Қазақстан Республикасы мен Молдова арасындағы қатынастар

0
2276

Қазақстан Республикасы мен Молдова арасындағы қатынастар\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nЖалпы мәліметтер\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан мен Молдова арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 ж. 27 шілдеде орнатылды.\r\n\r\n \r\n\r\nДипломатиялық өкілдіктердің ашылу уақыты – 1994 ж. 27 шілдеде Киев қаласында Қазақстан Республикасының Украина және қосара Молдова Республикасындағы Елшілігі ашылды. Молдова Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі қосара Қазақстан Республикасында өз қызметін атқарады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен А. Жұмабаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып 2004 ж. 10 ақпан күнінде тағайындалды.\r\n\r\n \r\n\r\nМолдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі — Андрей Кириллович Негуца 2009 ж. қыркүйек айында ҚР Үкіметінен агреманды қабылдады.\r\n\r\n \r\n\r\n  \r\n\r\nСаяси қатынастар\r\n\r\n \r\n\r\n            Қазақстан мен Молдова арасындағы байланыс екі жақты ынымақтастық қатынастарымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар деңгейінде дамуда. Молдова Республикасы Қазақстанның 2010 жылы ЕЫҚҰ-да төрағалық ету ұсынысын қолдады.\r\n\r\n             Жоғарғы деңгейдегі сапарлар\r\n\r\n \r\n\r\n1999 ж. қыркүйек айында Молдова Республикасының Президенті П.Лучинскидің Қазақстанға ресми сапарымен келді.\r\n\r\n \r\n\r\n2003 ж. қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Молдоваға ресми сапары өтті.\r\n\r\n \r\n\r\n2002 ж. қазан айында Қазақстан Республикасының Үкімет Басшысы И.Тасмағамбетов Молдовада ресми сапармен болды.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық байланыс\r\n\r\n \r\n\r\nҚР Кедендік бақылау комитетінің статистикалық ақпараты бойынша, Қазақстан мен Молдова арасындағы екі жақты тауар айналымы  2008 ж. 251,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2007 ж. салыстырғанда 80 пайызға артқан.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 ж. бірінші жартыжылдығында екі жақты тауар айналымы  151 млн. АҚШ доллары деңгейіне жетіп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімдегі   көрсеткіштерін сақтады. Екі жақты тауар айналымының ішінде қазақстандық экспорт  143 млн. АҚШ долларын құраса, импорт – 8 млн. АҚШ доллары көлемінде.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстандық экспорттың тауарлар тобының негізін сұйытылған газ ($139 млн.) және  қара металдардың сынықтары ($3 млн.) құраса, Молдовадан шарап-коньяк өнімдерімен ($4 млн.) ауылшаруашылық саласының тауарлары ($3 млн.) алынды.\r\n\r\n \r\n\r\nЭкономикалық байланысты арттыру мақсатында екі жақты экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия құрылып, аталған комиссияның үшінші отырысы 2008 ж. 07 сәуірінде Кишинев қаласында өткен. Отырыс барысында агроөнеркәсіп және 1992-1993 жылдар арасындағы есеп айырысу мәселесі талқыланды. Комиссияның келесі отырысы 2009 ж. екінші жартыжылдығында Астана қаласында өткізілуі жоспарлануда.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстанның мұнайгаз секторында 1997 ж. бері молдованың «Аском-груп» жеке компаниясы қызмет атқаруда. 1998-1999 жылдары молдовалық компания Маңғыстау облысында орналасқан «Боранкөл» және «Толқын»   мұнай кен-орындарын игеруде.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nГуманитарлық жәрдем. \r\n\r\n \r\n\r\n2008 жылдың тамыз айында Молдовада өткен су апатының зардаптарын  жою мақсатында Қазақстан Үкіметі  $250 мың долл. және  5 тонна дезинфикациялық дәрі-дәрмекпен гуманитарлық жәрдем көрсетті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ