Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арасындағы қатынастар

0
1929

Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арасындағы қатынастар\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылдың 1 қаңтарында орнады.\r\n\r\n \r\n\r\n1994 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстанда Чех Республикасының Елшілігі жұмысын бастады. 1997 жылдың 15 сәуірінде Прагада ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылып, 2004 жылы ол Елшілік мәртебесін алды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қалыпты дамуда. Екі жақ жүйелі саяси диалог жүргізуде. 1996 жылдың қазан айында Чех Республикасына ресми сапармен ҚР Премьер-министрі келсе, жауап ретінде 1999 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасына чех Премьер-министрі М.Земанның ресми іссапары болып өтті. 2004 жылдың ақпан айында Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы О.Әбдікәрімовтың Чехияға ресми сапары ұйымдастырылды, ал сол жылдың қыркүйегінде Чех Республикасы Президенті В.Клаустың Қазақстанға алғашқы ресми сапары тарихқа енді.\r\n\r\n \r\n\r\n2009 жылдың ақпан айында Чех Республикасының Премьер-министрі М.Тополанектің Еуроодақ төрағасы ретінде Астанаға жаңа ресми сапары чех тарабының Қазақстанмен ынтымақтастықты қалыпты дамытуға қызығушылығын дәлелдеді. ҚР Сыртқы істер министрінің 2009 жылдың сәуірінде Чехияға іссапары екіжақты қатынастардың дамуына жаңа серпін берді.\r\n\r\n \r\n\r\nЕкі ел арасында сауда-экономикалық байланыстар да дамуда. 2008 жылы екіжақты сауда айналымы 742,3 млн. долларды құрап, өткен жылғымен салыстырғанда 121 пайызға өсті. Алайда әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан 2009 жылдың алғашқы жартысында сауда айналымы тек 180,6 млн. долларды құрады (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 53% азайған). 2009 жылы қыркүйек айында Прагада болып өткен экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның Ш отырысы мен оның аясында өткен бизнес-форум экономикалық қатынастарды нығайта түсті.\r\n\r\n \r\n\r\nАймақаралық қатынастар да жалғасын табуда. Батыс-Қазақстан облысының және Чехияның Моравослезия аймағының орталықтары-Орал мен Острава қалалары туыстас болып жарияланды. Екі жақ арасында сутдент алмастырылуда. Чехияда 800 қазақстандық студент бар. Туристік қатынастар да дамуда, 2008 жылы Чехияда 10 мыңға жуық қазақстандық студент болып қайтты. Қазақстандық тараптың екі айлық екі реттік визаларды рәсімдеуді жеңілдетуі және Қырғыз Республикасының визасымен Қазақстан Республикасының екі шекаралас облыстарына (Алматы және Жамбыл).өту мүмкіндігі Қазақстанға баратын чех туристерінің санын көбейтті.\r\n\r\n \r\n\r\nЕкі елдің көкейтесті халықаралық проблемаларға, әсіресе қауіпсіздік мәселесінде көзқарастарының жақындығы олардың Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар аясында ісбірлігін нығайтуға және НАТО «Бейбітшілік үшін әріптестік» пен Солтүстікатлантикалық әріптестік кеңесі бағдарламалары бойынша ынтымақтастығын күшейтуге септігін тигізуде.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан-Чехия қатынастарының келісімдік-құқықтық базасы екі мемлекеттің әртүрлі салалардағы белсенді және жемісті ынтымақтастығына қажетті құқықтық негіз беруде. Қазақстан және Чех Республикалары арасындағы келісімдік-құқықтық базасы үкіметаралық және мекемеаралық деңгейде қабылданған 11 екіжақты құжаттан тұрады. Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың іргетасын қалаған негізгі үкіметаралық келісім ретінде 2004 жылы 8 қыркүйекте Астанада қол қойылған сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім болып табылады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ