Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы қатынастар

0
1619

Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы қатынастар\r\n\r\n \r\n\r\n1992 ж. 10 қыркүйекте – дипломатиялық қатынастар орнатылды.\r\n\r\n \r\n\r\n2000 ж. 20 желтоқсанда – Атырау қаласында Нидерландтың құрметті консулдығы ашылды.\r\n\r\n \r\n\r\n2003 ж. 17 маусымда – ҚР Президенті Жарлығымен Амстердам қаласындағы ҚР-ң Бас консулдығы құрылды (жұмыс бастаудың кезеңі – 2003ж. 20 тамыз).\r\n\r\n \r\n\r\n2005 ж. 18 ақпанда — ҚР-ң Президенті Жарлығымен Амстердам қаласындағы Бас консулдығы ҚР-ның Нидерланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясы болып қайта ұйымдастырылды.\r\n\r\n \r\n\r\n2007 ж. 1 қаңтарында ҚР Президенті Жарлығымен Дипломатиялық миссия Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі болып қайта ұйымдастырылды.\r\n\r\n \r\n\r\n2007 ж. 2 қазанынды ҚР Президенті Жарлығымен М.С.Мырзамадиева ҚР-дың Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 ж. қараша айынан бастап Франс Потайт мырза Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКоролева Беатрикстің шақыруы бойынша, 2002 ж. 27-28 қарашадағы Президент Н.Назарбаевтың Нидерландыға ресми сапары Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы қатынастардың қалыптасуындағы маңызды кезеңі болып табылды.\r\n\r\n \r\n\r\nСапар әртүрлі саладағы Қазақстан-нидерландық қатынастарын белсендіру үшін салиқалы негізін құрды. Королева Беатрикс, Премьер-Министрі Я.Балкененде, Парламент палаталардың төрағалары Г.Бронкс және Ф.Вейсгласпен келіссөздер жүргізу барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегі талқыланды. Нидерланды тарапынан Қазақстанның Орталық Азияның аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне, нарық экономикасымен бірге демократиялық қоғамды құру саласындағы Республиканың жетістіктеріне жоғары баға берілген.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан – инвестиция және сауда үшін тартымды нарығы» атты бизнес-форумда нидерландық іскер топтардың алдында сөз сөйледі. Сапардың барысында инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы, тұрақты әуе қатынасы туралы, кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы келісімдерге қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\nСыртқы саяси ведомстволар арасындағы байланыстар белсенді дамып келе жатыр. 2003 ж. шілде айында Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Нидерландының Сыртқы істер министрі Я. де Хооп Схеффердың сапары болып өтті. Ол Президент Н.Назарбаевтың қабылдауында болды, Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевпен, Орталық сайлау комиссия төрағасы З.Бәлиевамен келіссөздер жүргізді.\r\n\r\n \r\n\r\n2004-2005 жж. барысында Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Нидерланды СІМ басшысы Б.Ботпен екі кездесуі өткізіліп (2004 ж. желтоқсан, Брюссель, 2005 ж. қыркүйек, Нью-Йорк), Нидерланды Сыртқы істер министрінің Қазақстанға сапары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.\r\n\r\n \r\n\r\n2005 ж. сәуір айында Гаага қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волковтың және Нидерланды СІМ Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Еуропа департаменті директоры Я.Л. ван Хоорнаның қатысуымен алғашқы сыртқыісминаралық консультациялар өткізілді. 2005 ж. қараша айында консультациялардың екінші раунды шеңберінде Я.Л. ван Хоорнның басшылығымен Нидерланды СІМ делегациясы Қазақстанға келді.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 ж. 4 маусымда голландиялық тараптың шақыруы бойынша ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Нидерланд Корольдігіне ресми сапары  болды. Оның барысында осы елдің премьер-министрі Ян Балкенендемен және сыртқы істер министрі  Максим Верхагенмен екіжақты кездесулер болып өтті.\r\n\r\n \r\n\r\nКеліссөздер барысында Нидерланд атқарушы билігінің басшысымен екіжақты форматта да, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде де екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Я.Балкененде жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, халықаралық терроризм мен есірткі тасымалына қарсы күрес, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі Астананың маңызды рөлін ескере отырып, Нидерландының Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық әріптес ретінде қарайтынын атап өтті.\r\n\r\n \r\n\r\nӨз кезегінде,  қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстандағы голландиялық компаниялардың белсенді инвестициялық саясатын атап өтіп, Я.Балкененденің назарын «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының және ЕО-ның Орталық Азиямен Жаңа әріптестігі стратегиясының шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын іске асырудың маңыздылығына аударды. Осы тұрғыда министр Қазақстанда Нидерландының қуат үнемдеу, энергияның баламалы көздері,  өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы экологиялық таза өндірістер салаларындағы озық тәжірибесінің талап етіліп отырғанын айтып өтті.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстандық дипломат Я.Балкенендеге Қазақстанға оған қолайлы уақытта келуге шақыруды табыс етті.\r\n\r\n \r\n\r\nКездесудің соңында Нидерланд премьер-министрі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа өзінің ең ізгі ниеттерін  жолдады.\r\n\r\n \r\n\r\nСол күні үкіметтік қабылдау үйінде М.Тәжиннің өз  нидерландтық әріптесі М.Верхагенмен келіссөздері өтті, оның барысында тараптар 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға  алдағы төрағалығын қоса алғанда, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың келешегі үлкен бағыттары бойынша тыңғылықты  пікір алмасулар өткізді.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы орайда екі ел сыртқы саясат ведомстволарының  басшылары Ұйымның күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелерді мән-мазмұны бойынша талқылап, ЕҚЫҰ-ның барлық үш  өлшемдеріндегі сәйкес келетін мүдделерді бірлесіп ілгерілету жөніндегі консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.\r\n\r\n \r\n\r\nДипломаттар өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерінің бірқатары бойынша көзқарастардың сәйкестігін атап өтті.\r\n\r\nБелсенді сыртқы саяси байланыстарды жалғастыру тұрғысында М.Тәжин өзінің голландиялық әріптесін Қазақстанға шақырды.\r\n\r\n \r\n\r\nСапардың қорытындысында Екі мемлекет сыртқы саясат ведомстволарының арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Онда тараптар екіжақты саяси, экономикалық, ғылыми,  технологиялық, экологиялық және мәдени ынтымақтастықты  ілгерілету, сондай-ақ өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша, сонымен бірге халықаралық ұйымдар шеңберінде, өзара іс-қимылды нығайту мақсатында саяси үнқатысудың барлық деңгейлерінде консультациялар мен кездесулер өткізуге міндеттенді.\r\n\r\n \r\n\r\nГолландық парламентариялармен қарым-қатынастар жүргізіліп отыр. 2000 ж. маусым айында Нидерланд парламенттік делегациясы Қазақстанда тұңғыш сапармен болды. 2003 ж. маусым айында Алматыда орын тепкен ЕҚЫҰ парламенттік форум жұмысына Нидерланд Өкілдер Палатасының Бас Хатшысы В. де Буфор бастаған голландиялық делегациясы қатысты. Сол жылы 5-9 шілдеде Роттердам қаласында өткізілген ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 12-ші сессиясында Сенат Төрағасының орынбасары Ө.Байгелді бастаған қазақстандық депататтарының тобы қатысты.\r\n\r\n \r\n\r\n2008 ж. маусым айында Астанада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 17-ші сессиясы болып өтті. Аталған шараның жұмысына ЕҚЫҰ ПА шеңберінде Нидерланд миссиясының басшысы Госкун Корус қатысты.\r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық қарым-қатынастар\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n2009 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі $2,1 млрд. долларға жетті, оның ішінде экспорт $1,8 млрд., импорт — 230 млн. (2008 ж. сауда айналымы $4 мрлд. 914 млн. долларға жетті, оның ішінде экспорт 4 мрлд. 638 млн., импорт- 275 млн.).\r\n\r\n \r\n\r\nНидерланд Қазақстанның экономикасындағы жетекші еуропалық инвесторы болып табылады. 1993 ж. бастап 2009 ж. желтоқсан айы аралығында голландық инвестициялардың көлемі $44 млрд. 630 млн. долларға жетті, үлес салмағы 31,8 % құрады. Капитал тау-кен өндірісіне (13,5 %), ауыл шаруашылығына (1,6 %), өңдеуші өнеркәсіп (30,4 %), құрылыс (13 %), көлік және байланыс (25 %),  қаржы секторына (42,3 %), білім, денсаулық және әлеуметтік саласы.\r\n\r\n \r\n\r\n2008 жылдың 28-30 мамыр аралығында Гаагада өткен бизнес-конференция шеңберінде, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің өкілдері Bazel-дің басқарушы директорымен кездесу өткізіп, оның барысында базалық мұнай-химия өнімдерін алу бойынша бірінші ықпалдандырылған мұнай-химия кешені құрылысының жобасын бірлесіп іске асыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 ж. 30 қыркүйегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында және «Еуропаға жол» бағдарламасы шеңберінде Гаага қаласында «Қазақстан аграрлық және азық-түлік салаларында ынтымақтастық мүмкіншіліктері» атты конференция Елшілік және Сауда дамыту жөніндегі Нидерланд Кеңесі ұйымдастырылуымен өткізілді. Шараның басты мақсаты – ҚР-ның экономикалық потенциалы мен ауыл-шаруашылығы саласында инвестициялық мүмкіндіктері жайлы презентациясын жасау және екі ел арасында экономикалық қарым-қатынастарды белсендету.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 ж. 5-7 қазанында Қазақстан мен Нидерланд арасындағы энергетика саласындағы серіктестікті нығайту мақсатымен, Нидерланд Корольдігінің Экономика министрі Мария ван дер Хоевен Қазақстанда сапармен болды. Сапар барысында голландиялық Министр еліміздің ресми тұлғаларымен кездесіп, энергия көздерін сақтау жөніндегі семинар жұмысын ашты. Сапар шеңберінде Мария ван дер Хоевен «Мұнай-газ КИОГЕ – 2009» атты конференцияға және халықаралық көрмеге қатысты, 20 — дан аса голландтық компаниялардың жұмысы көрсетілетін павильонның ашылу рәсімін өткізді. Сонымен қатар, Министр студенттерге лекция оқып, Қашаған кен орнын аралап өтті.\r\n\r\n \r\n\r\nРесми кездесулер аяқталысымен, екі жақ энергия сақтау мен энергетика технологияралы туралы Ниет хаттамасына, сонымен қатар инвестиция мен сауда салаларында Ниет хаттамасына қол қойды.\r\n\r\n2010 ж. 25-27 мамыр аралығында ҚР Көлiк және коммуникация министрi Ә.Құсайыновтың басшылығымен қазақстандық делегацияның іс-сапары болып өтті. Сапар барысында делагация Амстердам қаласында өткен 17 Халықаралық ақпараттық технологиялар туралы конгресске қатысты. Конгресс шеңберінде Көлiк және коммуникация министрi Ә.Құсайынов Нидерланд Корольдігінің  принці Виллем-Александрмен қысқа сұхбаты өтті.\r\n\r\nКөлiк және коммуникация министрi Ә.Құсайынов Нидерланд Корольдігінің Экономика министрі Мария ван дер Хувенмен және Нидерланд Корольдігінің Көлік, қоғамдық жұмыс және су шаруашылығы министірінің орынбасары Лидевайде Онгерингпен екіжақты кездесуді өткізді. Тараптар екі ел арасындағы көлік және логистика контекстегі сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастықты және қазақстандық кадрлардың нидерландтық авиациялық, теңіздік және темір жол жоғарғы оқу орындарында білім алуы туралы талқылады.\r\n\r\n \r\n\r\nКездесу шеңберінде қазақстандық делегация «Қазақстан Еуропа және Азия арасындағы транзиттік дәліз» атты көлік, логистика және инфрақұрылым жөніндегі бизнес-конференцияның жұмысына қатысты. Бизнес-конференция Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі шеңберіндегі Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі және Сауданы дамыту қазақстан-голландтық кеңесімен бірлесіп әзірленген.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстандағы негізгі голландық инвесторлардың қатарына «Royal Dutch Shell» компаниямен бірге «ABN AMRO Bank N.V.» («ABN AMRO Қазақстан банкі» Еншілес акционерлік банкі» ЖАқ-да және «ABN AMRO Asset Menegement» ЖАқ-да қатысады), «Agip Caspian Sea BV» (қашаған кен орында жұмыс жүргізеді), «Lucarco B.V.» («Тенгизшевройл» ЖШС БК-ғы 5% бар және «Каспийский трубопроводный консорциум» ЖАқ-да қатысады), сондай-ақ «Floodgate Holding» («Васильковское золото» ААқ БК-ң 60% акцияларын ұстайды) компаниялары жатады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстанда 122 бірлескен кәсіпорындар тіркелген, олардың көбісі ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және өндіру, технологиялардың жаңа нысандарын енгізу, халық тұтынатын тауар өндірісі және қызмет көрсету салаларында белсеңді жұмыс жасайды. «ABN AMRO Bank B.V.» нидерландық қатысуымен бірлескен банкілердің қызметі кеңейтілді, сондай-ақ «Prise Waterhouse Eastern Europe B.V.», «Peja Holding», «AT&T Network System Int.», «Cebeco International Project B.V.» (ауыл шаруашалығы), «Organon» (фармацевтика), «Akzo Nobel» (химиялық өндірісі), «Friesland Central Asia» (сүт өнімдері), «ING» (банктік іс), «Unilever Central Asia», «Van der Ploeg International B.V.» (сүтті қайта өңдеу зауыттар құрылысы, тиісті құрал-жабдықтарды жеткізу), «KLM» әуекомпаниясы» голландық компаниялар өкілдіктері жұмыс істейді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ