Үштілділікті үйретуде дидактикалық ойындардың тиімділігі (Ашық сабақ)

0
3148

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: Балаларға үштілділікті дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыру

Дамытушылық: ойынға деген қызығушылықтарын оятып, тілдік қорын байыту.

Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Үштілділік: сәбіз-морковь- сarrot, ата –дедушка-grandfather, әже-бабушка- grandmother, әке- папа-father, ана –мама-mother, аға- брат-brother, әпке -сесрта-sister, сары-желтый- yellow, көк -синий- blue, қызыл-красный- red

жасыл-зеленый- green, ақ-белый- white

Көрнекіліктер: сандық, моншақтар, суреттер, доп, сыйлықтар, жұлдызша,

Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіз бе?

-Здравствуйте

— Good morning

Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

-Балалар, сабағымызды бастаймыз.

Пошташы:

Сәлеметсіңдер ме? Балалар!

Бұл Айналайын бөбекжайы ма?

Қуыршақ тобы ма?

Сендерге сәлемдеме келді, міне алыңдар.

Тәрбиеші:

-Пошташы ағай сізге рахмет, бірақ сәлемдеме кімнен болды екен?

Сыртына хат жапсырылған, хатты оқып көрейік.

Пошташы:

-Ал, сау болыңдар!

Тәрбиеші:

Хатта былай жазыпты:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерге «Сиқырлы сандықша» жібердім.Сиқырлы сандықшада көптеген ойындар бар. Осы ойындарды үштілде аударып, ойынның соңында менің кім екенімді білесіңдер және сендерге сыйлығым бар. Ал, сендерге  сәттілік тілеймін!!! Сау болыңдар! депті.

Тәрбиеші:

-Енді, біз сандық иесінің жіберген ойындарын ойнайық.

Ой, керемет балалар, сандықтың іші толған жұлдызшалар екен.

-Жұлдызды біз қайдан көреміз.

-Дұрыс айтасыңдар аспаннан және түн мезгілінде.

Әр жұлдызда  бір ойыннан бар екен.

-Мынау бір керемет болды ғой…

-Менің жаныма бір бала келіп, сандықтан бір жұлдызша алсын.

1-Жұлдызша:

Ойын: «Моншақтарды шыршаға ілеміз»

Алдымызда қандай мереке келе жатыр? Жаңа жыл мерекесі ендеше шыршамызды моншақтармен безендірейік.

Ойынның шарты: моншақтарды үштілде атап, шыршаға ілеміз.

Сары-Желтый- Yellow

Көк -Синий- Blue

Қызыл-Красный- Red

Жасыл-Зеленый- Green

Ақ-Белый- White

Керемет! жұлдызшаңды шыршаға іліп кел.

2- Жұлдызша:

Ойын: «Отбасы мүшелерін үштілде ата»

Ойынның шарты: Балаларды шеңберге тұрғызып, допты балаға беремін, қағып алған бала үштілде отбасы мүшелерін атау керек.

Ата –дедушка-grand father

Әже-бабушка- grandmother

Әке- папа-father

Ана –мама-mother

Аға- брат-brother

Әпке –сесрта-sister

Керемет! жұлдызшаңды шыршаға іліп кел.

Сергіту сәті:

Топ, топ, топ, топ басайық,

Алақанды соғайық.

Бір, екі, үш алға,

Бір, екі, үш артқа.

3- Жұлдызша:

Ойын: «Артығын тап!»

Ойынның шарты: Берілген карточкадағы суреттен,  артық суретті тауып үштілде атап беру.

Экрандағы суреттерге қарайықшы. Балалар, ненің суреттерін көріп тұрмыз?

Қазақ тілі-Сәбіз

Орыс тілі-Морковь

Ағылшын тілі- Сarrot

Жарайсыңдар! Балалар жұлдызшаны шыршаға апарып ілеміз.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар, балалар!

Міне, ойындарды ойнап, жұлдызшаларды шыршаға ілдік. Енді, қараңдаршы шыршамызды безендірдік, шыршамыз жарқырай түсті.

Біз жаңа жылда кімнен сыйлық күтеміз? Әрине, Аяз атадан күтеміз.

Дұрыс айтасыңдар, Аяз атамыз келеді.

Аяз ата сөзін орыс тілінде қалай атаймыз? Дед мороз, ағылшын тілінде Санта Клоус деп атаймыз.Өте жақсы. Осы кезде бізге ағылшын елінің жаңа жыл кейіпкері Санту Клоус кіріп келеді.

Санта Клоус:

-Сәлеметсіз бе?

-Здравствуйте!

— Good morning!

Қандай алғыр едіңдер, менің жіберген ойындарымды ойнадыңдар.

Рахмет, балалар, мен сендерге бос келмедім сыйлығымды арқалай келдім деп сыйлығын таратады.

-Балалармен үштілде амандасып, рахметін айтып сыйлықтар таратады.

Қорытынды

Балалар, бүгінгі іс -әрекетіміз қалай болды?

Қонаққа бізге кім келді?

Сендерге ойындар, сыйлықтар ұнады ма?

Тәрбиеші: Смагулова Г.Ш

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ