Қазақстан тарихы: Қазақстан I дүниежүзілік соғыс жылдарында

0
3779

1906 жылғы қараша жəне 1910 жылы Столыпин үкіметі қабылдаған аграрлық саясат революцияны тұншықтыруға бағытталды және қоныстанушылар арасынан кулак топтары арқылы тірек табуды ойластырды. Қоныстанушылардың жиі орналасқан ауданы Ақмола, Семей, Орал, Жетісу облыстары болды.

1917 жылы Қазан революциясының қарсаңында 45 млн. десятинадан астам жер тартып алынды. 1913-1915 жылдары Еділ бойындағы аштық салдарынан Қазақстанға келіп қоныстанушылар саны көбейді.1914 жылы қоныстанушы əр тілдес халық санының 211 есеге көтерілуі, негізінен Ресей шаруаларының есебінен өскен. Столыпиннің аграрлық саясаты қазақтар санының кеміп кетуіне тікелей əсер етті. Ақмола облысында — 36,6% (1897ж.- 61,1%), Семейде — 73% (1897ж. — 87,9%), Сырдарияда — 62,3% (1897ж. — 64,4%), Жетісуда — 60,5% (1897ж. — 80,4%), Торғайда — 58,7% (1897ж. — 90,6%) Орал облысында — 56,9% (1897ж. — 71,3%).

Ал қоныстанушылар саны керісінше артып отырды. 1870-1906 жылдары далалық Қазақстанда 521023 қоныстанушы болған. 1907-1914 жылдары 714395 қоныстанушыға көбейді. Орыс тұрғындарының үлесі: Ақмолада-56,7%, Оралда-40,8%, Торғайда-37,5%, Семейде-24%, Жетісуда-23,5%, Сырдария облысында-6,2%-ға теңелді.

Революциялық толқулардың белсенділігі байқалған өңірлер — өлкенің солтүстік-батыс жəне шығыс аудандары. Өскемен уезіндегі алтын өндіретін “Николай” және “Основательный” кеніштеріндегі ереуіл тегеурінді болып, жұмысшылардың талаптарын талқылау үшін комиссия құрылды. 1911жылы мамырда «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы өндіріс жұмыскерлерінің ереуілі отарлық басқару əкімдерін шошындырды.

1912 жылы сəуірдегі Лена қырғыны Қазақ өлкесінде ереуілдің қайтадан кең таралуына əсер етті. “Туркестанский курьер”, “Омский вестник” газеттері Лена оқиғасының Қазақстандағы саяи ахуалға əсер еткенін жазды. 1912 жылы 2-6 қазанда Байқоңыр көмір өндірісінде, Семейдегі су диірменінде, Торғай уезіндегі Шоқпаркөл көмір шахтасында ереуілдер болып өтті. Бұл ереуілдер жалпыимпериялық саяси қозғалыстың құрамдас бөлігі болды.

1914 жылғы көктем мен жаздағы Ресей демократиялық қозғалысының өрлеу кезеңі Қазақ өлкесіне тарады. Доссордағы Орал- Каспий мұнай қоғамының жəне Ембі өндірісіндегі ереуілдер табысты болды. Жұмысшылар жалақыны 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алды.

I дүниежүзілік соғыстың басталуы шикізат қоры саналатын Қазақстанның экономикалық маңызын арттырды. 1915 жылғы 25 маусымда “Бұратаналарды мемлекеттік қорғаныс ісіне пайдалану жөніндегі” Ереже жұмысшыларды өндіріс иелеріне байлап берді. Өндіріс орындарындағы жұмысшылардың үстінен полициялық бақылау күшейді. Соған қарамастан ереуілдер үдей берді. 1915 жылғы мамырда Екібастұз көміршілерінің ереуілі талабы жағынан саяси болды. 1916 жылғы тамызда Қарсақбай мыс кенішіндегі ереуілдер саяси күрестің өрлеуінің көрінісі болды.

Қазақ халқының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан өкілдердің бірі — Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937). 1909 жылғы шілде айында Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің саясатына қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалды.1910-1917 жылдары Орынборға жер аударылды. 1913 жылғы наурызда “Қазақ” газетін ұйымдастырып, оның редакторы ретінде патшалық Ресейдің отарлық саясатын әшкерелеуде белгілі рөл атқарды.

1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа қатысқан Міржақып Дулатұлының (1885-1935) шығармалары саяси бағытта жазылған. “Бақытсыз Жамал” романы (1910ж. Қазан), “Азамат” өлеңдер жинағы (1913ж. Орынбор), “Оян, Қазақ!” (1909ж.Уфа, 1911ж.Орынбор),“Терме”əдеби-публицистикалық туындысы (1915ж).

М.Дулатұлы патша үкіметінің аграрлық саясатын өткір сынағандықтан қуғынға ұшырап Семейде, Омбыда, Қарқаралыда болып, қазақ еңбекшілерінің саяси бағытын анықтауда ерекше рөл атқарды.

I дүниежүзілік соғыс жылдары өлкенің майданды және елді шикізат, азықпен қамтамасыз етудегі рөлі күшейді. 1914-1916 жылдары Түркістан өлкесінен майдан қажетіне 300 мың пұт ет, 2089 мың тонна мақта, 70 мың жылқы, 13 мыңға жуық түйе, 14 мыңға жуық киіз үй алынды. Жетісу облысынан соғыстың бірінші жылында 34 млн. сом мөлшерінде мал жəне мал өнімдері əкетілді. Шаңырақ салығы көбейді.
1914 жылы салық мөлшері 600 мың сом болса, 1917 жылы 1 млн. 200 сомға ұлғайды. Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарында майданға әскер қатарына шақырудың жаппай сипат алуынан жүздеген қоныстар ер азаматтардан айырылды. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Кен өндірісі, көмір, мұнай өндіру құлдырап кетті. Ембі (Жем) өңірінде мұнай өндіру 1914 жылы 265560 тоннадан 1915 жылы 80 мың тоннаға кеміді.

Соғыс жылдары жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. 12-14 жастағы жеткіншектердің еңбегін қанау үйреншікті іске айналды. Бір күндік жалақысы 20 тиын болды.

Қымбатшылық артты: ұн -70%, қант-50%, сабын 200% — ға өсті.
Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне əкелінуі өлкенің қоғамдық-саяси жағдайына əсер етті. Әскери тұтқындар Қазақстанның солтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарына көптеп жіберілді. Омбы, Ақмола, Семей, Павлодар, Қазалы қалалары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарын қабылдаған басты ошақтарға айналды. 1914 жылдың тамызында Омбыда 20000 əскери тұтқын болған. 1915 жылғы ақпанда Зайсан, Павлодар, Өскемен, Семейде 7490, Ақмола облысында 8612 тұтқын болды.

Әскери тұтқындардың басым көпшілігінің 97,8%-ының қатардағы әлеуметтік топтан шығуы отаршылдық әкімшілікті қауіптендірді. Əскери тұтқындардың ұлттық құрамы әркелкі болды. Славян тектес тұтқындар басым болған. Сонымен қатар түрік, румын, итальян, неміс, венгрлер де болды.

Әскери тұтқындардың басым көпшілігінің 97,8%-ының қатардағы әлеуметтік топтан шығуы отаршылдық әкімшілікті қауіптендірді. Əскери тұтқындардың ұлттық құрамы әркелкі болды. Славян тектес тұтқындар басым болған. Сонымен қатар түрік, румын, итальян, неміс, венгрлер де болды. 1916 жылы Ақмола облысының Петропавл уезінде жалдамалы жұмысқа тартылған тұтқындар көбейе түсті.

Ақмола облысында 14 мың тұтқын ауыл шаруашылық жұмысына тартылды.Әскери тұтқындарды шаруашылықта пайдалану туралы ережеде олардың еңбегіне ақы төленуге тиісті болды. Большевиктердің, солшыл-социалистердің үгіті, әскери тұтқындардың өз араларында құпия партия бөлімшелерінің ұйымдасуы жалпы революциялық жағдайды тездетті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ