Қайсысы дұрыс?

4
2116

Орыс тілі – тіл үйренушіліер үшін ең қиын тілдердің бірі. Себебі, екпін, род, 4 дауыссыздың қатар келуі, т.б. ережелерді көп адам түсіне бермейді. Екпін қай жерге түсіріледі, болмаса қалай дұрыс жазуға болады? Арнайы «Мәртебенің» оқырмандары үшін біз орыс тілінің заңдылықтарын түсіндіруді жөн көрдік… \r\n\r\n1. «приДТи» немесе «приЙТи»? Есіңізге сақтап алыңыз: дұрысы — «приЙТи».\r\n\r\n2. «Экспрессо»-ға тапсырыс бердіңіз бе? АЛ СІЗ ТАПСЫРЫС БЕРГЕН кофе атауы «ЭСПРЕССО» екенін білесіз бе? «ЭСПРЕССО»!\r\n\r\n3. «Мен жеңемін». Орысшасы қалай болады? «ПОБЕДЮ» немесе «ПОБЕЖДУ»?Екеуі де емес! «Жеңу» сөзінің орысшасы «победить». Ал орыс тілінде «победить» етістігінің жекеше түрінің І жақ формасы жоқ . Сондықтан «Жеңемін!» деп айтқыңыз келсе, «Одержу победу», «сумею победить» дегеніңіз дұрыс.\r\n\r\n4. Қайталаймыз! «Вообщем» және «вобщем» деген сөз жоқ! Дұрысы, «ВООБЩЕ» мен «В ОБЩЕМ» деген сөз ғана бар.\r\n\r\n5. «ПОДПИСЬ» немесе «РОСПИСЬ»? Құжаттарға «ПОДПИСЬ» қойылады, ал «РОСПИСЬ» дегеніміз – қабырғадағы, картинадағы, едендегі суреттерге қойылады. Шатастырмаймыз!\r\n\r\n6. «Занять» — қарызға ақша алу! «Займи мне денег» — дұрыс емес. Ақшаны БІРЕУГЕ (КОМУ-ТО) алмаймыз! БІРЕУДЕН (У КОГО-ТО) аламыз! ДҰРЫСЫ: «Одолжи мне денег», «Можно мне занять у тебя?»\r\n\r\n8. «ВТЕЧЕНИЕ» немесе «В ТЕЧЕНИИ»? «В течениЕ» белгілі бір УАҚЫТ аралығын айтқанда қолданылады. Ал «в течениИ» – ағыс деген сөз. Мысалы: өзеннің ағысы, сдың ағысы, т.б. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: предлог бөлек жазылады!\r\n\r\n9. «ВыИграть»немесе «выЙграть»? ДҰРЫСЫ — «ВыИграть». Себебі сөздің түбірі — ИГРА.\r\n\r\n10. Қайсысы дұрыс: «едь», «ехай» немесе » езжай»? Ешқайсысы! «Поехать» пен «ехать» етістіктерінің бұйрық райы тек «ПОезжай» немесе «ЗАезжай», «ПРИезжай» и с.с болады. «Езжай» сөзі приставкасыз тек ауызекі сөйлеу кезінде қолданылады.\r\n\r\n 11. «Кешірші!» Орысша қалай жаздыңыз? «извЕни» немесе «извИни»? Дұрысы — «извИни»!\r\n\r\n12. Жігіттер, қыздарыңызға «ты симпОтичная девчЁнка» деп жазбаңыздар! Ол – өте үлкен қателік! Дұрысы — «симпатичная девчонка»!\r\n\r\n13. «ОДЕТЬ» немесе «НАДЕТЬ»? Есте ұстаңыз: «Надеть» — киім кигенде қолданылады, ал белгілі бір адамды киндіргенде «Одеть» етістігін қолданамыз! Мысалы: «надеть носки» — «снять трусы», «одеть Машу» — «раздеть Катю». Сондықтан «Не кисем болады?» деген сөздің орысшасы «Что бы мне НАДЕТЬ?» болады.\r\n\r\n14. «ИЗВИНИТЕ» немесе «ИЗВИНЯЮСЬ«? «Извините» — менікі дұрыс болмады, кешіріңіз, ал «извиняюсь» — мен өзімді бұл қылығым үшін кешіріп қойғанмын, ал сіз өзіңіз біліңіз деген мағынады қолданылады.\r\n\r\n15. Екпінді дұрыс қоямыз:\r\nкрасИвее (красивЕе емес), жалюзИ ( жАлюзи емес), крЕмы (кремА емес), цепОчка (цЕпочка емес), поварА (пОвары емес).\r\n\r\n16. «По-моEму», «по-твоEму» — ДЕФИС арқылы жазылады! «Помойму» емес!\r\n\r\n17. Есте сақтаймыз! Поздравляю с (немен?) днём (ненің күнімен? Қандай?) рожденИЯ! Иду (қайда?) на день (ненің күнімен? қандай?) рожденИЯ!\r\n\r\n18. Дұрыс сөйлейміз: «Я люблю МОРОЖЕНОЕ (мороЖНое емес, морожЕННое де емес). Я хочу ПИРОЖНОЕ (пирожЕНое, пирожЕННое деген дұрыс емес).\r\n\r\n19. Есте сақтаймыз: всё-таки, вряД_ли, пОТихоньку, ВКратце, иЗРедка, неужТО, как_будтО, ВПоследствиИ.\r\n\r\n20. «ПозвонИшь мне?» — екпін әрқашан соңғы буынға түседі! «ПозвОни» емес, «ПозвонИ»! Мысалы: «ПозвонИ мне, позвонИ».\r\n

Жинастырған: Әсел Сарқыт


ПІКІР ҚАЛДЫРУ