«Эрудит» зияткерлік сайысы. Сыныптан тыс шара (5 сынып)

0
2271
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін тексеріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Жаңа ақпаратты тез қабылдауға септігін тигізу. 

Білімділігі: оқушылардың ойлануын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, оларды пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой – өрісін дамыту, білімді, дарынды болуға тәрбиелеу. Болашақта егеменді еліміздің технологиялық және индустриялық дамуына атсалысатын жан – жақты тұлғаны қалыптастыру.

Сайыс кезеңдері: 5 бөлімнен тұратын «Эрудит зияткерлік сайысы» атты сыныптан тыс шарада әр бөлімнен бөлімге өту барысында оқушылар кедергілерден өтіп отырады. Ойынға 5 сынып оқушыларынан жинақталған тобы қатысады. Қатысушылар төрт топқа бөлінеді.

Ұйымдастыру барысы:
Топтарға ат беру үшін алдарындағы әріптерден сөз құрап өздерінің топтарын атау керек.

1. ВРЕДАЙР — драйвер
2. ДЕМОМ — модем
3. КРАСЕН — сканер
4. РОТИНОМ — монитор

Сайыс кезеңдері:
1. «Зияткерлік кезеңі»
2. «Бәрін білгім келеді»
3. «EXPO-2017»
4. «Суреттер сөйлейді»
5. «Мақал – сөз мәйегі»

І тур. «Зияткерлік» кезеңі
Компьютер – болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып, ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Ойынның шарты: Әр командаға 6 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.

І командаға
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі бит деп аталады. (ия)
5. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. (ия)
6. Кактус-компьютер жанына қойылатын өсімдік (ия)

ІІ командаға
1.Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
2. Перне тақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
3. Қазіргі компьютерлердің перне тақтасында 80 перне болады. (жоқ)
4. Delete батырмасы символды өшіру пернесіме? (жоқ)
5.Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)
6.Paint-Сурет салуға арналған бағдарлама (ия)

ІІІ командаға
1. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
2.«Информатика» пәні ЭЕМ – нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
3.Процессор – ол компьютердің миы. (ия)
4. Пернетақта, сканер ДК – дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
5. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
6.Mонитор-адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (ия)

IV. командага
1.Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
2. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
3.1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
4. Принтер – ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
5.Компьютер түрлеріне супер компьютер, үлкен компьютер, дербес компьютер, серверлер жатады (ия)
6.Принтер-Ақпаратты шығару құрылғысы (ия)

ІІ кезең
Топ басшыларына

«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың Бәрін білгім келеді бөлімінде әрбір топ мүшелері «Құпиялы сандықшадағы» сұрақтарға жауап беру.

Сұрақ. Тышқанның шаригі кірленіп жүрмей қалса не істер едің?
Ол үшін 8 затты жазып қоямыз.
1. Табақтағы су.
2. сабын
3. орамал
4. парақ
5. спирт
6. мақта
7. отвертка
8. қайшы

Топ басшылары шығып заттарды көріп сұраққа жауап беруге тырысады. Қағаз, қалам алып өз ойларын жазады. 1 минут уақыт.

Жауабы:Алды мен тышқан шаригін алып, оны табақтағы сабын суға жуып, орамалға сүртіп парақ бетіне әбден кепкенше қоямыз, ал тышқанның ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз.

ІІІ кезең. Кім көп біледі?
Әр топқа компьютерге байланысты Paint бағдарламасымен «EXPO-2017» деген тақырыпқа сурет салып өз ойларынша пікірлерін айтып береді.

ІV кезең «Суреттер сөйлейді»
10 сан беріледі. Сандардың астында суреттер берілген, суреттерге түсініктеме беру керек. Әр оқушы бір суретке түсініктеме береді. Бір сұрақ 10 балл

1. Құлақ қаптар, колонкалар – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
2. Жүйелік блок немесе процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің миы.
3. Модем – компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.
4. Веб — камера – графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.
5. Тышқан немесе маус? – көрсеткіш (координатты) құрылғы. Аз батырмалы және компьютерге ақпарат енгізуші құрылғы.
6. Принтер – ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы.
7. Сканер – компьютерге графикалық ақпаратты енгізетін құрылғы.
8. Монитор – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.
9. Пернетақта – компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.

V кезең «Мақал – сөз мәйегі»
Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал – мәтелдер беріледі, осы мақал – мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.

10 ұпайдан есептеледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.
(Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады.
(Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.
(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.
(Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Білмесең, «анықтама»- дан сұра.
(Білмесең білгеннен сұра)
6. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.
(Бір ақылдан, екі ақыл артық)
7. Антивирусы күштіні — Вирус ала алмайды.
(Досы күштіні – жау алмайды)
8. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.
(Күлсең кәріге күл)
9. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.
(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

Қорытынды.

Өрбітіп ойлар ойда қала берер
Білім сана толастап жана берер.
Әділ қазыларды ортаға шақырайық
Сайыскерлерге әділ баға берер.

Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды. Жарысқа қатысушыларды марапаттау.

Рефлекция парағы: Оқушылар бүгінгі сыныптан тыс шараны 5 саусақ әдісі арқылы қорытындылайды.
1.Не үйрендің ?
2. Қандай қызықтар болды?
3.Қаншалықты ұнады?
4.Тапсырмаларда қандай қиындықтар болды?
5.Қандай сезімде болдың?
Информатика нық басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.
Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін?-деп алғыс білдіреміз. Қош, сау болыңыздар!

Дереккөз: sabaqtar.kz

Басқа материалдар:

  1. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  2. «Білімді информатик» сайысы
  3. Жасанды интеллект деген не?
  4. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  5. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  6. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ