ІІІ Республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі» байқауының ережесі

51
14806

Құрметті сайт оқырмандары! Сіздің ашып отырғаныңыз 2018 жылғы байқаудың ережесі. Martebe.kz республикалық білім порталы ұйымдастыратын бұл байқау 2019 жылы алғаш рет онлайн тест форматына көшірілді. Қатысушылардың білім деңгейін әділ бағалау үшін тест форматы өте тиімді деген ойдамыз. Алдағы уақытта сайтымыздағы барлық байқауларды онлайн тест форматында Qaztest.kz сайтында өткізетін боламыз.

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ

«SKILLS ACADEMY» мекемесі мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Үздік қазақ тілді білім сайты» сыйлығының жеңімпазы, ҚР Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі №17261-СИ куәлігімен тіркелген Martebe.kz ақпараттық білім порталымен біріге отырып, республикамыздағы мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері арасында өтетін «ҮЗДІК БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ» ІІІ республикалық мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері байқауын жариялайды.  Байқау жеңімпаздары «Үздік тәрбиеші» төс белгісімен марапатталады.

Байқаудың мақсаты: бала тәрбиесіндегі тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттау және олардың кәсіби шеберлігін арттыру.

Байқаудың ақпараттық демеушісі – Martebe.kz республикалық білім порталы. Байқау  жеңімпаздары туралы ақпарат республикалық БАҚ беттерінде жарияланады.

 

          ІІІ республикалық «ҮЗДІК БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ»  атты тәрбиешілер байқауының

         ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты

  • Тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыру;
  • Бала тәрбиесіндегі тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттау;
  • Балабақша қызметкерлерінің шығармашылық ізденісі мен қабілеттілігін дамыту.

Байқаудың өткізілу тәртібі

  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады;
  • Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады;
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды;
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды;
  • Байқау қорытындысы қабылдау аяқталғаннан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде шығарылады;
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға республикамыздағы барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері қатыса алады.

Байқау тапсырмалары

  • «Менің портфолиом – педагогикалық бейнем» (тәрбиешінің іс-қағаздары слайд түрінде, 20 беттен аспауы керек)
  • Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі (технологиялық картасы, суретімен қоса)
  • Ата-анамен бірлескен шығармашылық жұмысы (отбасылық сайыс, іс-шаралар т.б. суретімен қоса)
  • «Балабақша – бақыт баспалдағы» тақырыбында эссе (шрифт Times New Roman, кегль 14; аралық -1,5 теңестіру — ені бойынша, бағыты-кітапша, барлық шеті 2 см, 1-3 беттен аспауы керек)

Бағалау критерийлері

  • Конкурс жұмысы мазмұнының конкурс бағыттарына сәйкестігі;
  • Өзектілігі, білім берудің заманауи талаптарына сай болуы, практикалық бағыттылығы және материалдың әдістемелік құндылығы;
  • Жібірелген жұмыстардың суреттермен сәйкес келуі;
  • Жұмыстардың түпнұсқалығы, көшірме болмауы;
  • Эссенің мазмұны, идеясы мен оқырманға эмоцианалды әсері.

Ескерту! Эссенің және жіберілген жұмыстардың түпнұсқа болуы маңызды. Интернеттен алынған жұмыстар тексерілу барысында төмен бағаланады.

 

Байқаудың марапаттау рәсімі

Бас жүлде – диплом, байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған статуэтка, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

І орын – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

ІІ орын – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

ІІІ орын – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

 

«Жаңашыл тәрбиеші» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

«Шығармашыл тәрбиеші» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

«Ізденімпаз педагог» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

«Заманауи тәрбиеші» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

«Ең жас тәрбиеші» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

«Ең үздік ұйымдастырылған оқу қызметі» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

 «Ең үздік эссе» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

«Ең үздік ұжым» номинациясы –ұжымнан 10 тәрбиеші қатысқан жағдайда «Ең үздік ұжым» плакеткасы және мекеме басшысы мен әдіскеріне «Қазақстан ұстазы» төс белгісі тағайындалады.

 

Барлық қатысушылар арнайы мақтау грамоталары және мекеме басшысы мен әдіскері арнайы алғыс хаттармен марапатталады.

Барлық қатысушылардың марапаты казпочта қызметі арқылы түпнұсқа түрінде мекен-жайларына жеткізіледі.

 

Байқауға қатысу құны — 5000 теңге.

 

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

«SKILLS ACADEMY « ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Кнп 861

 

Төлем мақсаты: «Үздік балабақша тәрбиешісі» байқауына қатысу үшін

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

 

Өтініш беру үлгісі

«ҮЗДІК БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ»  атты республикалық  тәрбиешілер байқауына өтініш

 

Аты-жөні, тегі

(міндетті)

 
Мекен – жайы, индекс (міндетті)  
Жұмыс орны, мекеме атауы (міндетті)  
Мекеме басшысы және әдіскерінің аты-жөні  
Еңбек өтілі  
Эл. Поштасы

(міндетті)

 
Байланыс номері

(міндетті)

 

 

Ескерту! Өтініш word нұсқасында жіберілуі керек.

Барлық марапат қағаздар жіберілген өтініш бойынша толтырылады. Қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.

 

Байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 87009785922; 87759988387.

 

Байқау ережесін алғыңыз келсе, пікірге электронды почтаңызды жазыңыз. Сайт қызметкерлері сізге ақпараттық хатты жіберетін болады.


51 ПІКІРЛЕР

  1. Ереженің электронды нұсқасын жіберіңізші

  2. Сәлеметсіздер ме.Байқау тапсырмаларындағы «Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі» және «Ата-анамен бірлескен шығармашылық жұмысы» бейнеролик түрінде болу керек па?

  3. Сәлеметсізбе! Жоспары және суретімен жіберілуі керек. Бейнеролик емес

  4. Сәлеметсіз бе?!Байқау ережесін элек.почтаға жібересіз бе?

  5. Сəлеметсіз бе? Тапсырмалардың бəрін орындау шарт па, əлде біреуін ғана орындауға бола ма?

  6. Қайырлы күн! Орын алуға үмітті болғыңыз келсе, барлығын орындауыңыз керек.

  7. Үздік балабақша тәрбешісі байқауына төлеген квитанцияны дркументтермен бірге бір папкаға салып жібереміз бе және өтінішті қалай жібереміз

  8. Сәлеметсіз бе. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі мен ата анамен өткізген шараның презентациясын жібереміз ба әлде технологияқ картасы мен сценарий жібереміз ба

  9. Қайырлы күн! 87759988387 байланыс номеріне хабарласып, толық ақпарат алыңыз

  10. Қатысу үшін өтініш ті калай береміз

  11. Қайырлы күн! қажетті құжаттар жіберіп үлгерем ба?

  12. құжаттарды қай күнге дейін жіберу қажет

  13. Қайырлы күн! 10 қарашаға дейін жіберсеңіздер болады. Байланыс номері арқылы ақпарат алуыңызға болады

  14. Қайырлы күн! 10 қарашаға дейін жіберсеңіздер болады. Байланыс номері арқылы ақпарат алуыңызға болады

  15. Қайырлы күн! 10 қарашаға дейін жіберсеңіздер болады. Байланыс номері арқылы ақпарат алуыңызға болады. skillsacademy.kz@mail.ru почтасына жұмыстар қабыладанады

  16. Сәлеметсіздер ме. Сайыс қорытындысы қай уақытта жарияланады.

  17. Қайырлы күн! Қабылдау 10 қараша ғана аяқталды. Қазір жиналуда. Келесі апта қазылар алқасы тексеретін болады. 10 жұмыс күні ішінде тексеріліп, осы сайтқа қортындысы жарияланатын болады. Қорытынды 24-25 қарашада шығарылады деп жоспарлануда

  18. Сәлеметсіз бе. Сайыс қорытындысы шыққан жоқ па екен

  19. салеметсіздерме! қортынды қашан шығар екен?

  20. Сәлеметсіздер ме қортынды шықпады ма

  21. Сәлеметсіз бе! Қорытындысын қалай білуге болады? Сайттан таппай тұрмын.

  22. Сәлеметсіздер ме! Байқау қорытындысы қашан шығады?

  23. Сәлеметсіз бе.Байқау нәтижесін қашан жариялайсыздар?

  24. Сәлеметсіздерме, ұйымдастырып отырған бауқауларыңыз өте жасы, шарттары да ойға қонымды. Өкінішке орай сайттарыңызды ашып жаңа көріп танысып біліп отырм. Қатысуға болар еді әрине өкінішті. Дегенмен бұдан кейінде тәрбиешілерге арналған байқаулар ұйымдастырыла ма, ұйымдастырылса екен деп тілеймін. Осы кезден бастап сіздермен байланысты үзбеуге тырысамын. Сайттарыңыз керемет.

  25. Қайырлы күн! Ұйымдастырушылар қатысушылардың жұмыстарын толық егжей-тегжей жинап, қазылар алқасына тапсырды. Дәл қазір тексерушілердің соңғы күні жүріп жатыр. Ертең 28.11.2018 жылы осы сайтқа қорытындыны жариялайтын боламыз.

  26. Қайырлы күн! Ұйымдастырушылар қатысушылардың жұмыстарын толық егжей-тегжей жинап, қазылар алқасына тапсырды. Дәл қазір тексерушілердің соңғы күні жүріп жатыр. Ертең 28.11.2018 жылы осы сайтқа қорытындыны жариялайтын боламыз.

  27. Қайырлы күн! Ұйымдастырушылар қатысушылардың жұмыстарын толық егжей-тегжей жинап, қазылар алқасына тапсырды. Дәл қазір тексерушілердің соңғы күні жүріп жатыр. Ертең 28.11.2018 жылы осы сайтқа қорытындыны жариялайтын боламыз.

  28. Қайырлы күн! Ұйымдастырушылар қатысушылардың жұмыстарын толық егжей-тегжей жинап, қазылар алқасына тапсырды. Дәл қазір тексерушілердің соңғы күні жүріп жатыр. Ертең 28.11.2018 жылы осы сайтқа қорытындыны жариялайтын боламыз.

  29. саламатсызба, алдағы уақыттарда қандай байқаулар ұйымдастырылмақ? жоспарларыңызды қайдан көруге болады? рахмет.

  30. Қайырлы күн! Жоспарлар өте көп. Жаңа жылдан кейін олимпиадалар мен конкурстар және Озаттар энциклопедиясын жариялаймыз. Осы сайттан хабардар болсаңыз болады.

  31. тағы осындай байқау боладыма болатын болса өтініш кай уақыт аралығында болады

  32. Қайырлы күн! Байқаулар туралы мәліметтерді жаңа жылдан кейін сайтқа жариялаймыз

  33. Салеметсіздерме байқаудың қорытындысы шықпадыма

  34. Саламатсызба 2019 жылы ақпан айында болған байқаудың қортындысы шықпадыма?

  35. 2019 жылдың шілде айына арналған байқаулар ережесі бар ма?

  36. Қайырлы күн! Бізде келесі айдың 3не дейін екі олимпиада өтуде. Соған қатысып үлігеруіңізге болады. Одан кейін бізде жаздық демалыс

  37. Быйылғы жылы бұл жарыс болады, қаіргі таңда бала бақша тәрбиешілеріне арналған қандай конкурстар бар, онлайн конкурстар жүргізілуде ме?!

  38. Саламатсыз ба, сайыс ережесімен танысқым келеді.

  39. Сәлеметсіз бе! Сайыс ережесін qaztest.kz сайтының онлайн оператор чатына жазсаңыз болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ