ІІІ республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасының ережесі

5
3941
ІІІ республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасы

«SKILLS ACADEMY» мекемесі Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында ІІІ республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) жариялайды.

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде жұмыс жасайтын сынып жетекшілері қатыса алады. Олимпиадада сұрақтар сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы мен әдістемесі және сынып жетекшілігі туралы ереже бойынша беріледі.     Олимпиада Qaztest.kz сайтында онлайн өтеді.

Олимпиаданың мақсаты: Үздік сынып жетекшілерін тек мектеп қабырғасында ғана емес, республикалық масштабта насихаттау және оларды марапаттау.

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.  Сайт №17359-СИ тіркеу куәлігімен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тіркелген.

Өткізілу уақыты: 13 қаңтар – 10 ақпан аралығы. Қорытынды 12 ақпан күні сайтта жарияланады. Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Бірінші кезең нәтижесімен жүлдегерлер анықталады. Олимпиада жүлдегерлеріне І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және ең жоғары ұпай жинаған 50 қатысушы «Үздік сынып жетекші» төсбелгісімен марапатталады.

Олимпиаданың ақпараттық демеушісі Martebe.kz республикалық білім порталы. Олимпиада туралы толық ақпаратты +7(727) 229-63-69; +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

ІІІ Республикалық «Үздік сынып жетекші» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. 1.      Жалпы ереже

1.1.             Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды; 

1.2.             Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже Qaztest.kz және Martebe.kz сайттарында жарияланады. 

1.3.             Олимпиада 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығанда qaztest.kz сайтында онлайн өткізіледі; 

1.4.             Олимпиадада сұрақтар сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы мен әдістемесі және сынып жетекшілігі туралы ереже бойынша беріледі; 

1.5.             Олимпиадаға жалпы білім беретін мекемелерде жұмыс жасайтын сынып жетекшілері қатыса алады; 

1.6.             Тест сұрақтарын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті кафедрасының мамандары дайындайды;  

1.7.             Тапсырмалар ұйымдастырушылармен бекітіледі. 

1.8.             Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.

  1. 2.      Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1.             Сынып жетекшілерінің кәсіби біліктілігін анықтау;

2.2.             Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшілерінің алатын орны мен маңызын насихаттау;

2.3.             Үздік сынып жетекшілерін марапаттау.

  1. 3.      Республикалық олимпиаданың өткізілуі мен тәртібі:

3.1.             Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.

3.2.             Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3.             Бір адам ең көбі 3 рет тест тапсырады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.4.             Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

3.5.             Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.

3.6.             Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.7.             Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;

3.8.             Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке парақшасындағы «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

  1. 4.      Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1.             Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2.             Өзге педагогқа орындатқаны немесе ережеге сай емес іс-әрекет жасағаны белгілі болса нәтижесі жойылады;

4.3.             Олимпиада барысында тестілеу бетін жауып алған жағдайда «Тестті жалғастыру батырмасы арқылы келген жерден жалғастыруына болады;

4.4.             Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.5.             Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.6.             Координатор бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады. Толық нұсқаулық сайттың жоғарысында «Көмек» бөлімінде көрсетілген;

4.7.             Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.8.             Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады. 

OЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік тест – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта көрсетілген. Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады. 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі. Олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен 50 педагогке «Үздік сынып жетекші» төсбелгісі беріледі (Төсбелгіге бір ұжымнан 3 қатысушы ғана енгізіледі). 25 ұпай алған қатысушыларға «Құрмет грамотасы»беріледі. Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 12 ақпан күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Төсбелгі иегерлерін анықтауда алған ұпайымен қоса уақыты да есепке алынатынын ескертеміз.

Бір ұжымнан 40 педагог қатысса, «Үздік ұжым» кубогы беріледі. Егер 20 педагогтан көп қатысса ұйымдастырушы координаторға алғыс хат (эл.түрде) беріледі. Сонымен қатар 25 ұпай алған қатысушыларға Құрмет грамотасы беріледі. Алғыс хат алу үшін өтініш qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

«ҮЗДІК ҰЖЫМ» КУБОГЫ, АЛҒЫС ХАТ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.

 

Ескерту! Үздік ұжым куюогы және координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді. 

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest), QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Kaspi.kz қосымшасы, терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.  

ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ КӨП БОЛСА, ОСЫ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТҮРІН ТАҢДАҢЫЗ!

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Координатор қатысушыларды бірінен соң бірін қатыстыруы тиіс. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз! 

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті.  

ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ 

Қатысушының аты-жөні  Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)  Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті жұмыс уақытында қосып береді.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз. 

Жұмыс уақыты: Таңертеңгі 9:00 ден кешкі 18:00-ге дейін.

Түскі үзіліс 13:00 ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22


5 ПІКІРЛЕР

  1. Олимпиада сұрақтары өте жоғары деңгейде жасалған. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін

  2. Олимпиадаға қай уақытта қатысуға болады? Кешкі 8-ге дейін бе?

  3. Сәлеметсіздер ме, оқушылардың дайындаған челленджін сіздерге жіберуге бола ма?

  4. Әрине, болады. Видео түрінде болса ютубқа жүктеп сілтемесін және мәтінін сауатты түрде жазып жіберіңіздер.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ