Ертегі еліне саяхат (Кіріктірілген ашық сабақ )

0
9129

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: ҚМҰҚ\ Құрастыру

 

Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтап, геометриялық пішіндермен жұмыс жасай білу.

Міндеттері:

Білімділік: сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту,сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: ертегі желісі бойынша ой — өрісін, зейінін, байқампаздығын, танымдық құзыреттілігін дамыту.

Тәрбиелік: шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке, татулыққа, ұжыммен жұмыс істеуге, бірлікке тәрбиелеу.

Қостілділік: зымыран-ракета- rocket, бір-один-one, екі-два-two, үш-три-three, төрт-четыре-four, бес-пять-five, алты-шесть-six, жеті-семь-seven, сегіз-восемь-eight, тоғыз-девять-nine, он-десять-ten.

Сөздік жұмысы: зымыран, санамақ, үйшік, ойыншықтар, пішін, геометриялық пішіндер, жыртқыш аң, ешкі, лақ, орман, тәулік.

Қажетті көрнекілік құралдар: Қасқыр мен жеті лақ ертегі кейіпкерлері, геометриялық пішіндер, орман бейнесі, пойыз, санамақтар, ойыншықтардың суреттері.

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң,  алтын күн,

Қайырлы таң, жер ана.

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, қонақтар!

Ұйымдастыру-іздестіру

Бәріміз экранға назар аударайықшы. Қандай ертегінің кейіпкерлерін көріп тұрмыз. Дұрыс айтасыңдар. Қасқыр мен жеті лақ ертегісі. Ендеше бүгінгі оқу қызметімізді ертегі желісі бойынша жүргізетін боламыз.

Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты.Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:
— Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
-«Шырақтарым — лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», — деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады – лақтар аяғын көріп қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып әнге басты:

— Шырақтарым –лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есік ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, қабына салып әкетеді. Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Ешкі лақтарын қанша шақырса да, лақтарын таба алмайды. Ең кіші лағы пештің ішіне тығылып қалып, қасырдан құтылады. Анасын көре сала, кіші лағы жүгіре бастайды. Анасына болған жағдайды айтып береді. Ешкі алты лағынан осылай айырылып қалады.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз ешкіге көмек бере аламыз ба? Қасқырдан лақтарды құтқару үшін әр лақтың артында жасырылған тапсырманы орындауымыз керек.

-Осылайша  лақтарды құтқарамыз.

-Балалар, бірге лақтарды қасқырдан құтқаруға келіседі.

1-тапсырма

(Көңілді пойыз)

Бірақ біздің бүгінгі жолаушыларымыз ойыншықтар.

Барысы:  шашылған ойыншықтарды ретімен өз вагондарына отырғызу керек. Паровозға артылған вагондар саны 10. Тапсырманы дұрыс орындап, жолаушыларды вагондарға отырғызайық.

2-тапсырма

Сергіту сәті:

«Көп», «Аз» ұғымы бойынша салыстыру

Барысы: Балаларды екі топқа бөліп, тиін мен қоянға жемістерді жинауға көмектесеміз. Қимылды ойынның соңында тиін мен қоянның жемістерін санаймыз.

3-тапсырма

(Логикалық есептер).

Қалтамды болды 3 алма,

Біреуін бердім Асанға.

Қалда менде неше алма.

(2)

Екі мысықтың неше құйрығы бар?

(2)

Ағаштың басында екі торғай отыр еді. Бір торғай пыр етіп ұшып кетті. Ағаштың басында неше торғай қалды?

(1)

4-тапсырма

(Апта күндерін ата).

«Бір аптаның күндері»

Бір аптаның күндері өтті,

Дүйсенбіде

гүлдер ектім,

Сейсенбіде

жуа тердім,

Сәрсенбіде

су әкелдім.

Бейсенбіде

бақша баптап,

Жұма

күні тақпақ жаттап,

Сенбі

күні киноға бардым,

Жексенбіде

бір демалдым.

5-тапсырма

«Жемістерді топтастыр»

Барысы:

Жемістерді түстеріне қарай топтастырып, үштілде атау.

6-тапсырма

(Зымыран құрастыру )

Балалар дайын пішіндерден зымыран құрастырады.

Міне, барлық лақтарды құтқардық. Енді санайықшы неше лақ болды?

6 (алты) лақ болды. Керемет балалар!

Тобымызға лақтардың енесі келіп, ризашылығын білдіріп чупа –чупсты таратып береді.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорыту

-Бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?

-Жарайсыңдар, балалар, сендер лақтарды құтқардыңдар.

-Сендер жарадыңдар!

Қоштасу шеңбері

Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық!

Тәрбиеші: Смагулова Г.Ш

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ