Қазақтың ұлттық ойындары: «Айдап сал»

0
2884

 

«Айдап сал» — ойынына қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойнаймын дегендердің бәрі де қатынаса береді. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың ойыншылары сыртқа шығып кетеді де, екінші топтағылар үйде отырып қалады. Ойын жүргізуші сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандардың әрбіреуіне қойып, өзі белгілеп алады да, сырттан келген ойыншыларға қойылған есімді білдірмейтіндігі жөнінде ескертеді.

Енді сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды. Сырттан келген ойыншы үйдегі ойыншылардың біреуін көрсетіп, яғни өз есімімен аталған ойыншыны табуы керек. Егер таба алмаса, онда ойыншылар орындарына барып отырады. Осылайша сыртта тұрған ойыншылар жеке-жеке кіріп, өз есімдері қойылған жігітті іздеп болғаннан кейін белгілеген адамын дұрыс таппағандар айып тартады. Ал өз есімін тапқандар сол ойыншының қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді. Әйтеуір білген өнерін көрсетеді. Осылайша ойын қайталанып біткеннен кейін, екі топтың ойыншылары орындарын ауыстырады, ойын қайта басталады


ПІКІР ҚАЛДЫРУ