Цифрлық сауаттылылық. Қазақстандағы цифрландыру

0
20451
Freepik.com

Қазақстандағы цифрландыру – Қазақстан экономикасын дамыту қарқынын жеделдетуге және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған үдеріс.

Қазақстандағы цифрландыру бағыттары:

• ел экономикасының басты салаларында цифрлық технологияларды әзірлеу, енгізу және дамыту;

• қазақстандықтарға Интернет және 4G (болашақта 5G) мобильді байланысына барлық жерден кеңжолақты қолжетімдік ұсынатын инфокоммуникациялық инфрақұрылымды кеңейту;

• онлайн ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен санын арттыру. Бұл бюрократия мен жемқорлықты төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік органдарды
неғұрлым тиімді және ашық етуге мүмкіндік береді;

• электронды коммерцияны дамытуға белсенді ықпал ету арқылы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасау;

• отандық ІТ секторды дамытуға, сондай-ақ Қазақстандағы білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыруға ықпал ететін, халықтың жалпы цифрлық сауаттылығын
арттыру.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. 2017 жылғы бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бес негізгі бағыты бар:

1. Экономика салаларын цифрландыру – озық технологиялар және мүмкіндіктерді пайдалана отырып, капиталдандырудың өсуі мен еңбек өтімділігін арттыратын ҚР
экономикасының әртүрлі салаларын қайта құру.

Міндеттері:  Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифрландыру;
Көлік пен логистиканы цифрландыру;
Ауылшаруашылығын цифрландыру;
Электронды сауданы дамыту; 
Қаржылық технологиялар мен қолма-қол ақшасыз төлемдер. 

2. Цифрлық мемлекетке өту – халық пен бизнестің сұранысын алдын ала болжай отырып, қызметтер көрсету үшін мемлекеттің инфрақұрылымын қайта құру.

Міндеттері: Мемлекет – азаматтарға;
Мемлекет – бизнеске;
«Ақылды» қалалар.

3. Цифрлық Жібек жолын іске асыру – деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықтағы және қорғалған инфрақұрылымын бүкіл аумақты дамыту.

Міндеттері: Еліміздің барлық аумағында байланыс желілері мен  АКТ инфрақұрылымын қамтуды кеңейту;
АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

4. Адами капиталды дамыту – креативтік қоғам құруды және
жаңа нақтылықтар – білімдер экономикасына өтуді қамтитын түрлендірулер.

Міндеттері: Орта, техникалық және жоғары кәсіби білім берудегі
цифрлық сауаттылықты арттыру;
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау).

5. Инновациялық экожүйені құру – бизнес, ғылым саласы және мемлекет арасында берік байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инновацияларды енгізу  үшін жағдай жасау.

Міндеттері: Инновациялық даму алаңдарын қолдау;
Технологиялық кәсіпкерлікті, Startup мәдениетін және ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу тәжірибе конструкторлықжұмыстар) дамыту;
Инновацияларға сұраныс;
Венчурлық қаржыландыруды тарту.

Қа­зақ­стан­да цифр­лан­ды­ру про­це­сі­нің ағым­да­ғы үрдісте­рі

Bigdata (Үлкен деректер) – деректер қорымен жұмыс істеу үшін дәстүрлі тәсілде жиі пайдаланылмайтын үлкен көлемді ақпаратты сақтау, ұйымдастыру  және зерттеу әдістері.

Көбінесе құжаттар мен бейнетаспалардың ретсіз  жиынтықта орналасқанынан туындайтын қиыншылықты өңдеу арқылы толықтай жүзеге асырады және бәсекелестердің қызметін талдауға, өз клиенттері туралы ақпаратты біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша, бұл қызмет көрсету деңгейін жақсартуға, шығындарды оңтайландыруға, қызметтер немесе өнім сапасын арттыруға, сатуды ұлғайтуға әкеледі.

Blockchain технологиясы. Ақпарат белгілі бір ережелер бойынша дәйекті түрде құрылған және көбінесе түрлі компьютерлерге таратылады. Осылайша, әртүрлі
компьютерлер арасында ақпаратты бірнеше рет қайталаудың және бөлудің арқасында бірнеше маңызды артықшылықтарға қолжеткізеді, атап айтқанда:

• технологияның сенімділігі, өйткені деректер пайдаланушылар арасында бірнеше рет қайталанған;
• орталықсыздандыру, өйткені бірыңғай басқару орталығы жоқ;
• ашықтық – әрбір пайдаланушының жаңартылған деректер
көшірмесі бар, өйткені ақпаратты қасақана бұрмалау әрекеті жедел анықталатын болады.

«Smart» city («Ақылды» қала) – қалалық мүлікті және қала көрсететін
қызметтерді басқару тұжырымдамасы. Ол білім, көлік, денсаулық сақтау,   нфрақұрылымды басқару және тағы басқаларды қамтиды. Тұжырымдаманың
мақсаты – қала тұрғындарына қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру, сондай-ақ адам капиталының сапасын арттыру арқылы өмір сүру сапасын жақсарту.

Қазақстанды цифрландырудың түпкі мақсаты – ортамерзімді дамуда цифрлық технологияларды пайдалану есебінен республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан
экономикасының ұзақмерзімді даму жоспарында Болашақтың  цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін дамудың қағидалы жаңа траекториясына көшуі үшін жағдайлар жасау.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл

Ұқсас материалдар:

  1. Жасанды интеллект деген не?

  2. Информатика пәніне қатысты глоссарий

  3. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет

  4. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы
  5. Сабақ жоспары: FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері
  6. Механикадағы сақталу заңдары (сабақ жоспары)
  7. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ