Оқу сауаттылығы. 2017 жылғы тест сұрақтары

1
32671

1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.
2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды.
3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты. (113 сөз)

1. Жағдаяттық тапсырма
2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?
1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.
2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.
3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.
A)Үшінші
B)Бірінші
C)Екінші
D)Барлығы теріс
E)Барлығы дұрыс

2. Жағдаяттық тапсырма
1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?
A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына
B)Ертең сабаққа баратынына
C)Ауданға баратын адамның болмағанына
D)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне
E)Туфлиінің жыртылғанына

3. Жағдаяттық тапсырма
Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?
A) Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.
B) Қалауын тапса қар жанар.
C) Қырсыққан жігіт мал таппас.
D) Өтірік айтқаннан өлген артық.
E) Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.

4. Жағдаяттық тапсырма
Айдос неліктен жылап жіберді?
A) Туфлисіз қалғанына ренжіп.
B) Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.
C) Жаңа туфли әпергеніне қуанып.
D) Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.
E) Сабақты айтпай, тисті баға алғанына.

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ