Инклюзивті оқушыларды саусақ ойындары арқылы ұсақ қол маторикасын дамыту

2
2336
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы:

Инклюзивті оқушыларды саусақ ойындары арқылы ұсақ қол маторикасын дамыту

Мұғалімнің аты-жөні: Сейлова А.

Күні:

СЫНЫП: 2- 4 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ мақсаты: Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы мен қабілетін дамытып, ынтасын арттыру
Сабақ нәтижесі: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Бағалау критерийі Жеке тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Көрнекілік Сиқырлы қобдиша,
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Көрнекілік

Басталуы

2 минут

10 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Сәлемдесу.

Бір, екі, үш

Қарға болып ұш.

Төрт, бес, алты,

Қарлығаш болып қалқы.

Жеті, сегіз, тоғыз, он

Қайта орнына қон.

Мен сіздердің көңіл күйлерің керемет екендігіне сенімдімін және сіздердің әр күндеріне сәттілік тілеймін.

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы

Мақсаты: қатысушылар арасында жағымды көңіл күй қалыптастыру, бір біріне жақындастыру.

Жүргізілуі: Қазір сендер мына қобдишадан өздеріңе сиқырлы затты аласыңдар. Қобдишадан сиқырлы затты алған адам жан жақты және қайталанбайтын, қайратты, өмірге деген құлшынысы жоғары бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларыңыз керек. Барлығы қарап болған соң сұрақтар қойылады.

— Жан – жақты және қайталанбайтын бейне кім болып шықты?

— Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сізерге қарай қарады?

— Оқушылардың пікірін тыңдап, қорытынды ой түйіндеу.

Сендердің әрқайсыларыңның өзіндік ерекшеліктерін бар жеке тұлғасындар.

Жарайсыңдар балалар, енді бір сөзбен қорыта айтқанда «Әрқайсысымыз әлемді жарқын және шуақты етеміз».

Сиқырлы қобдиша, айна

Жаңа білім

10 минут

«Дәмді коктейль» ойыны

Мақсаты: қолдың, саусақтың қимылдарын үйлесімді дамыту.

Жүргізілуі: қатысушыларды екі топқа бөлеміз. Орталарына плакат, әр түсті бор, үстіне бір қалта тұз беріп, сонымен жұмыс жасату. Ең алдымен топтағы қатысушылар тұзды бөліп алып, өзіне ұнайтын бордың түсін таңдап, сол арқылы тұзды бояйды. Әр түске боялған тұзды шыны құтыға салып коктель әзірлейді. Дайын болған дәмді коктельді жақсы тілек айтып бір – біріне ұсынады.

Тұз, ақ қағаз, шыны құты, түрлі түсті бор
Сергіту сәті

5 минут

Сергіту сәті: «Жаңбыр тамшылары»

Барлығымыз орнымыздан тұрып, далада жаңбыр жауып тұрғанын елестетеміз. Алдымен алақанымызға бір саусақты, одан кейін екінші, үшінші, төртінші саусағымызды ұрамыз. Жаңбыр қатты жауып, найзағай ойнайды. (аяғымызды тарсылдатамыз). Күн шықты. Қолымызды жоғары көтеріп, күнді бейнелейміз.

Жаңбырдың даусы

Ортасы

2 минут

Қолдану«Гүл тоқу» ойыны

Мақсаты: кез – келген шиеліністен шығу.

Жүргізілуі: түрлі түсті резеңкелермен гүл тоқимыз. Декаративті шегелерге резеңкенің бір ұшын алып, тусылғанша орап тоқу керек.

Арнайы тақтайша, түрлі түсті жіп

Аяқталуы

Сабақты бекіту

8 минут

Кері байланыс

3 минут

Ой қорыту

Қорытындылау:

— Бүгінгі сабағымыз қалай өтті?

— Барлығымыз қандай әсер алдық?

Қорыта келе сабағымыздан алған әсерлерімізді «Отшашу» арқылы бейнелейік.

Тақырып бойынша түйген білімдерін шапалақтау арқылы көрсетеді.
Үйге тапсырма: қайталау
Рефлекция

Бағалау

Қол белгісі арқылы

Мадақтау

Пəнаралық байланыс

Музыка

Бір, екі, үш Бір, екі, үш

Қарға болып ұш. Қарға болып ұш.

Төрт, бес, алты, Төрт, бес, алты,

Қарлығаш болып қалқы. Қарлығаш болып қалқы.

Жеті, сегіз, тоғыз, он Жеті, сегіз, тоғыз, он

Қайта орнына қон. Қайта орнына қон.

 


2 ПІКІРЛЕР

  1. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы мен қабілетін дамытып, ынтасын арттыру

ПІКІР ҚАЛДЫРУ