Халақтың қазіргі таңдағы жағдайы, осы 2020 жыл басталғалы біздің ғана ел емес,басқа да елдердің жағдайы күрт төмендеп кетті. Бірақ кейбір адамдардың айтуынша бұл дүниежүзін демалдырып,тазалау. Бірақ біз қаңқу сөздерге сенбеуіміз қажет әрине. Карантин,короновирс,жұмыссыздық,бүкіл жерлердің шектеулі уақытпен жұмыс жасауы біздің ығырымызды шығарып жібергені тайға таңба басқандай белгілі. Бірақ біздің елімізге үкіметтің тарапынан қаржылай көмек көрсетілгені рас.
42500 тг көлемінде көптеген отбасыға,жұмыссыз адамдарға таратылған болатын. Осы вирус кеткенше халыққа көмек қолын созу тоқтатылмайды деп отыр. Осы вирус кезінде көптеген адам о дүниелік болып көптеген адам қанша қиын болсада бар күшін салып,вирустан арылып шықты. Статистика бойынша 1млн 47мың адам қайтыс болыпты.36 миллион адам аурудан жазылған. Тағы айта кететін мәселе жүктілікті тоқтатуға да кеңес берген екен ақ халатты абзал жандар.
Бала көтеріп оны дүниеге әкелу қазір өте күрделі мәселеге айналып отыр.Анасы мен қоса балаға қауіп төнуі басым екен.Бұл вируспен әліде күресіп келе жатқанымыз өтірік емес.Барлық жағынан жағдай жасауға тырысып жатырмыз. Міне бұл індеттің өршуіне бір жыл уақыт болды.
Алматы қаласының өзінде осы індеттің кесірінен көптеген адам жұмыссыз қалды.Күнкөру қиындап кетті. Тек Алматы қаласында карантин кезеңінде кәсіпорындардағы жұмысшылар саны 266 мың адамға азайды. Ұқсас жағдай жеке кәсіпкерлерде байқалады, олардың 80%-ы қызметін тоқтатты. Осылайша, алдын-ала есеп бойынша карантин 500 мыңға жуық азаматтың қаржылық жағдайына теріс әсер етті.