Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті арасындағы қатынастар

0
1513

 \r\n\r\nҚазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 1 шілдеде бірлескен коммюникеге қол қою арқылы орнатылды.\r\n\r\nЕкі жақты қатынастардың негізі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Парсы Шығанағы араб елдеріне турнесі шеңберінде Қатар Мемлекетіне (1998 жыл мамыр) жасаған ресми сапары, сондай-ақ Қатар Әмірі Шейх Хамад бен Халифа Әл Танидың Астанаға сапары (1999 жылғы сәуір, 2008 жылғы наурыз) кезінде қаланды.\r\n\r\n2007 жылдың 10-11 наурыз аралығындағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қатар Мемлекетіне екінші ресми сапары екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін берді.\r\n\r\n2008 жылдың 4-5 наурызда Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің Астанаға ресми сапары өтті.\r\n\r\nӨткен аралықта Қатарға ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев (1997 ж. мамыр, 1998 ж. наурыз, 2006 ж. мамыр), Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов (2000 ж. қараша), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Вице-министрі А.Досжан (2001 ж. желтоқсан), Энергетика және минералдық ресурстар министрі Б.Ізмұхамбетов (2006 ж. сәуір), Туризм және спорт министрі Т.Досмухамбетов (2006 ж. желтоқсан), Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Б.Ақшолақов (2007 ж. қазан), Президентінің көмекшісі А.Исекешев (2008 ж. сәуір-мамыр), Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Даненов (2008 ж. желтоқсан), Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі А.Мағауов (2009 ж. ақпан) сапармен барды. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғ.Есімнің Қатар Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнимен кездесуі өтті (2009 ж. наурыз).\r\n\r\nҚазақстанда Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер министрі шейх Хамад бен Джасем бен Джабер Әл Танидің (1998 ж. сәуір), Коммуникация және көлік министрі шейх Ахмад бен Насир бен Халифа әл Тани (2000 ж. мамыр), Мәдениет, өнер істері бойынша ұлттық кеңесінің төрағасы шейх Сауд бен Мухаммад (2002 ж. сәуір), қатарлық «Qatar Petroleum International – QPI» мұнайгаз компаниясының Атқарушы директоры Н. Әл Джайда (2008 ж. мамыр), Халықаралық ынтымақтастық бойынша Мемлекеттік министрі Халед бен Мұхаммад әл Аттыйя (2008 ж. қазан), Әділет және құқық  жөніндегі Жоғарғы Кеңесінің мүшесі шейх С. әш-Шамри сияқты тұлғалар болды (2009 ж. шілде).\r\n\r\nҚатар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінде бақылаушы мәртебесіне ие болды (2008 ж. тамыз).\r\n\r\nҚазақстан-қатарлық үкіметаралық комиссиясының екі отырысы 2000 ж. мамырда Дохада, 2001 ж. мамырда Астанада өтті.\r\n\r\nҚатар Мемлекеті Қазақстанға «Нұр Астана» Ислам мәдени орталығын салуға қайтарымсыз көмек ретінде қаржы бөлді.\r\n\r\n2002 жыл наурыз айында Қатарда Қазақстанның мәдени күндері өтті.\r\n\r\nҚазақстан мен Қатар арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 716 мың АҚШ долларын құрды (экспорт – 309 мың, импорт – 407 мың).\r\n\r\nҚазақстан-қатар қатынастарының шарт-құқықтық негізін 6 құжат құрайды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ