Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастар

0
1690

Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылдың 11 қаңтарында орнатылды.\r\n\r\nҚР Сауд Арабиясындағы Елшісі Қ.Лама Шариф 2007 ж. маусымда Қазақстанның Кувейттегі Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. 2010 ж. шілдеде Кувейт Мемлекетінің Пәкстандағы Елшісі Науаф әл-Онейзи ҚР-дағы қосалқы Елші болды.\r\n\r\nЕкі ел арасындағы ынтымақтастық негіздері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылдың 31 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында Кувейтке жасаған ресми сапары кезінде қаланды.\r\n\r\nCапар нәтижесінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық, Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдерге, сондай-ақ екі ел Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар туралы меморандумға қол қойылды.\r\n\r\nКувейт Мемлекетіне ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың (1997 ж.), Астана қаласы әкімі Ө.Шүкеевтің (2005 ж.), Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаевтың (2008 ж.), Энергетика және минералдық ресурстар министрі С.Мыңбаевтың (2008 ж.), Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы О.Өксікбаевтің   (2008 ж.), Туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетовтің (2009 және  2011 жж.), Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.Коржованың       (2010 ж.) сапарлары болды.\r\n\r\nҚазақстанға Кувейт Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі Н.Родан (1992 ж.), Ұлттық Ассамблеяның (Парламент) делегациялары (1998, 2002 және 2010 ж.), Кувейт Әмірі Әкімшілігінің басшысы шейх Насер Ас-Сабах (2008 ж.), Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхаммед Ас-Сабах (2008 ж.), Азия Олипиялық Кеңесінің Президенті шейх Ахмед Ас-Сабах (2007, 2010 және 2011 жж.) сапар жасады.\r\n\r\nКувейт Астана қаласы әкімдігі жаңа ғиматарының құрылысына (10 млн. долл.), Астананың сол жағалуы инфрақұрылымының және Арал теңізі аймағын сумен қамтамасыз ету жобасының техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге (2,3 млн. долл.) гранттар бөлді. Кувейттік кредиттер есебінен (11,5 млн. долл.) Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарындағы сумен қамтамасыз ету, санитария және денсаулық сақтауды жақсарту жобалары жүзеге асырылды.\r\n\r\nСауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-кувейт үкіметаралық комиссиясының екі отырысы өтті – 2008 ж. Астана қаласында, 2010 ж. әл-Кувейт қаласында.\r\n\r\nҚазақстан мен Кувейт арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 192,1 мың долларын құрады (экспорт – 33,2 мың , импорт – 158,9 мың).\r\n\r\nҚазақстан-кувейт қарым-қатынастарының шарттық-құқықтық базасы 9 құжатқа негізделген.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ