І Республикалық Е.Б.Бекмаханов атындағы тарих олимпиадасы өз мәресіне жетті

0
1984

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов атындағы І Республикалық «Қазақстан тарихы» пәнінен қашықтық олимпиадасының ресми түрде аяқталғанын хабарлаймыз.

Олимпиаданың мақсаты: оқушы жастарға тағылымды тарихымызды насихаттау және тарихи таным-түсінігін қалыптастыру.

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.  Сайт №17359-СИ тіркеу куәлігімен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тіркелген.

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат берілді. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесінде 17 баллдан жоғары балл алған қатысушылар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жүлдегерлер тізімі сайтқа жарияланады.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

ОЛИМПИАДА НӘТИЖЕСІНДЕ ЕҢ ЖОҒАРЫ ҰПАЙ АЛҒАН, ЯҒНИ, 25 ҰПАЙ АЛҒАН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ТАІДАУЛЫ 50 ОҚУШЫҒА «ҚАЗАҚСТАН ҮМІТІ» ТӨСБЕЛГІСІ ЖӘНЕ 100 ОҚУШЫҒА «АҚЖЕЛКЕН» МЕН «ҰЛАН» БАСЫЛЫМДАРЫНЫҢ 6 АЙЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМЫ СЫЙҒА БЕРІЛЕДІ.

БҰЛ ТІЗІМДІ БҮГІН САҒАТ 16:00-ДЕ САЙТЫМЫЗДА ЖАРИЯЛАЙТЫН БОЛАМЫЗ.

Құрметпен, Qaztest.kz сайты


ПІКІР ҚАЛДЫРУ