Қазақстандағы ұстаздарға 8 наурызға орай гүл сыйлауға бола ма ?

0
2824

Білім жəне ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева 8 наурыз мерекесінде ұстаздарға гүл сыйлауға ешкім тыйым салмағанын мəлім етті.

«Бұл сұрақ қазір көп ата-ананы алаңдатып отыр екен. Өйткені, министрлікке қоңырау шалып, сұрақ қойған ата-аналар көп болды. Бірақ, 8 наурыз мерекесіне орай, біздің құрметті ұстаздарға гүл сыйламасын деген қаулы болған жоқ, болмайды да, болған да емес. Қазір біз тиісті органдарға хат жіберіп, олардың аймағында сондай қаулы болды ма деген мəселені тексеріп жатырмыз. Ал, Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бүкіл жергілікті органдарға, аудандық, облыстық білім басқармаларына мұндай қаулы жолдаған жоқ. Бұны ресми түрде мəлімдегіміз келеді», — деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, əлеуметтік желіде 8 наурыз мерекесіне орай қазақстандық ұстаздарға енді сыйлық жасауға, соның ішінде гүл сыйлауға болмайды деген ақпарат тарады. «Бұл туралы Қаржы полициясы ескертті» деген ақпаратта ұстаздарға сыйланған кез келген сыйлық пара болып есептелетіні де айтылған болатын.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ