Электронды цифрлық қолтаңба дегеніміз не?

0
10726

Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) 2008 жылы енгізілді. Оның көмегімен үйден шықпай-ақ көптеген мемлекеттік қызметтерді алуға болады.

Электронды цифрлық қолтаңба  (ЭЦҚ) – электронды тіркеу куәлігін (сертификат) және ЭЦҚ-ның  жабық кілтін пайдалана отырып,  ақпаратты криптографиялық түрлендіру нәтижесінде алынған электронды құжаттың деректемесі.

Электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану – өз қолымен қойылған қолтаңбаны толық ауыстыру.

«Электронды құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес «тіркеу куәлігі», халықаралық
тәжірибеде «сертификат» немесе «ашық кілт сертификаты» деп қолданылады. Жоғарыда келтірілген Заңнан негізгі түсініктерді келтірейік:

Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы (ҚР НКО) – куәландырушы орталықтардың электронды цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық;

• тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электронды цифрлық қолтаңбаның Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз немесе электронды құжат;

• тiркеу куәлiгінің иесі – өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;

• электронды құжат – ақпарат электронды-цифрлық объектіде ұсынылған және электронды цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

• электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – электронды цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электронды құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электронды цифрлық нышандар терілімі;

• электронды цифрлық қолтаңба құралдары – ЭЦҚ құру  және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын  программалық және техникалық құралдардың жиынтығы;

• электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаның қолы жететін және электронды құжаттағы электронды цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған электронды цифрлық нышандар дәйектілігі;

• электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электронды цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электронды цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электронды цифрлық нышандар дәйектілігі.

Порталда ЭЦҚ пайдалану қандай артықшылықтар береді?

Электронды үкімет порталы арқылы ЭЦҚ пайдалану кезіндегі негізгі артықшылықтар бар, олар:

• мемлекеттік органдардың электронды қызметтерін біз үшін ыңғайлы, тәуліктің кез келген уақытында алу мүмкіндігі;

• облыстық және Республикалық, мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауларына электронды өтініштер беру мүмкіндігі.

2012 жылғы мамыр айының басында Ұлттық куәландырушы орталықтың (ҰКО) әзірлеушілер командасы ҚР ҰКО программалық жасақтаманың жаңартылған нұсқасын жариялады. Жаңа программалық жасақтаманы қолдануға көшудіңмақсаты заңды және жеке тұлғалар үшін түбірлік сертификаттар орнатуды жеңілдету болып табылады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ