Кірпі отбасымен тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

0
3227
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәрбиеші : Садырбекова Г.К..

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі. Мүсіндеу.

Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»

Тақырып: Кірпі отбасымен

Мақсаты: Саусақ ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Жануарды қорғауға тәрбиелеу.Сюжеттік мүсіндеуге даярлап отырып дұрыс сәйкестендіруге үйрету. Ермексаз бен шырша қылқандарын пайдаланып, кірпі пішінін жасауды меңгерту. Саусақ ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Жануарды қорғауға тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету:телевизор, көрнекіліктер, үлестірмелі материалдар, дидактикалық ойындар.

Билингвалдық компонент: кірпі ежик, отбасы семья

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
— Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір — бірімен тату — тәтті тұрады.
— Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.
Жұмбақ: Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы)
— Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен
— Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
— Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір — біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Отбасы туралы әңгімелеу.

.2. Негізгі бөлім.суретпен жұмыс.

Ал сендер қалай ойлайсындар жануарларда отбасы болады ма?

Тұмсығынан торайдың,

Тұмсығы бар аумаған.

Үстiн түгел орайтын,

Тоны ине қаулаған.

Бұл жұмбақ қай жануар туралы?

Кірпі қандай жануар?

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

1 тапсырма. Ойын: » Мынау кім?»
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.

Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

2тапсырма .

Сергіту сәті.

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер

3 тапсырма

Ойын сұрақ: » Көңілді доп»
— Отбасы мүшесін ата.
— Отбасында кімді жақсы көресің?
— Отбасында кімге сыйлық жасайсың?
— Анаңа қалай көмектесесің?
— Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?
— Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?
— Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?
— Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.

4тапсырма «Кірпі отбасымен»

Ендеше балалар сендер ермексаздан кірпіні отбасымен мүсіндейміз.

Түсіндіру.

Қорытынды :

Отбасы дегеніміз не?

Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

Кірпінің отбасы болады ма?

Кірпіні неден мүсіндедік?

Балаларды мадақтау.мақтау.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ