«Көңілді мәре» балабақшаға арналған спорттық сайыс

0
8949
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған «Көңілді мәре» көңілді спорттық шарасын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл материалдан сабағыңызға керекті қызықты мәліметтер ала аласыз. 

Құрметті балалар,ата аналар,қонақтар!

Бүгін біздің шағын орталығымызды мереке. Бізде тәрбиенуші балалардың ата аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың балаларымен бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде, жылдам,епті,ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасыларына сәт сапар тілейміз. Сайысқа қатысатын ата аналар мен бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.

Ал,енді сайыскерлеріміз бен жюрилерді сайыс шартымен таныстырып кетейін.

  1. Әр топтың белгілері мен ұрандары болуы тиіс
  2. Топ атауы
  3. Топ капитаны

Сайысымызды бастамас бұрын ару қыздарымыздың орындауындағы «Балапан» әнін қабыл алыңыздар.

I тур: «Допты шеңберге лақтыру»

Шарты: Әр команда 2м ара қашықтықта ортада орналасқан шеңбердің ішіне допты лақтырулары керек.

(5 ұпаймен бағаланады)

II тур: «Кедергілерден өту»

Шарты: Әр команда 5кедергіден өтулері керек,егер кедергіні құлатып алсаңыздар,ұпайларыңыз шегеріледі.

(10 ұпаймен бағаланады)

III тур: «Асық ату»

Шарты: Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскерлері асықты құлатып,шеңбер ішіне шығарса,сол топ жеңеді.

 

(5 ұпаймен бағаланады)

IV тур: «Шар»

Шарты: Берілген шарларды қолсыз себет ішіне салып, қасында тұрған адамға ары қарай беру.

(5 ұпаймен бағаланады)

Құрметті қонақтарымыз  соңғы сайысымызға да,жетіп қалдық. Бұл сайыс ұлттық ойынымыздың бір түрі,ол әрине «Арқан» тарту.

V тур: «Арқан тарту»

(5 ұпаймен бағаланады)

Құрметті қонақтар мен сайыскерлеріміз,әділ қазылар алқасы топ жеңімпазын атамас бұрын кішкене сергіп алайық.

«Қара жорға» биін барлығына билеткізу.

Қорытынды:

Әділ қазылар ұпай сандарын атап,жеңімпаз топты марапаттайды.

Әр топқа граммата мен сыйлықтары беріледі.

Құрметті қонақтар осымен біздің шағын мерекеміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.

 

Жаксылыкова Тогжан Нуржановна

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы Сартомар мектебі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ