Көшпелілер (номадизм) мәдениеті.Отырықшы мәдениеттен айырмашылығы мен ерекшелігі

0
19388

Көшпелілік деген не? Оның мәдениетпен байланысы неде? Қазақ халқының көшпелілік мәдениеті қандай болған? Оның отырықшы мәдениеттен айырмашылығы неде? Міне,түп-сананы ойға салатын,толғандыратын сұрақтарға жауап бере отырып мен өз ойымды жеткізсем деймін. Қазақ халқының әр азаматы мен азаматшасының өз бойына сіңдірген,қанында қайнап тұрған өр-рухты,теңдессіз мәдениеті күні бүгінге дейін заманнан қалмаған.Оның әр кезеңі бізге тарих,бізге үлгі.Сонау ерте заманда қазақ халқымыздың өмір сүру кезеңі көшпенділіктен бастау алған.Жалпы көшпелілердің мәдени ерекшелігі жоқ,мәдениеті болмаған,олар жабайы өмір сүрген деген өте қате пікір.Себебі,көшпелілер мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар.Ол тіршілік қарекетінің,тұрмысының ерекшелігінен,көші-қонжерлерініңмәденидәстүрінен дамиды деп білемін.

Жыл,он екі ай-қыс,көктем,жыз,күз дейтін жылдың әр мезгілінде қазақ жұрты шаруашылығына қарай,малжай-күйіне қарай көшіп,қоныс ауыстырып отырған.Бұл көшпелі халқымыздың,көшпелілік мәдениетінің ең бірінші делік ерекшелігі.»Тұлпар аттың тұяғы сазға тисе жетіліп, тасқа тисе кетіледі» деген дана халқымыздың мәтелі бар. Таулы өңірде, әсіресе қыста тағаланған аттың тұяғы кетілмейді, табаны жұқарып тасырқамайды деп қазақ жұрты қысын-қыстауда қоныстанған.Осындай қыс мезгілінің өзіндік бір ерекшелігі болса,басқа  мезгілдің күздің де,жаздың да,көктемнің де шаруашылыққа,мал-жайға пайдалы жақтары шаш етектен.Шаруашылықтың дамуы,көшпелілер мәдениетінің дамуына ықпал етті. Жаз-жайлау,күз-күзеу деп көшкен қазақ жұртының кезекті ерекшелігі киіз үйінен айқын көрінеді. Астына мінген тұлпарлары-түйе,жылқы болса,түнеген баспаналары керегесі кең,шаңырағы биік-киіз үй болған.Бұл көшпелі мәдениеттің отырықшы мәдениеттен басты ерекшелігі деп атап кетуіме болады.Себебі,отырықшы халық бір жерде қоныстанған,олардың баспанасы іргетасы қаланған,көші-қонға келмейтін болған.

Екі жұрттың арасындағы қатына сәр заманда, әртүрлі аймақта әрқалай болды. Көшпелілер мәдениетінің тағы бір ерекшелігін атап кетсем ол-мәдениетінің көп қырлы болуында. Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар олсақ болсын, ғүн, үйсін,одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және орта ғасырлық өркениеттермен әртүрлі себептер арқылы араласты. Сол аркылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдап, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына,бір-бірінің мәдениетін ұғынып,өзіне қосуына бірден бір себепкер болған.Соның әсерінен көшпелілер мен отырықшы халық шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты.

Өз ойымды қорытындылай келе,жалпы біз қазағымыздың мәдениеті жайлы сөз қозғағанда, ой толғағанда бірнәрсені естен шығармауымыз керек. Ол қазақ мәдениеті өзінің түп тамырын,негізгітінін,өзегін көшпелі халық мәдениеті үлгісінде жасалған өркениет деп білемін. Сонымен қатар бұл мәдениеттің үстем болуына отырықшылықтың да үлгісі,септігі аз болған жоқ.Кең байтақ даламыз, мөп-мөлдір су,таза ауамыз барлығы ғасырлар бойы сақталған.Қазір XXI ғасырда өмір сүретін тәуелсіз мемлекетпіз.Осы жылға дейін қаншама өзгеріс болған,бұл қаншама еңбектің нәтижесі.Мәдениетіміздің өрістеп,өркениеттің шыңына жеткен заманы.Ары қарай елді дамыту және өзгерту,жарқын болашақ тек біздің қолымызда!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ