Қазақстан Республикасы мен Бельгия Королдігі арасындағы қатынастар

0
1362

Қазақстан Республикасы мен Бельгия Королдігі арасындағы қатынастар\r\n\r\n \r\n\r\nЖалпы мағлұмат\r\n\r\n \r\n\r\n            1991 ж. 31 желтоқсанда Бельгия Корольдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады.\r\n\r\n \r\n\r\n            1992 ж. 25 тамызда дипломатиялық қатынастар орнатылды.\r\n\r\n \r\n\r\n            1993 ж. 15 сәуірде Бельгия Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.\r\n\r\n \r\n\r\n            1998 ж. қыркүйек айынан бастап Бельгия Корольдігінде Антверпен қаласында тұрақтануымен Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Дж.Ступ.\r\n\r\n \r\n\r\n            2009 ж. 18 наурызда ҚР Бельгияда Төтенше және Өкілетті Елшісі       Е.Өтембаев тағайындалды.\r\n\r\n \r\n\r\n            2006 ж. қаңтар айында Қазақстан Республикасында (Астана қ.) Бельгияның Елшілігі ашылды.\r\n\r\n \r\n\r\n            2006 ж. 9 қаңтардан бері Қазақстан Республикасындағы Бельгия Корольдігінің Елшісі Кристиан Меершман.\r\n\r\n \r\n\r\n            1996 ж. ҚР Бельгияның Құрметті Консулы Д.Парисс.\r\n\r\n Саяси ынтымақтастық\r\n\r\n \r\n\r\n            Екіжақты қатынастар Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бері жоғары қарқынды дамумен сипатталады. Екі ел арасындағы негізгі қатынастар 1993 жылдың 1 ақпанында Президент Н.Ә. Назарбаевтың Бельгияға ресми сапары барысынан бастау алады. Аталған сапар барысында мемлекетіміздің басшысы Король Бодуэн I және Премьер-министр Ж.-Л.Деанмен кездесті. Сапар қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара қатынастар негізі туралы Декларациясына қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\n            1998 жылдың сәуірде аралығында Бельгияның Премьер-министрі Ж.-Л. Деанның Қазақстанға ресми сапары болып өтті. Аталған сапар барысында екі елдің сауда-экономикалық қатынастардың шарттық-құқықтық базасын құрған инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы Келісімге  және қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенцияға қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\n            2000 ж. маусымда Президент Н.Ә.Назарбаевтың Брюссельге ресми сапары болып өтті. 2002 ж. қарашада Бельгияның мұрагер Принці Филипп “Союз ТМА-1” ғарыш кемесі экипажының құрамындағы бельгиялық ғарышкер Ф.Де Винненің жерге қайта оралу салтанатына қатысу үшін Астанада жұмыс сапармен болды.\r\n\r\n \r\n\r\n2006 ж. 3-6 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Брюссельге жұмыс сапары өтті. Бельгиялық II Альберт Королімен кездескен уақытта Елбасы Бельгияның ең жоғарғы мемлекеттік наградасымен марапатталды. Бұл наград Бельгияның және шетелдік мемлекеттердің белгілі мемлекеттік қайраткерлеріне тапсырылады. Премьер-министр Г.Верхофстадпен кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды. Кездесудің соңында халықаралық автокөліктерді тасымалдау және кеден істерінде административтік өзара көмек жөнінде үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. Парламентаралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді Бельгия Корольдігінде Парламенттің өкілдер Палатасының Төрағасы Х.де Кроомен талқылады.\r\n\r\n \r\n\r\n2007 ж. 18 желтоқсанда қазақстандық-бельгиялық үкіметаралық консультациялар өткізілді. Екі жақты ынтымақтастықтың әртүрлі салалардағы маселелер ғана емес, 2010 ж. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына дайындалуға өзара әрекет етуге мүмкіндігін талқылады.\r\n\r\n Парламентаралық және партияаралық байланыстар соңғы жылдары қарқынды даму үстінде. 2004-2006 жылдары екі елдің палаталар парламенті спикерлерінің кездесулері болып өтті.\r\n\r\n \r\n\r\n            2007 ж. 12 маусымда Брюссель қаласында ұлттық демократиялық партиясының Төрағасының м.а. Б.Жұмағұловтың Бельгияның бұрынғы Премьер-министрі, Еуропалық халық партиясының Төрағасы В.Мартенспен кездесу болды.\r\n\r\n \r\n\r\n2007 ж. 26-28 қарашада Брюссельге ҚР парламент делегациясының сапары орын алды, оның құрамына «Нұр-Отан» демократиялық партияның өкілдері мен Мәжіліс Парламентінде Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Г.Қарағұсова, депутат Қ.Бұрханов, сенатор С.Ақылбай кірді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстанда болып өткен соңғы парламент сайлауларының нәтижесінде Сенат пен Мәжілісте Бельгиямен парламентаралық ынтымақтастықты жүргізу үшін жаңа топтар құрылды. Осындай топ Бельгияның Парламентінде де құрылған болатын.\r\n\r\nСауда-экономикалық ынтымақтастық\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nБельгия Қазақстанның негізгі отыз сауда серіктестік қатарына кіреді. Біздің мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымының мөлшері жыл сайын белгіленеді. 2005 ж. ол 155 млн. АҚШ долл. құрады, 2006 ж. – 207 млн. долл. 2007 ж. өзара сауда айналымы 297 млн.долл. құрап, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 4,5 есеге өсті. Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың салдарынан 2008 жылы өзара сауда айналымы едәуір қысқарып, 263,1 млн.долл. жетті (экспорт – 63,9 млн., импорт – 199,2 млн.). 2009 ж. қаңтар мен сәуір аралығында жалпы тауар айналымы 43,9 млн. долл. (экспорт – 6,1 млн., импорт – 37,8 млн.) құрады. Өзара сауда құрылымы дәстүрлі болуға айналды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстаннан Бельгияға түсті металлдар, әр түрлі металлдар мен олардан жасалған өнімдер, химиялық және өнеркәсіптік өнімдер жіберіледі. Бельгиядан Қазақстанға машина мен құрал-саймандар, механизмдер, электротехникалық құралдар, химиялық өнімдер, минералдық заттар, оптикалық, фотографиялық және басқа құралдар мен аппараттар, тоқыма өнімдері, жеңіл өнеркәсіп өнімдері және темекі жіберіледі.\r\n\r\n \r\n\r\nҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, 1994 жылдан бастап 2009 жылдың 31 наурыз айына дейін Бельгиядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы мөлшері 337,5 млн. долл. құрады, олардың ішінен 2009 жылдың бірінші тоқсанында – 64,4 млн. долл.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазіргі уақытта бельгиялық капиталдың қатысуымен Қазақстанда 29 компаниялар тіркелген, оның 20 белсенді жұмыс атқаруда. Бельгияның сауда-экономикалық саясаты аймақтар деңгейінде реттелетінін ескере отырып, аймақтық бизнес-құрылымдармен экспорт және шетелдік инвестициялар бойынша Валлондық агенттігімен (AWEX) және Фламандық инвестициялық-сауда агенттігімен (FIT), «Brussels Exporters» астаналық ассоциациясымен, сондай-ақ аймақтық үкіметтерімен байланыстарды дамытуды жалғастыруда.\r\n\r\n \r\n\r\n  2008 ж. Алматы қаласында AWEX –тің өкілдігі ашылды, бұл дегеніміз бельгиялық тарапының Қазақстанмен ұзақмерзімді ынтымақтастықты дамыту жөнінде ниеті бар екендігін көрсетеді. 2008 ж. қазан айында Елшілікте дөнгелек үстел ұйымдастырылды, оған AWEX және FIT агенттіктердің, Қазақстанмен серіктестігі жағымды дамып жатқан үлкен бельгиялық компаниялардың басшылары, сондай-ақ Бельгияның жетекші БАҚ өкілдері шақырылды. Бельгияның сауда-өнеркәсіптік палаталар Федерациясымен байланыстар тығыз қарым-қатынаста. Бұл Федерацияға мемлекеттегі 16 СӨП және бельгиялық 25 СӨП кіреді.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 ж. мамыр айында Қазақстанның Елшісі Губернатор К.Беркспен әртүрлі салаларда ынтымақтастықтың келешегін талқылау үшін Анверпен провинциясына сапары болды. Анверпен Еуропадағы үлкендігі бойынша екінші теңіз кемежайы ретінде танымал, онда ең дамыған технологиялар мен ноу-хау      (кеме жасайтын орындар, метуллургиялық, автоқұрастыратын, химиялық және цемент зауыттары, электроника шығаратын кәсіпорындар, алмаз тастарын өңдейтін жетекші компаниялар мен жоғарғы моданың дизайн орталықтары) қолданатын индустриялдық гиганттар жұмыс істеуде.  \r\n\r\n \r\n\r\n2009 ж. мамыр айында ҚР Елшісі Моль қаласындағы ядролық зерттеу Орталығымен танысты (Антверпен провинциясы). Аталған орталықтың басшысымен кездесу барысында диплотатиялық өкілдігінің басшысы «Қазатомпром» АҚ ынтымақтастық орнатуды ұсынды.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 ж. шілдеде ҚР Елшісінің Левен қаласындағы микро-, био- и нанотехнологилар институтына (IMEC) сапары өтті. Онда бұл институттың вице-президенті Р.Де Кеерсмаккермен және алдағы технологиялар мен стратегиялық ынтымақтастық бойынша директоры К.Клайспен екі жақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ