Қармен тәжірибе жасау (Балабақша ашық сабағы)

0
4969

Білім беру салалары:  «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: «Қармен тәжірибе жасау»

Міндеті: Балалардың қыс мезгілі жайлы білімдерін кеңейту;

Мақсаты:Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейету; Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуді үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету;

Табиғат сырларын танып-білуге баулу;

Құрал-жабдықтар: пластмассадан жасалған қалақтар, қар салуға арналған ыдыстар, әр түсті поршок, ойыншықтар, аққала, үнтаспа.

Таңғажайып сәт.

Балалар, бүгін бізге қонаққа Аққала келді. Аққаламен амандасайық. Бірақ Аққала көңілсіз. Не себепті көңілсің екен?

Аққала: Менің бүгін туған күнім.Мені ешкім құттықтамады, сыйлық бермеді.

Аққаланы көңілдендіру үшін ойын ойнып, қардан гүл жасап берейік.

Педогог топқа қар салынған ыдысты алып кіреді.

Балалар , қар өте суық, сондықтан, біз қалақпен жұмыс жасаймыз

Қардың түсі қандай?

Қар қай мезгілде жауады?

Жазда қар жауа ма?Неліктен?

Қар неге бөлмеде ериді (Бөлме жылы)

Педагог ыдыстардағы қарды пішіні әртүрлі, ыдыстарға салады да, оларды балаларға таратып береді.

Саусақты тренингі;

Рикки-рикки саусақтар,

менде неше саусақ бар

көп, екеу, биреу, ушеу

Рикки-рикки саусақтар,

менде неше саусақ бар

Осы ыдыстардың көмегімен аққалаға арнап гүл жасайық.

Балалар біздің гүліміз әдемі болуы үшін, біз қарға түрлі- түсті порошок сепкіштер қосайық. Балалар, аққалаға сендердің сыйлықтарың ұнап қалыпты.

 

Сергіту жаттығуы;

Қане, қанат жазайық

Тоты болып ұшайық

Ұшып-ұшып алайық

Қайта келіп қонайық

Аққала: Балалар,қармен жасаған заттарың еріп кетеді.Бірақ көңілдерің түспесін, қар еріген кезде суға айналады, бізге жазда суда өте қажет

Аққала балаларға рахмет айтып, қоштасады. Педагог сабақты қорытындылайды.

 

 

 

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ