ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ГРЕК РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАР

0
1190

 \r\n\r\nЖалпы мәліметтер\r\n\r\n1992 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы және Грек Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.\r\n\r\n1997 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасында Грекия Республикасының Елшілігі ашылды.\r\n\r\n2005 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің №1511 жарлығымен Грекиядағы Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы шешім қабылданды.\r\n\r\n2009 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің №814 жарлығымен Грекиядағы Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын Елшілік ретінде қайта құру туралы шешім қабылданды.\r\n\r\n2009 жылғы ақпаннан бері Қазақстан Республикасындағы Грекия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Евагелос Денаксас.\r\n\r\n2009 жылғы шілдеден бері Грекия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртаев (оның алдында Алмас Хамзаев болған).\r\n\r\n \r\n\r\nСаяси қарым-қатынастар \r\n\r\nҚазақстан және Грекия арасындағы екі жақты қарым-қатынастар халықаралық мәселелердің көпшілігі бойынша қарама-қайшылықтардың жоқтығымен сипатталады. Бұл ретте грек-түрік қарама-қайшылығын, соның ішінде кипр мәселесін де атап өткен жөн. Бұл тұрғыда Қазақстанның көзқарасы бейтарап, БҰҰ мен басқа халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сай келеді.\r\n\r\nҚР Президенті Н.Назарбаевтың Грекияға мемлекеттік сапары (2001 жылғы шілде) және Грекия Республикасының Президенті К.Стефанопулостың Қазақстанға сапары (2002 жылғы шілде) екі жақты байланыстардың аса маңызды оқиғаларына жатады. Орын алған келіссөздер нәтижесі бойынша тараптар өздерінің саяси және экономикалық көзқарастарының жақындығын және қатынастарды жемісті дамытуға ереулі потенциал бар екендігін атап көрсетті. 2004 жылғы тамызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Олимпиадалық ойындардың ашылу рәсіміне қатысуы үшін Грекияға сапары өтіп, оның барысында Грек Республикасының Премьер-Министрі К.Караманлиспен кездесу ұйымдастырылды.\r\n\r\n2009 жылғы 18-20 мамырда Афинада ЕҚЫҰ-ның Экономикалық-экологиялық форумының миграция мәселелеріне арналған екінші сегменті өтіп, оған ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Қ.Әбдірахманов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Аталған іс-шара шеңберінде ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық қызметінің координаторы офисінің, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басқарушы және негізгі құрамымен, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК-ның көліктік бөлімшесінің аға-басқарушы тұлғасы Р.Новакпен келіссөздер өткізілді.\r\n\r\n2009 жылғы 1-2 желтоқсанда Афинада ҚР мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Грекия төрағалығымен өткізілген ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 17-ші отырысына қатысып, бұл іс-шара 2009 жылғы грек төрағалығын қорытындылауға және төрағалықты Қазақстанға ресми түрде тапсыруға арналды.\r\n\r\nҚазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы аталған отырыстың жұмысына ЕҚЫҰ Төрағалар үштігінің өкілі ретінде қатысып, СІМК-нің үшінші пленарлық сессиясын ЕҚЫҰ-ның болашақ әрекеттегі төрағасы ретінде басқарып, форумның жабылуында сөз сөйлеп, Грекия мен Финлиндиядан келген әріптестерімен бірлескен қорытынды баспасөз мәслихатын өткізді.\r\n\r\n \r\n\r\nСонымен қатар ЕҚЫҰ СІМК шеңберінде ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың іс-шараға қатысушы бірқатар мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесулері өткізілді.\r\n\r\nПарламентаралық қатынастар. Екі мемлекеттің парламенттерінде достық топтары құрылған. ҚР Парламенті Мәжілісінде қазақстан-грек достық тобының жетекшісі депутат, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі С.Тоқпақбаев болса, Грекия Парламентіндегі грек-қазақстан достық тобының жетекшісі биліктегі «ПАСОК» партиясынан депутат К.Ровлиас болып табылады.\r\n\r\n2008 жылғы 18 қыркүйекте ЕО – Орталық Азия форумы барысында екі елдің сыртқы істер министрлерінің кездесуі орын алып, оның шеңберінде тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының және аталған ұйым шеңберінде Қазақстан мен Грекияның бірлескен жұмысының мәселелері бойынша ой-пікір алмасты.\r\n\r\n2009 жылғы 9-12 қазанда Афинада ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күздік отырысының жұмысына қатысып, оның шеңберінде Грекия парламенті төрағасының міндетін атқарушы Д.Сиуфаспен кездесті. Ассамблеяның күн тәртібіндегі негізгі тармақ «Энергетикалық қауіпсіздік пен қоршаған орта» атты конференция болып, оның барысында энергетикалық нарықтар мен экологиялық жобалардың даму перспективалары туралы жанды пікірталас орын алды.\r\n\r\nҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев «Адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» атты сессияда Қазақстанның көпвекторлы энергетикалық стратегиясына, қоршаған ортаны қорғауға қатысты қабылданған нақты шаралар бойынша баяндама жасады.\r\n\r\n \r\n\r\nСондай-ақ Афинада болу барысында Қ.Тоқаев Грекия Президенті К.Папульяспен кездесті.\r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық байланыстар \r\n\r\n \r\n\r\nҚР кедендік статистикасының мәліметтері бойынша Қазақстан және Грекия арасындағы тауар айналымы 2009 жылы 557,3  млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 544,8 млн., импорт – 12,5 млн.), ол алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,17% жуық ұлғайған (2008 жылы 520 млн. долл. құрады). Қазақстанның сыртқы тауар айналымы көлеміндегі Грекиямен сауданың үлес салмағы 0,8% құрады.\r\n\r\n2010 жылғы қаңтар-наурызда қазақстан-грек тауар айналымы 272,5 млн. долл. құрады (экспорт – 268,8 млн., импорт – 3,7 млн.). Әлемде орын алған қаржы-экономикалық дағдарысқа қарамастан бұл көрсеткіш 2009 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда (123 млн. долл.) екі жақты сауданың 121,5% артқанын қуаттайды.\r\n\r\nҚазақстаннан Грекияға дәнді дақылдарды, тұз, күкірт, топырақ, тас, гипс, асбест, цемент, мыс, мыстан жасалған өнімдерді және т.б. экспорттайды.\r\n\r\nҚазақстанға Грекиядан органикалық химия өнімдерін, хош иісті майлар мен шайырларды, сабын, жасанды май-шамдар, желім, энзим, әр түрлі химиялық өнеркәсіп өнімдерін, пластик және пластикалық өнімдерді, тондар мен теріден жасалған өнімдерді, жасанды тері, синтетикалық немесе жасанды өнімдер, дайын киімдер, сондай-ақ тоқыма заттарды, аяқ киім, шойын, темір және болат өнімдерін, механизмдер мен жабдықтар, электр заттарын, жеңіл автокөліктерді, сүйрегіш ауыр көліктерін, велосипед және басқаларын импорттайды.\r\n\r\nИнвестициялық ынтымақтастық Грекиямен өзара ықпалдастықтың  ұзақ мерзімді басымдықтарына жатады. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банктің мәліметтері бойынша Қазақстан экономикасына салынған шетел инвестицияларының жалпы көлемі 140 млрд. АҚШ долл. асты, оның ішінде грек инвестициялары – 16,6 млн. долл. Шетелде салынған қазақстандық инвестициялардың жалпы көлемі 95,8 млрд. долл. жуық, оның ішінде Грекияға – 436,1 млн. долл. жұмсалды (портфельдік инвестициялар – 262,6 млн., басқалары – 10,4 млн., резервтік активтер – 163,1 млн.).\r\n\r\nҚазақстан-грек ынтымақтастығының басым бағыттары ретінде энергетика, Еуропа және Азия арасында көліктік-транзиттік байланыстарды дамыту, кеме жасау, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, білім және туризм облыстарындағы өзара ықпалдастық қарастырылады.\r\n\r\n2008 жылғы мамырда инженерлік технологиялар мен телекоммуникацияға маманданған «Германос» ірі грек компаниясының делегациясы Қазақстанда болып қайтты. Грек делегациясының Астанада болу барысында индустрия және сауда министрлігінің, «Қазақстан Инжиниринг» и «Қазақтелеком» компанияларының басшылығымен кездесулер ұйымдастырылды.\r\n\r\nМұнай-газ саласы. Грекия Бургас (Болгария) – Александропулис (Грекия) мұнай құбырының құрылысы және «Оңтүстік ағым» жобасының жүзеге асырылуы мәселелеріне зор маңыз береді, бұл туралы 2009 жылғы 9-11 қазандағы ЕҚЫҰ ПА отырысының жұмысына қатысу үшін Афинаға келген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевпен кездесу барысында Грекия президенті К.Папульяс хабарлады.\r\n\r\nАуыл шаруашылығы саласы. Грек тарапының қарастыруына ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялық жобалар және жақын арада сыртқы нарыққа шығу мүмкіншілігі бар ауылшаруашылық өнімдерінің тізімі берілген.\r\n\r\nТуризм. Грек тарапы «Туризм және саяхат» (KITF) атты Халықаралық көрмеге тұрақты түрде шақырылады. 2009 жылғы сәуірде Алматыда өткен «KITF – 2009» халықаралық туристік жәрмеңкесіне Грекияның бірнеше туристік компанияларының және туризм министрлігінің өкілдерінен тұратын делегация қатысты.\r\n\r\n2009 жылғы қазанда Астанада грекиялық тараптың өкілдері Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Бас ассамблеясы 18-ші сессиясының жұмысына қатысты.\r\n\r\nҮкіметаралық комиссия. 2006 жылғы 3-4 шілдеде Астанада Қазақстан-грек экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өткізілді (2001 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грекия Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған, 2003 жылғы 4 маусымда  күшіне енген), оның нәтижелері екі мемлекеттің сыртқы саясат ведомстволарының министрлері орынбасарларымен қол қойылған Хаттамада көрсетілген.\r\n\r\nСыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, қазақстандық тараптан, Константин Жигалов және грекиялық тараптан Спирос Кувелис аталған комиссияның тең-төрағалары болып табылады.\r\n\r\nҚазіргі уақытта қазақстан-грек комиссиясының екінші отырысын өткізу мерзімдерін келісу бойынша жұмыс жүргізілуде, отырыс барысында әр түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайына және перспективаларына қатысты мәселелер қарастырылады.\r\n\r\nАумақаралық ынтымақтастық. 2008 жылғы маусымда Афинаағы Қазақстанның дипломатиялық миссиясының қолдауымен Шымкент қаласының әкімдігі басшылығының Грекияға сапары ұйымдастырылды, оның шеңберінде Шымкент және Ахарнон қалалары арасында туыстық туралы келісімге қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\nШарт-құқықтық база\r\n\r\nБүгінгі таңда екі елдің шарт-құқықтық базасын одан әрі кеңейту бойынша тараптар жұмыстар жүргізуде. Пысықтау сатысында туризм, салық салу және қылмысқа қарсы күрес, т.б. облыстардағы ынтымақтастық туралы бірнеше үкіметаралық келісімдер бар.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ