Қоян бізде қонақта (Ұйымдастырылған оқу қызметі)

0
5700

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет салу

Мақсаты: Балаларға Қоян туралы мағлұмат бере отырып, қоянның суретін салу;

Білімділік: Қоянның орман жануары екенін және тіршілігі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: бірнеше бөліктерден тұратын, пішіні дөңгеленген сурет салуға қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Үштілділік: Қоян-заяц-hare, сәбіз-морковь-carrots, шар-ball

Сөздік жұмысы: Қоян, сәбіз, шар

Көрнекіліктер: Қоян, сәбіз, орман аңдарының суреттері, шар

Шаттық шеңбері:

Біз кішкентай баламыз

Өсіп –өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Ұйымдастыру кезеңі:

Тобымызға шар ұшып келеді. Шарды ұстап қоян отыр.

Ой, керемет ғой мынау. Балалар, бізге қонақ келді.

Кәне, бәріміз қоянды қондырып алайық.

Тәрбиеші: Қоян сен қайдан жүрсің?

Қоян: Мен сендерге қонаққа келемін.

Тәрбиеші: Бізге қонаққа тура дәл келіпсің.

Ендеше, бізбен бірге сурет сабағына қатысып, балалардың керемет суреттерін тамашалайсың.

Қоян: Балалар, менің суретімді салыңдаршы. Маған сыйлықтарың болсын.

Тәрбиеші: Балалармен қоянның суретін салуға кіріседі.

Қоян: Қолыма сәбізді ұстап тұрайын. Мені білесіңдер ғой сәбізді жақсы көремін. Ормандағы достарыма көрсетемін.

Жасалу жолдары:

Қоянның дене мүшелерін: басын дөңгелек, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектермен сызып салуға болатынын көрсете отырып түсіндіреді. Көрсетілген үлгі бойынша қоянның суретін салғызады. Әдемі болу үшін сұр түсті қарындашпен немесе бояумен солдан оңға қарай бояуға болатындығын көрсетеді. Сәбізді сопақша етіп салып, әдемілеп бояймыз.

Сергіту сәті:

Қояным, қояным,

Орныңнан тұршы

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бетіңді жушы,

Қолыңды жушы,

Орныңда секірші!

Секір-секір-секір!

Балалар, суреттерін аяқтап қоянға көрсетеді.

Қоян: Балалармен қуанышын бөлісіп, рахметін айтады. Менің сәбізім керемет шығыпты деп мәз болады.

Балалар менің сендерге ала келген ойыным бар.

Дидактикалық ойын: “Мен ұйықтаймын”

Барысы: Қоян ұйықтап жатқанда балалар сәбізді тере бастайды. Бақшада сәбіздер өсіп тұрады.

Қоян көзін аша бере балаларды қуа жөнеледі.

“Менің сәбізім, менікі” деп қуа бастайды.

Қорытынды:

-Қонаққа кім келді?

-Ненің суретін салдық?

-Қоян бізге риза болды ма?

Қоштасу шеңбері:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ