Электронды үкімет дегеніміз не және ол не үшін қажет?

0
19862

Қазақстандағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуымен азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді және түсінікті ету үшін электронды үкімет тұжырымдамасы әзірленді.

Электронды үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды.

Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға
кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де – осы механизм.

Электронды үкімет – ел ауқымындағы басқару процестерінің барлық жиынтығын автоматтандыруға негізделген, қоғамның әрбір мүшесі  үшін мемлекеттік басқарудың тиімділігін елеулі арттыру және әлеуметтік коммуникациялардың шығындарын азайту мақсатында қызмет  ететін мемлекеттік басқарудың электронды құжат айналым жүйесі.

Қазақстан Республикасында электронды үкімет қалай дамуда? Электронды үкімет құру идеясы Елбасына тиесілі, алғаш рет 2004 жылы айтылған. Осы уақыт ішінде электронды үкіметіміз қалыптасуы мен дамуының іргелі төрт кезеңінен өтті.

Ақпараттық кезең. Дәл осы кезеңде электронды үкімет порталы іске қосылып, ақпаратпен толтырылды. Мемлекеттік органдар, олардың жұмысы мен халыққа көрсететін қызметтері жайлы ақпараттар пайда болды.

Интерактивті кезең порталда электронды қызметтерді тұңғыш рет ұсынуымен есте қалды. Бұл кезең барысында порталды пайдаланушылар түрлі мекемелерден кезекке тұруға уақыт жұмсамай-ақ анықтама алу, үйден шықпай-ақ кез келген мемлекеттік органға сұраныс жіберіп, оның мәртебесін қадағалап отыру мүмкіндіктеріне ие болды.

Транзакциялы кезең. Азаматтар мемлекеттік баж салығын, алымдар, айыппұлдар және коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге мүмкіндік алды.

Түрлендірмелі кезең. Басты мақсат – азаматтарға қызмет көрсетудің мейлінше жылдамдығы. Дәл осы мақсатқа қолжеткізу үшін интерактивтік және транзакциялық қызметтер қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие кешенді қызмет түрлеріне біріктірілген.

Еgov.kz – ақпараттық-коммуникациялық инновациялар есебінен мемлекеттік биліктің ел халқымен өзара іс-қимылын жеңілдету үшін әзірленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің прогрессивті құрылымынан тұратын портал.

Ашық үкімет дегеніміз не? Ашық үкіметтің мақсаты – ашық және халық алдында есеп
беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік  басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану.

«Ашық де­рек­тер» пор­та­лы. «Ашық деректер» порталы (data.egov.kz) – ашық үкімет
компоненттерінің бірі, мүдделі азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан шығатын әртүрлі деректер жиынтығымен толық қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Ашық деректер жиынтығын қалай табуға және жүктеуге болады?

data.egov.kz порталында мынадай ақпарат иелері орналастырылған 3 мыңнан астам деректер жиынтығы бар:

• ҚР орталық мемлекеттік органдары;
• ҚР Жергілікті атқарушы органдары (облыстардың және
Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының әкімдіктері);
• ҚР басқа ұйымдары.

Жарияланған жинақтарды жасау және жаңарту күні бойынша сұрыптауға болады, сондай-ақ сайтта кеңейтілген іздеу механизмі жұмыс істейді.

Ең танымал деректер жиынтықтарының бірі – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық объектілерінің қазақ және орыс тілдеріндегі атаулары, типтері, деңгейлері мен кодтары бар әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеушісінің (ӘАОЖ) бет үлгісін қарастырайық.

«Паспорт» қойындысында деректер жиынтығының қысқаша сипаттамасы, санаты, жауапты мемлекеттік орган, өзектілік мәртебесі, сондай-ақ оны орналастыру және жаңарту күнікөрсетілген.

«Деректер» қойындысы арқылы оларды бетке 5, 10, 20 жазбаның тізімін шектей отырып, қалыпты, кестелік түрде көруге болады.

«Ашық НҚА» пор­та­лы. Заң жо­ба­ла­рын жа­рия тал­қы­лау «Ашық НҚА» порталы – нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда мақұлдау сәтіне дейін оларды талқылау алаңы ретінде құрылған «Ашық
үкімет» жобасы компоненттерінің бірі.

НҚА жобаларын талқылауға қалай қатысуға болады?
Ыңғайлы болу үшін порталдағы барлық жария талқылауға қолжетімді нормативтік құқықтық актілердің жобалары санаттар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар бойынша бөлінген. Заң жобаларын мынадай түрлері бойынша фильтрлеуге болады:
• стандарт;
• тұжырымдама;
• Заң;
• мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты;
• бұйрық;
• есеп;

• қаулы;
• шешім;
• регламент;
• келісім;
• ереже;
• жарлық;
• өкім.

Әрбір жарияланған нормативтік құқықтық актіде оның мәртебесі, типі, құрылу күні мен жария талқылаудың аяқталу  мерзімі туралы ақпарат бар. Оған қоса берілген құжаттарды файл түрінде жүктеп алуға болады.

«МО тиім­ді­лі­гін ба­ға­лау» пор­та­лы. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау – азаматтар мен үкіметтің арасындағы өзара қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған құрауыш. Мұнда мемлекеттік органдар  қызметінің тиімділігі туралы және аумақтардың стратегиялық жоспарлары мен даму бағдарламаларының мақсатты индикаторларының жетістігі туралы есептер жарияланады, сондай-ақ
мемлекеттік органдардың қызметіне талқылау жариялы жүргізіледі.

«МО тиімділігін бағалау» порталы азаматтарға:
• мемлекеттік органдардың бағалау жүйесімен танысуға;
• әр мемлекеттік органды бағалау нәтижелерін жалпы түрде
және бағалау блоктары шамасында көруге;
• мемлекеттік органдардың бағалау нәтижелеріне сәйкес
рейтингін қарап шығуға;
• ОМО стратегиялық жоспарларын іске асыру туралы есептермен және ЖАО аумақтырды дамыту бағдарламаларын
іске асыру туралы есептермен
танысуға;
• мемлекеттік органдардың қызметін жария талқылауға қатысуға мүмкіндік береді.

Мо­биль­ді қа­рым-қа­ты­нас. Бүгінгі таңда мобильді нұсқа көптеген мемлекеттерде қолжетімді: Ресей, АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, Чехия және т.б. Әдетте Қазақстанда IOS және Android операциялық жүйелері бар смартфондарда қосымшалардың
басым бөлігі қазақ тілінде немесе орыс тілінде жұмыс істейді.

Ұялы телефоннан медициналық ұйымға мессенджер арқылы тіркелуге, меншігінің болуы туралы  ақпаратты сұратуға болады. Ресурста бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы қызмет көрсететін телеграмм-бот пайда болды.

Қызмет түрлерін қолдану барысында мобильді нұсқа пайдаланылса, онда телефонды ЖСН-ге байланыстыру өзінің аккаунтында немесе ХҚКО-ның кез келген бөлімшесіне жүгінген кезде жүзеге асырылады. Телефон арқылы бір реттік код бойынша қолжетімді қызметтер қатарында төмендегілер жатады:

• объектілерге техникалық паспорттар және олардың түпнұсқалары;
• құқық белгілейтін куәліктердің көшірмелері және кадастрлық тізілімнен үзінді көшірмелер;
• мұрағаттық анықтаманың түпнұсқасы;
• заңды тұлғаларды және филиалдарды тіркеу туралы материалдар;
• заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері туралы
деректер;
• заңды тұлғалардың жеке және заңды өкілдерімен ынтымақтастығы туралы деректер;
• заңды тұлғаның тіркеу деректері және оның әрекеті;
• құрылтай пакетіне өзгерістер енгізу туралы ақпарат;
•туу туралы және азаматтық жағдайы туралы анықтамалар;
• неке, туу, бала асырап алу, тегін-атын-әкесінің атын (ТАӘ)
ауыстыру туралы құжаттар.

Электронды үкімет порталында жұмыс істеу барысында түрлі қиындықтарды Бірыңғай
байланыс орталығының қызметкерлері ойдағыдай шеше алады, кез келген мәселе жедел өңделеді. Ол үшін кез келген Қазақстан азаматы «кері байланысты», «Callорталық» сервисін немесе 1414 телефон нөмірін пайдалана алады.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл

Ұқсас материалдар:

  1. Жасанды интеллект деген не?

  2. Информатика пәніне қатысты глоссарий

  3. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет

  4. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы
  5. Сабақ жоспары: FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері
  6. Механикадағы сақталу заңдары (сабақ жоспары)
  7. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ