Қазақстан — менің Отаным (Ұйымдастырылған оқу қызметі)

0
15238

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімдері: Қоршаған орта

 

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.

Білімділік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру.

Дамытушылық: Балалардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: туған елін, жерін сүюге, отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Қостілділік: отан-родина-homeland, астана-столицы- capital, ұлт- нации — nations, ту-флаг- flag

Сөздік жұмысы: отан, астана, ұлт, ту

Қажетті көрнекілік құралдар: отан туралы мақал -мәтелдер, тақпақтар, рәміздердің суреттер, тақырып бойынша суреттер жинағы, слайд

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды  даламыз.

Есік қағып тобымызға Маша келеді.

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: Маша қайдан жүрсің?

Маша: Балалар, мен орыс халқының қызымын. Енді сендердің қандай ұлт екендеріңді білгім келеді.

Осылай бүгінгі сабағымыз басталады. Балалар, біз қандай мемлекетте тұратынымызды мақтанышпен Машаға жеткізейік. Маша сенде балалармен бірге отыра ғой.

Балалар, біз өте бақытты, тыныш, достығымыз жарасқан мемлекетте өмір сүреміз.

Сендер білесіңдер ме? Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев балалар үшін, еліміз үшін, отанымыз үшін ештеңе аямады. Сен басқа мемлекетке бара қалсаң, өзіңнің тіліңді, отаныңды, туыңды яғни рәміздерді мақтанышпен жеткізсең сонда ғана сен нағыз патриотты азамат екеніңді дәлелдей аласың. Қазір балабақшада жүрсеңдер де, мен отаным үшін не істей аламын деген сұрақ көкейлеріңде тұру керек.

Сен үлкен азамат болғанда отбасың үшін, отаның үшін қолыңнан келгенше аянбай еңбек етсең, қорғасаң, бір кірпіш қаласаң да міне осының өзі де сенің қазақстан үшін тер төккеніңнің дәлелі болмақ.

Ата -бабамыз біздің тыныштығымыз үшін күресіп, осындай бейбіт елде өмір сүруімізді нәсіп етті. Мен деп, қазағым деп жүрегі соққан азаматтарды әрқашан биік асу күтіп тұр.

Елбасымыз қаншама ұлттармен тату -тәтті өмір сүруімізді және бір шаңырақ астында тұрып жатқанымызды мақтанышпен айтады. Біздің тобымызда күрт, қазақ, орыс ұлттарының балалары бар. Мадина мен Алина орыс халқының қыздары болса, Касым күрт халқының тумасы. Ал, біз қазақтың қара домалақтарымыз.

            Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Елтаңбаның орталық элементі -шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау  биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Елбасына құрметпен

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін  әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

Тақпақтар

“Біздің ту”

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

“Әнұран”

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Мақал -мәтелдер

-Отан оттан да ыстық.
— Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
— Отан – елдің анасы.
— Отан үшін отқа түс, күймейсің.
— Отаным — алтын бесігім.

Сергіту сәті:

“Қара жорға”

Балалар ортаға шығып, ұлттық биді билейді.

Отан- отбасынан басталады

(слайд)

1 маусым күні балалардың мерекесі аталып өтіледі.

  • Мереке күнінде балабақшамызда үлкен мерекелік іс -шаралар өткізіліп, балаларға сыйлықтар таратылады.
  • Арнайы ұйымдастырылған спорттық шараларға балаларымыз атсалып, мақтау қағаздарымен марапатталады.
  • Ертегі кейіпкерлері таңертең қабылдап алып, ата- аналармен ойындар ұйымдастырылады.

Дидактикалық ойын:
“Өз туыңды тауып ал”

Барысы: тақтаға көптеген мемлекеттердің туы ілінген. Осы тулардың ішінен өз туыңды көрсет.

Ал, Маша қыз біздің балаларымызды тыңдап таңқалған шығарсың.

Ия, біз Қазақстанымызды, туған жерімізді, отанымызды, ұлтымызды, тілімізді, отбасымызды ең жоғары бағалайтын азаматпыз.

“Біз елдің ертеңгі болашығымыз”! Бізден үлкендер көп үміт күтіп отыр. Сондықтан да біз сол арқалаған үмітті ақтауымыз керек.

Сонда ғана біздің болашағымыз жарқын болатынын нық сеніммен айта аламыз.

Қорытынды:

-Қонаққа кім келді?

-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Біз қай қалада тұрамыз?

-Елордамыз қай қала?

Қоштасу шеңбері

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

 

Тәрбиеші: Смагулова Г.Ш

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ