«Сұңқар» кубогы: жартылай финал

0
1727

Жуырда  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен КВН чемпионаты бойынша дәстүрлі түрде  «Сұңқар кубогы» өз жалғасын тапты. Жыл сайын өткізілетін «Сұңқар» кубогы  — ҚазҰУ студенттерінің  болашағын бүгіннен бағамдаған нағыз мықтылардың, сәтсіздіктен жаңа сенім ұялататын таланттылардың сонымен қатар жалынды жастардың  келешегін биікке көтеретін ең үздік жобалардың бірі. Жартылай финал бойынша «Мехмат құрамасы», «Филфак құрамасы», «Физтех құрамасы», «8-нота», «Класстастар», «Айналайын», «Юрстайл», «Әлем.kz», «Эверест» сынды командалар өз бақтарын сынады. Жалпы бұл жартылай финалдың ерекшелігі: екі кезеңнен тұру арқылы алғашқы кезеңде барлық команда  бір-бір әзілден көрсете отырып, екінші кезеңде ойынға сай тақырып бойынша өз әзілдерімен жалғастырды. Дәл осылай командалардың өткір әзілдері көпшіліктің көңілінен шықты десек артық кетпеспіз. Атап айтсақ, алғашқы кезеңнің ережесі бойынша 0.2-0.8 ұпай арқылы есептелінді. Бірінші болып шыққан команда 0.2 ұпайды жинау арқылы өз қоржындарын толтырып отырды.

Алғашқы кезеңде соңғы үштікке ілінген командалар: «Филфак құрамасы», «Физтех құрамасы», «Айналайын». Бұл командалар ішінен  әзілдері көпшілік қауымның назарынан шығып, алдыға шыққан командалардың бірі «Филфак құрамасы» атанып, 0.8  ұпайды қанжылады. Әр түрлі әзілдері мен ұтқыр ойлары әділ-қазылардың  көңілінен шыққан «Филфак құрамасы» осы ойында алдыңғы қатардан көрінді. Сонымен қатар  екінші кезең бойынша да «Филфақ құрамасы» алдыңғы қатардан қалыс қалмады.

Ең бастысы жартылай финал бойынша барлық командалар  үздіктердің  қатарынан көрінді. Ерекше ойын көрсеткен журналистика факультетінің «Айналайын» КВН командасы  өзіндік бағыттарымен өзгешеленді. Заң факультетінің «Юрстайл» командасы  көрермендер қауымын стильдік жағынан таң қалдырды. «8-нота» және «Эверест» командалары алғашқы кезеңде біріншілердің бірі болып шыққанымен, екінші сайыс бойынша жоғары деңгейде өздерін көрсете білді. «Класстастар» КВН командасы үздік әзілдерінің өткірлігімен көзге түсіп, келесі ойынға жолдамаларын асыға алды. Баршамызға белгілі «Мехмат құрамасы» да шындыққа сай әзілдерімен мехмат студенттерінің өмірінен біраз үздік сыр шертті. Ең қиын кездер мен лето, стипендия жайлы да әзілдері арқылы халыққа нағыз математик студенттердің өмірін тағы бір мәрте көзге елестетті. «Физтех құрамасы»  көзге түскен ерекше командалардың бірі болып қана қоймай, келесі ойынға алғашқы жолдаманы алғаш болып  қолға алды. 

Сонымен жартылай финал бойынша келесі ойынға жолдама алған командалардың тізімін ұсынамыз:

1. «Физтех құрамасы»

2. «Филак құрамасы»

3. «Мехмат құрамасы»

4. «Класстастар»

5. «Юрстайл»


Оған қоса 6-команда қосымша лига ойындарында анықталатын болады. «Сұңқар» кубогы  КВН чемпионатының финалдық  кезеңіне  өткен құрама командаларға сәттілік тілейміз! Ендеше, күлкі күнінің сәнін келтірер КВН-де кездескенше!

 

Жансая Себепова


ПІКІР ҚАЛДЫРУ