КӘСІПТІК БАҒДАР МЕН БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

0
1963
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

КӘСІПТІК БАҒДАР МЕН БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

 Елбасының биылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында 10 бағытта қойылған талаптар мен тапсырмалар толық орындалған жағдайда, біз өміріміздегі оң өзгерістерді сезінеміз. Бұл үшін алғашқы екі бағыттағы іс-қимылды жандандыру қажеттілігі Жолдауда басымдық ретінде қарастырылып отыр.

Әрине, белгілі бір тұрақты жұмысы, меншікті баспанасы және мамандығы жоқ жанның әлеуметтік көңіл-күйі де, мемлекет болашағына деген сенімі де жоғары бола қоймайды.

 Халық пен халықты теңестіретін — білім» — деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтан да жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек.Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту — таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаты–оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

—  білім алушылардың білім, білік сапасын  арттырудағы    жаңа   инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

— жаңа   инновациялық   технологияларды   енгізу   жүйелі  әрі   мақсатты  түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

— жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден- бір   шарты  —  оқу   орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті. Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогресстен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады. Менің ойымша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.

Осы орайда менің мақсатым:

     Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, студенттердің ізденімпаздық, қызығушылық қабілетін арттыруға жағдай туғыза отырып, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастырып, студенттердің оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру.

Міндеттерім:

      Ақпараттық және СТО бағдарламасының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, студент жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың  әрбір сәтін қызықты ұтымды өткізіп, оқытудың жаңа  технологияларын қолдана отырып,  жеке, жұпта, топта жұмыс істеу  барысында студентті өзін-өзі қадағалай алатын,өзін — өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз  бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Жаңа технологияларды сабақта қолдану барысында:

 *Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады    және қатынас жасау қабілетін туғызады.

 * Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға     жағдай жасайды.

 *Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді.

 *Студенттер өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады.

 *Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.

 * Студенттің танымдық қызығушылығын арттырады.

 *Оқытудың ой — өрісін , дүниетанымын кеңейтеді.

 *Алған білім негізін дамыта отырып студенттің шығармашылық  деңгейін      шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі.

 *Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты  қорытынды жасап дәлелдейді.

 *Алған білімін талдап, жинақтап, жүйелілік қалыптастырады.

Инновациялық технология:
  • Нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу үрдісінің жобасы
  • Мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы
  • Баланың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, жаңа білімді игеруі
  • Сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі
  • Көзделген нәтиженің орындалу кепілі
  • Білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы
  • Жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс- әрекеттер жиынтығы

Студентке қоятын талаптарым

  • Тақырыпқа байланысты кесте, тірек-сызба құрастыру, негізгі терминдерді жатқа білу
  • Қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдар мен тақырыпты толықтыра білу
  • Тақырыпқа сай өз пікірін еркін айта білу
  • Үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқып ізденіп келу
      Мен оқыту мен  оқуда ақпараттық-коммуникациялық  технологияны қолдану барысында: студентке бүкіл өміріне жеткілікті білім беремін, студенттің белсенді араласуына ықпал етемін, білімін арттырамын, бірақ мұның бәрі мұғалімнің кәсіби даярлығына байланысты. Сабақта   сын тұрғысынан ойлау элементтері, топтық , жұптық жұмыс, ақпараттық технологияларды, деңгейлеп саралап оқыту, ойын арқылы оқыту, бейнежазбалар, сурет, дыбыстық көріністер, электронды оқулықтар, мультимедиа құралдары, интерактивті тақтаны қолданамын.

   Күтілетін нәтиже: студенттің шығармашылық ой — өрісі артады, логикалық ойлау қабілеті дамиды, ойын еркін жеткізе алады, өздігінен жұмыс істеп, ой қорыта білуді үйренеді, студенттердің танымдық іздемпаздығы қалыптасады, әр студент өз деңгейімен бағаланады және өздерін бағалап біледі, өздігінен жұмыс істеп, ой қорыта білуді үйренеді.

Сонымен, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

— әрбір білім алушының білім  алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

—  білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

—  өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

—  аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

 Заман  жетістіктері  негізінде  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  беруді  мақсат  ете  отырып,  жаңа  қоғамға  лайықты  өмірден  өз  орнын  табатын,  зерделі  тұлға  тәрбиелеу – бүгінгі  күннің  басты  ерекшелігі,  сол  талап  тұрғысынан  шығу  жолы  сапалы  да  нәтижелі  білім  беру. Оқу  үрдісінде  инновациялық  технология  арқылы  білім  беру  жеке  тұлғаның  өз  көзқарасын  қалыптастырады,  сондай-ақ,  білім  алудың  негіздерін,  кәсіби  шеберлігін,  жаңа  ақпараттық  технологияны  қолдануды  білдіреді.  Қоғамның  сұранысына  сай  жаңа  технологияларды  пайдалану  арқылы  білім  беру  бәсекеге  қабілетті  мамандар  даярлау  мәселесі  де  айқындалады.

Қорыта айтқанда, «тарих» пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды, инновациялық әдіс – тәсілдерді пайдалану — білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде студенттердің білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Студенттерді шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.

Нурмуханова Венера Алимбаевна

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ