Қазақстан тарихы: Қазақстан 18 ғасырдың ортасында

0
11060

Әбілқайыр қазасынан кейін Кіші жүзде екі хандық орнады. Оңтүстік-шығыс бөлігінде–Батыр сұлтан, солтүстік-батыс бөлігінде Нұралы. Бұл жағдай патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік – шығыс аудандарын отарлауы үшін қолайлы болды. Патша əскерінің қуғынына ұшыраған 50000 башқұрт Қазақ хандығына қашып, қазақ ауылдарынан қорғаныш тапты. Бұл жағдай Ресей билеушілері тарапынан Кіші жүз қазақтарына өшпенділікті күшейтті. 18 ғасырдың 20-жылдары Алтайды патша үкіметінің отарлауы барысында пайда болған кен орындары мен зауыттарға қауіп төнді.

1747 жылы патшайым Елизавета Петровна үкіметі Демидовтар əулетінің қолында болған Алтай тау-кен кəсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялады.

1745 жылы күзде қалмақтардың билеушісі Қалдан Серен қайтыс болды.Таққа талас басталып, Орталық Азиядағы саяси жағдай шиеленісіп кетті.

1755 жылы жоңғар тайпалары арасындағы талас нəтижесінде Жоңғар хандығы əлсіреді. Бұл жағдайды Пекин сарайы өз мүддесіне пайдалануға тырысты.

1755 жылы 19 шілдеде жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды. Əмірсана Цин билігіне қарсы шығып, қазақ сұлтандары Абылай мен Əбілпайызға арқа сүйеді. Маньчжур – Цин əулеті Əмірсананың қарсылығын жаныштай отырып, Жоңғарияны түбегейлі талқандауға кірісті. 1758 жылы Жоңғария толық талқандалды.

1761 жылы империялық əкімшілік бірлестік – Шыңжан (жаңа шекара) құрылды.

18 ғасырдың 40-50 жылдары Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірі бекініс шептермен қоршалып, Горькая, Ертіс, Колыван, Есіл немесе Пресногорьковск шептері пайда болды. Қамалдар қыспағында қалған қазақтардың көшіп — қонатын жерлері тарыла бастады.

18 ғасырдың 60 жылдары қазақ — орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі. Сауда айналымының орталығы Орынбор қаласы болды. Шыңжаңмен сауда байланысының орталықтары — Семей, Өскемен, Бұқтырма қоныстары. Ташкент, Бұхар, Қоқан жəне Қашғар көпестерінің жиі келетін сауда орталығы — Қызылжар (Петропавл) қаласы.

1756 жылғы қыркүйекте Жайық жағасына жақын жерлерде қазақтарға мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды.

1757 жылғы желтоқсанның соңында Кіші жүз ханы Нұралыға Жайықтан мал айдап өтуге қазақтарға тыйым салынғандығы жөнінде шешім тапсырылды. Кіші жүздегі Нұралы хан мен Батыр сұлтан арасындағы кикілжіңді пайдаланған Петербург билеушілері Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді казактарға тартып əперді. Ертістің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді бекініс коменданттары иеленіп алды. Бекіністерден алғашында 10 шақырым, кейін 50 шақырым жерге дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салынды.

1760 жылы Ертіс өңіріне Ресейдің əр түкпірінен жерсіз шаруалар, қылмыскерлер, Доннан, Башқұрт жерінен казактарды əкеліп қоныстандырды.

1799 жылғы 21 қарашада император I Павел жарлығымен Орта жүз қазақтарының 45000 отбасына Ертістің оң жағасына мал жаюға, қайтадан қоныстануға рұқсат етілді.

Патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы, орыс-казак шаруаларын қоныстандыра бастауы қазақтардың жерін басып алу шараларының бастамасы болды.

Конспект сұрақтар:

1752 жылы салынған ең ірі бекініс:
18 ғасырдың 40 жылдары Орталық Азиядағы саяси жағдайдың шиеленісу себебі:
Алтайдағы тау-кен кəсіпорындарын орыс патшаларының отбасыларының меншігі деп жариялаған патша:
Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ