Хош иісті гүлдер (бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақ)

0
2887
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Хош иісті гүлдер

Мақсаты:   Оқушыларға қоршаған  әлем табиғат туралы түсінік бере отырып, айнала қоршаған табиғатқа  қамқорлық жасауға, аяулы  сезіммен қарауға тәрбиелеу. Бөлме гүлдерін күтіп  баптауға  үйрету мен қатар дала гүлдерінде аялауға  бекерге жұлуға  болмайтынын тісіндіру гүлдердін пайдасы туралы үйрету.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, көрсету, салыстыру, әңгімелесу.

Көрнекілік: Бөлме  гүлдері. Бақта  өсетін гүлдердін суреттері Диофильм көрсетілетін кардоннан жасалған теледидар, сурет салуға арналған ақ қағаз, далап, сүрме, Раушан гүлдерінін букеттері.

Сабақ барысы:        Жырын болып төгілемін

Гүлін болып егілемін

Туған жерім менің

Қазақстаным

-Балалар Қазақстан біздің?

Оқушылар:                   -Отанымыз

-Біз, Отанымызды

Оқушылар:                   -сүйеміз

-Отан деген ұғым

Томирис:                      -Отан деген ұғым отырған ортамыз, туып өскен

үйіміз, еліміз, жеріміз.

-Иә біздің отанымыз кең байтақ

Диас:                             -Батыс каспий теңізі

Шығыс Алтай тауларымен

Солтүстік Орал Тянь-шау тау қыраттарымен

Оңтүстік Қызылқұм шөлдері мен ерекшеленеді.

-Осындай өркениетті елде тұрғанымызды

Оқушылар:                   — Мақтан етеміз

-Еліміздің экономикасы дамып 50 елдің қатарына ену үшін мұнда  тұратын әр бір адамның қымбат қазынасы ше?

Оқушылар:                   -денсаулығы жақсы болу керек.

-Осыған орай

Нұрғиса:                       Біздің елімізде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша  көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүогізілуде оған  біз жас экологтарда өз үлесімізді қосудамыз.

-Олай болса қазір сабақ барысында көркейеміз. Енді кім айтады бізді қоршаған орта

Оқушылар:                   -Табиғат

-Табиғат нешеге  бөлінеді

Анель                            -Табиғат  екіге бөлінеді өлі  табиғат, тірі табиғат .

Өлі табиғат  күн, ауа, бұлт, су, қар, тас

Тірі табиғат: Адамдар, жануарлар, өсімдіктер

-Өсімдіктерге нелер жатады?

Аділет:                          -Гүл, ағаштар, шөп, жемістер, көкөністер.

-Жануарларға нелер жатады.

Томирис:                      -Құстар, жабайы аңдар, үй жануарлары, жәндіктер.

-Енді сендер білесіндер ме? –тірі  табиғат неше мезгілге сүйеніп өмір сүреді?

Толқын:                        -4 мезгілге  сүйеніп  өмір сүреді олар күн,  жер, су, ауа.

-Иә  дұрыс айтасындар бұл  төрт мезгіл болмаса

Оқушылар:                   -Әлемде тіршілік жоқ.

-Күн қайда  ол не береді бізге?

Сәбден:                         -Күн  көкте  күл бізге жылу, жарық береді.

-Жарықты жылуды қалай береді?

Көркем:                        -Сәулесін шашып

-Енді  сендер білесіндерме күннің нұрлы сәулесінің құдіретті күші не?

Заңғар:                          -От

-Иә сондықтанда адамдар отты қастерлейді

Дилназ:                         -Қырсық-кесірді отпен аластайды

Жас келін түскенде  отқа май құяды

Жас келіннің үйін жас отау деп атайды.

-Тағыда отқа  байланысты  сөздер?

Мади:                            -Отбасы, отағасы

-Отбасы деген не

Оқушылар:                   -Үйіміз

-Отағасы деген кім?

Оқушылар:                   -Әкеміз

-Отқа  байланысты қандай тыйым сөздер білесіндер?

Батырлан:                     -Отты баспа, отқа  түкірме, отпен ойнама

-Өте дұрыс енді айта қойындаршы күн сәулесін қайда  шашады.

Көркем:                        -Жер не істеп тұрады қалай  түн болады?

Көркем:                        -Жер айналып тұрады.

-Өте дұрыс, жерде біз  өмір сүреміз.

-Жерді біз кімге теңейміз.

-Анаға тенеп, жер ана дейміз.

-Жердін жоғарғы қабатында  не бар?

Оқушылар:                   -Топырақ

Мади:                            -Топырақ  жер бетіндегі тіршіліктің тірегі. Одан әр түрлі жемістер өсімдіктер нәр алып өніп өсіп адамдармен жануарларға керек болады.

-Иә дұрыс айтасындар өсімдіктер топырақта өнеді. Күннің нұрымен  өседі, тағыда  не  болмаса өспейді.

Оқушылар:                   -Су . су тіршілік көзі.

-Жердің астынан

-Ата –бабаларымыз су шыққан жерді  қалай атаған

Тимур:                          -Әулие бұлақ

-Ата-бабаларымыз тағыда суды бекерге ысырап жасамау үшін  қандай өсиеттер қалдырған

Оқушылар:                   — «Судың да сұрауы бар»

Батырлан:                     -Суды бекерге ысырап етпейміз, суға түкіруге болмайды, арықтарды тазалаймыз.

-Жарайсыңдар балалар  өсімдіктер топырақта өніп, судан нәр алып күннің нұрымен өседі екен, біздін табиғат  бұрышымызда да алуан  түрлі гүлдер өсіп тұр, гүлдерді не  үшін өсіреміз.

Алшер:                         Бөлме гүлдері, бөлмені безендіреді, және адам денсаулығын күзетшісі. Олар ауаны  шаңдардан микробтардан тазартады.

-Бізге қажетті ауа қалай аталады?

-Оттегі

-керек емес ауа

-көмірқышқыл

Яғни Ауа-өмір тынысы

Адамдар  ең қымбат, қажетті нәрсені неге тенеді.

Оқушылар:                   -Ауадай қажет-деп бағалайды.

-балалар әке-шешеміз бізді қалай аялап өсірсе бізде бөлме гүлдерін солай аялап өсіреміз.

Томирис:                      Буындары қатпаған

Гүлде біздей балағоц

Оны өсіріп баптаған

Жер де асыл анағой

-Кәне бәріміз бірге

Бой сергіту:                  Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы  жайқалған

Сабақтары  салалы

Желге  ырғалып  шайқалып

-Және сендер  айтындар бөлме  гүлдері  шандарды  өзіне тартып алады дедіңдер, сол кезде біз гүлдерге қандай қамқорлық жасаймыз?

Дильназ                        -Гүлдін жапырағын сүрту, топырағын қопсыту, суыру, тыңайтқыш себу.

-Енді гүлдердін аттарын атайғой

Нұрғиса:                       -Калеус, Лимон, Финус, Алоэ, Шегіргүл, Кірпігүл.

-Балалар енді  мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұпар исі еседі

Жайнап бақта өседі.

Олай болса балалар біз сендермен бірге  дала гүлдерімен де  таңысқан болатынбыз. Тақтаға  назар аударамыз қандай гүлдер.

Көркем:                         Түймедағы, қызғалдақ, қонырау гүл

-Түймедағынын қандай пайдасы бар?

Көркем:                        -Дәрілер жасайды.

-Түсі қандай?

Көркем:                        -ақ

-Қызғалдақтын түсі қандай неше бөліктен тұрады.

Айым:                           -Гүлдер үш бөліктен тұрады: қауыз, сабағы, жапырағы, қызғалдақтын түсі  қызыл, жапырағы жасыл.

  • Қоңырау гүлді неліктен қоңырау деп аталған, түсі қандай?

Нұрғиса:                       -Қоңырауға ұқсайды, түсі  сиякөк.

-Өте дұрыс балалар. Қандай әдемі  гүлдер қауызын

ашып тұр екен иіскейікші.

Оқушылар:                   -Иіскеменіз (шу етеді)

-Ой балалар шошып кеттім ғой, шуылдамайық

гүлдерде шошып кетеді ғой. Иіскесем не болады?

Алшер:                         -Иіскесеңіз мұрыныңыз сап-сары болып қалады.

-Неге?

Алшер:                         -Тозаны жабысады.

Сонда гүлдер  қауызын не үшін ашады?

Дилназ:                         Гүлдер қауызын тіпті де адамдарға арнап ашпайды жарқын түс, аңқыған хош иіс гүлдерге көбелектер мен шыбын-шіркейлерді өзіне шақыру үшін қажет.

-Көбелектер шыбын шіркейлерді шақырып біреулерін сол  шырынмен басқаларын  тозаңмен қоректендіреді.

Тозаны деген не

Алшер:                         -Ұрығы

-Гүлдер көбейу үшін  бір гүлдің тозаны екінші гүлге  көшіру керек бұл  үшін көбелектер көмектеседі қалай?

Мади:                            Көбелектер гүлдерге қонып шырынын жейді сол сәтте оған тозаң жабысады сосын көбелек ұшып екінші гүлге қонады ол онын аяқтарына  жабысқан тозан екінші гүлге ауысады.

-Яғни балалар жәндіктердін қандай пайдасы бар екен

Мади:                            -Гүлдерді көбейтеді.

Енді осы гүлдер туралы тақпақ

Сәбден:

Толқын:                        Қошқар гл мен түймедақ,

Жауқазын мен қызғалдақ

Өсетұғын жайқалып

Көп болса екен сая бақ.

-Жарайсындар балалар сендер енді мына гүлді білесіңдер ме?

Ардақ:                          -Су патшайымы

-Бұл қайда өседі екен?

Томирис:                      -Суда өседі, айдын сәулесімен ашылады

-Бұл гүл туралы  анызды кім біледі өткен замандарда кім болған екен.

Аңыз

Батырлан:                      Ай жер бетінен өзіне жар іздепті тапқан жарымды жұлдызға айналдырам депті.

Ная деген қыз бұл аңызды  естіп жұлдыз болғысы келіпті. Айды тосыпты, көп тосыпты, ай келмепті қыз осы қайғыдан күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылады.

Бірде түн ортасында биік жартастын жанында отырған қыз айдын шалпысқан сәулесін  көріп көлге секіреді.

Мұны көрген ай. Найяға жаны ашып су патша  гүліне айналдырады.

-Ай Наянын денесін үлкен жапыраққа ал жанын түнде ашылатын гүлге айналдырған екен.

-Енді балалар ғажайып  экранға назар аударамыз. Иә  көрсетіп, міне бұл жерде де гүл

Дариға:                         Еңлік  гүл мақабат нышаны

-Қайда өседі

Нұрғиса:                       -Таудың шыңында өседі  жігіттер, жақсы көрген қыздарына береді.

-Түсі қандай  қай кезде ашылады?

Ардақ:                          -Таңертен

Ардақ:                          Тасты тесіп күресіп

Терең жайып тамырын

Ақкүлгін гүл тұр өсіп

Қарсы ап дәйім тан нұрын.

-Өте жақсы балалар, сендер жас экологсындар бізді қоршаған ортаны қорғайсындар неге сүйеніп жұмыс жасаймыз.

Жібек:                           Қызыл кітапқа.

Бағдаршамның қызыл түсі  жанғанда  өтуге болмайтыны тыйым салу белгісі екені бәрімізге белгілі сондықтан азайып бара жатқан  жануарлармен жұлуға болмайтын  гүлдер тіркелген кітап қызыл кітап деп аталады.

-Өте дұрыс енді сендер сол гүлдерді білесіндер ме тақтаға назар аударамыз.

Зарина:                         -Сарытұңғиық, Меруертгүл, Шолпанкебіс, ұлпагүл, бәйшешек

-Өте дұрыс  сендер осы гүлдердің көбейтуге үлес қосасындар.

-Енді қараңдаршы балалар мынау қандай гүл?

Толқын:                        -Раушан гүл, гүлдердің патшасы

-Олай болса Раушан гүлі биін билейміз.

Би: «Раушан гүл»

-Жарайсыңдар балалар  раушан  биін биледіндер енді қонақтарға.

Оқушылар:                   Раушан гүлін сыйлаймыз?  Суретін далап пен саламыз  қонақтарға  тапсырма.

Өздерінізге белгілі бір  адамнын өзінің жұлдызнамасы, ағашы, гүлі бар сіз алдыңыздағы қағазға өз жұлдыздарыңыз, гүлдерінізді жазасыздар.(Раушан гүлін далаппен сабағын, жапырағын жасыл сүрмемен салдыру).

-Балалар сендер қандай әдемі раушан гүлдерін салдындар қонақтарға  сыйлайсындар ма?Мейрамдар да қонақтарға  гүл сыйлаған кезде  қонақтар қандай сезімде болады.

Оқушылар:                   — Қуанышты сезімде  болады. Бізде сіздерге қуаныш  сыйлаймыз деп- (гүлдерін тапсырады).

-Балалар орындарына  отырғайсындар.

-Жаңа біз қонақтарға тапсырма бергенбіз, яғни  әр адамнын  өзінін жұлдыз жорамалымен /ағашы, гүлі болады/. Иә, балалар Мысалы:

Дильназ:                       Менің жұлдызнамам яғни гүлім шегіргүл.

Енді қонақтар дұрыс жауап бердіме көреміз.

Нұрғиса:

Балалар осы   хош иісті гүлдер  туралы қай мезгілде үйрендік

Күз мезгілінде

Күз мезгілін неше кезеңге бөлдік.

Алшер:                          -Үш кезеңге. Алтын күз, жомарт күз, қоңыр күз.

-Неге алтын күз дейміз?

Аділет:                          -Бәрі жер сап –сары болады.

-Неге жомарт күз дейміз?

Жібек:                           -Жеміс жидектер піседі.

-Неге күрең күз дейміз?

Нұрғиса:                       -Бәрі жер қоп-қоңыр болады.

-Біз күз мезгілінде табиғат бұрышымызға көптеген не жинадық?

Оқушылар:                             Жапырақтар

Қазір қонақтарға  жапырақтардан  не жасаймыз?

Оқушылaр:                   -Себет.

(оқушылар бақыт гүлінен және неше түрлі жапырақтардан себетке  Экибана жасап жемістер салып қонақтарға күз сыйын сыйлайды).

-Оқушылар  кәне  енді бәріміз Раушан гүлдерді алып қонақтарға сыйлаймыз.

Айым:                           Гүлдер ғажайып әлем

Адамдарға қуаныш, жақсы көңіл күй сыйлайды бізде

сіздерге гүл сыйлаймыз.

(Оқушылар раушан гүл  букеттерін қонақтарға сыйлайды.

-Оқушылар қазір біз далаға шығып ауа райын бақылаймыз.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ