«Көңілді старт» педагогтар арасында спорттық ойын – сауық

0
3721
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Спорттық ойын – сауық «Көңілді старт»

Мақсаты: Педагогтар арасында көңілді старттар ойынын өткізу арқылы, педагогтардың көңіл күйлерін көтеріп, спортқа деген қызығушылыққа, шығармашылыққа үйрету. Өз командасы үшін жанкүйер болып, командалық көңіл-күйге, бір-біріне деген ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер «Мөлдір» бөбекжай-бақшасының ұжымы арасында өткелі отырған «Көңілді старт» спорттық ойын-сайысына қош келдіңіздер!

Бізде екі команда бар «Күншуақ» және «Көгершін». Осы екі команданың өнерін тамашалайтын боласыздар. Ал, олай болса екі команданы ортаға шақырайық. Сайыс алаңына қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Әділ қазы ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сараптарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл

деп бүгінгі жарысымызда әділ баға беріп, төрелік ететін әділқазыларды сайлаймыз.

Бүгінгі сайысымыз 7 (жеті) бөлімнен тұрады.

  1. Таныстыру. Ұран
  2. «Хоккей ойнау».
  3. «Қаппен секіру».
  4. «Шаңғы тебу».
  5. «Баскетбол» ойыны.
  6. «Туннель».
  7. «Кім мықты?»

 Жүргізуші: «Ура» деген ұранды ортаға біз тастаймыз

Сайысымызды қане бастаймыз

  1.Команданың аты мен ұраны

Әр команда өздерінің аты мен ұрандарын таныстырады.

«Хоккей ойнау».

Шарты: Хоккей алаңында кедергілерден өтіп барып, қақпаға шайбаны кіргізу. Қай команда қақпаға көп шайба кіргізсе, сол команда жеңіске жетеді.

  1. «Қаппен секіру».

Шарты: қапты киіп,қос аяқтап, мәреге дейін секіріп қайту. Қай команда бірінші аяқтаса, сол команда жеңімпаз.

  1. «Шаңғы тебу».

Шарты: Қатысушылар шаңғыны аяқтарына киіп, істікпен қолын сермеп мәреге дейін барып қайту. Қай команда бірінші орындаса, сол команда жеңімпаз атанады.

  1. «Баскетбол ойыны»:

Шарты: Допты жерге соғып жүгіріп барып сақинаға допты салу. Қай команда допты көп салса, сол команда жеңімпаз.

  1. «Туннель».

Шарты: Жүгіріп келіп туннель арқылы өтіп мәреден айналып келіп, қайта туннельден өту. Жеңімпазды анықтау.

7.«Кім мықты?»

Шарты: Команданың мүшелері бір-бірімен білек күштерін сынасады. Қай команда жеңіске жеткені анықталады.

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы, бұл сайыс, сайыс болған соң жеңімпазда болу керек, енді бізге әділ бағаларыңызды берсеңіздер. Сөз әділқазылар алқасында. Жеңген команданы марапаттау.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ