Кәсіптік бағдар-болашаққа жол (шығарма)

0
3746
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты
Кәсіптік бағдар-болашаққа жол

Мақсаты: Оқушыларға болашақ  мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, оқушылардың мамандық туралы көзқарастарын  дамыту, оқушылардың кәсіби  қызығушылықтары мен бейімділігін  анықтау, мамандық әлемі туралы  ақпарат алу арқылы, мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Жүрісі: І. Мұғалім сөзі.

ІІ.Ойланайық пікірлесейік.  Оқушылармен ой бөлісу.

ІІІ. Мен кім боламын.

ІV.Шығармашылық жұмыс. Рольдік ойын

  1. Қорытынды

І.Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,- дегендей өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Қазіргі таңда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат – арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін — өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Сіздер көпшілігіңіз негізгі пәндеріңізді таңдайсыздар, ал қандай мамандық деген кезде ойланып қалатындықтарың анық. Сондықтан мен бүгінгі сабақ бойынша сіздерге сол мамандықты таңдауға мүмкіндік тудыруға тырысамын.

Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы зор. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы сенім, т.б

Қабілеттілік дегеніміз белгілі қызметтің әдіс-тәсілдерін игерудегі тездік, тереңдік, икемділік болып есептеледі.

Сондықтан мамандық таңдауда қабілеттілік есепке алынады. Мысалы адамның ойлау жүйесі күшті дамығанмен практикалық істе қабілетсіз болуы мүмкін немесе өте жақсы білгенмен, ұйымдастыруды нашар атқаруы мүмкін. Сондықтан баланың оқудағы, еңбектегі, ойындағы қабілеттілігін біртұтас қарастыру қажет те, солай дамыту нәтижелі болмақ.

Кәсіби бағдар беру-жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттер мен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы роліне сай саналы таңдалынып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез – келгеніне икемділік қажет, Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде – кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда

Мамандық дегеніміз – адамның белгілі бір қызмет атқаруына  мүмкіндік беретін  материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы

Мамандық таңдау ережесі:
  • Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек  және сіз тіршілік еткен аймақта  қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет
  • Барынша өзіңе ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауың керек
  • Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып  ойыңды жүзеге асыруда және мамандықты жетік меңгеруде табандылық  танытуың керек

ІІ. Оқушылармен ой бөлісу мақсатында сұрақтар қою.

Сен қандай маман болуды армандайсың?

Адам өзін  белгілі бір мамандыққа қашан,қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?

Адам бірнеше мамандықты меңгерсе,оның  өмірі қандай болады деп ойлайсың?

Қазіргі таңда біздің мемлекетімізге  қандай мамандар қажет деп ойлайсыңдар?

Адам өз мамандығын таңдаған кезде,нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?

ІІІ.  Мен кім боламын.

ІV.Шығармашылық жұмыс. Рольде ойнау.

Ситуациялық  жағдайларды шешу

1-топқа Дәрігер-ауырған адам сізге келіп қойған

Диагнозыңызбен келіспейтінін айтты,сіздің шешіміңіз қандай?

2-топқа Мұғалім- сабаққа ата-ана қатысып отыр,сіз үй тапсырмасын сұрадыңыз ешбір оқушы дайын емес.Не істер едіңіз?

3-топқа Әнші- сахнада ән салып тұрсыз,көрермен ұйықтап отыр,бұл сізге ұнамады,не істейсіз?

  1. Қортынды.

      Бүгінгі білімді жас егемен елдің ертеңі болу үшін мамандықты дұрыс таңдағаны жөн. Өйткені, ХХІ ғасырда жұмыс істейтін мамандар Отанның мақсат-мүддесін алдыңғы орынға қоятын мемлекетті басқару мен өз саласын жетік меңгерген маман болуы қажет.

Болашақта  алдарыңда  үлкен жол жатыр. Біз таңдаған жолдар сендерді үлкен  өмір  жолына бастайды. Өзіңдерің  таңдаған ақ жол сендердің болашақтарыңды жарқын және қуанышқа толтырсын.

Басқа да шығармалар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ