Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ Республикалық А.Байтұрсынұлы олимпиадасы басталды

2
6740

«SKILLS ACADEMY» мекемесі Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық олимпиадасын жариялайды.

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.

Олимпиаданың мақсаты: қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы құрметіне олимпиада ұйымдастыру.

Өткізілу уақыты: 1 сәуір мен 18 сәуір аралығы. Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Бірінші кезең нәтижесімен жүлдегерлер анықталады. Олимпиада жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар (смартфон, планшет, флешка) табысталады.

Осыған байланысты олимпиада шарттары туралы ақпаратты білім ордалары басшыларының назарына жеткізуді сұраймыз.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, ең үздік қазақ тілді білім сайты Martebe.kz ақпараттық білім порталы олимпиаданың ақпараттық демеушісі және ұйымдастырушылары болып табылады.

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының ережесі

 

  • Осы ереже Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды;
  • Олимпиадға 5 – 11-сынып оқушылары қатыса алады;
  • Олимпиада сұрақтары қазақ тілі мен әдебиетінен және А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан беріледі.
  • Олимпиада 1 сәуір мен 18 сәуір аралығында qaztest.kz сайтында ұйымдастырылады;

 

Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

  • Мектеп оқушыларының ана тілімізге деген құрметін арттыру;
  • Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін оқушылар арасында насихаттау;
  • Жас талапкерлерді ҰБТ сұрақтарына дайындап, теориялық алған білімдерін нығайту.

Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

 

  • Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.
  • Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
  • Бір адам бірнеше рет тапсыра алады. Қатысушының ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
  • Тестілеуден өту үшін қатысушыға 40 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.
  • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
  • Тестілеудің нәтижесін қатысушы тестті орындағаннан кейін бірден біле алады.
  • Қатысушылардың сертификаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Менің сертификаттарым» бөлімінде сақталады.

Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
  • Жауаптың өзі дұрыс деп шешкен нұсқасын белгілегенде мұқият болғаны абзал;
  • Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;
  • Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
  • Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;
  • Тестілеу қатысушының іс-әрекетінен кейін аяқталып қалғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді;
  • Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;
  • Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

Олимпиадаға қатысты қосымша ақпараттар

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге, үш реттік мүмкіндік –1200 теңге, төрт реттік мүмкіндік – 1500 теңге.

Олимпиаданың марапаттау рәсімі

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі 20 сәуір күні сайтта жарияланады. Ал қатысушылардың нәтижесі күнделікті жарияланып, орын алған қатысушыларға марапат қағаздары олимпиада барысында жіберіледі. Орын алған қатысушылардың жетекшілеріне де алғыс хат тағайындалады.

І орын – 25-24 ұпай

ІІ орын – 23-22 ұпай

ІІІ орын – 21-20 ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында электронды түрде почтасына жіберіледі. Орын алған қатысушылардың жетекшілері де алғыс хатпен марапатталады. Ал ең соңғы қорытынды нәтиже, яғни бағалы сыйлықтардың иегерлері сайтта 20 сәуір күні жарияланады.

Ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар (смартфон, планшет, флешка) тағайындалады.

Бір мектептен 50-ден көп оқушы қатысып, 20 жүлделі орын шықса ұжымға  «Ең үздік ұжым» номинациясы тағайындалып, диплом беріледі. Сонымен қатар,  15 оқушысысы жүлделі орынға иеленген пән мұғаліміне «Ең үздік тіл маманы» номинациясы беріліп, дипломмен марапатталады. «Үздік ұжым» және «Ең үздік тіл маманы» номинацияларына үміткерлер қатысушылардың сайтқа тіркелген почтасы мен орын алған оқушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады.

Төлем киви терминал арқылы  (Басқа қызметтер→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы жүзеге асырылады. Төлем жасау туралы түсіндірме qaztest.kz сайтының «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

 ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін.


2 ПІКІРЛЕР

  1. Ахмет Байтұрсынов атындағы қазақ тілі мен əдебиет олимпиадасына қатысу үшін оқушыларды қалай тіркеёміз жəне қалай төлем жасау керек

  2. Qaztest.kz сайтына кіріп тіркеліп, сайттың жоғарысындағы Видеонұсқау бөлімінен барлығымен танысып шықсаңыз болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ