Эссе: «Күз — береке бастауы»

0
8130

Табиғат жаратылысы  төрт жыл мезгілімен толысады.  Олар —  қыс, көктем, жаз, күз. Жыл мезгілдерінің бұлай 4 мезгілге бөлінуінің  себебі, Жердің Күнді  айналуы. Жер шар тәріздес болғандықтан, күн сәулесі жерге  біркелкі түспейді.  Жердің күн сәулесі түскен жарты бетінде күндіз, көлеңкеде қалған жарты бетінде түн болады.

Ал маған осы жыл мезгілдерінің ішіндегі ерекшесі, жаныма жақыны — күз мезгілі. Күз — молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.  Күз айлары – қыркүйек, қазан, қараша.  1 қыркүйек – Білім күні!   1 қыркүйек — бүкіл оқушылардың мерекесі. Күзде біз, балалар мектепке  асығамыз, жаңа  оқу жылын  бастаймыз.

Мен үшін  күз — ең керемет мезгіл. Күздегі көріністі көз алдыңда тұрған сурет деуге болады. Күз мезгілі — күңіренген қоңыр, суық күн болса да жанымды жадыратады.  Бұл мезгіл таңғажайып табиғатымен ерекшеленеді.

Күзде күн  қысқарып, түн ұзарады.  Күн жылуы  азайып, жерге  жауын-шашын  жиі  түседі. Жаздағы маса, құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлер  жоқ болып кетеді де, құстар жылы жаққа ұша бастайды. Ағаштардың жапырақтары сылдырлап,  сарғайып жерге түсіп, шөптер де қурап, дала алтын  күзге  айналады.

Жоғарыда айтып өткенімдей күз молшылықтың мезгілі саналатын  себебі, диқаншы, егіншілердің ала жаздайғы еңбектері — бау-бақшаның жиналып,  егіннің,  жеміс-жидектердің  пісуі.

Сонымен  қатар    күз   мезгілінің екінші  айынан  бастап  оқушылар  мен  мұғалімдерді   үлкен  қарбалас жұмыс  күтіп  тұрады.  Яғни  бұл  мезгілдері  көптеген  мектепішілк  шаралар  ұйымдастырылады.  Ең  керемет  шаралардың  бірі  «Алтын күз» мерекесі.  Біз  барлық  оқышылар  осы  алтын  күз  мерекесін  асыға  күтіп,  жауапкершілікпен дайындалып,  мерекені  өте  жақсы  өткізуге  тырысамыз.  Менің  жаныма  жақыны  да  дәл  осы  мереке.

Биылғы  оқу  жылында  өткізген  «Алтын  күз»  мерекеміз  былтырғыдан  да  өте  әсерлі,  жоғары  деңгейде  өтті.  Өйткені,  біз  бір  жылға  есейіп,  өзіміздің  күз   туралы  түсінігімізді,  ойымызды  және  қолдан  келетін  бар  өнерімізді  ортаға  салдық. Сынып  жетекшіміз  де  өз  өнерін  аянып  қалған  жоқ.  Жылдағыдай  өзінің  бағыт -бағдарын  беріп, біздің  күз  туралы  ұғымымызды  одан  сайын  жоғары  деңгейге  көтерді.

Міне , бізді  білім  нәрімен  сусындатып, болашақта  үлгілі,  білімді,  тәрбиелі  болуымызға  өз  еңбектерін  аямай,   тер  төгіп  жатқан   аяулы  ұстаздарымыздың  да  төл  мерекелері  осы  күз  айында  келеді. Біз  бұл  мерекені  де жақсылап  өткізіп,  ұстаздарға  деген  сүйіспеншілігімізді,  ризашылығымызды,  алғысымызды  білдіріп , оларға  жақсы  көңіл  күй  сыйлауға  тырыстық.  Ұстаздар  күнін  де  жоғары  көңіл күймен  өткіздік. Ұстаз  деген  ұлы  есім.  Мен де  өз  ұстазымды өте  қатты жақсы көремін.

Осы  аталған  көріністің  бәрін  ақындар  өлеңімен, суретші салған суретімен  жеткізсе, мен  осы   көңілімдегі  әдемі картинамды  эссемен жеткізудемін.

Әр адамның  өз  табиғатына сай мезгілі болады.  Мезгілдеріңіз мерзімінен бұрын  келіп, сіздерді шаттыққа бөлесін!

 

Атырау  облысы,  Жылыой  ауданы,  Шоқпартоғай ауылы №3 мектептің 4-сынып оқушысы Жұмабек  Шыңғыс  Саматұлы

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ