар:\r\n\r\n— оқу заңдылықтары жəне оларға негізделген принциптер;\r\n\r\n— адамның оқу, тəрбие жəне дамуына байланысты жалпы мақсаттар;\r\n\r\n— нақты білімдену –тəрбие міндеттері;\r\n\r\n— оқуға болған ынта деңгейі;\r\n\r\n— нақты оқу пəнінің əдістемелік ерекшеліктері;\r\n\r\n— материал мазмұны;\r\n\r\n— материал игеруге бөлінген уақыт;\r\n\r\n— оқу материалының саны мен күрделілігі;\r\n\r\n— оқушылардың дайындық деңгейі;\r\n\r\n— шəкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дəрежесі;\r\n\r\n— дəріс түрі мен құрылымы;\r\n\r\n— оқушылар саны;\r\n\r\n— балалар қызығулары мен ықыласы;\r\n\r\n— оқу еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен шəкірт арасындағы қарым-қатынас (қызметтестік не əміршіл — əкімшіл);\r\n\r\n— материалды – техникалық қамсыздандырылуы;\r\n\r\n— педагогтың тұлғалық ерекшеліктері мен біліктілік деңгей- дəрежесі.\r\n\r\nАталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып, оқытушы нақты əдіс пен құрал – жабдықты іріктеу, таңдау жөнінде шешім қабылдайды немесе дəріс өткізудің жағдайына орай бірнеше əрқилы əдіс не құралды біріктіре пайдалануды көздейді.\r\n\r\n \r\n\r\nБақылау сұрақтары мен тапсырмалары\r\n

    \r\n

  1. Оқу əдісі деген не?
  2. \r\n

  3. Өзіңізге таныс əдістер топтамасына сипаттама беріңіз?
  4. \r\n

  5. Оқу əдістерінің қай топтамасы, сіздіңше, сəтті берілген?
  6. \r\n

  7. Оқу əдістерін іріктеуге ықпал етуші жағдаяттарды атап беріңіз?
  8. \r\n

  9. Қай жағдайда зат не құбылыс оқу құралы ретінде танылады?
  10. \r\n

\r\n 

Нуклеин қышқылдары және нуклеин қышқылдарын зерттеудегі ғылыми деректер.

0

 \r\n\r\nНуклеин қышқылдарын зерттеудегі ғылыми деректер. Нуклеин қышқылдары — тірі организмдегі тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтай отырып, оны келесі ұрпақтарға жеткізетін күрделі құрылысты молекула.\r\n\r\nХХ ғасырдың 30—40-жылдары организм өсіп-өнгенде өзінде бар қасиеттерін келесі ұрпақтарға жеткізудегі нуклеин қышқылдарының рөлі ғылыми тұрғыдан толықтай дәлелденді.1868 жылы швед биохимигі Ф.Мишер клетка ядросының құрамынан қышқылдық қасиеті бар затты бөліп алған. Оны алғаш рет ядродан тапқандықтан (латынша “нуклеус” — ядро) нуклеин қышқылы деп атады. 1951 жылы американдық биохимик Э.Чаргафф ДНҚ молекуласының құрамына 4 нуклеотид кіретіндігін тапты.1-сурет\r\n\r\n \r\n\r\n Қос оралмалы ДНҚ сақинасы\r\n\r\nЕкі нуклеотид — аденин мен гуанин (екі сақиналы) пуриндік негізге, тимин мен цитозин (бір сақиналы) пиримидиндік негізге жатады. Э.Чаргафф адениннің саны тиминмен бірдей: А=Т, ал гуаниннің саны цитозиннің санына Г=Ц сәйкес екенін анықтады. 1950 жылы ағылшын биофизигі М.Уилкинс ДНҚ-ның кристалдық талшықтарының рентгенграммасын алды.\r\n\r\nР.Франклин ДНҚ молекуласының рентгенграммалық суретін бірінші түсірген ғалымдардың бірі болды. Ол рентгенграмманың көмегімен көмірсулы фосфатты тұлғаның (сүйеніш) шиыршықтың сыртқы жағында, ал азотты негіздер ішкі жағында орналасатындығын және шиыршықтың бір оралымында он нуклеотид болатынын анықтады.ДНҚ-ның құрамын анықтауда Р.Франклин ашқан деректердің маңызы өте зор болды. Алайда, ДНҚ молекуласының қанша жіпшеден тұратыны және қалай байланысқаны анықталмады. Бұны 1953 жылы американдық биохимик Дж. Уотсон мен ағылшын биофизигі әрі генетигі Ф.Крик анықтады. Олар рентген құрылымдық әдісті пайдаланып ДНҚ молекуласының құрамын ашты.Рентген құрылымдық зерттеулер ДНҚ молекуласының ұзын полипептидтік тізбек екенін дәлелдеді. Ол тізбектер қосарлана бұралып, қос оралым  түзеді. Екі тізбектің азотты негіздері оралымның ішінде қалып, олар өзара бір-бірімен сутектік байланыс түзеді. Ал көмірсу мен фосфат топтары оралымды сырттап қалады. Демек, әр тізбектің азоттық негіздері коваленттік байланыс арқылы бірін-бірі толықтырып тұратын комплементарлық принципке сай байланысады. Яғни, аденин мен тимин екі сутектік, ал гуанин мен цитозин үш сутектік байланыс арқылы қосылатыны анықталды. Сонымен, 1953 жылы Дж. Уотсон мен Ф.Крик ДНҚ молекуласының құрылымдық моделін жасап, Халықаралық Нобель сыйлығына ие болды.Қорытындылай келгенде, Дж. Уотсон мен Ф.Крик ашқан ДНҚ молекуласы құрылымының дұрыстығы тәжірибе жүзінде толық дәлелденіп, молекулалық биология мен генетиканың дамуына зор ықпалын тигізді.Сызбанұсқадан көріп отырғанымыздай, нуклеин қышқылдарының азоттық негіздері, рибоза мен дезоксирибоза қосылып нуклеозид түзеді. Құрамына азотты негіз, рибоза немесе дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы кіретін қосылыс нуклеотид деп аталады. Нуклеотидтер — нуклеин қышқылының мономерлері, олар екі топқа бөлінеді: пуриндік — аденин мен гуанин және пиримидиндік — тимин, урацил және цитозин. Әрбір нуклеотидтер молекуласының құрылыстары бойынша бір-бірінен айқын ажыратылады. Hуклеотидтің молекуласы азотты негізден, дезоксирибозадан және фосфор қышқылының қалдығынан тұрады. Ғылымда азотты негіз аденин — А, тимин — Т, цитозин — Ц, гуанин — Г әріптерімен таңбаланады. Аденин мен гуаниннің азотты негіздері қос сақиналы, тимин мен цитозин бір сақиналы екендігі белгілі.\r\n\r\n \r\n\r\nНуклеотидтердің әр тізбегі өзара ұқсас буындары дезоксирибоза мен фосфор қышқылының қалдықтары арқылы байланысады. Енді, ДНҚ-ның қосарлы сақинасының (оралымның) қалай түзілетінін қарастырайық. Мұнда бір тізбектің азотты негіздері екінші тізбектің азотты негіздерімен сутектік байланыс арқылы қосылыс түзеді. Сутектік байланыстың түзілуі — олардың азоттық негіздерінің өте жақын түйісуінің нәтижесі. Түйісетін нуклеотидтер белгілі бір заңдылыққа бағынады. Атап айтқанда, бір тізбекте А орналасса, оның қарсысындағы екінші тізбекте Т орналасады, демек А-ға — Т комплементті, ал Г-ге — Ц комплементті болады. Нуклеотидтердің осылай комплементке сәйкес орналасуының нәтижесінде, біріншіден, қосарлы сақинаның ұзына бойындағы тізбектердің ара қашықтығы бірдей болады, екіншіден, қарама-қарсы орналасқан негіздердің арасында  берік сутектік байланыс түзіледі. Атап айтқанда, Г мен Ц арасында үш сутектік, ал А мен Т арасында екі сутектік байланыс түзіледі. Неғұрлым сутектік байланыс жиі болса, ДНҚ жіпшелері берік және оның молекуласының қозғалғыштығы тұрақты сақталатындығы дәлелденді.\r\n\r\nСонымен, жоғарыда айтылған ғылыми мағлұматтарға сүйене отырып, ДНҚ молекуласының құрылымын төмендегідей қорытындылайық.\r\n\r\nДНҚ — макромолекула, оның мономерлерінің рөлін нуклеотид атқарады, оларға: аденин, гуанин, тимин және цитозин жатады. Олардың алдыңғы екеуі екі, ал қалғандары бір сақиналы, әр нуклеотид бесбұрышты қантпен қосылған фосфат тобы және азоттық негізден тұрады. Осы фосфор тобы мен қанттың қалдығынан тұратын ұзын шиыршықты молекуланы қант-фосфорлы тұлға дейді.\r\n\r\nЭ.Чаргаффтың ережесі бойынша ДНҚ молекуласындағы пуриндік және пиримидиндік негіздердің арасында сандық сәйкестіліктің бар екенін көреміз.\r\n

    \r\n

  1. ДНҚ молекуласындағы адениннің мольдік мөлшері гуаниннің мөлшеріне тең, А:Т=1.
  2. \r\n

  3. ДНҚ молекуласындағы гуаниннің мольдік мөлшері цитозиннің мольдік мөлшеріне тең, Г:Ц=1.
  4. \r\n

  5. Шыққан тегіне байланыссыз әр түрлі ДНҚ-ның молекуласындағы пурин негіздерінің қосындысы пиримидин негіздерінің қосындысына тең: = 1.
  6. \r\n

  7. 1962 жылы орыс биохимиктері А.Н.Белозерский және А.С.Спирин нуклеотидтердің құрамын анықтап, сипаттау үшін ерекшелік коэффиценті деген ұғымды енгізді. Бұл ерекшелік коэфиценті ДНҚ молекуласындағы  ара қатынасын бейнелейді.
  8. \r\n

\r\nДНҚ молекуласы — үш құрылымды. ДНҚ-ның бірінші реттік құрылымына — оның молекуласындағы нуклеотид қалдықтарының белгілі тәртіппен кезектесіп қайталануы жатады. ДНҚ-ның екінші реттік құрылымы — оның шиыршықты, яғни көптеген дезоксирибонуклеотид тізбектерінің оралым түрінде болуы. Әр тізбектің орамы 10 қос нуклеотидтен тұрады, бір орамның ұзындығы 3,4 нм болады. Нуклеотидтердің ара қашықтығы 0,34 нм-ге тең. Олардың диаметрі — 1,7 нм\r\n\r\nДНҚ-ның үшінші реттік құрылы­мында оралым кеңістікте бүктеліп орналасады.Нуклеин қышқылдары екіге бөлінеді: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) және рибонуклеин (РНҚ) қышқылы. Олардың бұлай аталу себебі — нуклеотид молекуласының құрамына кіретін пентозаның түріне байланысты. Егер молекуласының құрамына дезоксири­боза кірсе — ДНҚ, ал рибоза кірсе — РНҚ деп аталады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 

Маман кеңесі. Шет тілін қашанда өз тіліңде сөйлейтін мұғалімнен үйренген тиімді

0

«Шет тілін қашанда өз тіліңде сөйлейтін мұғалімнен үйренген тиімді».  Халықаралық түркі халықтары Ассамблеясының өкілі, өкілдік директорының орынбасары Сона Ульфанова осылай дейді.\r\n\r\nОның айтуынша, әрбір шет тілін үйренуші адам, сол тілдің қыр-сырын, ережесін ең алдымен өзінің ана тілінде ұғынып, түсінуі тиіс. Сонда ғана кез келген тілді тез әрі сапалы меңгеруге болады.\r\n\r\n«Қазір, әрине, шет тілін шетелде немесе сол тілдің иегерінен, яғни ағылшын тілі болса, ағылшындық азматтан, қытай тілі болса қытайлық азаматтан оқып үйрену үрдіс алған. Ал біз басқа әдісті қолдандық. Енді Алматыда ашылған өкілдіктің сыныптарында түрік тілін үйреншілерге Анкара университеті жанындағы «Түмар» орталығынан білім алған, қазақ тілін терең меңгерген мұғалімдер ғана дәріс беретін болады. Бұл қазақ жастарына түрік тілін тез әрі сапалы үйренуге септігін тигізеді деген сенімдеміз», — деді С. Ульфанова.\r\n\r\nАйта кетелік, Түркия жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген шетелдік талапкерлер талап бойынша, ең алдымен Анкара университеті жанындағы «Түмар» (Түрік тілін үйрену орталығы) орталығында шетелдіктерге арналған ерекше оқу әдістемесі бойынша бір жыл білім алулары тиіс. Тек түрік тілін меңгергені жайында ойдағыдай емтихан тапсырғандар жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алады.\r\n\r\nАл бұдан былай, Түркияда білім алғылары келетін қазақстандық талапкерлер, енді «Түмар» орталығына бармай-ақ, бүгін Алматыда ашылған аталмыш орталықтың өкілдігінен түрік тілін тиісті бағдарлама бойынша үйрене алады. Кейін қолдарына тиісті сертификат алған талапкерлер үшін, тіке жоғары оқу орнына түсуге жол ашылады.\r\n\r\nДерек көзі: ҚазАқпарат

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы жарияланды

0

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес конкурс өткізіледі.\r\n\r\nКонкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатын және байқауға құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.\r\n\r\n«Жоғары оқу орындарының ректорлары үстіміздегі жылғы қазанда конкурстың жоғары оқу орныішілік кезеңін өткізуді ұйымдастырады,  байқауды өткізу тәртібі дербес анықталады. Бұл ретте, соңғы бес жылдағы сапалық және сандық көрсеткіштер негізге алынады»,-делінген ҚР БҒМ мәліметінде.\r\n\r\nРеспубликалық  кезеңге конкурсқа қатысушылардан құжаттарды қабылдау мерзімі 2014 жылғы 1 қарашадан 21 қарашаға дейін өткізіледі.\r\n\r\nДерек көзі: ҚазАқпарат

Қытайдағы үздік қазақстандық студенттер

0

Қытайдағы ҚР Елшісі Нұрлан Ермекбаев Бейжіңде оқып жатқан қазақстандықтармен кездесуінде оқу мен қоғамдық жұмыстарда үздік көрініп жүрген студенттердің есімдерін атады.\r\n\r\n«Елшілік біздің студенттердің оқу деңгейін үнемі назарда ұстайды. Қытайлық оқытушылардың мінездемелеріне орай оқуда үздік атанғандарды атап өтуге болады. Олар: Қытай Ғылым академиясының Инновациялық технология институтының магистранты  Нұрсұлтан Қалықұлов, Бейжің дәстүрлі медицина институтының  5-інші курс студенті Айгүл Сұлтанбек, Бейжің политехникалық институтының ақпараттық технология факультетінің 4-інші курс студенті  Арман Сыдықов, Медицина университетінің 5-інші курс студенті Ғалымжан Исабеков, «Цинхуа» университетінің қытай тілі факультетінің 3-інші курс студенті Яна Ким. Бұдан басқа да оқуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүргендер аз емес»,-деді Нұрлан Ермекбаев.\r\n\r\nЕлші сонымен қатар Бейжіңдегі (Ален Нұрбаев), Шанхайдағы (Тілектес Адамбеков) және Ухандағы (Жандос Жағыпаров) қазақстандық студенттер қауымдастығының жұмысын атап өтті.\r\n\r\nДереккөзі: ҚазАқпарат\r\n\r\n 

Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынстар. Неке шарты

0

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып абылады.\r\n\r\nНеке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.\r\n\r\nЕгер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.\r\n\r\nАдамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік — өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).\r\n\r\nОтбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей – тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.\r\n\r\nТуыстық және туысқандардың түрлері.\r\n\r\nОтбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындаңы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынстардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондақтан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармақ – арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).\r\n\r\nЖанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негіздеген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы — әкесі, ал енді бір жағдайда – атасы болып табылатын көкесі мен жиені.\r\n\r\nМысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай – ақ алыс туысқан да есепке алынады. Бүгінгі күнгі мұрагерлердің алты кезектілігі анықталған. Оларға: балалары, ерлі – зайыптылар мен ата – аналарынан басқа (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толық туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай – ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтәлері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде ое жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары, өгей әкесі мен шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады. Туған ағалары мен қарындастары толық туыс және толық емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар – бір ортақ ата – анадан тарайтын аға – іні, апа – қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні – қарындастары толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері басқа болса, оларды бір кіндіктен тарағандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бір, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды. Қазақстанның отбасылық заңнамасы құқықтық жағынан ағасына іні – қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды.\r\n\r\nТолық емес туыс аға – қарындастарды ерлі – зайыптылардың бұрынғы некелерінен немесе некеден тыс туған туыс аға – қарындастарымен шатастыруға болмайды. Олардың ортақ әкелері де шешелері де жоқ, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның тусытары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары – екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке – шешесі және өгей ер бала мен қыз да сүйек жақындар деп есептеледі.\r\n\r\n \r\n\r\nОтбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы.\r\n\r\n \r\n\r\nОтбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата – анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады.\r\n\r\nТолық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата – анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі – зайыптыны бағып – қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі – зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекетарқыы қорғалады.\r\n\r\n \r\n\r\nНеке мен отбасын қорғау.\r\n\r\n \r\n\r\nНеке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асрылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде – отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары.\r\n\r\nЕкінші түрі – отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың іс — әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей – ақ өздері іске асырады. Мұндай іс — әрекеттерді – құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата – анасы тәртіп бұзушы баланың ата – анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жаайды және т.б.\r\n\r\nСот арқылы қорғау – отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар — әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай – ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.\r\n\r\n \r\n\r\nНЕКЕГЕ ТҰРУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ.\r\n\r\nНекенің құқықтық табиғаты.\r\n\r\n \r\n\r\nЗаңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай – ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі – зайыптық қатынстар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру бегілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады.\r\n\r\nҚазақстанда мемекеттік АХАТ органында тіркелген неке ғана танылады.\r\n\r\nҚазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.\r\n\r\n \r\n\r\nНекеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.\r\n\r\n \r\n\r\nНекеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады.\r\n\r\nЕгер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күәмнсіз.\r\n\r\nОтбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас.\r\n\r\nАХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да длелді себептердің болуы мүмкін.\r\n\r\nНекеге тұратын адамдар медециналық, сондай – ақ медециналық – генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медециналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.\r\n\r\nБолашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде млімдеуі керек. Ал олардың біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді.\r\n\r\nНекеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады.\r\n\r\nҚамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі.\r\n\r\nЗаңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс — әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.\r\n\r\n \r\n\r\nНекелік шарт.\r\n\r\n \r\n\r\nНекелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым.\r\n\r\nНекелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.\r\n\r\nНекелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек.\r\n\r\nНекелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды.\r\n\r\nНекеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз.\r\n\r\nНекелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nНЕКЕНІ БҰЗУ.\r\n\r\nНекені тоқтату және оның негізі.\r\n\r\n \r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.\r\n\r\nНекені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:\r\n

    \r\n

  • ерінің қайтыс болуы;
  • \r\n

  • соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
  • \r\n

  • некенің бұзылуы (ажырасу).
  • \r\n

\r\nНекенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады.\r\n\r\nЕрі қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.\r\n\r\nСоттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.\r\n\r\nСот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.\r\n\r\n \r\n\r\nНекені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.\r\n\r\n \r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады.\r\n\r\nАжырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.\r\n\r\nНекені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.\r\n\r\nНекені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:\r\n

    \r\n

  • АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
  • \r\n

  • кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
  • \r\n

  • бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
  • \r\n

\r\nНекені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.\r\n\r\nАХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.\r\n\r\n \r\n\r\nНекені сот тәртібімен бұзу.\r\n\r\n \r\n\r\nОл мынадай жағдайларда іске асырылады:\r\n

    \r\n

  • ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;
  • \r\n

  • ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;
  • \r\n

  • егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;
  • \r\n

  • ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.
  • \r\n

\r\nНекелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады.\r\n\r\nЕгер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді.\r\n\r\nЕгер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады.\r\n\r\nЕгер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».\r\n\r\nАйырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.\r\n\r\nСот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.\r\n\r\n \r\n\r\nНекені тоқтатудың құқықтық салдары.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен — өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады.\r\n\r\nНекенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады.\r\n\r\nАжырасу жолымен некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды.\r\n\r\nСонымен, отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.\r\n\r\nОтбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады:\r\n

    \r\n

  • адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі;
  • \r\n

  • өзара имандылық және материалдық қолдау;
  • \r\n

  • бала туу және оларды тәрбиелеу;
  • \r\n

  • өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар.
  • \r\n

\r\nБір негізден немесе ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық – кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18 – ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылар арасындағы қатынастар құқықтары мен мінднттерінің теңдік қағидаларына негізделеді.\r\n\r\nАзаматтық некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар үшін заңдық салдар туындатпайды.\r\n\r\nМемлекет аналар мен балалары қолдайды, отбасын қорғауға алады.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың жеке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуы некенің тоқтатылуы деп түсініледі. Неке заңда айқындалған оқиғалардың туындауы салдарынан не ерлі – зайыптылардың бірінің немесе екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.\r\n\r\nАжырасу жолымен некенің тоқтатылуы заңда белгіленген тәртіп бойынша АХАТ органдарында немесе сотта іске асырылады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n  Пайдаланыған әдебиет:\r\n

Құқықтану

\r\n

Авторлары: А.Ибраева, Г.Әлібаев,

\r\n

Қ.Айтхожин