ҚазҰУ-да қарым – қатынас тілі қалай оқытылады?

0
1913

Заман талабына сай тұлға жасақтап, ұрпақ сауаттылығын арттыруда қазіргі ұстаздардың  арасында студенттердің көптілдік қабілетін ұштау мәселесі өзді өзінен  алдыға  шығып отыр.  Елбасымыз –  Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында да Қазақ­стан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан көрінуі  тиіс­ екендігін нақ түрде қадап айтып отыр. Бұл үрдіске кемелденген ұлт жастарының көзқарасымен қалай назар аудара аламыз? Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан көріну-  егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңіңде, оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қатынастарды калыптастыруында, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуында, әр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруында, әрине,  ағылшын тілінің рөлінің аса қажеттілігі арқылы жүзеге асып отырғандығы рас. Қазіргі қоғамдағы геополитикалық, коммуникациялық, технологиялық өзгерістер және интернет жүйесі арқылы тілдесу — әр түрлі мамандықтағы, әр түрлі жастағы, әр түрлі қалауы, қызығушылығы бар адамдардың санын мейлінше көбейте түсуде. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де  күн сайын артып келеді. Тіл — тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады. Университетіміздің ректоры, оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы Ғалым Мұтанов:  «2016-2020 жылдар аралығы еліміздің жоғары оқу орындарының үш тілдік білім беруге көшуі – отандық кадрлардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың және білім секторының экспорттық әлеуетін өсірудің негізгі шарты. Үш тілдік білім беру стратегиясы уақыт талаптарына жауап беруге, біздің қоғамның өмірлік қажеттіліктерінің шешімін табуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі оқу-әдістемелік бірлестіктің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне алдағы жылға маңызды міндеттерді айқындап берді» деген болатын.

Білім саласы даңғылының түбегейлі рефорланған кезеңінде еліміздегі  ағылшын тіліне деген түсініктің тек коммуникациялық  ниетте болғандығы  уақыт өрісінде ерсі көрінеді. Әлемдік рейтингте жоғарғы 236 орыннан көрінген университетімізде қоғамды үштілділік процесіне дайындау мәселесі кеңінен талқыланып, соған орай тиісті шаралар жоғарғы дәрежеде жүргізіліп жатыр. Білімнің қарашаңырағы саналатын оқу ордамыздағы студенттердің дені ағылшын тілін аз уақытта жылдам  меңгеруде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп отыр.  Университетіміздің қарарындағы ағылшын тілін оқыту әдістемесіне де қарым-қатынас тілінің майталмандары түбегейлі зерттеу жасап, тілдің теориялық құрылымын талдауға батыл ұмтылуда.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі ағылшын тілін оқытуға арналған дәрісханалар пәнге қатысты көрнекі құралдармен толыққанды безендірілген. Студенттер ағылшын тілін меңгеруде бірнеше сатылы тіл ұстарту сынақтары мен  әлемдік тілде еркін сөйлеуге қатысты ережелерге көз жүгіртеді.  Жалпы, университетімізде ағылшын пәнін оқыту еркін форматта жүргізіледі. Атап айтсақ дәріс интеграция ұғымы арқылы жүзеге асады. Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді.

Студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттемелерін негізге аламыз:

  • студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану;
  • заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану;
  • үш тілде де қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету;
  • әр студенттің тілдік қабілетін толық ашу;
  • сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу;

 

Иә, ағылшын тілі пәнінің ғылыми ұстазы ретінде өзара стратегиялық міндеттерді атқаруға, заманауи әлемде Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілігін жоғары дәрежеде қалыптастыруға университетіміздегі пәннің жоғарғы деңгейде оқытылу шарттарының айтарлықтай үлес қостынына сенім білдіремін. Себебі, еліміздің болашағы – көптілділікті еркін меңгерген жастардың қолында.

Ашляева Маржан Темиржанқызы
Қастай Дастан Қуандықұлы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ