Интернет аудиторияны зерттеу және ғаламторда табыс табу

0
2142

Ақпарат таратудың басқа көзіне қарағанда мүмкіндігі зор жаңа медиа технологияның алғашқы қарлығаштары ретінде бүгінде тұрақты аудиториясы қалыптасып келе жатқан (қазақ тіліндегі) Abai.kz ақпарттық порталын, «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газетін, «Замандас», «Алтын Орда», Masa.kz, Аzattyq.org, т.б. бірнеше интернет ресурстарды айтуға болады. Электронды және баспадағы ақпарат құралдарының интернеттегі нұсқалары да жұмыс жасап жатыр. Бұл ғасыр — технологиялар ғасыры. Елімізде ақпараттық технология жедел дамып келеді. Алдағы екі-үш жылдықта интернетті пайдаланушылар саны күрт артуы мүмкін. Алайда қазір сұранысты толық қамтамасыз етіп отырмыз дей алмаймыз, өйткені интернеттегі қазақтілді ресурстардың саны аз. Деректерге қарағанда, «kz» доменінде тіркелген сайттардың 10 пайызы ғана қазақ тілінде екен. Соның ішінде санаулы сайттар ғана тұрақты жұмыс жасап тұр. Дегенмен, 2008 жылдан бастап қазақ тіліндегі сайттардың дамуы өте қарқынды жүрді, саны көбейді, қазір қазақтілді басылымдардың жиырмадан астамының интернет нұсқасы бар.

Тек мәтіндік қана емес, мультимедианы (яғни, аудио, бейне материалдарды) қоса қолданып отырған сайттарды да ерекше айтар едім. Мысалы, мультимедианы жақсы пайдаланып отырған, АҚШ қаржыландырып отырған «Азаттық» сайтының қазақтілді нұсқасы мен Stan.tv сайтын атап өтуге болады.

Аудиторияны зерттеу әдістері – сайтқа кіру, тіркеу, есептеу, сұраулар, бақылау, құжаттарды талдау, эксперимент. Телефонмен хабарласу , электронды почта, хабарландырулар тақтасы, чаттар, мен конференциялар арқылы аудитория талап – тілектерін білу. Байқаулар, лотерея ойнату, сыйрату арқылы аудиторияны кеңейтудің мүмкіндіктері.

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі жыл сайын интернет аудиториясын зерттеп тұрады. XXI ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап, қазіргі кезге дейін жеке қолданушылардың саны артып келеді. «Казконтент» АҚ-ның мәлімдеуі бойынша, в 2007 жылы аудитория еліміздің тұрғындарының 12,3 % және қала тұрғындарынан 26,4 % қамтыса, 2010 жылдың соңына қарай сандар былайша өзгерді: 25,7 % және 44,1 % Интернет қолданушылардың жыл бойынша статистикасы:

2000 жыл — 70,000 интернет-қолданушы (0.5 %)

2005 жыл — 400,000 интернет-қолданушы (2.7 %)

2007 жыл — 1,247,000 интернет-қолданушы (8.5 %)

Интернеттің қарыштап дамуына байланысты адамдар интернет арқылы үйде отырып қосымша табыс табу жолдарын көптеп іздестіре бастады. Біреулер қосымша табыс тапсам дейді, біреулері өз бизнесін құрғысы келеді.

Кім үйде отырып, сүйікті ісімен айналысып нақты ақша тапқанды жақсы көрмейді? Қатаң жұмыс кестесі жоқ, өзіңіз би, өзіңіз қожа. Түсіңізде емес, өңіңізде. Қазір интернет пен компьютер әрбір үйде бар, тек оны пайдалану — өзіңіздің еркіңізде.

Күнделікті ғаламторға бірнеше мың адам қосылып жатады, олар интернет арқылы пайда табу туралы ақпараттар ағынының астында қалады. Кейбіреулері «ақша түймешесін» ұсынады, яғни «мына жерді шертсеңіз болды» күніне/аптасына ххх$ құйылып отырады, тек оны қалай жұмсарыңызды шешсеңіз болды деп жар салады … Мұның бәрі ЖАЛҒАН! Айдаладағы батпан құйрық болмайды, олар тек … осындай жарнамаларда ғана. Иә, интернеттен табыс табуға болады, табу жолдары да өте көп: пошталық және кликтік демеушілер, жарнама, партнерлік бағдарламалар, файлалмастырғыштардан пайда табу, сандық және нақты тауарлар сату (электрондық коммерция), қаржы қорлары биржаларында жұмыс, электрондық ақшалармен операциялар, қашықтан жұмыс істеу, копирайтинг, желілің маркетинг, әр түрлі инвестициялық жобалар, т.б.

Интернетті алаяқтарға алданбай, сапалы табыс көзіне айналдырса болады, тек белгілі ережелер мен шарттарға баса назар аударған жөн.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ