Сыпатай Әлібекұлының күрескерлік қызметі мен өмірбаяны

0
1489

Сыпатай Әлібекұлының күрескерлік қызметі мен өмірбаяны\r\n\r\n \r\n\r\nС.Д.Өмірзақов\r\n\r\nТараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз ќ.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ халқының рухани биіктігі мен біліктілігінің куәсі- бай фольклоры мен жазба әдебиеті. Қазақ әдебиетінің тууы мен қалыптасу, даму жолдары оның белгілі өкілдерінің шығармашылықтарын зерттеуде айтарлықтай іс тындырылғаны да белгілі. Қоғамдық санаға байланысты дамып, өзіндік арна тартқан әдебиетіміз әлемдік деңгейге көтерілген ұлттық қазынаға айналуда. Дегенмен, әлі де зерттелмеген, арнайы зерттеуді қажет етер мұраларымыз да жетерлік. Соның бірі- Тараз өңіріндегі әдеби, тарихи мұралар дер едік. Атап айтқанда, елі мен жерінің бостандығы үшін ±лт- азаттыќ ќозѓалысына белсене ќатынасќан, шейіт болса да, аңыз бен әдеби кейіпкерге, көзі тірісінде ұранға айналған ±лт ќайраткерлерініњ бірі- єрі батыр, єрі би Сыпатай Єлібек±лы. Кезінде, солақай саясаттың ықпалымен айтылған кейбір пікірлер Сыпатайдыњ өмірі мен ол туралы жазылған дүниелерді зерттеуге мұрсат бермеді.\r\n\r\nЕліміз егемендік алып, еңсесін тіктегелі жан- жағымызға үңіле бастадық. Өз туған жерінде мерейтойлары өтіп, басына кесене орнатылып, ескерткіштер қойылғанымен, арнайы ѓылыми зерттеулер әлі де толық жүргізілмей келеді.  Батырдың көрсеткен ерлік істері, шешендігі мен көсемдігі ел есінен кетпепті. Ұрпақтан- ұрпаққа мирас етіп, табыстап келіпті. Тек кейінгі жылдары батырдыњ µмірі мен шыѓармашылыќ ќызметі зерттеушілер мен жазушылар: Ш.м±ртаза, Є.Жылќышиев, М.Ќалдыбаев, Б.Әбілдаұлы, Ж.Дәдебаев, С.Дєуітов, К.Аманкелдиев, М.Ќойгелдиев, Б,Єлімханов, О.Ќабылов, Р.Жаржанов  т.б. журналистер, жазушылар ењбектерінде бейнеленді, назар аударыла бастады.\r\n\r\nБарайын енді аяндап Сыпатайѓа,\r\n\r\nАйтпай оны кетпеймін тегі жайѓа.\r\n\r\n¦лы ж‰здіњ тірегі батырмын ѓой,\r\n\r\nБір болмаѓан ыѓай мен сыѓайыња,\r\n\r\nЌайыры ќарашыѓа сондай жаќсы,\r\n\r\nЌандырар сусындатып ќант пен шайѓа.\r\n\r\nБайлыќ, баќыт тек оныњ ерлігінде,\r\n\r\nЕрлікпен ел намысын берді кімге?!\r\n\r\n¤њкей сасыќ байларыњ сен маќтаѓан,\r\n\r\nЌолдарынан т‰к келмей ж‰р µмірде.\r\n\r\nКіміњ бар Сыпатайдай тµњіректе,\r\n\r\nАрѓымаќ мінгізеді ат керекке.\r\n\r\nТ‰гендеп бір ж±мада бола алмайды,\r\n\r\nКµсілтіп ќамшы басып кµксерекке.\r\n\r\nЕрлігі мен жомарттыѓы жаннан асќан,\r\n\r\nПайдасы тиіп жатыр к‰нде кµпке.\r\n\r\nКім маќтамас ќайырымды ер Сыпатайды,\r\n\r\nДєулетімен ораѓан Алатауды,\r\n\r\nЌанша халыќ аралап ж‰рсем – даѓы.\r\n\r\nЖалѓанда кµргенім жоќ ондай жанды-(1.86-87) деп, Жамбыл Жабай±лы єспеттей жырлаѓан Сыпатайдыњ к‰рескерлік ќызметіне єдебиет тарихыныњ ќазіргі µлшемімен баѓа берер уаќыт жетті деп ойлаймыз.      \r\n\r\nӘлібекұлы Сыпатай (1782-1867) – Қоқан басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан батыр, ерлігі мен шешендігі, әділдігі мен ақылдығы ел жадында сақталып қалған үлкен бедел иесі.(2.151-153) Шыққан тегі – Дулат тайпасының Ботпай руынан. Әкесі Әлібек момын, етік тігіп, өрім өрумен аймағына аты танылған адам екен. Бірақ балалары – Андас та, Сыпатай да намысқой, өр кеуделі жігіт болып өседі. Кµне кµз қарттардан естігені бойынша Сыпатай батыр кескінін Кенен Әзірбаев: “зор денелі, құлағы сүйемдей, омырау жүні бір түп қамыстай, құлағында тұрған қырауды қамшысымен қағып түсіреді екен. Сөзге де шешен, тапқыр болыпты” — деп суреттейді.(3)\r\n\r\nХІХ ғасырдың басында Сырдыњ тµменгі аѓысынан Аќмешітке  дейін, шыѓысында Жетісуѓа, оњт‰стігі мен оњт‰стік шыѓысынлаѓы ќырѓыз жерлерін қоқандықтар басып алады. Басқыншылардың елге көрсеткен зорлық– зомбылығын көріп өскен Сыпатай Қоқан хандығынан елін азат етуді өз өмірінің басты мұраты етеді. Атқа мініп, қол жинап, елге қырғидай тиіп, салық жинап жүрген Қоқан ханының жасауылдарын айдап шығады. Міне, осы кезде оның ұйымдастырушылық қабілеті жарқырай көрініп, ерлік істерімен ел құрметіне бөленеді.\r\n\r\nАрқадан ығысқан Кенесары хан оңтүстікке келіп, Қоқан, Хиуа хандығының бекіністеріне шабуыл жасағанын естіп, содан рухтанып атқа қонған ел азаматтарын бастап, Сыпатай да көтеріліске шығады. Кейін Кенесарыға барып қосылады, оның сенімді батырларының біріне айналады. Бірақ Кенесары қырғыздарға соғыс жасағанда, Сыпатай одан бөлініп, өз әскерін бастап кетіп қалады. Оның өзіндік бір себебі бар еді. Біз бұл тұрғыдағы Б.Әбілдаұлының пікіріне құлақ асқанды жөн көреміз.(4)\r\n\r\nЖиырмадан жаңа аса берген албырт кездерінде өз елінің жуандары ағайынды екі батыры – Андас пен Сыпатайды сыйғызбай қуып жібергенде, олар көрші қырғыздарға барып паналаған болатын. Қырғыз ағайындары елін Қоқан басшыларынан қорғасқан екі батырға риза болып, өз ұлдарындай көріп, алдарына мал салып, үстеріне үй тігіп, қонысына жер береді. Қалың малын төлеп қыз әпереді. Қырғыздың солто тайпасының манабы Қанай Сыпатайдың екінші әкесіндей болып, үлкен қамқорлық көрсетеді. Өзін баласындай етіп өсірген елге Кенесары шабуыл жасамақ болғанда, не істерін білмеген ол қатты қиналады. Ақыры өздеріне адамгершілікпен соншалық жақсылық жасап, екінші отанына айналған елге шабуыл жасауға ұжданы жібермейді, әрі ата жұртының ежелгі көршісі бауырлас елмен қарым- қатынасты бұзғысы келмейді.\r\n\r\nКенесары көтерілісі жеңілгеннен кейін, Қоқан езгісінен елді құтқарудың жалғыз жолы- Ресей қарамағына өз еркімен ену деп түсінген ол орыстың патшасы Александр ІІ-ге хат жазады. Орта Азияны жаулап алу құлқынын тесіп отырған патша өкіметі кідірмей, 1863 жылы Верный қаласындағы полковник Черняевқа Қоқан хандығына қарсы жорыққа дайындалуға бұйрық береді.\r\n\r\nСыпатай- сексен бес жыл жасаған өмірінің саналы алпыс жылын күрес– тартыспен өткізіп, шапқыншылықта ерлігін, бейбіт күнде мәмілегерлігін, әділдігін танытып, халқына қалтқысыз қызмет еткен ерлердің бірі.\r\n\r\nОңтүстік өңірінде Сыпатай есімді екі батыр өткен. Оның бірі ұлы жүздің Шапырашты ішіндегі Есқжа руынан шыққан атақты Саурық батырдың баласы– Сыпатай батыр, екіншісі — қазіргі Жамбыл облысы, Меркі жерінде өмір сүрген халық қамқоршысы Сыпатай Єлібек±лы.\r\n\r\nӨтептің баласы Сәмен деген батырды бетке ұстаған Ботпай рулары Іле өзенінінің Балқашқа құяр сағасын жоғары өрлей қоныстанған. Осы Ботпай жұртының ішінде сіңірі шыққан кедей ағайындылар Әлібек пен Өмірбек бірге жасаѓан. Әлібектің тµрт ±лы болѓан, біраќ екеуі ерте ќайтыс болѓан, екі  ұлы ќалѓан. Олардың есімдері Жалайыр елінде өткен, ерлігімен елге әйгілі қос батыр есімімен Аңдас, Сыпатай деп аталѓан. \r\n\r\nӨсе келе ат жалын тартып мініп, жұртқа әділдігімен, батырлығымен, қамқор істерімен көзге түсе бастаған Сыпатай ел назарына ерте іліккен. Сөйтіп, оңтүстік өңіріндегі қазақ халқының қамқоршысы, ақылшысы бола бастаған. Болашағынан зор үміт күттірген Сыпатайдың кемтарға берген көмегі, жарлы– жақыбайларға жасаған жақсылығы, әділдігі мен ерлігі, мәрттігі Ботпай жұртына ғана емес, төрт Дулатқа тегіс естіліп жатқан. Елінің болашағын- ойлаған ұлы жүздің рулары-Ысты, Ошақты, Шапырашты, Жалайыр, Сиқым, тағы басқалар Сыпатай төңірегіне топтасқан.\r\n\r\nҚырғыз- қазақ арасындағы ру шабысын, барымтасын тоқтатып, қырғыздың бас батыры Тілеубердіұлы Қанаймен бітім жүргізіп, достықты қалыптастырған. Сөйтіп, 1806 жылы Қарабалтадан бастаған Таластың төменгі сағасына, оңтүстік Түркістанға дейін созылған даланы төрт Дулаттың еншісіне алған. Келісім- шарт бойынша қазақ- қырғыз халқы бір- бірінен барымта мен ұрлыққа, адам өліміне себепкер шапқыншылыққа бармайтын болған. Ал егер шартты бұзғандар болса Ресей заңымен жазаланып, өтініш- шағымдар дала заңымен шешілетін болып келісілген. Келісім шартқа Әлі Әділов, Әкіш Аблаев, Рүстем Асфандияров, Сөк Аблаев, Бүлен Шанхаев, Туғанбай, Қойгелді, Ачекке Даирбеков, Сыпатай Әлібекұлы, Биқанбай Көпсалов, Сары Алтаевтар қол қойған.(5)\r\n\r\n“Ол жас кезінен – ақ жаһұттай жарқырап, ел көзіне ерте түскен екен… Осы орайда, ертеректе көнекөз қариялардың айтқанынан есімде қалған шағын бір хикаяны тілге тиек етсем деймін”- деп жазады Қыдырбек Амангелдиев “Меркі тынысы” газетінде.\r\n\r\nСыпатайдың 16-17 дегі бозбала шағы болса керек. Ол кезде Сусымыр жайлауын қырғыз- қазақ жаз бойы қатар жайлайды екен. Бірақ, кейінгі жылдары қырғыз ханы Орманханның халық арасындағы асқан беделін арқа тұтынған қырғыздың атқамінерлері екі елге қашаннан ортақ Сусамырды өздерінің басыбайлы меншігіне балап, қазақтарды шетқақпайлап, жайлаудың шұрайлы беттеріне жібермей, теріскейден жай беріп, жеки сөйлеп, жат пиғыл байқатады. Екі елдің арасында жік түсіп, бөрік ұшып, бас жарылып, жең жыртылып, қол сына бастайды. Мұны естіген Сыпатай: “Қой, бүйтіп жата бермейін, екі елдің ынтымағы біржола ыдырап кетпей тұрып, апатты аурудың алдын алайын, неде болса, қаймана қарасын былай қояйын да, тәңіріндей ханның өзімен сөйлесіп қайтайын” деп атқа қонып, қасына ағасы Андасты ертіп Орманханға аттанады. Ханның ордасына келе ханға кісі салып, кіруге рұхсат алады. Ордаға кіріп, амандық- саулық сұрасып бола бере, Сыпатай ханнан датын сұрайды. Орманхан “датың болса айт!” дейді. Сонда Сыпатай бөгелместен:\r\n\r\n— Ассалаумағалейкум, тақсырым,\r\n\r\nДүрісің игі жақсының.\r\n\r\nСусамырды қатар жайлаған,\r\n\r\nЕншісі бірге егіз ел,\r\n\r\nҚырғыз бенен қазақтың,\r\n\r\nҚамқоры өзің, тап шыным.\r\n\r\n…Арғы атамыз Алаш хан,\r\n\r\nБегілік оған жарасқан.\r\n\r\nАлты Арыс боп Алаштан,\r\n\r\nДүниеге тарасқан…\r\n\r\nАлаштан туған Мейрам- ды,\r\n\r\nМейрамнан үш ұл болған- ды.\r\n\r\nСейілхан, Сатар, Жайылхан,\r\n\r\nЖайылханнан- қырғыз, қазағың.\r\n\r\nҚарақалпақ пен созағың.\r\n\r\nМіне, осылар, хан ием,\r\n\r\nТүбі бірге туысың.\r\n\r\nБұ фәнидің бір көрген,\r\n\r\nРахаты мен азабын.\r\n\r\nОсы шаққа жеткенше,\r\n\r\nОт пенен су, ауа ортақ.\r\n\r\nЖақсыға бірге сүйіндік,\r\n\r\nИен дала тау ортақ,\r\n\r\nЖаманға бірге күйіндік.\r\n\r\nАрыз ғып баққан дау ортақ,\r\n\r\nЖұдырықтай түйілдік.\r\n\r\nАндыздан шыққан жау ортақ,\r\n\r\nЖас қырандай шүйілдік-\r\n\r\nБіріміз үшін біріміз,\r\n\r\nЖан берісіп, жан алып,\r\n\r\nАуызбірлікке иілдік.\r\n\r\nНесін айта берейін?!\r\n\r\nОсы шаққа жеткен соң,\r\n\r\nТүсіп тұр басқа қиындық.\r\n\r\nАрғы беті- Сусамыр,\r\n\r\nБергі беті- Жайылма.\r\n\r\nҚашаннан ортақ мекенді,\r\n\r\nБас- басымызға иемденіп,\r\n\r\nІші кеткен сиырдың,\r\n\r\nЖапасындай сұйылдық- дейді.(6)\r\n\r\nОрманхан ұзақ ойланып отырып, әлден уақытта басын әнтек көтере қызметші жігіттеріне: …Сыпатайға арнайы үй тіктіріңдер, сыбаға- сыйын беріңдер, қыз- бозбаланы жинаңдар, жастар танысып, біліссін! – дейді. …Ертеңіне Орманхан Сыпатайды алдына шақырып: -Балам, айтқан датың орынды, өтінішің қабыл. Еліңнің үлкен- кішісіне түгел менің сәлемімді жеткізе бар. Бұдан былай да, Сусамыр қырғыз- қазақтың ортақ жайлауы, құт- мекені… Бізді құдай қосқан, пенде ажырата алмайды- деп, батасын беріп аттандырады.\r\n\r\n1845 жылы патшалық Россияның отаршылдық саясатына қарсы халықты бастап, көтерілісті ұйымдастырған Кенесары сұлтан Қасымұлы қырғыз еліне жойқын шабуыл жасайды. Сөйтіп, оның қылыш, найза, айбалта, білтелі мылтық, бірнеше зеңбірекпен қаруланған Пішпек маңындағы қара қырғыздарды қырып-жойып, жазықсыз сәбиді найзаға түйреп, екіқабат әйелдің ішін жарып отырған, әрі Сыпатай салдырған Қанай манаптың күмбезін быт-шыт етеді. Бұған қатты қынжылған, әрі екі елдің достығын қалыптастыруды көздеген Сыпатай батыр Кенесары ханның көмекке сарбаз жігіттер сұрағанын қабыл алмастан, оның тобына қосылмайды. Қайта Кенесары ханның туысқан қырғыз халқын шабу райынан қайтуға шақырады. Кенесары айтқанынан қайтпай, бірнеше рет қара қырғыздарды жан алқымға алып, жойқын қырғынға ұшыратады. Ақыры Ыстықкөл жақтан Орман ханнан күтпеген жерден соққы алып, 1847 жылы Тоқмақ маңындағы Алмалы шатқалында өзі тұтқынға түсіп, жеңіліске ұшырайды.\r\n\r\n1860 жылы Қоқан ханы Хұдиярхан Верный бекінісіндегі орыс әскеріне соққы беруге 20 мың әскерін дайындайды. Сыпатай батыр, одан бас тартып, Балқаш көлі жағасына көше бастайды. Көп ұзамай Хұдиярдың қолы Верный түбінде үлкен жеңіліспен кері қайтады. Қатыгез хан айтқанына көнбей Меркі– Аспара өңіріне қайта келген Сыпатай батырды ұстап, зынданға салады. Оныњ ‰стіне ±затылѓан єрбір ќызѓа салынѓан бір тіллє алтынѓа ќарсылыќ білдіреді. Міне осы шектен шыќќан озбырлыќты ержүрек С. Әлібекұлы шешендік сөзбен Хұдиярға айтар сөзін тіке жеткізген.\r\n

    \r\n

  • Єй, Х±дияр,
  • \r\n

\r\nСаудагер болсањ сатарсыњ,\r\n\r\nЌасап болсањ соярсыњ.\r\n\r\nРайымнан ќайтпаймын,\r\n\r\nЌарыњдыќ басы бір тіллє,\r\n\r\nБеремін деп айтпаймын.\r\n\r\n¤мірі алтын кµрмеген,\r\n\r\nМалдан басќа білмеген,\r\n\r\nКедей ќайдан табады?\r\n\r\nЄділетті хан болсањ,\r\n\r\nЌиянатты ќоярсыњ,\r\n\r\n¤з шыѓарѓан шаќањды,\r\n\r\nАларсыњ да тоярсыњ.\r\n\r\nЌиын болды кедейдіњ,\r\n\r\nЕнді ќатын алмаѓы.\r\n\r\nЖиырмасында бір кедей,\r\n\r\nМалын баќса бір байдыњ,\r\n\r\nЖылына алса бір ќара,\r\n\r\nЌырыќсегіз жылда бір ќыздыњ,\r\n\r\nЗорѓа табар ќалыњын.\r\n\r\nЖетпіске келіп ол сорлы,\r\n\r\n‡йленгенде не болды?!\r\n\r\nТ±ќымсыз µтер, Х±дияр,\r\n\r\nОнда кедей кєрібіњ.\r\n\r\nТоќтылы ќой- бата аяќ,\r\n\r\nЌалыњы- сегіз, ‰ш аяќ.\r\n\r\nСонда єйел алуѓа,\r\n\r\nЄлі келер жарлыныњ.\r\n\r\nТіпті тењі табылса,\r\n\r\n           Тегін бергін барлыѓын…(7)\r\n\r\n деп келетін ащы толѓауында сол кездегі Ќоќан хандыѓыныњ отарлыќ сиќы ашып кµрсетіледі. Батырдыњ б±л толѓауы Ќоќан хандыѓына ќарсы к‰рескерлік єдебиеттіњ басында т±рѓан Жанкісі жыраудыњ, к‰рескер аќын Мєделіќожаныњ Ќоќан бектеріне ќасќайып т±рып айтќан толѓауларымен мєндес, ‰ндес. \r\n\r\n Бұл кезде Жетісу халқы арасында үлкен толқу өріс ала бастап, одан сескенген хан, бір айдан соң батырды босатуға мәжбүр болады.\r\n\r\nСыпатай 1862 жылы орыс патшасы ІІ Александрға хат жазып, Ұлы жүз қазақтары мен қырғыз халқын Россияның қарамағына алуды өтінді.\r\n\r\n1863 жылы 3- мамырды Қордайдың батысындағы Құрғақсазда орыс әскерін басқарған полковник Черняев, Сыпатай батырға ерген Ұлы жүздің беделді адамдары, қырғыз Шәбден Жантаев, Бәйтік Қанаев қосылған құрылтай жиналысы өтеді. Онда Сыпатай батыр сөз сөйлеп, Қоқан хандығының қырғыз – қазақ халықтарын қорлап, қанап отырғанын айта келіп, орыс мемлекетіне қосылудың мәнін және қажеттігін түсіндірді. Кеңестен соң Ұлы жүз қазақтары мен қырғыз халқын Россияға қосу туралы актіге қол қойылады. Сондай – ақ қазақ – қырғыз отрядтарының орыс әскерімен қосылып, Қоқан хандығына қарсы шабуыл жасау жоспары бекітіледі. Осы жоспар бойынша Сыпатай батыр өзінің ұлы Бірімқұл бастаған 200 атты жігітті орыс әскеріне қосады. Құдайберген Баетұлы мың жігітпен түйе керуенін ұйымдастырып, орыс армиясының қару- жарағын тасиды. Сыпатай өзінің одақтастарын атпен, азық- түлікпен, түйе, көлікпен қамтамасыз етуді өз мойнына алады.\r\n\r\nСөйтіп, қазақ – қырғыз отрядтары полковник Черняев бастаған орыс әскерімен қосыла отырып Қоқан әмірі Құдиярдың қолшоқпарларымен кескілескен ұрысқа шығады. Көп ұзамай 1863 жыыл- Пішпек, Меркі, 1864 жылы Әулиеата азат етіледі. Одан кейін Шымкент, 1865 жылы Ташкент қалалары қоқандықтардың езгісінен құтқарылады.\r\n\r\n  Батыр бес әйел алған. Бәйбішесі шақшам қызы Әуестен Ноғай деген ұл, Сейдім, Әйкүл деген қыз туған. Екінші әйелі жаныс қызы Жуанбілектен Тоқтағұл деген ұл туады. Үшінші әйелі жаныс қызы Жекейден Айтқұл, Ораз, Пірімқұл деген үш ұл сүйеді. Төртінші әйелі жалайыр Жәлмембет бидің қызы Қалбикеден Тоқпамбет деген баласы туады. Сыпатайдың бесінші әйелі қырғыз қызы Еренсізден Қомсабақ буады. Бұлардың ішінде Тоқпамбет, Пірімқұл, Қомсабақ өз тұсында айтулы батыр болған.\r\n\r\n   Сыпатай батыр балаларына, немерелеріне өзімен қатар үзеңгі қағыстырып жүрген белгілі кісілердің қыздарын алып берген. Бәйбішеден туған Ноғайлыны ысты Бөлтірік батырдың немересіне үйлендірген. Екінші әйелінен туған Ораз деген баласына – шымыр Байзақ датқаның ағасы Бәйтеректің қызын, Ноғайдың баласы Кішкене батырға сиқым Батырбек датқаның қызын алып берген, қырғыздармен де қыз алысып, қыз беріскен.\r\n\r\nСыпатай Оңтүстік өңіріндегі қазақ халқын отырылықщылыққа, егіншілікке, мәдениетке алғаш үйретушілердің бірі. Батыр Ботпай елінің аңызына айналған қазіргі Сыпатай атындағы  колхоздың Қызыл Ту ауылы тұсында Тескентоғанды салуға бүкіл жұртшылықты ұймдастырып, өзі басшылық жасайды. Меркі өзенінің арасынан бұзып жасалған бұл тоған әлі күнге жұртшылықтың игілігіне қызмет етуде”.(8)\r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер тізімі:\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Жабаев Ж. Тањдамалы. А., “Жазушы”, Ітом. 1982, 86-87бб;
  2. \r\n

  3. Жолдасбекұлы М, Салғараұлы Қ, Сейдімбек А. Елтұтқа. “Күлтегін”, Астана. 2001, 150 – 152 бет.
  4. \r\n

  5. Єзірбаев К. Ањыздар сыры. А., “Ќазаќстан”, 1969.
  6. \r\n

  7. Әбділдаұлы Б. Қойгелді батыр, Төле би, Алматы, “Мерей”, 1992.
  8. \r\n

  9. “Ақжол” газеті. 12.04.1992.
  10. \r\n

  11. “Меркі µњірі” газеті. 24.06.2001
  12. \r\n

  13. Исаќов Є. µткен к‰нде белгі бар. А., “Мерей”, 1995, 170-171бб;
  14. \r\n

  15. Әбділдаұлы Б. Сыпатай, А., 2002.
  16. \r\n


ПІКІР ҚАЛДЫРУ