Инвестицияның мәні және оның түрлері

0
9341

ЖОСПАР\r\n\r\n \r\n\r\nКІРІСПЕ————————————————————————————-3\r\n\r\n \r\n\r\nІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЕСЕБІ———————————————————5\r\n\r\n \r\n\r\n1.1    Инвестицияның мәні және оның түрлері—————————————-\r\n\r\n1.2  Еншілес, тәуелді  және бірлесіп бақыланатын  заңды  тұлғалардың инвестицияларының  есебі—————————————————————-7\r\n\r\n1.3  Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері—————————————————10\r\n\r\n \r\n\r\nІІ.  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР  ЕСЕБІ—————————-13\r\n\r\n \r\n\r\n2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі————————————13\r\n\r\n2.2 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар қызметтері————————16\r\n\r\n2.3 Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есепің маңызы——————22\r\n\r\n \r\n\r\nІІІ.  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ————————————————————————————25\r\n\r\n \r\n\r\n3.1 Қазақстандағы  инвестициялар жағдайының көрсеткіштері——————25\r\n\r\n3.2  Қазақстан Республикасындағы    инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары————————————————————————————-28\r\n\r\n \r\n\r\nҚОРЫТЫНДЫ—————————————————————————33\r\n\r\n                      \r\n\r\nПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР———————————————-35\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКіріспе\r\n\r\n \r\n\r\n        Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.                                                                             \r\n\r\n        Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және  көбірек тиімді пайдалану болып табылады.  \r\n\r\nПрезидент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына  Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.                                     \r\n\r\n«Қазақстан – 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады:                     — қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз;                                                            — шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;                                 — Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану.                                                                                                Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.\r\n\r\n        Инвестициялар деп — өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.              \r\n\r\n \r\n\r\nІ. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК\r\n\r\n1.1    Инвестицияның мәні және оның түрлері\r\n\r\n \r\n\r\n        Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.                                          \r\n\r\n        Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.\r\n\r\n        Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.\r\n\r\n        Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.   \r\n\r\n        Қандай да бір  кәсіпкер  құрылысты  салу үшін  қаржы керек етеді.  Мұндай жағдайда  құрылыс  нақты  инвестицияның  объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін  өзінің  акцияларын  шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің  құрылысқа салған салымы  нақты инвестиция, ал қатысушының  акцияны сатып алуға  жұмсаған шығыны  қаржылық  инвестиция болып саналады.\r\n\r\n        Жоғарыда аталған  инвестицияның  қай түрінің болмасын  алдына қойған мақсаты  салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін  өнімдердің, дайындалатын  бұйымдардың   сапасын барынша  жақсарту, яғни олардың халықаралық стандартқа  сай етіп  сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске  жаңа техникалар мен  технологияны  қолдану  арқылы  табыс табу болып табылады.\r\n\r\n        Қаржылық  инвестициялар  иелену  мерзіміне   қарай мынадай  категорияларға жіктеледі:\r\n\r\n                   а)  қысқа мерзімдік – иелену  мерзімі  бір жылға дейін;\r\n\r\n                   ә)  ұзақ  мерзімдік – иелену  мерзімі  бір жылдан  артық.\r\n\r\n        Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды  иеленуші  субъектілер  ұзақ мерзімдік  ретінде  есептейді.     \r\n\r\n 1.2             Еншілес, тәуелді  және бірлесіп бақыланатын  заңды  тұлғалардың инвестицияларының  есебі\r\n\r\n \r\n\r\n        Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексіне сай  шаруашылық тараптарды  серіктестігі, егер басқа (негізгі немесе бас) шаруашылық серіктестігінің,  оның  жарғылық  капиталындағы   үлесінің  басымдылығына байланысты немесе олардың өзара келісіміне орай немесе өзгеше  жолдармен,  шешімдерді  айқындауға  мүмкіндігі болса, онда  ол  еншілес деп  есептелінеді;  тәуелді  акционерлік қоғам, яғни  бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалар  деп жасалған  келісімдер нәтижесінде инвестицияланған  объектіге қатысты  қаржылық және  өзге аспект  деңгейін  анықтау құқығына  ие болған  басқа заңды  тұлғалардың  ықпалына  түсіп  қалған  серіктестерді  айтамыз.\r\n\r\n        Инвестициялардың есебі 2000 «Инвестициялар» бөлімшесінің  шоттарында  жүргізіледі,  оның құрамына мынадай  синтетикалық шоттар  кіреді: 2120 «Еншілес  серіктестерге  салынған инвестициялар», 2140 «Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар»,  2130 «Бірлесіп – бақыланатын заңды тұлғаларға  салынған инвестициялар», 2180 «Басқа инвестициялар».\r\n\r\n2120-2180 шоттар  активті  және күрделі  болып келеді. Талдамалы  (аналитикалық)  есеп  инвестицияланған  кәсіпорындар мен  инвестициялар түрлері бойынша жүргізіледі.\r\n\r\n        Инвестицияларға  есеп  жүргізілгенде төмендегідей әдістер қолданылады:\r\n\r\n        Үлестік қатысу әдісі  — инвестицияларды иеленген мезетте  сатып алу  құнымен көрсетіп, кейінірек  тәуелді  шаруашылық  серіктестерінің таза  активтеріндегі  өзгерістерде  инвестордың  үлесі  мойындалуына  байланысты  олардың  құнының өсуін  (кемуі)  есепке алу әдісі.  Тәуелді  шаруашылық серіктестестігінің  таза кірісінде (шығынында) инвестор  үлесінің  өзгеруі  қаржылық – шаруашылық  қызмет туралы  есепке табысқа  жатқызылады.\r\n\r\n        Үлестік  қатысу  әдісін  қолданған  кезде  инвестициялардың  баланстық  құны  тәуелді  шаруашылық  серіктестіктерінің  таза  табысындағы  инвестордың үлесін   сараптағандағы  өсуі (кемуі)  табысқа жатқызады.\r\n\r\n        Еншілес ұйымдардың  жинақталған таза  табысының  жалпы  сомасынан  тиісті  дивидендтер  инвестициялардың  баланстық  құнын кемітеді.\r\n\r\n        Еншілес ұйымдардың  шаруашылық серіктестігінің  активтерінің  қайта  бағалануына  байланысты  инвестордың  үлесінің өзгеруі, инвестициялардың  баланстық құнын көтереді (кемітеді) және меншікті  капиталдың  бөлімшесінде көрсетеді.\r\n\r\n       Инвестор өзінің еншілес ұйымдардың  таза табысында үлестік қатысын қайта жаңғыртуға, тек таза табыс үлесі, таза шығындар үлесіне тең болғанда ғана мүмкіндік алады.       \r\n\r\n        Құн әдісі — инвестицияларды иелену мезетінде сатып алу құнымен көрсетілетін есеп әдісі. Инвестордың қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте, инвестиция табысы деп, тәуелді шаруашылық серіктестігінің, жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивидендтердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.                       Инвестицияланған кәсіпорын өте қатаң, ұзақ мерзімді, шектеулі жағдайларда жұмыс істеп, инвесторға табыс бере алу қабілеті төмен болса, инвестицияға иеліктің құны сатып алу құнымен есептеледі. Мұндай шектеулерді тудыратын төмендегідей себептер: реттеуші органның бақылауында болса, кәсіпорын дивидендтері бөлу аспектісіне араласуы мүмкін; кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) шетелге аударуға шек қойылған немесе валюта бағасы жедел кеміп кететін елде жүргізілуі мүмкін.                                                                \r\n\r\nЕншілес ұйымдардың  шаруашылық серіктестігіне инвестициялар оларды болашақта сату мақсатында алғаннан басқа жағдайда үлестік қатысу әдісі бойынша біріктірілген қаржылық есепте есептеледі; тәуелді шаруашылық серіктестігі инвесторға қаражат беру қабілетін төмендететін қатаң ұзақ мерзімді жағдайда жұмыс істейді. Бұл жағдайда олар құн әдісімен есептелуі тиіс.              \r\n\r\nБөлек қаржылық есеп-беруді жүргізуші инвестор, еншілес ұйымдарға біріктірілген қаржылық есеп – беруді жасаған кезде, тек өзінің инвестициясы туралы мәліметті ғана беруі керек. Біріктірілген қаржылық есеп-беруді жасамайтын инвестордың есебі, жеке қаржылық есеп беруден тұрғанымен, ол мынадай жайларды ескереді: үлестік қатысу әдісімен немесе құн әдісімен (тәуелді шаруашылық серіктестігі қатал ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында қызмет істесе немесе инвестициялар жақын болашақта сату мақсатында алынса); сатып алу құнымен немесе қайта бағалау құнымен немесе ұзақ мерзімді инвестицияларды есепке алудың қабылданған есеп саясатына сай сатып алу мен ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша есептеледі.                        \r\n\r\n1.3  Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері\r\n\r\nҚорды басқару және қызмет етуге келесі ұйымдар қатысады:\r\n

    \r\n

  • компанияны басқарушылар қор мүліктерін басқарады, инвестициялық шешімдер қабылдайды, инвестицияларға әкімшілік қызмет етеді; бас-қарушылар сату процесін ұйымдастыру үшін (кері сатып алу) орналастыру бойынша агенттерді қатыстырады;
  • \r\n

  • қор активтерін сақтаушы (қор типтеріне және елге (мемлекетке) байланысты — қамқоршы депозитаршы, кастодиан) мүлкіне   қатысты   қор бойынша компанияларды басқарушылардың іс-әрекеттерінің заңдылық функцияларын бақылауды жүзеге асыра отырып, қор мүліктерінің есебін жүргізеді   және   сақтайды;   қор   активтерінің номиналды  ұстаушысы болып табылады,  қор мүлкімен басқарушының нұсқау ережесі бойынша мәмілелер жасалады;
  • \r\n

  • тіркеуші — қордың бағалы қағаздар иелерінің реестрін жүргізеді, кейде тіркеу функцияларын компанияның басқарушысы жүзеге асырады;
  • \r\n

  • аудитор — есептің дұрыс жүргізілуін және өздеріне сәйкес елдегі (мемлекеттегі) сектордың есеп беруін тексереді, бірақ олардың мақсаты барлық жерде бірдей.
  • \r\n

\r\n Қорларды негізгі екі параметр бойынша ажыратады — заңды және операционды құрылым. Қорлар құрылымы бойынша корпаративті, трасталық және келісім-шартты болып бөлінеді.\r\n\r\nКорпоративті қорлар. Ең кең тараған Қорлардың типі — корпоративті, ол акционерлік қоғам тәріздес құралады, басқа компаниялардың облигацияларын өздерінің акционерлерінің атынан инвестициялауды жузеге асырады; бұл инвестициялардан түскен табыс, қор акционерлерінің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді ал олардың акция пакеттерінің құны қор инвестициясының құнындағы өзгерістерге сәйкес өседі (немесе төмендейді). Корпоративті қордың иесі акционерлер болып табылады, оны компанияның директоры олардың атынан басқарады. Қордың инвестициялық портфельдік басқаруын компанияның тәуелсіз басқарушысы жүзеге асырады.\r\n\r\nТрасталық қорлар. Трасталық қордың қызметінің негізінде қор активтерінің және қордың жариялаған қызметінің мақсаттарының аман сақталуына жауап беретін, қамқоршысы мен қордың басқарушы компаниясы арасындағы нақты бөлініс жатыр. Қамқоршымен келісім-шарт бойынша басқарушы компания қордың инвестициялық портфелін басқарады, тәртіп бойынша, әкімшілік процедураларды жүзеге асырады. Мұндай функциялардың бөлінісі қор мен оның инвесторлары үшін қорға жетекшілік етудің қосымша қорғау құралы болып табылады. Трасталық типті қорлар Ұлыбританияда және Ұлыбританияның бұрынғы колониялары мен Австралия сияқты, британдық жалпы құқығы бар елдерге кеңінен тараған; бұл нысан сирек болса да Америка Құрама Штаттарында пайдаланылады.\r\n\r\nКелісім-шарттық қорлар. Кейбір елдердің заңдары бойынша ұжымдық активтерді басқару үшін трасталарды жасауға рұқсат етілмейді, бұл мемлекеттерде (негізінен романо-германдық құқық немесе азаматтық кодекс жүйесімен) ол үшін қордың келісім-шарттық нысаны жасалынған. Мұндай нысан кезінде қор активтерінің заңды иеленушісі болып не басқарушы, не ұйымдасқан инвесторлар болып табылады. Активтердің сақталуына жауап беретін көбінесе банк немесе басқа кредиттік институт, еншілес құрылымы немесе оның бөлімшесі басқарушы болып табылады. Активтерді сақтау функциясымен қордың басқару функцияларын бөлу кредиттік институттардың жоғары репутациясымен және реттеушілер жағынан олардың үстінен қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылады.\r\n\r\nИнвесторлардың өздері — акционерлер емес, дивидендтермен және капиталдың өсуін алуға құқықтары бар қатысушылар, бірақ дауыс беру құқықтары жоқ. Олар пайдалана алатын жалғыз құқық — ол өздерінің активтерін сату құқығы, егер оларға ол қорды басқару ұнамаса, одан шығып кете алады. Қорлардың бұл типі Германия және Францияда қолданылады. Операциондық көзқарас бойынша жабық және ашық типтегі қорлар болып бөлінеді.\r\n\r\nЖабық типтегі қорлар. Мұнда акциялардың нақты белгіленген саны болады, акционерлік қоғамдағы сияқты акциялардың саны, заңдасқан нысанда құрылады. Сондықтан, қордың акцияларын қаңдай да бір тұлға алатын болса, олардың осыған сәйкес саны басқа тұлға арқылы сатылуы керек және бұл операция қор биржасында акцияларды жай қолдан-қолға беру ретінде жүргізіледі. Қосымша акцияларды жасау және шығару немесе акцияларды жою үшін сатып алу, әдетте акционерлердің келісімін талап етеді.\r\n\r\nАшық типтегі қорлар нақтылы белгіленген капиталы бар жабық типтегі қорға қарағанда олардың капиталы өзгермелі болады. Акциялар сатушылар және сатып алушыларға байланысты әрдайым шығарылып және жойылып отырады. Осындай тәсілмен қор капиталының өсуі немесе төмендеуіне акционерлер жиналысын ұйымдастырмай-ақ уақытымен азая немесе кеңейе алады. Ашық типтегі қордың акцияларын қорлардан сатып алуға болады немесе тұрақты түрде көбінесе күн сайын сатуға ұсына алады.\r\n\r\nИнвестициялық қорлар қызметісіне қатысы бар ең негізгі көрсеткіштердің бірі болып қордың барлық таза активтері — қордың нарықтық бағамен бағаланған барлық активтерінің белгіленген процедуралары мең қордың барлық міндеттемелері болып табылады. Қор-дың бір акциясына (жарнапұл) есептегендегі таза активтердің құнын акция құны (жарнапұл) деп атау қабылданған. Бұл көрсеткіштер келесі түрде есептелінеді:\r\n\r\nҚордың таза активтерінің құны (ТАҚ) = Қордың барлық активтері Қордың барлық міндеттемелері; Акция құны (жарнапұл) = Таза активтер құны/ айналымдағы акциялар (жарнапұл) саны \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ\r\n\r\n2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі\r\n\r\nҚаржылық инвестициялардың есебі 1100 «Қаржылық инвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 2040 «Акциялар», 2020 «Облигациялар» және 2010 «Басқа қаржылық инвестициялар» шоттары кіреді.\r\n\r\n2040-2010 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады.\r\n\r\nҚаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.\r\n\r\nҚаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондықтөлемдері кіреді.\r\n\r\nҚұнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады.\r\n\r\nҚысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.\r\n\r\nЕгер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.\r\n\r\nҚысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.\r\n\r\nЕгер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең теменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі негізде анықтайды:\r\n\r\n— жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен;\r\n\r\n— инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;\r\n\r\n— жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.\r\n\r\nБұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда — табыс ретінде танылады.\r\n\r\nЕнді біз баланс құнын анықтаудың тәсілдеріне бір мысал келтіріп көрейік.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоғарыда көрсетілген варианттың біріншісі бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияның құнын анықтайтын болсақ, онда ағымдағы кезеңдегі құны сатып алу құнынан 65 мың теңгеге (1565 — 1630) теріс айырмасы болғанын көреміз, демек ол шығыс ретінде танылады.\r\n\r\nАл екінші вариант бойынша акцияның баланстық құны ең кіші баға ретінде сатып алынды (820 мын, теңге 825 мың теңгеден аз), ал облигацияның баланстық құны ең кіші баға ретінде ағымдағы (нарықтық) бағасынан алынды (740 мың теңге 810 мың теңгеден аз). Осы вариантта біріншісі 5 мың теңгеге оң айырмашылығын берген, яғни ол табыс ретінде танылды, ал екіншісі 70 мың теңге теріс айырмашылығын берген, яғни ол шығыс ретінде танылды. Нәтижесінде, екінші варианттың да, бірінші варианттың да айырмашылығы бірдей соманы (65 мыңтеңгені) берген.\r\n\r\nҮшінші вариант бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестиция мынадай баланстық құны құрайды:\r\n\r\n» А» компаниясы           — 280,0 мың теңге      сатып алу кұны бойынша;\r\n\r\n«Б» компаниясы           — 210,0 мыңтеңге      ағымдағы құны бойынша;\r\n\r\n«С» компаниясы           — 150,0 мың теңге      сатып алу құнымен ағымдағы\r\n\r\nқұны бірдей;\r\n\r\n«Г» компаниясы           — 165,0 мың теңге      ағымдағы құны бойынша;\r\n\r\n«К» компаниясы           — 100,0 мың теңге      сатып алу құны бойынша;\r\n\r\nБұр арада бұрындары жүргізілген кдйта бағалау сомасы инвестицияның табысы болып саналады.\r\n\r\nҚысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ, онда: олар сатып алу және ағымдағы күнның ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген болса) бағаланады.\r\n\r\nЕнді біз бұл қалай есептелетіндігі туралы, бір мысал қарастырып көрейік:\r\n\r\n—  акцияның инвестициясы;\r\n\r\n—  облигацияның инвестициясы; — басқа да қаржылық ивестициясы.\r\n\r\n2.2 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар қызметтері\r\n\r\n \r\n\r\n2040 «Акциялар» шотында кәсіпорынның, басқа кәсіпорындардың, банктердің және т.б.-дың акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептелінеді. Акция — акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивиденттер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқын беретін бағалы қағаз.\r\n\r\nАкцияларды алған кезде  2040 «Акциялар» шотының дебеті бойынша және төмендегі шоттардың кредиті бойынша шоттардың корреспонденциясы жасалынады: сатып алынған акциялардың сатып алу құнына — 4110 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысулар», 6670 «Басқа кредиторлық қарыз және төлемдер», 3320 «Еншілес серіктестіктерге қарыз», 3340 «Тәуелді серіктестіктерге қарыз», 3330 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға қарыз».\r\n\r\nАкцияларды алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін: 1150 — шоттың дебеті, 1050 «Ел ішіндегі валюталық шоттағы нақты ақша»,  1050 «Шетелдегі валюталық шоттағы нақты ақша» шоттарының кредиті — шет мемлекеттердің банкілер мен компанияларының акцияларын алғанда; 1040 «Есеп айырысу шотындағы нақты ақша», 1010 «Кассадағы ұлтгық валюта түріндегі нақты ақша» — Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы акцияларды алғанда.\r\n\r\nАкцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағдайда олар есептен шығарылса, онда акцияның баланстық құнына 7410 «Бағалы қағаздарды сатумен байланысты шығыстары» деген шоты дебеттеледі де, және 1150 «Акция» кредиттеледі, сосын ол 1210 шотының дебеті бойынша және 6210 шоттың кредиті бойынша керсетіледі.\r\n\r\nМысал. «Батыс» ААҚ ағымдағы жылдың маусымында жай акцияны алған болатын:\r\n\r\n— «Тұрмыс» ААҚ — 10000 дана 300 теңгеден әрбір данасын;\r\n\r\n— «Алтын» ААҚ — 8000 дана 450 теңгеден әрбір данасын; »: — «МАЗ» ААҚ — 5000 дана 200 теңгеден әрбір данасын.\r\n\r\nОсы алынған акциялардың жиынтығы, «Батыс» ААҚ акцияларының шамамен 20 %-тін ғана құрайды, яғни аталған қоғам олардың қызметіне айтарлықтай әсер ете алмайды.\r\n\r\n«МАЗ» ААҚ-ында акцияны алуымен байланысты брокерлердің қызметі 15 мың тенге құраған. Бір акцияның ағымдағы құны мынаны құрады:\r\n\r\n«МАЗ» ААҚ ағымдағы жылдың қарашасында қайта сату мақсатында алған болатын, бірақ ол сатылмай қалды, сондықтан оны келесі жылдың басынан бастап, ұзақ мерзімді инвестицияға өткізу туралы шешім қабылданды.\r\n\r\n«АЛТЫН» ААҚ ұзақ мерзімді иелік ету мақсатында 5000 акцияны алған болатын, бірақ кәсіпорында және инвестициясының саясатында өзгерістердің болуына байланысты оны келесі жылдың мамырында сатуына тура келді, бұндай шешім ақпанда қабылданған болатын.\r\n\r\n«ТҰРМЫС» ААҚ 10000 дана акциясына 100 мың тенге дивиденд тиесілі болатын, бірақ сол дивиденд сәуірде жарияланғанымен ағымдағы жылдың қыркүйегінде төленді.\r\n\r\n \r\n\r\nЕнді біз осымен байланысты шоттар коопеспонденциясын жасап көрейік.\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

1. Сатушыға қаржылық инвестицияның құны төленді (1000000+15000+2900000+100000) 4 015 000 3310,3390 1020
2. «Цемент» ААҚ акцияға қосылған дивиденд құны төленді 100 000 1020 2170
3. Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияның ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты және ұзақ мерзімді категориясына өтуіне байланысты ағымдағы құны бойынша бағаланып, 1-ші қаңтардан бастап оның баланыстық құны болып саналады.\r\n\r\n«IBC» ААҚ акциясы (5 000х250-1 015 000) 235 000 1110 6160
4. «Цемент» ААҚ акциясы бойынша дивиденд есептелінді 150 000 2170 6120
5. «Темір» ААҚ 5000 акциясы сатылды\r\n

    \r\n

  • инвесицияның баланстық құнына (5000х450)
  • \r\n

  • сатудан түскен табыс сома
  • \r\n

\r\n

2 250 000\r\n\r\n2 250 000 7410\r\n\r\n1020\r\n\r\n  1110\r\n\r\n6210
6. «Цемент» ААҚ акциясы бойынша дивиденд есептелінді 150 000 1210,\r\n\r\n1020 2170
7. Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияның ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты «Темір» ААҚ акциясы ұзақ мерзімді инвестициясына  ауыстырылды 30000 теңге | ((8000-5000) х 460-8000-5000) х 450| 30 000 1110 6260

\r\n \r\n\r\n«ТҰРМЫС» ААҚ ағымдағы жылдың сәуірінде қайтадан 10000 акцияның деңгейінде 150 мың тенгеге дивиденд жарияланды.\r\n\r\nКәсіпорынның есептік саясатында қысқа мерзімді қаржылық инвестицияны ағымдағы құны бойынша, ал ұзақ мерзімді инвестицияны сатып алу құны бойынша есептеуді қарастырған болатын.\r\n\r\nОблигация дегеніміз — ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар (ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация — жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ.\r\n\r\nОблигациялармен байланысты операциялардың есебі 1130 «Облигация» шотында жүреді.\r\n\r\n1130 «Облигациялар» шотында мемлекеттік және жергілікті займдардың проценттік облигацияларына салынған қаржылық инвестициялардың нақты бары мен қозғалысы және осындай құнды қағаздар сатып алу құнымен есептелінеді. Облигация — белгіленген нақты (номиналдық) құны бойынша егесіне процент төлеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облигациялардың төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялық банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар шығарған); атаулы және талап етушіге арналған; проценттік және проценттік емес, еркін айналымдағы және айналым шеңбері шектеулі.\r\n\r\nОблигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды кездейді.\r\n\r\nОблигацияларды сатып алу және олардан алынған табыстар бойынша есептеулерді келесі мысалдармен көрсетейік.\r\n

    \r\n

  1. Облигация,, номиналдық құны бойынша шығарылған. Кәсіпорын 1 млн. теңге тұратын, әр қайсысы мың теңгеден, 1000 дана облигациясын сатып алды делік, бүл арада эмитент үш жылдық мерзімге, әр үш ай сайын, жылдық деңгейден есептелген 20% телем жасап тұруға міндеттенген. Сатып алынған облигациялардың құнына:
  2. \r\n

\r\n1130-ші «Облигациялар» шоты дебеттеледі де, 1040 шоты кредиттеледі -1 000 000 теңге.\r\n\r\nСатып алынган облигациялар бойынша жылдық проценттердің сомасы: 1 000 000 теңге х 20% : 100% = 200 000 теңге немесе айына 16 667 теңге құраған. Есептелген проценттердің сомасына 2170-ші «Есептелген проценттер» шотының дебеті жөне 1270-ші «Акциялар бойынша дивиденттер және процент түріндегі табыстар» шотының кредиті бойынша 16 667 теңгеге ай сайын бухгалтерлік жазбасы жазылып отырады.\r\n\r\nӘрбір үш ай сайын облигация эмитентінің шығарылым шарттары бойынша инвесторға тиесілі проценттер теленіп отырады: ол кезде 1040 шоты дебетгеліп, 1270 шоты 50 001 (16 667 х 3) сомасына кредиттеледі.\r\n\r\nОблигациялардың жабылу (погашение) мерзімі таянған кезде эмитент инвесторға олардың салған ақшасын номиналдық құны бойынша қайтарады: ол кезде бухгалтерлік жазудың үш жазбасы жасалады:\r\n\r\nДт 7410, Кт 1130 — 1 000 000;\r\n\r\nДт 2810, Кт 6210 — 1 000 000;\r\n\r\nДт 1040, Кт 2180-1000 000.\r\n

    \r\n

  1. Сыйақысымен (сыйлығымен) шығарылған облигация. Эмитент 1000 000 теңге сомаға әр қайсысы 1 000 теңге тұратын, 2 жылдық мерзімге арналған, жылына 2 рет жылдық 25%-ік міндетті түрде төлемін жасап отыратын облигацияның 1 000 данасын басып шығарады. Инвестор-кәсіпорын облигациялардың нарықтық құны хабарланған номиналдан 3% артық немесе 1 030 теңгеден астам болған кезде табыс табу үмітімен оларды сатып алған еді, өйткені эмитент нарықтағы орташа төлеммен (нарықтық проценттік ставка 22%) салыстырғанда неғұрлым жоғары проценттер төлемі жөнінде хабарлаған болатын.
  2. \r\n

\r\nОблигациялардың номиналдық құнына қосылған (плюс) сыйлықты қоса есептегенде, оның сомасы 1030000 теңге құраған (1 000 000 + 1 000 х 3 : 100)х100, ол кезде 6010 шоты дебеттеліп, 1040 шоты 1 030 000 теңге сомасына кредиттеледі.\r\n\r\nОблигациялар бойынша проценттердің ай сайынғы сомасына (1 000 000 : 100 х 25 = 250 000 жылына немесе айына 20 833 теңге) 1270 шоты дебеттеледі де, 6020 шоты 20 833 теңгеге кредиттеледі.\r\n\r\nЭмитент әрбір жарты жыл сайын облигациялар бойынша түсетін табысты төлейді (20 833 х 6 = 124 998 теңге), онда, 1040 шоты дебеттеледі де, 2170 шоты 124 998 теңгеге кредиттеледі.\r\n\r\nТабысты есептеудің әрбір кезінде ай сайынғы сатып алу мен номиналдық құнының арасындағы айырманың бір бөлігін (30 000 : 24 = 1 250 теңге) есептен шығарып отырады және оның екі жылдық айырмасы 30 000 теңгеге тең болған. Ол кезде, 7450 шоты дебеттеліп, 2020 шоты 1 250 теңгеге кредиттеледі.\r\n\r\nОблигацияның жабылу кезеңі таянған кезде эмитент инвесторға оның номиналдық құны бойынша қайтарады, яғни 7410 шоты дебеттеліп, 2020 шоты 1000 000 теңгеге кредиттеледі, және бірден сол заматта тағы да бухгалтерлік есептің екі жазбасы жазылады, сол сомаға: Дт 2160, Кт 6210 және Дт 1040, Кт 2180.\r\n\r\nСонымен, кәсіпорын осылайша облигация эмиссиясында қарастырылған 500 000 теңге табыс алады, мұның ішіндегі 30 000 теңге сомасындағы сыйақы шегерілімі жасалынады.\r\n

    \r\n

  1. Жеңілдіктерімен (скидкасымен)  шығарылған  облигация. Кәсіпорын бір облигацияның номиналдық құны 1000 теңге тұратын 2 жылдық мерзімге арналған және жылына екі рет жылдық 25%-тік төлем жасап отыру үшін,    1000 дана облигациясын сатып алуға шешім қабылдаған. Бір жылда түсетін табыстың жалпы сомасы 250 000 теңге болғанда, оның жарты жылдығы 125 000 теңге құраса, ал ай сайынғысы 20 833 теңгеге тең болған.
  2. \r\n

\r\nСатып алу кезіндегі оның проценттік ставкасы 29%-і құрады. Эмитент әрбір облигациядан 33 теңге шегерім жасап сатуды ұйғарған (1 000 — 33 = 967 теңге). Шегерілім сомасы 33 000 теңге (1 000 х 33 = 33 000 теңге) тең болған жағдайда, онда сатып алған облигациясының есептелген ағымдағы құны 967 000 (1 000 000 — 33 000) теңге болады.\r\n\r\nШегерімімен есептелген облигацияның сатып алу құны 2020 шотының дебеті және 1040 шотының кредиті бойынша 967 000 теңге көрініс табады.\r\n\r\nПроценттерден түсетін табыстарды ай сайынғы есептеу кезінде 20 833 (250 000 : 12) сомасына 2170 шоты дебеттеліп, 6120 шоты кредиттеледі.\r\n\r\nЭмитент проценттер төлемін төлеген кезде (жылына 2 рет) 12500 теңгеге 1040 шоты дебеттеледі де, 2170 шоты кредиттеледі.\r\n\r\nПроценттерден түсетін табыстың әрбір есептелуі кезінде кәсіпорынның табыс сомасын, яғни 33 000 теңгенің бір бөлігін (33 000: 24 = 1375 теңгені) 2020 шотының дебеті мен 6110 шоттың кредитінде көрсетіп, жабу мерзімі таянған кезде, жоғарыдағыдай үш бухгалтерлік жазба жазады (1 млн. теңгеге).\r\n\r\nКәсіпорын облигациядан тіркелген пайызды алуды көздейді.\r\n\r\nОблигацияны сатып алғанда олар не номиналдық құнынан төмен, не жоғары бағаға сатып алады. Бірақ осы екі жағдайда да олардың сатып алу құны мен номиналдық құнының арасында айырмасы болады. Облигацияның табысын есептеу осы айырманың төңірегінде жасалады.\r\n\r\nЕгер де қаржылық инвестициясы, алатын кезеңі үшін есептелген пайызымен сатылса, онда олар күніндегі пайызымен сәйкес келмеуі мүмкін, ол кезде сәйкес келмеген пайызын сатушы мен сатып алушы бөліседі. Төленбеген пайызы келешек кезеңнің үлесіне біртіндеп таратылады. Мысалға, мамыр айында 1000 дана облигациясы 1000 теңгелік номиналдық құны бойынша сатып алынған, оның пайызымен жалпы құны 1036667 теңге кұраған, оған сәуір мен мамыр айында — 36667 теңге пайыз есептелінген (1000 х 1000 х 22% х 2 : 12), 2 жылға, әр үш ай сайын, ол бойынша эмитентке 22% жылдық пайызын төлеп тұруды міндетіне алған.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n2.3 Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есептің маңызы\r\n\r\n \r\n\r\nИнвестицияны сатып алушылар бухгалтерлік есепте оны номиналдық құны бойынша көрсетеді (1000000 теңге), ол кезде 2020 шоты дебеттеліп, 3310 шоты кредиттеледі. Ал келесі айда, яғни маусымда, сатып алушы 18333 теңге (1000000 х 22% х 1 : 12) пайызын есептейді, ал ол 2170 дебеті мен 2110 кредиті бойынша керініс табады. Шығару шарты бойынша (әр үш ай сайын) төленуге тиісті пайызының сомасы 55000 теңгені құраған және оған 1040 шоты дебеттеледі де, 2170 шоты кредиттеледі.\r\n\r\nҚалған кезендерге ай сайын 18333 теңге сомасында пайыз есептелінеді және оған жоғарыдағы келтірілген номиналдық құны бойынша жасалатын бухгалтерлік жазба жасалады:\r\n\r\n1) 7410 шоты дебеттеліп, 2020 шоты — 1000000 теңгеге кредиттеледі;\r\n\r\n2) 2180 шоты дебеттеліп, 6210 шоты — 1000000 теңгеге кредиттеледі;\r\n\r\n3) 1040 шоты дебеттеліп, 2180 шоты — 1000000 теңгеге кредиттеледі.\r\n\r\n2010 шотта: депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазыналық вексельдер, қазыналық ноталар, қысқа және ұзақ мерзімге берілген заемдар, шартты бағалы қағаздар есепке алынады.\r\n\r\nДепозиттер — бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап өтілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді.\r\n\r\nБондар мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері. Бондарды сатып алу және сату қаражаттары суррогатгарының есебінде қолдана алады, ақша суррогаттарының рөлін атқарады.\r\n\r\nҚазыналық вексельдер — мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі; олардың пайыздык купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады. Толық өз құны бойынша сатып алынады. Вексельдердің иелері көрсетілген (номиналдық) бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең табыс алады.\r\n\r\nҚазыналық ноталар — қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі. Қазыналық билеттердің синонимі (асыл металдармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күміске ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі.\r\n\r\nШартты бағалы қағаздар — бұл опциондар, варранттар, қаржылық фьючерстер, алуға ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.\r\n\r\nОпцион — опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы қағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.\r\n\r\nВаррант — бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын ала белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық. Варрант иесі — оның сатып алушысы.\r\n\r\nФъючерлік контракт — мәміле жасасу кезінде белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген бағалар бойынша уағда етілген құндылықтар көлемін жеткізіп беру туралы келісім жасалған құнды қағаздар. Фьючерлік контракт мәмілеге қатысушыларға қор құндылықтарын жеткізумен ғана аяқталмауы мүмкін, бірақ ол нақты тауарды жеткізіп беруді де қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайда фьючерлік контракт мәмілеге қатысушылардың біріне контрактының құны мен биржалық бағаның арасындағы айырманы төлеуді қарастырады. Фьючерлік контракттар бойынша есеп айырысу әрбір қатысушыға міндетиемелерінің орындалуына кепілдік беретін сомалар келіп түсетін биржалық есеп айырысу (клирингтік) палатасы арқылы жүзеге асырылады.\r\n\r\nТөменде 2010-ші «Басқалай қаржылық инвестициялар» шоты бойынша шоттар корреспонденциясы келтіріліп отыр.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nІІІ.  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ   ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ\r\n\r\n3.1 Қазақстандағы  инвестициялар жағдайының көрсеткіштері\r\n\r\n \r\n\r\n Инвестиция   тартуға байланысты  атқарылып жатқан  жұмыстар  да жеміссіз емес. Қала бойынша  бүгінде  әлімнің  52 елінің  серіктестерінің  қатысуымен құрылған 127 біріккен және 218  шетелдік кәсіпорындар жұмыс  істейді. Атқарылған жұмыстың  нақты  көрсеткіші ретінде  — қала  экономикасындаға  инвестициялардың көлемі 2,9 млрд. – тан астам АҚШ долларын құрады. Өткен  жылдың  қорытындысына қарай, негізгі  қорды  инвестициялар  134185,6 млн. тенгені құрады, бұл дегеніміз 925,5 млн. АҚШ долларына  жуық қаржы.\r\n\r\n        Астана қаласында  шетелдік  компаниялар  ұсынықты жұмыс істеуде. «Ахсель Холдинг» компаниясының  өз қаражаты есебінен «Ахсель» бизнес орталығы мен «Рамстор» сауда үйі салынды. «Окан Холдинг» компаниясымен салынған «Окан – Интерконтиненталь — Астана» бесжұлдызды  қонақүйі келушілерге  қызмет көрсетуде. «Испат — Кармет» ашық акционерлік  қоғамы жалпы құны 2 млн. АҚШ долларын құрайтын «Аквапарк» ойын – сауық кешеннің құрылысын аяқтады. Ұлыбританияның  «Фитцпатрик Констракторс» компаниясы тарапынан 241 орынға  арналған қазіргі  заманғы   аурухана салынды.\r\n\r\n        Жапон халықаралық  ынтымақтастық банкісі заемының қаражаттарынан «Астананың  халықаралық  әуежайын  қайта  жаңғырту» жобасы қаржыландырылуда. Тұрмыстық  қалдықтарды жою жүйесін жаңғырту  жобасы  Испан үкіметінің заемы қаражаттарының есебінен жүзеге асырылады.\r\n\r\n        Жапон Банкісінің  елордалық  инвестицияға  салған  қаржы көлемі 185 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде  «Астана қаласын  сумен жабдықтау  және су  шығару» жобасын  жүзеге  асыруға  бағытталған  қаржы – 165 мың. долларға  жеткен.\r\n\r\n        Шет  мемлекеттердің  және  тікелей  шетелдік  инвестициялардың  гранттары  есебінен  қалада бұған қоса 6 жоба – 3 әкімшілік  ғимарат, Ислам мәдени орталығы салынуда, дипломатиялық  қалашық, цирк ғимараты, екніші кезектегі «Думан» ойын – сауық орталығы және  тағы  да   басқа   нысандар бой көтеруде. Бұдан  тыс 35 мың  көрерменге  арналған  стадионның  құрылысы, әлеуметтік – мәдени  нысандарға  арналған  бірнеше  тұрғын үй  кешендері  мен нысандарының құрылысы жоспарлануда. Астананы  дамытудың  бас жоспарына  сәйкес  Есілдің  сол жағалауындағы  нысандары  мен инженерлік  желілердің дамуына  бағытталатын  инвестиция  238,6 млрд. теңгені құрап отыр.\r\n\r\n        Инвестиция деп  қаражаттарды  ұзақ мерзімге  белгілі  бір салаға  пайда  табу мақсатында  салуды білдіреді. Инвестициялық  қызмет ке  банктер  делдал ретінде  қатысады. Банктер  өздерінің  инвестициялық қызметінде  тиімді  инвестициялық саясат  жасай отырып  жүзеге  асырады.  Банктердің  инвестициялық  саясаты  инвестиция  портфелін  басқару  бойынша  стратегияны  құру  және  іске  асыру  шараларын, қалыпты  қызметті, табыстылықты  арттыру, банк  балансының  өтімділігін қамтамасыз ету  бағытында  портфельді және  тіура  инвестициялардың оптималды құрылымына  жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық  саясаты  банктың банктың  басқармасымен  жасалады. Инвестициялық саясаттың  басты  элементтерінің бірі – банктың  валюта  — қаржылық портфелін, соның  ішінде  инвестициялық  портфелін басқарудың   тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.\r\n\r\n        Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.                                                                                                          Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.                                                                                                         Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайда тұрақтандару, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 2001 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тару көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін иеленді.                             Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды келтіруге, тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.                             Жеке инвесторлар Мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар. Олар тауарларды және қызмет көрсетуді сұраныстарымен ұштастыра отырып арттыруға, өндірістің түрлі жобаларымен нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан да, жеке инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай отырып, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда, салық салу, несие беру, кедендік пошлиндер жағынан едәуір жеңілдіктер беруге тиіс.                                                                                                                      Қазақстан үкіметі 1996 жылы 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға қаржылық секторды, құқықтық реформаны, мұнай және газ өнеркәсібін, су ресурстарын, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығын, құрылысты, коммуналдық шаруашылықты, шұағын және орта бизнесті қолдауды дамытудың жобалары енгізілді.                                                                      \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n3.2  Қазақстан Республикасындағы    инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары\r\n\r\nКөптеген  елдерде  ивестициялық банктердің  қызметін басқа да  қаржылық – несиелік мекемелер немесе коммерциялық банктер атқарады.\r\n\r\nҚазақстан Республикасында да мұндай банктердің функцияларын негізінен  Қазақстан Республикасының банк жүйесінің екінші деңгейдегі  банктері  атқарады. Бірақ Қазақстан Республикасының  коммерциялық  банктері  бірінші  типті банктердің операцияларын  жүзеге  асыру өз деңгейіенде болып отырған жоқ. Коммерциялық банктің  салымдық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын,  диверсифискация, табыс пен өтімділікті қамтамасыздандыру .\r\n\r\nБіраз уақыт бұрын отандық банктердің  атына олардың нақты экономика секторындағы  шаруашылық субъектілермен  қатынастары туралы қатаң сын  айтылған болатын. Қазақстанның экономикасына  айналым  және  салымның  қаражаттардың  тапшылығын банктердің несиелері қанағаттандырмады.\r\n\r\nБұл жағдай 2000 жылдан бастап жақсара бастады. Банктер қаржы нарығының неғұрлым  активті және  капиталды қатысушылардың бірі  болды. Қазақстандағы бір банктің  орташа капиталы валюта эквивалентінде шамамен 30 млн. АҚШ долларын құрайды. 2003 жылы банк активтерінің 60 % нақты  экономика  секторына  жіберілді,  өндірістің дамуымен және  банктердің ресурстық базасының артуымен банктер нақты экономика секторын несиелеуге белсенді қатысуын көрсетеді.\r\n\r\n2002 жылы экономиканы  дамытуға  кеткен  несиелердің  көлемі 672,4 млрд. тенге,  шетел  валютасында  4,3 млрд. АҚШ долларын артық  болды. Ал 2003 жылдың  қазан айындағы  мәліметтер бойынша  банктердің экономикаға бағытталған несиелерінің жалпы көлемі 924,3 млрд. теңгені құрады, бұл 6,25 млрд АҚШ долларынан артық.\r\n\r\nСонымен  экономиканы инвестициялауда банктердің  инвестициялық   қызметі өте маңызды. Қазақстанда  банктер тарапынан  экономикаға қаражаттарды бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің  қаржылық  салымдарға қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керпек. Жинақтаушы зейнетақы қорларының  активтерін нақты экономиканы қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.\r\n\r\nИнвестициялар. Мемлекет қазіргі таңда шетелдік капиталды кең көлемде тарта түсуге, осы үшін кешенді қолайлы факторларды орнатуға бағыт ұстап отыр. Қазақстандағы салымның іс-әрекет қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерінің арқасында өндіру процесін жандандыруға бағытталған.\r\n\r\nӘлемдік банктің Қазақстанды салым үшін ең қолайлы әлемнің 20 елінің санатына ендіруі ел экономикасының дамуына берілген жақсы баға деуге болады. Осы орайда атап өтер болсак, тәуелсіздігімізді жариялағалы бергі жылдар аралығында ел экономикасына АҚШ-тың 21 млрд. долларынан астам қаржы тартылды.\r\n\r\nҚазақстанның бүгінгі күнде әлемдік қауымдастықта нарықтық экономикасы бар ел ретінде мойындалғанын атап кету қажет және еліміз ТМД елдерінің арасында бірінші болып инвестицияның рейтингке ие болды.\r\n\r\nҚазақстан экономикасына келген инвестициялық салым, мұнай-газ саласын қоса есептегенде, 2003 жылдын қаңтар — қыркүйегінде 729,6 млрд теңгені құрады, ал бұл, 2002 жылдың сондай айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 10,8 %-ке артық ( 1 – Кестеде көрсетілген).\r\n\r\nКесте 1\r\n\r\nҚазақстан экономикасына 2002—2003 жж.  Қыркүйек — желтоқсан айларында түскен инвестиция ағымы\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Қыркүйек — желтоқсан 2003 717,0
Қыркүйек — желтоқсан 2004 ж 547,0
Қыркүйек — желтоқсан 2005 ж 615,0
Қыркүйек — желтоқсан 2006 ж 797,6

\r\n \r\n\r\nҚ.Р. Статистикалық. агенттік мәліметі\r\n\r\nҚазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен кіріс көлемі, еліміздің қаржы министрлігінің мәліметі бойынша 2005 жылдың соңына дейін 838,7 млрд тенгені құрады, бұл 2003 жылдық аталмыш кезеңімен салыстырғанда 26,2 % артық, ал шығындар мен несиелеу — 859,7 млрд теңгені құрады (35,1% артык).  Бюджет дефициті 21 млрд теңгені құрады.\r\n\r\nЕл экономикасының приоритетті салалары мұнай мен табиғи газ өндіру (негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы көлемінін 44%), көлік және байланыс (19%), козғалмайтын мүлікпен операция (9%), өндеу өнеркәсІбІ (8%) болып табылады .\r\n\r\nЕкінші деңгейдегі банктердің экономика саласына салған кредиттік инвестиция, ұлттық банктің мәліметі бойынша 2003 жылы 924,3 млрд. теңгені құрады, және олардын тұрақты өсуі байқалуда. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттік салымдардың үлесі 62,2%, шетел валютасы салымындағы үлес 54,9% құрады. Банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 759,2 млрд. теңгені құрады, бүл 2004 жылмен салыстырғанда 36,4%-ке артық, оның ішінде түрғындардың депозиттік салымы 319,8 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылымен салыстырғанда 36,7%-ке көп.\r\n\r\n        Статистикалық  деректерге  сүйенсек, Астана  инвестиция  тарту  көрсеткіштерінде  республика  бойынша  алғашқы            бестікте  келеді. Жаңа ғасырға  қарыштаған  елордамызға  келіп  құйылар  қаржы көзінің  басым бөлігі  инвестицияның  үлесінде. Сондықтан  да  Астана қаласы бойынша  инвестициялық  жобалардың мәліметтер қорын құру  жөніндегі  жұмыстар  сыртқы экономикалық  байланыстар  желілері бойынша жүргізілуде. Аталмыш  қорға  инвестициялық  жобаларды және  сенімді шетелдік  серіктестер іздеудегі  бизнес – жоспарлар мен  жобалардың  инвестициялық  сауалдамалары  дайындалып, ол таяу және  алыс  шет  мемлекеттердің елшіліктеріне, индустрия  және сауда  министрлігінің  жанындағы  «Қазинвест» ҰҚ – ға  жіберілуде.\r\n\r\n        Инвестиция   тартуға байланысты  атқарылып жатқан  жұмыстар  да жеміссіз емес. Қала бойынша  бүгінде  әлімнің  52 елінің  серіктестерінің  қатысуымен құрылған 127 біріккен және 218  шетелдік кәсіпорындар жұмыс  істейді. Атқарылған жұмыстың  нақты  көрсеткіші ретінде  — қала  экономикасындаға  инвестициялардың көлемі 2,9 млрд. – тан астам АҚШ долларын құрады. Өткен  жылдың  қорытындысына қарай, негізгі  қорды  инвестициялар  134185,6 млн. тенгені құрады, бұл дегеніміз 925,5 млн. АҚШ долларына  жуық қаржы.\r\n\r\n        Астана қаласында  шетелдік  компаниялар  ұсынықты жұмыс істеуде. «Ахсель Холдинг» компаниясының  өз қаражаты есебінен «Ахсель» бизнес орталығы мен «Рамстор» сауда үйі салынды. «Окан Холдинг» компаниясымен салынған «Окан – Интерконтиненталь — Астана» бесжұлдызды  қонақүйі келушілерге  қызмет көрсетуде. «Испат — Кармет» ашық акционерлік  қоғамы жалпы құны 2 млн. АҚШ долларын құрайтын «Аквапарк» ойын – сауық кешеннің құрылысын аяқтады. Ұлыбританияның  «Фитцпатрик Констракторс» компаниясы тарапынан 241 орынға  арналған қазіргі  заманғы   аурухана салынды\r\n\r\n        Жапон халықаралық  ынтымақтастық банкісі заемының қаражаттарынан «Астананың  халықаралық  әуежайын  қайта  жаңғырту» жобасы қаржыландырылуда. Тұрмыстық  қалдықтарды жою жүйесін жаңғырту  жобасы  Испан үкіметінің заемы қаражаттарының есебінен жүзеге асырылады.\r\n\r\n        Жапон Банкісінің  елордалық  инвестицияға  салған  қаржы көлемі 185 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде  «Астана қаласын  сумен жабдықтау  және су  шығару» жобасын  жүзеге  асыруға  бағытталған  қаржы – 165 мың. долларға  жеткен.\r\n\r\n        Шет  мемлекеттердің  және  тікелей  шетелдік  инвестициялардың  гранттары  есебінен  қалада бұған қоса 6 жоба – 3 әкімшілік  ғимарат, Ислам мәдени орталығы салынуда, дипломатиялық  қалашық, цирк ғимараты, екніші кезектегі «Думан» ойын – сауық орталығы және  тағы  да   басқа   нысандар бой көтеруде. Бұдан  тыс 35 мың  көрерменге  арналған  стадионның  құрылысы, әлеуметтік – мәдени  нысандарға  арналған  бірнеше  тұрғын үй  кешендері  мен нысандарының құрылысы жоспарлануда. Астананы  дамытудың  бас жоспарына  сәйкес  Есілдің  сол жағалауындағы  нысандары  мен инженерлік  желілердің дамуына  бағытталатын  инвестиция  238,6 млрд. теңгені құрап отыр.\r\n\r\n        Сонымен, курстық жұмысты қорыта келе, инвестициялық шешім қабылдау мәселелері туралы мынадай тұжырымға келдім: инвестициялық  шешім қабылдауда мынаны есте ұстау қажет: қолда бар ақша ағыны өзіне болашақта орын алатын өсім ағынын, яғни өсудің ағынын қосу керек. Мысалы, жаңа жабдықты сатып алу өзгермелі өндірістік шығынды кемітеді. Үнемдеудің мұндай түрі қолма-қол ақша алуға жағдай жасайды. Мынаны да айта кету керек, амортизация қолдағы ақша қозғалысының есебіне кірмейді.\r\n\r\nТәжірибеде күрделі қаржы жұмсалымының тиімділігін бағалайтын басқа 2діс жиі қолданылады. Оның әлдеқайда қарапайым әдісіне өтелу мерзімінің есебі жатады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n         Инвестиция – экономикалық дамудың жоғары және тұрақты қарқынын қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін еңгізуді, инфра – құрылымды дамытуды көздейді.                                                 Табысқа: проценттер, роялти, дивиденттер, қысқа және ұзақ мерзімде инвестициялар бойынша жалдық төлемдер; қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың шығуының қаржылық нәтижелерін; ағымдағы құнымен есептелген, қысқа мерзімді инвестициялар бойынша жүзеге асырылмаған табыстар мен зияндар; қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды сатып алу және ағымдағы құнының ең төмендегі бағасы бойынша көрсету қажеттілігін жүзеге асыратын ағымдағы құнға дейін төмендеуі және құнының керісінше өзгеруі; мерзімді қаржылық инвестициялар құнының төмендеуі; ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар құнының сөзсіз төмендеуінен түсетін табыстар түріндегі инвестициялардан түсетін түсімдер кіреді.        \r\n\r\n       Инвестицияны дамытуда ерекше рөлді кәсіпорындарды қаржыландыруға және ұзақ мерзімге несие беруге мамандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдарды құру барысында шығарылған акциялардың мемлекеттік пакеттерімен айналысатын, кәсіпорындар акцияларын ауыстыру және оны сатумен айналысатын инвестициялық қорлар атқарады. Сөйтіп, қорлар капиталдың экономикасында неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорынға капиталдың құйылуына жағдай жасайды.     \r\n\r\n      Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізгі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымдың дамытудың маңызды факторы болып саналады.\r\n\r\n        Нарықтың  шешуші бір сипаты – қор рыногы. Нарықтық  экономика  дамыған  елдерде  кәсіпорындар  өзіне  инвестицияға керекті  қаржыны  қор рыногына  акция шығарып, оны сатып  табады. Өз кезегінде    осы акцияны  әртүрлі қаржы  қорлары (мысалы, зейнетақы , қауіпсіздендіру қорлары) және  жеке  адамдар  сатып алады.\r\n\r\nҚысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың ағымдағы құнының өзгеруінен алынған табыс немесе залал олардың сол өздерінің пайда болған кезінде танылады.                                                                                               Есеп саясатында әрбір субъект қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар құнының өзгерісінің кезеңділігін көрсетуді белгілейді және ол биржада: не баға нарығында (рыногында) бағасы белгіленген (котируемый) құны бойынша, не бағалы қағаздардың табыстылыққа байланысты келісуші жақтардың белгілеген бағасы бойынша, яғни әділ есеп айырысудың нарықтық құны бойынша есептелінеді.                                                                    Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік байланыста: ағымдағы құнымен; сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.                                                                                           Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелсе, баланстық құны жиынтық көрсеткіш негізінде не инвестиция түрлері бойынша, не бөлек инвестиция негізінде анықталады.                                                                                                     Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты алынған пайда немесе шығын, олар пайда болған кезеңдегісімен көрсетіледі.                                                                                                  \r\n\r\n                Сонымен, курстық жұмысты аяқтай келе, ұсынысым:  экономиканы  инвестициялауда банктердің инвестициялық қызметі өте маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан экономикаға  қаражаттарды бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің  қаржылық  инвестицияларға  қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сондай – ақ, шағын және орта бизнеске инвестицияларды бөлу шарттарын жеңілдету  жолдарын іздестіру  қажет. Жинақтаушы зейнетақы  қорларының активтерін нақты экономиканы  қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.\r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. \r\n

  3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы N 234 Заңы//Бухгалтер бюллетені-№7, 2007
  4. \r\n

  5. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп//Алматы, 2004
  6. \r\n

  7. Бухгалтерский учет, М., 1998
  8. \r\n

  9. Кеулімжаев Б. Бухгалтерлік есеп принциптері// Алматы – 2004
  10. \r\n

  11. Кәсіпорындағы сауданы ұйымдастырудағы бухгалтерлік есеп, Бухгалтерлік есеп және аудит // N 8, 2001
  12. \r\n

  13. Назарова В. Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп// Алматы — 2005
  14. \r\n

  15. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.
  16. \r\n

  17. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. «Қаржылық есеп», Алматы – 2001.
  18. \r\n

  19. Радостовец В.К., Шмидт О.Т. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»,
  20. \r\n

\r\n     Алматы – 2003.\r\n

    \r\n

  1. Тасмағанбетов Т.А. «Бизнестегі есеп пен талдау», Алматы-2002.
  2. \r\n

\r\n 12.Тасмағанбетов Т.А, Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А. «Қаржы есебі»,\r\n\r\n     Алматы-2000.\r\n

    \r\n

  1. Назарова В.Л. Басқару есебі// Алматы – 2005
  2. \r\n

  3. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары//Қоғам және дәуір. №7-2007
  4. \r\n

  5. 15. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы»,
  6. \r\n

\r\n     Алматы —   2003.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ